Әсел Әбілсейітованың сәнді фортепианосы

«Сәнге айналған классика!» – «Астана Опера» театрындағылардың бұл тұжырымы әділетті. 28 қаңтарда театрдың Камералық залында «Ұлы Мәртебелі Рояль» циклынан өтетін концерт осылай аталады. Кеште дарынды қазақстандық пианиношы, Лондондағы Корольдік академияның түлегі Әсел Әбілсейітова (Швейцария) тыңдарманға қызықты бағдарламасын ұсынады.

Бүгінде жас орындаушы Қазақстан, Ұлыбритания, Италия, Алмания, Швейцария, Франция және тағы басқа елдерде табысты өнер көрсетіп, концерттік қызметін белсенді жүргізіп келеді. Әселдің негізгі мақсаттарының бірі – қазақстандық орындаушылық өнерді шетелде насихаттау.

Ә. Әбілсейітова Базельдің Жоғары музыка мектебінің (Швейцария, Ф. Гамба класы) магистрлік дәрежесінің иесі болып табылады. Ол Дж. О’Коннор, П. Девойон, Е. Судьбин, С. Кроуфорд-Филлипс сияқты танымал музыканттардан дәріс алып, шеберлік сабақтан өткен; Я. Шмолькпен, Л. Чилингирянмен, М. Венгеровпен және т.б. әріптестік құрған.

Тыңдарман қауымға ұлы композитор, кемеңгер пианиношы Сергей Рахманиновтың атақты 23 шығармалар прелюдияларын ұсынады. С. Рахманиновтың фортепианолық прелюдиялары өзінің ауқымдылығымен, «концерттік» сипатымен және музыкасының айқын бейнелілігімен ерекшеленеді. Чехияның белгілі композиторларының бірі Леош Яначектің «Тұманда» сюитасы орындалады. Сыншылар чехиялық классиктің музыкасын өте заманауи әрі жаңа, сонымен бірге «өзімен бірге еліктіріп әкететін жалынды және өмір сияқты құбылмалы» екенін айтады. Роберт Шуманның дарынды пианиношы, өзінің жұбайы Клара Викке арнаған №1 сонатасы, фа-диез минор, 11-шығармасы орындалады. Туынды кенеттен пайда болатын қайшылықтар мен ауысулардан тұратын мәнерлілігімен, қарқындылығымен, сонымен қатар романтикалық және классикалық даму нормаларының тамаша үйлесімділігімен сипатталады.

Басталуы 18:00, билет бағасы – 2000 теңге.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры