Беларусь әртістері қатысатын «Аққу көлі» балеті

Беларусь Республикасы Үлкен театрының талантты әртістері – Яна Штангей мен Егор Азаркевич 14 мамырда П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінде басты партияларды орындайды. Қоюшы балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев және Ғалия Бөрібаева. Қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаhанов. 

Untitled-2

Одетта-Одиллия партиясын Яна Штангей орындайды. Ол классикалық би техникасын өте жақсы меңгерген.

Оған жеңіл әрі жоғары секіру мәнері, нәзік әрі жігерлі би тән. Классикалық репертуардағы партияларды орындау кезінде балерина сахналық образдар мен стилистикалық дәлдіктің психологиялық тереңдігін көрсетуге ұмтылады.

– Меніңше, жан-жақты дамыған адамда кез-келген партия қызықты шығады, өйткені спектакльге кітап, фильмдерден идеялар енгізуге болады. Екі жыл бұрын «Аққу көлі» балетінде билеу алғаш рет ұсынылғанда, бұл мен үшін күтпеген сәт еді. Мен бұл спектакльден қатты қорықтым, өйткені ол – «таза классика», ешқандай қателікті кешірмейді. Әрқашан осы партия алдында керемет бір жауапкершілікті сезінемін. Және әрбір келесі спектакльге жаңалық енгізуге тырысамын. Өмірде мен өте ұстамды адаммын, бірақ сахнаға шыққан кезде, менің барлық эмоциям шығады, – деп атап өтті Яна Штангей.  

Оның сахналық серіктесіЗигфрид партиясын орындаушы Егор Азаркевич мәнерлі икемділігіменактерлықталантыменнәзіктігі және талғампаздығымен ерекшеленетін шеберлігімен әйгіліӘртіс өзінің би техникасымен актерлық шеберлігін жетілдіруде көп еңбек етедіәрбір сахналық бейнесін сомдауға ерекшебайыптылықпен қарайды.

– Ханзадалар партиясын айтарлықтай жиі орындаймынкөп жағдайда бұл ағымдағы репертуарға байланысты.Зигфрид рөлін өте жақсы көремінХореографиялық колледжді бітірген кезден бастапол мені өзімен біргеалып келе жатыросы спектакльдегі падедені мен есеп берген концертімде биледімӨзімнің романтикалыққаһарманым арқылы  мен оның ішкі әлемін толықтыратын сезімдерді – нәзіктіктімахаббат пен ерліктібілдіре аламын, – деп атап өтті Егор Азаркевич.

«Аққу көлінің» негізінде – фольклорлық ертегі әлемінде кең тараған зұлым сиқырдыңкүшімен құсқа айналған ару туралы тарих жатырПЧайковский балетінде Зигфрид ханзадаОдеттаның құтқарушысыалайда оның байқаусыз жасаған опасыздығы қасіретті күнәгеайналадыХанзада сарайындағы бал кешіне нәзік Одеттаға өте ұқсасбірақ зұлым әрі еліктіргіш Одиллиякеледі. Адалдық антын бұзғанымен Зигфрид, шындығында Одеттаға адал болып қалады. Алайда, жіберілген қателігін түсінген ол, зұлым данышпан Ротбартқа қарсы күресте өзінің махаббатын қорғайды. Аталған партияны алғаш рет “Астана Опера” театрының жетекші солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Ғатауов сомдайды.​​ Сайқымазақ рөлінде – Еркінбек Әубәкіров.

Спектакльдің басталуы – 18.00, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры