Қазақквартет шақырады

Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үздік камералық ансамбльдердің бірі – Ғазиза Жұбанова атындағы Квартет – халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Ернар Нұртазинның қатысуымен «Музыкалық дәуірлер сұхбаты» концертін береді. Музыкалық кеш 29 қыркүйек күні «Астана Операның» Камералық залы сахнасында өтеді.

Казахквартет и Ернар Нуртазин 29сент 2017Концерттің бағдарламасы мұқият таңдалып, оған Йозеф Гайндның №1 Соль мажор ішекті аспаптар квартеті, ор.76, Роберт Шуманның №1 ля минор ішекті аспаптар квартеті, ор.41 және Дмитрий Шостаковичтың Соль минор фортепиано квинтеті, ор.57 енді.

Квартеттің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаевтың айтуынша, осы музыкалық кеш өтетін «Қазақквартет шақырады» музыкалық топтамасы алты концерттен тұрады.

– Осы топтама концерттерінің әрқайсысына музыкант достарымызды шақыратын боламыз. Тек ішекті аспаптар квартеті шырқалып қоймай, сонымен қатар квинтет те, сикстет те орындалады. Барлық кешті біріктіретін бастауы – Й. Гайднның ор.76 алты квартеттерінің бірін кезекпен орындауы болмақ. Керемет композиторды адам баласына осы тамаша жанрды сыйға тартқан «ішекті аспаптар квартетінің әкесі» деп атайды. Бағдарламаның екінші туындысы романтикалық композитор – Р. Шуманға арналған. Оның фортепианолық автор деп есептелуіне қарамастан, үш дара квартеті бар, соның бірін көрерменге ұсынуды бұрыннан ойластырып жүр едік, – деп бөлісті Ернар Мыңтаев.

Ғ. Жұбанова атындағы Квартет Д. Шостаковичтың шығармашылығына аса ыждаһатпен қарайтыны мәлім, ұжымның барлық қатысушылары кемеңгер композиторды жақсы көріп, оның квартетін әрдайым рахаттана орындайды. Топтама «Қазақквартет шақырады» деп аталғандықтан, әлемдік музыкалық әдебиеттің асылы – Д. Шостаковичтың фортепиано квартетін орындау үшін танымал аспапшылармен қатар сахнаға кеш қонағы – өте дарынды, болашағы жарқын пианист Ернар Нұртазин шығады.

– Осы концертте өнер көрсетуге Квартеттің көркемдік жетекшісі – Ернар Мыңтаев шақырды. Мен бұрыннан осындай керемет, жоғары санаттағы музыканттармен бірге серіктес болуды қалап едім. Өткен жылы Д. Шостаковичтың мерейтойлық жылы аяқталды, бірақ бағдарламаға оның баға жетпес туырдыларын қосуды жалғастырудамыз. 10 жылдай бұрын орындаған бұл квинтеттке әрдайым қайта оралғым келеді, өзіме жаңаша ашқым келеді, – деп атап өтті Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Симфониялық оркестрінің бас дирижері Ернар Нұртазин.

Атап өтер болсақ, ішекті аспаптар квартеті жоғары орындаушылық шеберлігімен, керемет ойнау техникасымен, таза әрі үйлесімді дыбысталуымен ерекшеленген, ал бұған музыканттар талантымен ғана емес, тынымсыз қажырлы еңбегімен қол жеткізді. Ұжымның барлық қатысушылары – Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), Ернар Мыңтаев (виолончель) осы топтаманың концерттері жаңа маусым бойы тыңдарман қауымды қуантатынына сенім білдірді.

Концерттің басталуы сағат 19.00-де.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры