Пласидо Домингоның «Опералия» байқауының жартылай финалына өткен әншілердің есімі жарияланды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасы аясында, 25-жылдық тарихы ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өтіп жатқан әлемдегі ең танымал классикалық вокал байқауының жартылай финалына өткен 25 қатысушының есімі белгілі болды.

_DSC0553

Екі ширекфинал күндері байқаудың құзырлы халықаралық әділқазылары 17 елден келген 40 үздік жас әншінің өнерін бағалады. Сәрсенбі, 26 шілде күні, жартылай кезеңнің 25 қатысушысы ақтық сынға өту үшін бар мүмкіндіктерін ортаға салмақ.

Жартылай финалдың тыңдалымы «Астана Операның» Үлкен залында өтеді және Tengrinews TV мен Facebook желісіндегі «Опералияның» ресми парақшасында тікелей көрсетілімі болады, басталуы сағат 16:30-да.

_DSC0550

Жартылай финалға үш қазақстандық өтті – «Астана Опера» солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, керемет сопрано иесі Мария Мудряк және екі керемет баритон Расул Жармағамбетов пен Станислав Ли бар. Сондай-ақ жеңіске деген тартысты күресті Михаил Михайлов (тенор, Болгария), Руперт Энтикнап (контртенор, Ұлыбритания), Дамиана Мицци (сопрано), Марко Чапони, Давиде Джусти (тенорлар), Эмануэле Кордаро (бас, Италия), Джоанна Завартко (сопрано, Польша), Су Ён Ли; Су Ён Пак (сопрано), Сын Джу Пак (тенор), Леон Ким (баритон, Корея Республикасы), Влада Боровко, Елена ГусеваКристина Мхитарян, Оксана Секерина (сопрано), Виктория Яровая (меццо-сопрано, Ресей), Адела Захариа (сопрано, Румыния), Эммет О’Хэнлон (баритон, АҚШ), Руслана Коваль (сопрано, Украина), Борис Пригл (бас-баритон, Чехия), Леви Секхапан (тенор, Оңтүстік Африка), Нодзоми Като (меццо-сопрано, Жапония) жалғастыратын болады.

Испан музыкалық-сахналық жанр – сарсуэланы үздік орындағаны үшін арнайы тағайындалған Пепита Эмбил де Доминго және аға-Пласидо Доминго сыйлығына Мария Мудряк (сопрано) пен Станислав Ли (баритон, Қазақстан), Дамиана Мицци (сопрано), Марко Чапони, Давиде Джусти (тенора, Италия), Су Ён Ли; Су Ён Пак (сопрано), Сын Джу Пак (тенор), Леон Ким (баритон, Корея Республикасы), Адела Захариа (сопрано, Румыния) и Леви Секхапан (тенор, Оңтүстік Африка) бақ таластыратын болады.

_DSC0524

Ковент-Гарден Корольдік опера театрының (Лондон, Ұлыбританя) кастинг-директоры Питер Марио Катона 1999 жылдан «Опералияның» әділқазысы болып табылады. Міне, 19 жыл бойы ол байқаумен бірге әлемнің жетекші опера театрларына сапар шегуде. П.М.Катона атап өткендей, Астанада ұйымдастырылған 25-ші мерейтойлық маусым «Опералияны» өзге байқаулардан ерекшелейтін, қатысушыларының үнемі жоғары шеберлік деңгейімен сипатталады.

– Жартылай финалға өтетін әншілерді таңдау қиынға соқты, себебі Астанаға керемет орындаушылар жиналған. Биыл сопрано әншілер ерекше мықты болып шықты. Финалға шығу үшін олардың санын төрт қызға дейін қысқарту біз үшін қиын болмақ. Қазақстан, Ресей, Украина және Шығыс Еуропа елдерінен келген талантты қатысушылардың өнерін тамашалау – мен үшін сүйсінерлік жайт болды және олардың есімдері бұл жерде кеңінен таныстырылғанына қуаныштымын. Соңында өте мықты нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін, – деді Питер Марио Катона.

Rolex компаниясы «Опералия» дүниежүзілік опера байқауын осымен 16 жыл қатарынан мақтанышпен ұсына отырып, өзінің өнерге мәңгілік адал екенін паш етеді. Пласидо Доминго 1982 жылдан бастап Rolex компаниясының өкілі болып табылады, және Rolex компаниясы кәсіби кемелденуге ұмтылған жас дарынды орындаушыларды қолдау аясын кеңейтуге қуанышты.

Байқау талаптарымен «Опералия» сайтынан (http://www.operaliacompetition.org/) танысуға және жаңалықтарды қадағалауға болады.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры