Мегажұлдыз Пласидо Доминго «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді

Опера королі Пласидо Доминго 1 және 3 тамызда Дж. Вердидің «Травиата» операсында өнер көрсетуге дайындалуда. «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында заманымыздың әйгілі вокалисті Жорж Жермон партиясын орындайды. Спектакльге билеттер сатылымға түсті.

Пласидо Доминго

Пласидо Доминго классикалық музыканы сүйіп тыңдаушылар арасында ғана емес, күллі әлемге әйгілі. Маэстроның есімі биске ең көп шақырылуы (101 рет) және репертуар көлемі бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген: 2016 жылға қарай орындаған рөлдер саны – 147 және әлемнің үздік сахналарында 3800 рет өнер көрсеткен.

Пласидо Домингоның дирижерлік тұғырға шыққаны 500 реттен асады; жүзден астам фильмдердің түсіріліміне, аудио және видео жазбаларға қатысқан.

Маэстро Лучано Павароттимен және Хосе Каррераспен бірге «үш тенор» жобасына қатысқанда бүкіл әлемдік даңққа ие болған. Операдағы баритондық партияларды орындауды ол 2009 жылдан бастады. Төрт жыл өткен соң әйгілі әнші Жорж Жермон рөлінде алғаш өнер көрсетті.

Пласидо Доминго бейнелерді сомдай отырып, өз қаһарманының әрбір жан тебіренісі мен күйзелісін жеткізеді. Жорж Жермон – бұл, бірінші кезекте, өзінің жақсы көретін балаларына тек бар жақсылықты тілейтін әке. Алайда отбасының берекесі үшін күресте ол ұлы Альфред пен оның сүйіктісінің өмірін азапқа айналдырады. Екінші актіде Жермон екіжүзді кейіпке еніп, Виолеттаға өзін кінәлі сезінетіні, жасаған ісіне қатты өкінетіні туралы ағынан жарылып, ақыл айтады.

– «Травиата» операсы еңбек жолымды бастаған сәттена-ақ мен үшін үлкен белгіге айналды. 1960 жылы, небәрі он тоғыз жасымда Монтерреде (Мексика) өткен операда Гастонның шағын партиясын шырқадым. Келесі жылы дәл осы қалада мен бірінші басты рөлім Альфредті орындадым. Сонымен бірге, осы ұлы жауһар туындыға дирижерлік еттім, енді міне Альфредтің әкесі Жорж Жермонның баритондық партиясын шырқау бақыты бұйырды, – деп атап өтті Пласидо Доминго.

***** Анықтама

Өзінің жарқыраған еңбек жолының жарты ғасырдан астам уақыты ішінде Пласидо Доминго түрлі мемлекет тарапынан көптеген марапаттың иегері атанған. Ол – 12 Грэмми сыйлығының лауреаты, Бостандық Президенттік медалінің иегері (АҚШ), Азаматтық еңбегі үшін Үлкен крест орденінің және Изабелла Католическая орденінің кавалері (Испания), Британия империясы орденінің Құрметті Рыцарь-Командоры, Құрметті легион ордені мен Өнер және әдебиет орденінің командоры (Франция) және т.б. Әйгілі әнші әлемнің алдыңғы қатарлы он жеті университетінің, соның ішінде Гарвард университеті, Джульярд мектебі (АҚШ) және т.б. құрметті докторы.

Басталуы 19:00.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры