Лондоннан келген теңдесі жоқ скрипкашы Астанада

Биылғы жыл ол үшін қызыққа толы оқиғалардан – Үндістан қалаларында өткен үлкен турнеден басталды, содан кейін Ұлыбританияның ең беделді залдарында өнер көрсетті. Дарынды скрипкашы Ғалия Бейсенғалиеваның әрбір күні – әрбір минуты есептеулі. Алайда қайда жүрсе де, оның жүрегі әрдайым туған қазақстандықтармен бірге. Бүгінде Лондонда тұратын отандасымыз 4 мамырда, «Астана Опера» Камералық залында «Таңғажайып Моцарт…» концертінде өнерін паш етеді.

 _DSC0369

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновтің жетекшілік етуімен «Астана Опера» Камералық оркестрі қатысады.

Ғалия Бейсенғалиева кеш бағдарламасын осы жылы 60 жасқа толатын әкесі – көрнекті скрипкашы, Қазақстанның симфониялық оркестрінің концертмейстері, профессор Сағадат Бейсенғалиевке арнаған. Оның 1989 жылы қайтыс болғанын еске саламыз. Концерт бағдарламасына енген В.А. Моцарттың шоқтығы биік туындыларының бірі – Скрипкалық концерт оның сүйікті шығармасы болған.

– Маған өз Отанымда өнер көрсеткен қымбат, бұл менің туған топырағым. Әсіресе мен оны өмірі қайнап жатқан және ғаламшардың тыныс-тіршілігі сезілетін жас әрі қарқынды дамып келе жатқан Астанада жақсы сезінемін. Бұл менің тамаша ұжыммен төртінші рет өнер көрсетуім, әрбір кездесу ерекше естеліктер қалдырады. Маэстро Абзал Мұхитдиновпен бірге жұмыс жасағанды өте жақсы көремін, ол шабыт беретін, нәзік және терең ойлы музыкант. Оның кәсіби дарыны мен шеберлігі әртістерге сенімділік пен еркіндік береді. Сонымен қатар мені «Астана Опера» театрының көрерменге толы залдары қуантады, көпшілік қауым арасында менің құрдастарым көбірек байқалады. Жас ұрпақ үйлесім мен сұлулықтан құралған, бізді игілік пен ізгілікке шабыттандыратын классикалық музыкаға және өнерге қызығады. Уақыт зымырап, заман өзгерген сайын еліміз әлемдік интеграцияға ұмтылуда, ал өнер – әлемдік мәдениеттің маңызды бөлігі, – деп атап өтті Ғалия Бейсенғалиева.

«Астана Опера» театрындағы концерттен кейін скрипкашыны Нью-Йорктің және Лос-Анджелестің көрермені күтеді. Содан кейін Абу-Дабида Заманауи лондондық оркестрдің сүйемелдеуімен оның жеке шығармаларының тұсауы кесіледі.

Концерттің басталуы 19.00, билет бағасы – 2000 теңге.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры