Музыка еліне айналған Австрия

Атақты әнші-сопрано, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева белгілі ұжымы – Ғ.А.Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетімен бірге «Астана Опера» Камералық залында өнер көрсетеді. 30 мамырда «Қазақквартетпен әлемге саяхат» циклінен «Австрия музыкасы» атты концерт өтеді.

_DSC4418

Елорадалық музыкаға құмар тыңдармандардың дарынды музыканттардың – ішекті аспаптар квартеті қатысушыларының: Айдар Тоқталиевтің, Алексей Лебедевтің (скрипка), Бекзат Сайлаубайұлының (альт), сонымен қатар, ұжымның шығармашылық жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаевтың (виолончель) шеберліктерін бағалауына тура келеді.

Концерт бағдарламасында – әйгілі композитор-романтик Франц Шуберттің №14 ре минор «Өлім мен бойжеткен» ішекті аспаптар квартеті орындалады. Автобиографиялық түсіндіруге айтарлықтай жақын адам мен тағдырдың мәңгілік тақырыбы баяндалды.

Көрермендердің назарына сонымен қатар, Арнольд Шенбергтің №2 фа-диез минор ішекті аспаптар квартеті ор. 10 (спораномен бірге) ұсынылатын болады. Жаңа веналық музыкалық мектебінің негізін қалаушы болып саналатын композитордың бірегей туындысы XIX ғасырдағы романтикалық стиль мен ХХ ғасырдың модернистік бағытын үйлесімді байланыстырады. Автор мистикалық неміс ақыны Стефан Георгтің шығармашылығына бет бұрған. Қарапайым, Der Siebente Ring (Жетінші жүзік) циклінен екі ақынның философияға толы лирикасы музыка негізінің мәнін тамаша жеткізеді.

Нұржамал Үсенбаева опералық сахнада қайталанбас бейнелер галереясын жасады; сонымен қатар, ол камералық музыканы асқан сүйіспеншілікпен орындайды. Оның репертуарында Ф. Шуберт, Г. Вольф, Р. Шуман, Г.Малер сияқты көптеген Австрия мен Германия композиторларының үздік вокалдық лирикалық туындылары бар. Әншіге шығармаларды неміс тілінде орындаудың ерекше стилі жақын. Ол Гете тілін мектеп қабырғасынан бастап зерттеп, кейін Австрияда атақты сопрано Э. Шварцкопфтан тағылымдамадан өткенкезінде оны тереңірек меңген.

– Мен А. Шенберг туындысын алғаш рет орындамақшымын. Әрбір жаңа дүние өзінің шынайы тартымды әсерлерімен, жаңа саздардың үйлесімімен басқа әлемді ашады. Екінші ішекті аспаптар квартеті өзінің құрамы, көңіл-күй толқыны, құштарлығы бойынша көп жағынан қызықты, ал ең бастысы, осы камералық шығарма композитор стилінің үндес музыкадан үндік үйлесімсіздікке дейін дамуын көрсетеді. Осы шығарманың бөлімінде С.Георгенің «Мен өзге ғаламшарлар иісін сезем» деген өлең жолдарын бекер пайдаланбаған. Шенберг музыкасын орындау оңай емес, бұл оның қызықты туынды екенін еселей түседі. Солисттен шығарманы мәнерлі түрде орындау талап етіледі, ол үшін мәтінді жеткізудің ерекше стилін таба білу қажет. Вокал партиясы «күтпеген ырғақтарға» толы, мысалы, шектен тыс жоғары нотадан соң, сөздің екінші буынын ең төмен нотада айтуды қажет ететін жағдайлар кездеседі,- деп түсіндірді Нұржамал Үсенбаева.

Ғ.А.Жұбанова атындағы аспапшылар квартеті сөзсіз ұстанатын дәстүр бойынша осы кеште қазақстандық композиторлардың да шығармалары шырқалады. Халық ақыны Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі орындалады.

Концерттің басталуы 19.00.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры