«Астана Операдағы» музыкалық кездесулер

«Астана Операның» шығармашылық ұжымы Камералық залда өтетін қанық әрі алуан түрлі өнер көрсету бағдарламасын ұсынады. 11 шілде күні – «Орфейдің оралуы» көне музыка кеші, ал 20 шілде күні – тыңдарман назарына қазақстандық композиторлардың әндері, романстары мен аспаптық туындылары ұсынылатын «Дархан дала» концерті.

_DSC1785

«Орфейдің оралуы» концертінде сирек кездесетін контртенор дауыс иесі, Дж.Россини атындағы Пезаро қаласы Мемлекеттік консерватория магистратурасының және Озимо қаласындағы (Италия) Опералық өнер академиясының түлегі Батыржан Смақов өнер көрсетеді. Талантты орындаушымен бірге сахнаға келесі аспапшы музыканттар шығады, олар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова (скрипка), Асқар Мұқанов (виолончель) және Балжан Сапарова (флейта). Фортепиано партиясы – Раушан Бескемпірова.

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін Батыржан Смақов «Астана Операда» айрықша орындайтын бағдарлама әзірлеп қойған. Оған көне музыканың үздік үлгілері, атап айтқанда, К.В.Глюктың «Орфей мен Эвридика» операсынан Орфей ариясы, барокко дәуіріндегі ұлы композиторлардың жауһарлары – «Ринальдо» операсынан «Ринальдо» ариясы, Г.Ф. Гендельдің «Партенопа» операсынан Арзак ариясы, А.Вивальдидің «Махаббат кантаталарынан» екі ария және тағы басқалары енген. Дж.Россини атындағы Пезаро қаласы Мемлекеттік консерваториясының арнайы рұқсатымен Ф.Паердің «Махаббат серенадасы» ұсынылатын болады. Сондай-ақ вокалист репертуарындағы жаңа туындылар – Н.Порпораның «Полифем» операсынан Ацис ариясы, А.Вивальдидің «Қаһарлы Роланд» операсынан Руджеро ариясының премьерасы өтеді.

Халықтың сүйікті әндері мен романстары, сонымен қатар Қазақстан композиторларының жаңа шығармалары 20 шілде күні опера солистері мен танымал аспапшы музыканттардың орындауында шырқалатын болады. «Дархан дала» концертінің бағдарламасында – отандық классиктердің, атап айтқанда, М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, К.Күмісбековтың, сондай-ақ қазіргі заманғы авторлар – С.Еркімбеков, С.Әдбінұров, Ә.Әбдінұров, С.Тұяқова және тағы басқалардың туындылары.

Концерттердің басталуы сағат 19.00-де.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры