«Кармен»

Жорж Бизе

«Кармен»

_DSC6063

4 бөлімді опера

Либреттосын жазған Анри Мельяк және Людовик Галеви

Проспер Мерименің аттас новелласы бойынша

Тұсаукесері 1875 жылы 3 наурызда Париждегі Опера Комик театрында өтті

«Астана Опера» театрындағы тұсаукесері – 2017 жылдың 17, 18 қарашасы

 

 

Қоюшы дирижер –                        Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер –                       Лоренцо Амато

Қоюшы сценограф –                      Эцио Фриджерио

Қоюшы сценографтың көмекшісі – Риккардо Масирони

Костюмдер бойынша суретші –   Франка Скуарчапино

Костюмдер бойынша технолог – Даниэль Бутар

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Хелен Критикос, Арасель Досмұратова

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Наталья Кагадий, Ерен Тойкенов

Жарық бойынша суретші –          Якопо Понтани

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Проекциялар бойынша суретшінің ассистенті – Маттия Металли

Вокалдан тәлімгер концертмейстер – Мзия Бахтуридзе

Хормейстер –                                 Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы балетмейстерлер – Елена Шерстнева /

                                           Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Көркемдік-өндірістік кешен жетекшісі – Виктор Караре

Жауапты концертмейстер, синхрон редакторы – Елена Сахно

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (үзіліс саналмағанда)

 

Француз тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)


БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 

Кармен, сыған қызыДина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Татьяна Вицинская

Дон Хозе, капралМариус Влад (Румыния) / Артем Голубев (Ресей)

Эскамильо, тореадорБарсег Туманян, Арменияның Халық әртісі /

Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Микаэла, шаруа әйелМайра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты /

Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

Цунига, капитан Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Болат Есімханов / Евгений Чайников

Моралес, офицерТалғат Ғалеев / Шыңғыс Расылхан

Фраскита, сыған қызыАйзада Капонова /

Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Жәмила Жарқымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мерседес, сыған қызыГүлжанат Сапақова / Елена Ганжа

Данкайро, контрабандашыАлександр Красиков / Қазыбек Досмұхамбетов

Ремендадо, контрабандашыЖан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Рамзат Балакишиев / Ерұлан Кәмел

Жол көрсетуші – Нұрлыбек Қосбармақов / Хайдар Мұстапин

Лильяс Пастья – Александр Яковенко / Юрий Мякинкин

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ,

МИМАНСЫ, БАЛАЛАР ХОРЫ

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

I перде

Севильядағы алаң

Іштері пысып, зеріккен сарбаздар алаңда серуен құрып, өткен-кеткенді сөз қылуда. Жұрт арасынан Дон Хозеге анасынан хабар жеткізу үшін Микаэла шығады. Сарбаздар оның қазір келіп қалатынын айтқан соң, қыз кете барады. Қарауылдың ауысуымен ортаға Хозе келеді. Алаңға темекі фабрикасының өжет те пысық жұмысшы қыз-келіншектері бой көрсетеді. Ішіндегі ең сұлуы – сыған қызы Кармен. Барлық ерлер қауымы оған тәнті, тек Хозе ғана Карменге мән берер емес, себебі ол Микаэланы жақсы көреді әрі анасына оған үйленемін деп уәде берген. Хозенің осындай салқындығы жанына батқан Кармен оған гүл лақтырып кетеді. Хозе қыздың осындай әдепсіздігіне таңданса да, гүлді жерден көтеріп алады. Осы сәтте келген Микаэла ғашығына анасының хатын береді де, оның атынан сүйеді. Темекі фабрикасының жұмысшы әйелдерінің арасында дау-жанжал туындайды. Шиеленіске жазықты Карменді Цунига тұтқындауға шешім қабылдайды. Хозе оны түрмеге жеткізуі керек. Егер қарауылшы оған көмектессе, Кармен өзінің бар махаббатын сыйлауға уәде береді. Сыған қызының еріксіз, еліктіргіш күшінің арбауына түскен Хозе бағына кетеді.

II перде

Лильяс Пастья тавернасы

Кармен өзінің құрбылары Мерседес және Фраскитамен бірге тавернада ән айтып, би билеп, қашуына көмектескені үшін түрмеге түсіп, сарбаздыққа төмендетіліп, енді міне бостандыққа шыққан Хозенің келуін күтуде.

Сырттан Гранада корридасының жеңімпазы – тореадор Эскамильоның құрметіне қуанышты дауыстар естілуде. Сарбаздар оны ішуге шақырады – ол келісе кетеді. Тавернадан Карменді көріп қалып, оның көңілін табуға тырысады, бірақ қыз оған жауап бермейді. Кармен, тавернаға кірген Хозені көргеніне мәз, тек оған ғана билеуге дайын. Алайда Хозені казармадағы кешкі тексеріске шақырған кернейдің үні естіледі. Ол сарбаздық борышы мен махаббаты арасында абыржып, тосылуда. Хозенің қыздан гөрі қызметін таңдағанына Кармен қорланып қалады. Кармен үшін тавернаға келген капитан Цунига Хозеге казармаға қайтуын бұйырады, бірақ ол тапсырманы орындаудан бас тартады. Сол арада басталған жанжалға контрабандашылар араласып, Цуниганы байлап тастайды. Осылайша, Хозе қашқын атанып, Кармен және контрабандашылармен бірге қалуына мәжбүр болады.

III перде

Тауда

Ар-ұжданы алдында азап шегіп, таудағы қиын өмірден шаршаған Хозе, Карменмен арасындағы қарым-қатынастың бұрынғыдай еместігін байқайды. Кармен картамен бал ашып отыр. Картаны қанша араластырса да, өлім картасы шығуда. Микаэла келеді; Хозені іздеп, ұзақ жол жүрген ол оны үйге қайтаруға тырысуда. Қызды атыстың дауысы шошындырды – бұл контрабандашылардың тұрағына жасырын келген бейтанысқа оқ атқан Хозе болатын. Белгісіз біреу – Эскамильо еді, ол Карменмен кездесу іздеп келгенін мойындайды. Қысқа да нұқса әңгімеден кейін ашуға булыққан Хозе оны дуэльге шақырады. Ортада пайда болған Кармен екеуінің арасындағы дауды тоқтатады. Контрабандашылар тығылып қалған Микаэланы тауып алады. Ол Хозеден өлім аузында жатқан анасына қайтып оралып, кешірімін алуын сұрайды. Жігіт келісімін береді. Кетер алдында әлі де ессіз ғашық болған Карменге сес көрсетіп, қорқытады.

IV перде

Севильядағы арена алаңы

Алаң адамға лық толы, бәрі де коррида қатысушыларын құрметпен қарсы алуда, араларында Эскамильо мен оған ғашық Кармен де бар. Фраскита мен Мерседес құрбысына жиналған жұрт арасында Хозенің тығылып, артынан аңдып жүргенін ескертеді, бұл жерден кетуін сұрайды. Кармен қалып, онымен сөйлесуге бел буады. Барлығы корриданы тамашалауға кетеді. Сол сәтте Хозе келіп, Карменге оған қайтып оралуын сұрап, жалынады, бәрін тастап, жаңа өмір бастауға, басқа елге кетуге көндіруге тырысады. Бірақ Кармен айтқанынан қайтпайды: енді ол оны мүлдем сүймейді. Хозенің сыйға берген жүзігін шешіп, оған лақтырады. Ашынған Хозе пышағын алып, Карменге сұғып жібереді.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры