«КЛАССИКА ЭНЕРГИЯСЫ» СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА КОНЦЕРТІ

20 маусым күні сағат 19.00-де “Астана Опера” Мемлекеттік опера және балет театрында П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жас өспірімдер байқауының шеңберінде (2017 ж.15-25 маусым) айтулы музыкалық оқиға – ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева мен РФ Халық әртісі Сергей Ролдугиннің қатысуымен “Классика энергиясы”  атты симфониялық музыка концерті болып өтеді.

20 июня Энергия классики_УТВ_2

Концерттің ұйымдастырушылары мен серіктестері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақ ұлттық өнер университеті, «Өнер және ғылым академиясы» қоғамдық қоры және «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры.

Концертке сонымен қатар: Еуразиялық симфониялық оркестрі және РФ Еңбек сіңірген әртісі Юрий Ткаченконың  жетекшілігімен Қазақ ұлттық өнер университетінің скрипкашылар Ансамблі қатысады.

***

Айман Мұсақожаева – ҚР Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, белгілі қоғам қайраткері, көптеген халықаралық байқау мен фестивальдердің қазылар алқасы мүшесі.

Сергей Ролдугин – Ресейдің халық әртісі, Александр Невский орденінің иегері, виолончелист, дирижёр, музыкалық педагог, Мариин театрының солисі әрі дирижері, әртіс, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры. 2006 жылдан бастап өзінің бастамасымен құрылған Санкт-Петербург Музыка Үйінің көркемдік жетекшісі.

Юрий Ткаченко – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, профессор, Мәскеу мемлекеттік филармониясының дирижері, Ростов академиялық симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері. П.И.Чайковский атындағы Халықаралық жас өспірімдер байқауының ресми дирижері.

Еуразиялық симфониялық оркестрі 2008 жылы ҚР Халық әртісі, профессор, қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның бастамасымен құрылды. Оркестр Саулюс Сондецкис, Фуат Мансуров, Айдар Торыбаев сынды белгілі дирижерлердің жетекшілігімен өнер көрсеткен.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры