«Кыз Жибек» опера

Евгений Брусиловский

«ҚЫЗ ЖІБЕК»

Эпилогы бар 2 бөлімді опера

Либреттосын жазған Ғабит Мүсірепов

аттас қазақ халық дастанының желісі бойынша

 

Премьерасы 1934 жылы 7 қарашада Абай атындағы опера және балет театрында өтті

«Астана Опера» театрындағы тұсаукесері – 2017 жылғы 10, 11 ақпанда


_DSC7560

Жаңа музыкалық редакция авторы, қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер –              Михаил Панджавидзе (Беларусь)

Қоюшы суретшілер –          Софья Тасмағамбетова / Павел Драгунов

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри

Проекциялар бойынша суретші – Павел Суворов (Ресей)

Жарық бойынша суретші – Сергей Шевченко (Ресей)

Консультант – Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD)

Режиссердің ассистенті – Ерен Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Әсел Досмұратова

Дирижер – Руслан Баймурзин

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут

 

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Жібек –      Назым Сағынтай /

Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Төлеген – Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Мейір Байнешов

Бекежан – Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                   Талғат Ғалеев

Шеге, әнші-ақынБейімбет Таңарықов /

Рамзат Балакишиев

Базарбай, Төлегеннің әкесіЖанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                                               Болат Есімханов

Қамқа, Төлегеннің анасыДина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                                             Гүлжанат Сапақова

Қарлығаш, Төлегеннің қарындасы Айгуль Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                                                           Мәдина Исламова

Батсайы, Жібектің жеңгесіСалтанат Мұратбекова /

                                                  Ғалия Байғазинова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Дүрия, Жібектің құрбысы Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

 

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ

«Серпер» домбырашылар ансамблі (жетекшісі – Бекайдар ҚАЛИЕВ)

Жетігеншілер ансамблі (жетекшісі – Марал САХМЕТОВА)

Қыл-қобыздағы соло – Әділет АЗБАЕВ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ,

БАЛЕТІ, МИМАНСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

 


қысқаша мазмұны

Бірінші перде

1 көрініс

Көктем. Ымырт. Ұзақ жол жүрген керуен сәл тынығу үшін аялдайды. Бекежан батыр, сұлулығы мен ақылы аңызға айналған Жібекке махаббат сезімін білдіреді. Тек өзі сүйген жанға тұрмысқа шығуға табанды түрде шешім қабылдаған Қыз Жібек, Бекежанның ұсынысынан сыпайы түрде бас тартады.

Алыстан ат арылтып келе жатқан сәнді топ көшке жақындайды. Көшке ат басын тіреген жандар, Жібектің таңғажайып сұлулығына қанық Базарбайдың ұлы – Төлеген мен оның досы – ақын Шеге еді. Ақын Шеге Жібектің сұлу бейнесін жырға қосып, әнмен өрнектейді. Әкесінің сарқылмас байлығының мұрагері Төлегенді таныстырады.

Төлегенмен болған кездесуден кейін Жібектің бойында махаббат сезімі оянады. Жібектің уәдесін естіген күйеу жігіт әкесінің батасын алуға еліне аттанады.

Кеудесін қызғаныш оты кернеген Бекежан өз-өзіне қайтсе де Жібектің жүрегін жаулауға серт береді. Ол кек қайтаруды ойлап, Төлегеннің соңынан ереді.

2 көрініс

Жаз. Базарбайдың сарайы. Әкесі Төлегеннің Жібекке үйлену хақындағы тілегін құптамайды. Шеге мен қарындасы Қарлығаш Төлегенді әкесінің алдына қайтадан барып, батасын сұрауға көндіреді.

3 көрініс

Базарбай өз сарайында садақ жебесін нысанаға көздеп жаттығып, жамбы атып жатқан болашақ батырларды ту сыртынан бақылап тұр. Күтпеген жерден Бекежан батыр нысанаға жебесін дәл тигізеді. Ол қарсыласымен бітім жасасуға келген. Бірақ, Төлеген таңдау еркін Жібекке қалдыруды ұсынады.

Әкесі Базарбай, Төлеген мен Жібектің бас қосуына қарсы екендігін тағы бір мәрте хабарлайды. Ол көршілес ру басының қызына құда түсуді жөн көрген.

Алайда, анасы Қамқаның батасын алған Төлеген әкесінің қарсылығына қарамастан, алыс жолға өзі жалғыз аттанады.

ҮЗІЛІС

Екінші перде

1 көрініс

Кең жазира далада Төлегеннің алдынан Бекежан шығады. Ол қарсыласын өлтіремін деген райынан қайтып, оған дос болуды ұсынады. Өзара тіл табысқан олар Жібектің еліне бірге аттанады. Кеудесін қуаныш кернеген Төлеген сүйіктісімен өткеретін бақытты күндердің жақын қалғанын әнге қосады. Мұны естіген Бекежанның бойын қызғаныштың қызыл оты өртеп, Төлегенді тасадан жебесімен атып өлтіреді.

2 көрініс

Бекежан, қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған бір сәттік әлсіздігі үшін өз-өзін кешіре алмай, ұзақ уақыт дала кезумен күн кешеді. Ішкі жан дүниесіндегі қайғыны бұдан әрі көтере алмасын біліп, Жібекке сүйіктісінің өлімі жайлы айтуға бел буады.

Күз. Төлегенді тағатсыздана күткен Жібек тойға дайындық үстінде. Бірақ, ол бір түс көріп, түсінде жаман іс көреді. Көп ұзамай ұзақ қаңғырудан шаршап-шалдыққан Бекежан келіп, Жібекке қайғылы хабарды естіртеді. Халық Бекежанды қарғап-сілеп елден қуады.

Эпилог

Керуен қыстаққа бет алады. Аспанда адал да мәңгілік махаббаттың белгісіндей аққулар қалықтайды.

Қыс. Жерді аққудың мамығындай аппақ қар басады.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры