Ең кішкентай көрерменге жаңа музыкалық бағдарлама

Жазғы демалыс қарсаңында жас көрерменге «Театрға саяхат» циклынан «Музыка бейнелейді және суреттейді» атты жаңа бағдарлама дайындалған. 11 мамырда (11:00) және 14 мамырда (12:00) «Астана Опера» театрының Камералық залында балаларды музыкалық қиял әлеміне шарықтататын қызықты саяхат күтеді. Концертке «Астана Опера» театрының опера солисттері, оркестр әртістері және камералық оркестр қатысады. Дирижер – Руслан Баймурзин.

_DSC5774

Музыкатанушы Маржан Жәкенова балаларды эстетикалық талғамға және классикалық музыкаға жас кезінен тәрбиелеген жөн деп санайды.

– Егер суретші бояумен сурет салса, композитор дыбыстармен өмірді – табиғат болмысын, портретті суреттей алады. Былайша айтқанда, дыбыстар сезімдер мен көңіл-күйді бейнелеп, суреттейді және оны жеткізе алады. Еске түсірсек, И. Айвазовский көркем сурет арқылы теңізді тамаша суреттеген, онымен бірге теңіздің тымық әрі толқынды күйін дыбыстармен жеткізе алған композитор Римский-Корсаковты салыстырады, оның музыкасында кеме қалай жарға соғылғаны да естіледі. Біз жас көрерменге тек аспаптық нөмерлерді ғана емес, вокалдық музыканы да тыңдауды ұсынамыз. Мысалы, «Бұлбұл» шығармасында әнші өз даусымен бұлбұлдың сайраған үнін жеткізеді. Дауыс арқылы еліктіріп әкететін құстың үнін салады. Балалар қиялы дыбыстармен «салынған» бейнелерді көз алдына елестетіп, жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді, – деп санайды концерт авторы Маржан Жәкенова.

Сондай-ақ концертте композитор-классиктердің бейнелік бастамасы айқын білінетін туындылары шырқалады. Мысалы, Й. Гайднның №101 Симфониясы, «Сағаттардың» екінші бөлімінде уақыт өлшемі музыкамен беріледі, сағат жүрісі бейнеленеді. М. Мусоргскийдің «Жұмыртқасын жарып шықпаған балапандар балетінде» болашақ «балет жұлдыздары» – балет мектебінің оқушылары суреттелген. Олар «ұшуға» – билеуге тырысады, бірақ оларға «жұлдыздарға» жету әлі алыс. Музыка балапандардың шапшаң, бірақ қолайсыз қозғалыстары – секіру, жүгіру, олардың нәзік сайраған дауыстарын жеткізеді. – Н. Римский-Корсаковтың «Араның ұшуы», Е. Брусиловскийдің «Піл және Моська» тәрізді қызықты шығармалары жарқын музыкалық бейнелерді құрайды.

Концерт интерактивті формада өтеді, балаларға композитор дыбыстармен нені бейнелегенін табуға тура келеді. Концерт экран арқылы көрсетілетін құмды суреттермен алғаш рет сүйемелденеді. Суретші әрбір шығармаға құммен арнайы сурет салады.

Билет бағасы – 500 теңг

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры