Жалынды және құштарлыққа толы музыка

Астор Пьяццолланың жанды еліктіріп әкететін, құштарлыққа толы танго әуендерін 19 сәуірде «Астана Опера» Камералық залының сахнасында «Obra maestra Astor Piazzolla» атты аспаптық концертінде тыңдауға болады.

_DSC1022

Концертке белгілі музыканттар, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары, алыс-жақын шетелдердің жетекші консерваторияларының түлектері: скрипкашы Кирилл Красюков, виолончельші Құрбанжан Ахатов, баяншылар Константин Стригин және Самғар Толқыханұлы, гитарашы Александр Геер, гармоника әуенін Александр Малиновскийдің орындауында тыңдауға болады, ырғақтық топ: Анатолий Якушкин (контрабасшы), Жәнібек Бекмәдиев (ұрмалы), фортепиано партиясын Елена Сахно орындайды. Нәзира Заетова мен Елдар Шәкірзяновтың орындауындағы хореографиялық нөмерлер ұсынылады.

– Концерттің идеясы бұрыннан ойымызда жүрген. Аргентинаның атмосферасын жеткізу үшін, біз бірнеше көз тартарлық шешімдерді іске асырамыз, соның ішінде қызықты бейнесүйемелдеулер арқылы театрдың техникалық мүмкіндіктері пайдаланылады. Бағдарламаға құрамы бойынша әр түрлі аспаптар енгізілді. Тембрдің түрлілігі есебінен біз концертті жарқын және қызықты етуге тырыстық. Сондай-ақ, әлемге әйгілі джаз аккордеоншысы Ришар Гальяноның Song for Joss туындысы орындалады, оны Францияда «джаздың қасиетті құбыжығы» деп те атайды. Ол – Астора Пьяццоланың досы әрі шәкірті, сондықтан да біз оның шығармасын таңдадық. Бағдарламада ұсынылған барлық шығарма легі айтарлықтай көлемді, – деп атап өтті «Астана Опера» театрының аға концертмейстері Елена Сахно.

Кирилл Красюковтың және Александр Геердің орындауында скрипкада және гитараға арналған өңдеуде үш танго: «Бордель» (1900 жыл), «Кафе» (1930 жыл), «Түнгі клуб» (1960 жыл) шырқалады. Құрбанжан Ахатов және шақырылған баяншы Самғар Толқыханұлы бастапқыда виоленчель мен рояльға жазылған, Мстислав Ростроповичке арналған әйгілі танголардың бірі «Le Grand Tango» туындысын алғаш рет Қазақстанда баян және виоленчель сияқты аспаптарда орындайды. Көпшілікке танымал «Ave Maria» туындысы үлкен аспаптық құрамда орындалады. Кеш тұсаукесерсіз өтпейді, көрерменді квинтетке арналып жазылған шығарма – Concierto para quintet күтеді.

Концерт Владимир Зубицкийдің «Пьяццоллаға арнауымен» аяқталады. Аталған шығарма квинтеттің сүйемелдеуімен баян тартушы Константин Стригиннің орындауында шырқалады. К. Стригин 2010 жылы А.Пьяццоллаға арналған ХХ Fortissimo мерейтойлық конкурсының (Италия) жеңімпазы болғаны белгілі.

Концерттің басталуы 19.00, билет бағасы – 1500 теңге.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры