Шығармашылық зертханасы: «Мадам Баттерфляй» сахнаға шығады

Ұлы итальяндық композитор Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» туындысының әлем театрлары сахнасынан түспей жүргеніне жүз жылдан асты. Енді, міне, Чио-Чио-санның махаббаты жайлы оқиға «Астана Опера» көрерменінің жүрегін толқытады. Композитордың ұлы туындысын көпшілік назарына өз нұсқасында ұсынатын итальяндық режиссер Лоренцо Аматоның жұмысын 15-16 сәуірде тамашалап, бағалауға болады.

_DSC9936

Опера сюжетін Лютер Лонгтың хикаятының негізінде жазылған белгілі американдық драматург Давид Беласконың «Гейша» пьесасы құрайды. Беласко сипаттаған жас гейшаның қайғылы тағдыры, композиторға қатты әсер еткен.

Жайлы үй және оның ішіндегі күй…

«Астана Опера» спектаклінің көркемдік безендірілуін Эцио Фриджерио мен «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино жүзеге асыруда. Жұмыс нәтижесі қандай екенін қазір көреміз…

Егер әлемнің басқа театрларында бұл спектакльдің декорациясы ретінде құр басты кейіпкердің үйінің, көлдің және табиғат көрінісінің жартысын көрсетсе, «Астана Операда» бәрі басқаша. Сахна машинисттері бөлімінің жұмысын бақылап көрейік. Мысалы, мына 18 метрлік құрылым алыстан қарағанда хауызға ұқсағанмен, әзірге бұдан нақты не шығатынын айта алмайсың. Алайда, санаулы күнде оны оптикалық электр талшығымен, түрлі-түсті жарық тақтайларымен, шамдармен безендіреді, сумен толтырып, жағасында мадам Баттерфляйдің екі қабатты үйі тұратын көл жасайды. Су қоймасына 8 текше метр су сыяды (бұл суарғыш КАМАЗ машинасының цистернасының көлемі). Көлді арнайы сорғылармен толтырады.

Жапон пейзажын көрсету де оңай емес. Мысалы, сакура ағашын жұмысшылар бір ай бойы жасады. Дәнекерлеу арқылы темір діңгек жасайды, одан соң әйнек пластиктерді қиып, нағыз ағаш қабығына ұқсатып әшекейлейді, сосын барып арнайы бекіткіш жүйелермен оған бұтақтарды жалғайды. Әзірге бұл бір ірі құрылым, ал бір-екі күннен соң, оның бойымен алқызыл гүлдер бүршік жарып, әсем ағаш бас кейіпкердің үйінің ауласындағы көгалға жайғастырылады.

_DSC3325

_DSC3439

– Подиумдардың бірі Баттерфляйдің екі қабатты үйіне тірек болды. Оның көлемі – 29м х 4м х 80смh. Көл жағасындағы ағаш үйдің айналасын әсем табиғат қоршайды, оның көркемдігі қолмен салынған панельдерде бейнеленген. Олар жылжымалы, сондықтан көрермен дөң үстінде жайғасқан қала көрінісін толық көре алады. Бұған құбылған жарықтар мен 3D әсері қосылады. Үйдің тірегі – сценографиялық әйнек пластикпен қапталған алюминий қаңқа. Мұнда біздің итальяндық серіктестермен бірге жасаған элементтер бар. Декорациялардың жасалу барысын сценограф Эцио Фриджерио қадағалайды. Декорациялардың жалпы салмағы 7 тоннаға жуық, – дейді көркемдік-өндіріс комплексінің жетекшісі Виктор Караре.

_DSC3330

_DSC8962

_DSC8968

_DSC9980

_DSC8982

_DSC9918

Бұл Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапиноның Жапония туралы дайындаған бірінші спектаклі емес, аталған елде олардың жұмысы көрсетіліп, мойындалған.

Сценографиялық жобалар мен қойылым жұмыстарын жүзеге асыратын басқармадағылар итальяндық алып шеберлерден жеткен нобайларды қызыға қарастыруда. Тізім айтарлықтай үлкен: татами, мәйіттер, матадан жасалған маңдайшалар, тулар…Тағы қағаз, темір, ағаш шамдар, құмыралар, жастықтар, шам, бамбук таяқшасы, тиын салынған қалталы қап, Будданың кішкентай алтарі, подностар, сакеге арналған жинақ, жапон үстелшесі, темекі түтігі, қаламы бар айна, танто (жапон қанжары), портсигар, қалта сағаттар, қалам мен сиясы бар тіркеу кітабы, шай жинағы, әткеншек ат, жол сандық, косметика қобдишасы. Дегенмен, бәрін атап шығу мүмкін емес. Басқарма қызметкерлері нобайлар бойынша сызбалар жасайды, содан кейін бутафор-декораторлар оларға «жан береді».

 

_DSC9913

_DSC9930

_DSC9945

_DSC9977

_DSC3351

_DSC3342

_DSC9915

_DSC3378

– Алдымен реквизиттерді дайындау жұмысы жүреді, – дейді бутафор-декоратор Анастасия Сон. – Қазір мен әткеншек атты жасап жатырмын. Әріптестерім жасаған оның қаңқасы папье-машемен желімденедіары қарай өрнектеу кезеңі жүреді, ол көп уақыт алмайды. Мұндай ат баланың салмағына есептелген. Тентек әртіс бала әткеншек тебем десе, мінекейіңіз. Ал мынау құмыралар, олардың бірі сопақтау, екіншісі – дөңгелек. Олар XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы жапон мәдениетінің рухын жеткізеді. Әр спектакльдің өзіндік жаңалығы бар. Нобайлар келгенде, кейбір заттарға таң қаласың.

_DSC9966

Анастасияның әріптесі – Алина Әбілова – папье-машеден сакеге арналған стақандар жасайды. Бұл ыдыс өте жіңішке болуы қажет.

_DSC3415

_DSC3428

_DSC9965

– Олар тереңкейде тіпті түбіне саусақ жетпейдісол кезде біз қылқаламды пайдаланамызМұндай стақаннан қырыққажуығын жасаймыз. Бірақ, сынып қалатынын ескере отырып, біз бәрін артығымен дайындаймыз. Жеке реквизит, мысалы, шам табиғи ағаштан, ал мәйіт басына салынған тастар пенопласттан әзірленеді.

 

 _DSC3391

_DSC3408

_DSC3352

_DSC9952

Білекті сыбана кіріскен

Тігін цехында қарқынды жұмыс жүруде. Барлығы жүзге жуық костюмдер “Астана Опера” театрында тігіледі. Суретші Франка Скуарчапино тамаша нобайлар жасады. Сондай-ақ, ол қандай материалдар және оларға қандай өрнектер салынуы қажет екенін анықтады. Оның әрбір костюмі – өнер туындысы. Кейіпкерлердің дайын болған бейнелерін бас киімдер, жасанды шаштар және арнайы аяқ киім (гэта – жапон сланеці) құрайды.

_DSC8960

Әйел әртістерге тар кимонода жүруге және ерекше жеңдерге үйрену қажет. Кимононың жеңі қаншалықты кең болса, соншалықты ол жапон әйелінің бай екендігін көрсетеді, себебі оған материал көп кетеді. Сондай-ақ, ұзын жең өзге мәртебені: қыздың тұрмысқа шықпағанын білдіреді, ал қысқа жеңді тұрмыстағы әйелдер киеді.

 _DSC9093

_DSC9039

_DSC9005

Барлық кимоно топтарға бөлінген: бірі – ашық-жарқын, олар гейшаларға, басқалары – қарапайым реңде – ол кәдімгіқарапайым әйелдерге арналған. Костюмдер театр қойылымдарына бейімделген: егер дәстүрлі кимононы ұзын оби белбеуібезендірсе, онда театрда ол қысқа болады да, ілмектер тігіледі. Бұл костюмерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі нағызкимононы кию – көп уақытты талап ететін тұтас ритуал. Баттерфляйдің ұлына арналған костюм осы операға арналған басқа да сахналық киімдер сияқты табиғи жібектен ұлттық стильде тігілген. “Астана Операда” костюмдерді тігу жұмысын толығымен театр костюмдерінің дизайнері Әсел Досмұратова бақылайды.

Франка Скуарчапино “Мадам Баттерфляй” операсын осымен үшінші рет қолға алды. Бұл жұмыстан алатын әсерін ол ерекше қуанышпен әңгімелейді.

– Баттерфляйдің тойға киетін қызыл кимоносы өзінің ашықтығымен ерекшеленеді, ол алтын жіппен кестеленген. Қалған сахна көріністерінде кейіпкер ақ кимонода шығады. Бұл қойылым өте көркем де әсерлі болады, – деп уәде берді суретші.

Жаңа мәдениетті зерттеу қиын ба деген сұраққа ол, бұл әрқашан қиын деп жауап қатты.

– Күншығыс елінің мәдениеті өте қызық, ол менің ұлттық салт-дәстүрлерді қабылдауыма әсер етті. Мысалы, біз мұражайдағы көрмеге барсақ, оның әрбір бөлшегін қарап, тамашалаймыз ғой, қойылымда да солай: көрермен сыртқы сұлулықтан ләззат алады, бірақ халық мәдениетін терең білу үшін оқу, білім жинау керек.

_DSC9904

Махаббат жайлы…

Көркемдік қойылым цехтарында балғалар қаттырақ тарсылдап, тігін машинкалары көңілдірек тықылдап, тігістер салып жатқанда, репетиция кластарында солисттер ең нәзік материя – адамның қарым-қатынасын жеткізуді үйреніп жатыр. Еске сала кетсек, опера көрінісі Нагасакидің шет жағындағы үйде өрбиді. Флот офицері американдық Пинкертон лақап аты Баттерфляй болып табылатын жас гейша Чио-Чио-санға үйленбек болып, осы үйді 999 жылға ыңғайлы ескертпемен – кез келген уақытта бұл тармақтан бас тарту мүмкіндігі бар шартымен жалға алады. Жас тентек жапондық дәстүр бойынша құрылатын некені кезекті романтикалық оқиға ретінде қабылдайды.

Кезінде музыка сыншылары бұл қойылымның жетістігін шығыс экзотикасына еліктеу деп түсіндірген. Алайда композиторды жапон нақышын жаңғыртудан гөрі, психологиялық қақтығыс көбірек толғандырды. «Мен ерлік істер жасау үшін жаралған жоқпын. Мен жүректері бәріміздікі сияқты үмітпен және қиялмен қоректенетін, өмірі қайғы мен қуанышқа толы, ащы көздің жасымен дыбысын шығармай жасырын жылайтын жандарды сүйемін», – деп жазды көрнекті итальяндық композитор Джакомо Пуччини.

_DSC0020

 «Мадам Баттерфляй» – менің шығармашылығымдағы үшінші қойылым. Тұсаукесерді мен асқан толғаныспен күтудемін. Аса әйгілі итальяндық қоюшылардың, біздің бас дирижер Алан Бөрібаевтың спектаклінде ән шырқау – үлкен мақтаныш және жауапкершілік. Спектакль орындаушы үшін физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да өте күрделі. Қайсар жапон әйелінің өлімін бұл қойылымнан ешкім алып тастаған жоқ: самурай қызы Баттерфляй ханым өзінің баласына мұқтажсыз болашақты қамтамасыз ету жолында құрбан болуы тиіс. Ол әкесімен қалады, сондықтан оның әскери шенде болуы да ықтимал. Әнші үшін бұл қойылым күрделі, себебі төзімділікті талап етеді. Оның үстіне екінші және үшінші акттің арасында үзіліс жоқ. Сахнада үнемі қалың грим мен софиттер жарығында ауыр костюмдермен жүру қажет. Бұл көп күшті, физикалық дайындықты талап ететін үлкен сынақ, – деп атап өтті Чио-Чио-сан партиясын орындайтын Жаннат Бақтай.

Баттерфляй бейнесі – Пуччинидің әйелдер мінезі галареясындағы ең күрделісі және сан қырлы бейнесі. Ол қорғансыз, сенімге берік, ерік-жігері мықты және мәмілеге келмейтін жан. Чио-Чио-санның жан дүниесінің драмасы операда эмоциялық реңдері жағынан кеңінен, жан-жақты ашылған. Бұл күрделі партияны сонымен қатар «Астана Опера» театрының жетекші солисттері Жұпар Ғабдуллина, Айгүл Ниязова және Бибігүл Жанұзақ дайындауда.

Пуччини барлық кезде сақталып келген шынайы музыкалық трагедияны – музыкада шырқалатын жоғары адамгершілік сезімін паш етті.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры