«Астана Опера» әртістері «Сахнагер-2017» ұлттық сыйлығын иеленді

«Астана Опера» жетекші солисттері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина және көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Бақтияр Адамжан «Сахнагер-2017» ұлттық сыйлығын иеленді. Халықаралық театр күнінде өткен марапаттау рәсімі Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.

DSC_4911

Қазақстандық «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен 2017 жылы Қазақстан театрлары қауымдастығы бекіткен.

Дина Хамзина «Үздік опера солисті» марапатын иеленсе, Бақтияр Адамжан «Үздік балет әртісі» атанды. «Сахнагер» сыйлығы театр өнері саласындағы шығармашылық жетістіктері үшін беріледі.

Бахтияр Адамжан– Бұл тек біздер, әртістер үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды күн. Театр өнерін дамыту республикамыздағы мәдениетті қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Мысалы, «Астана Опера» театры бой көтергеннен бастап, астанамыздың мәдени өмірінің келбеті өзгерді: адамдар опера мен балет сияқты музыка жанрына үлкен қызығушылықпен қарай бастады. Асқақ өнер адам баласын дамытады, жан-дүниесін байытады және сайып келгенде, жанға азық болады. Қазіргі заманда адам баласы күн өткен сайын «виртуалдық әлемге», «ғаламтор-коммуникацияға» бой ұрып барады. Бізге «жанды» өнерді сақтап қалу өте маңызды. «Сахнагер-2017» ұлттық сыйлығының пайда болуы, театр дәстүрінің нығая түскенін, оған ең жоғарғы – мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілетінін көрсетеді, бұл еліміздің рухани-мәдени өмірін дамытудағы маңызды үлес. Біз ұйымдастырушыларға осындай құрметті марапат үшін алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті әртістер.

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстанның театр қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан» орталық концерт залында өткенін еске салайық. Ұлттық сыйлық театр дәстүрін сақтауға және нығайтуға мүмкіндік береді. «Қазақстан театрлары қауымдастығы» 2016 жылы құрылған. Оның президенті болып театрдың және киноның аса көрнекті әртісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Ресей Федерациясының «М. Ломоносов» орденінің кавалері, «ОТАН» және «Достық» ордендерінің кавалері Асанәлі Әшімов сайланған.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры