«Астана Опера» театрының балалар студиясы

Опера бағыты

Балалар хорына дарынды вокалдық (әуезді, үнді) және актерлік икемділігі, жақсы музыкалық есте сақтау қабілеті бар, ырғақты сезе алатын, сонымен қатар музыкалық мектепте оқып жатқан 8-14 жастағы балалар қабылданады.

Қазіргі таңда ұлдарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Балет бағыты

Балетке 8-10 жастағы, балет үшін табиғи дарыны бар балалар қабылданады: дене бітімінің сымбаттылығы, икемділігі, дененің жеңілдігі, омыртқасының қисайған жері жоқ, майтабан емес, биіктікке секіре алатын, ырғақты сезіне білетін және музыкалық бейімі бар.

Қосымша ақпаратты Балалар студиясының жетекшісі Ахметова Алтынғаным Кенжеғалиқызына al.ahmetova2002@gmail.com электрондық поштасына жазу арқылы біле аласыздар.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры