Елена Сахно Пушкин медалінің иегері атанды

14 маусым күні Ресейдің Қазақстандағы елшісі М.Н. Бочарников «Астана Опера» театры опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахноға Пушкин медалін табыс етті. Мемлекеттік марапат Ресей Федерациясының Президенті В.Путинның Жарлығымен шығарылған.

IMG_2669

Е.Сахноға осы мәртебелі атақ «Ресей Федерациясы мен Қазақстан халықтарының мәдениетін өзара байыту және жақындатудағы зор үлесі және мәдениет пен өнер саласындағы ерен еңбегі үшін» табыс етілді.

Ұстаз, пианист Елена Сахно «Астана Опера» камералық залындағы аншлагпен өтетін классикадан бастап джазға дейінгі туындылар шырқалатын ондаған авторлық концерттердің бастамашысы әрі ұйымдастырушы болып табылады. 2006 жылдан бастап Ресей ғылым және мәдениет орталығында керемет концерттер сериясын өткізіп келеді.

Тамаша кәсіби білімі бар концертмейстер әрқашан өзінің шеберлік деңгейін шыңдауға ұмтылуда. 2006 жылы ол П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында біліктілікті арттыру курсын тәмамдады. Ал 2009 жылы Голливудтың Музыкалық институтында (АҚШ) біліктілігін арттырды. Бір жылдан кейін «Санкт-Петербург Опера» камералық музыкалық театрында тағылымдамадан өтті.

– Менің барлық бастамамды қолдап жүретін барлық әріптестеріме, солистерге, аспапшыларға зор алғысымды білдіремін, бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдениет пен өнер саласында қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту жолындағы біздің орасан зор үлесіміз. Осындай жоғары мәртебелі марапатты алу – мен үшін үлкен құрмет! – деп бөлісті «Астана Операның» бас концертмейстері Елена Сахно.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры