Астана – асыл арманым!

2018 / 2019 Үлкен зал VІ маусым

8 қыркүйек * сенбі * 18.00

Концерт

«Астана – асыл арманым»

 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы өз концертін Астананың 20 жылдығына арнамақ.

Шығармашылық жолындағы әріптестері – Үлкен театрдың шақырылған солисі Мурат Карахан (тенор, Түркия), испаниялық тенор Родриго Поррас және Арменияның халық әртісі Барсег Туманянмен бірге ол баршаға сүйікті халық әндерін, сонымен қатар опера классикасының жауһарларын орындайды. Дж.Верди, Дж.Пуччини, Ж.Массне, Х.Хименес, Ф.Барбьери, И.Кальман, Ф.Легар, Ж.Оффенбах, Д.Шостакович, И.Дунаевский, Н.Жиганов және өзге де композиторлардың опера, оперетталарынан ариялар, дуэттер, триолар мен көріністер шырқалады.

Солистердің өнер көрсетуін «Астана Опера» хоры мен симфониялық оркестрі сүйемелдейді. Дирижер – маэстро Франческо Иван Чампа (Италия).

 

Орындаушылар:

Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Мурат Карахан (тенор, Түркия)

Родриго Поррас (тенор, Испания)

Барсег Туманян, Арменияның халық әртісі (бас)

«Астана Опера» хоры мен симфониялық оркестрі

Дирижерлар – Франческо Иван Чампа (Италия) /

Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры