«Севильдік шаштараз»

Джоаккино Россини

«Севильдік шаштараз»

2 бөлімді комедиялық опера

Либретто авторы Чезаре Стербини

Пьер Бомаршенің аттас комедиясы бойынша

 

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Альфонсо Антониоцци

Сценография авторы – Эцио Фриджерио, Риккардо Масирони қатысуымен

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Арасель Досмұратова, Анна Верде

Қоюшы режиссердің ассистенті – Марко Кастаньоли

Проекциялар бойынша дизайнердің ассистенттері – Маттия Металли, Саверио Солари

«Астана Опера» театрындағы көптен күткен тұсаукесер.

Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштаразы» – әлемнің жетекші театрлары репертуарында болуы тиіс хит опера. Әзілге толы сюжет, жарқын бейнелер, «екінші нотадан-ақ» танымал әуен операны тыңдарманға да, орындаушыларға да қалаулы туындылардың бірі етті.

Операның премьерасы 1816 жылдың 12 ақпанында Римде өтті. Бомаршенің пьесасы бойынша өзге композиторлар бірнеше опера жазып, Италияда осыншалық музыкалық оқиғаны ешкім де күткен емес. Алайда Россинидің дәл осы операсы орасан зор табысқа қол жеткізді. Көрермен қауым сазгердің үйіне беттеп, салтанатты түрде шырақты шеру ұйымдастырды. Бүгінгі таңға дейін Россинидің жауһары әлемдік репертуардағы ең жиі орындалатын опералардың қатарында қала бермек.

Аталмыш операдағы басты партияның алғашқы әрі жарқын қазақстандық орындаушыларының бірі КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаев болды, ол Кеңес Одағы кезінде Фигаро партиясын үздік сомдаушы өнерпаз деп танылды.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Альмавива – Дамир Сәдуақасов / Федерико Бутацци /

Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Фигаро – Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Эмиль Сакавов

Бартоло – Евгений Чайников / Александр Красиков / Евгений Шагаров

Розина –  Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Альфия Каримова, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі /

Айзада Капонова

Базилио – Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі / Тайыр Тәжі

Берта  – Татьяна Вицинская / Малика Минизини

Фиорелло Талғат Ғалеев / Ержан Саипов

Офицер  Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Шыңғыс Расылхан

Нотариус – Александр Яковенко

Ұзақтығы – 3 сағат (бір үзілісті)

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры