Әйгілі әртістер «Богема» операсында өнер көрсетеді

Ең әдемі сопрано дауысының иесі Сандра Пламенац және армяндық бас Бажбеук-Меликян Саркис Дж. Пуччинидің «Богема» операсында өнер көрсетеді. Шақырылған вокал шеберлерімен қатар 5 мамырда «Астана Опера» Үлкен залында қазақстандық әртістер – Нұрлан Бекмұхамбетов, Талғат Мұсабаев, Әлфия Кәрімова, Евгений Чайников шырқайды. Дирижерлік тізгінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Режиссері – Наталья Кагадий.

_DSC5485

Сандра Пламенац тігінші Мимидің партиясын орындауға дайындалуда. Сұранысқа ие әнші өзінің жоғары кәсіби шеберлігімен танымал, қаһармандарын жақсы түсіну және сахнада терең бейнелерді жасау үшін негізгі музыкалық білімі бар (Мәскеу консерваториясы) ол веналық және мәскеулік филологиялық факультет пен шет тілдері факультетін бітірген. Барлық опералар әйгілі әдеби шығармалардың желісі бойынша қойылғаны белгілі, осы орайда аталған оқу орындарында ол қайнар көздерден білім нәрін сусындады. Айта кетсек, Дж. Пуччинидің «Богема» операсы Анри Мюрженің «Богема өмірінен көріністер» шығармасы бойынша жазылған.

Sandr Plamenats3– Мен өзімнің кейіпкеріммен мақтанамын. Опера желісі 1830 жылы Парижде өрбиді. Тіпті бүгін де ол жерде жалғыз өмір сүру қиын, ал Мими болса, сол уақытта Париждің Латын кварталынан өзі пәтер жалдап тұрады және өзі жібекті кестелейді – бұл өте күрделі және көп еңбекті керек ететін шығармашылық жұмыс, ол осы табысымен күнін көреді. Әрине, оның өмірі қайғылы аяқталады, бірақ ол сүйікті ісімен айналыса отырып, еркін өмір сүрді және сүйікті адамын кездестірді. Мимидің тағдыры өмірдің әрбір сәтін бағалау қажет екенін түсінуге көмектеседі. Мен бұл партияны «Астана Опера» сахнасында қуана-қуана орындаймын. Бұл менің Қазақстанға алғашқы келуім, әйтсе де мен қазақтың көркем табиғаты туралы Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен оқыдым және бұл сипаттаманы растайтын көп бейнетүсірілімдерді қарадым, – дейді Сандра Пламенац.

Армяндық бас Саркис Бажбеук-Меликян Коллен партиясын орындайды, оның ауқымы жағынан зор және барлық регистр бойынша әдемі даусы жақын және алыс шетелдегі түрлі сахна тыңдарманын тәнті етеді.

«Богема» – стилі мен рухы бойынша француздық деуге болатын, таңқаларлық нәзік сезіммен ерекшеленетін италиялық опера. Оқиға желісі Париждің Латын кварталында Рождество қарсаңында өрбиді. Опера кейіпкерлерінің бәрі жастар. Бұлар кедей зиялы қауым, париждегі мансарда тұрғындары: ақын Рудольф, суретші Марсель, музыкант Шонар және философ Коллен. Өмірлерінің серігіне айналған мұқтаждыққа қарамастан, олар көңілдерін түсірмей, қиындықтарды әзілмен қарсы алады. Күнделікті өмірлері қуаныш пен поэзияға, достық пен махаббатқа толы.

Әртістер көрерменге күнделікті қам-шаруаны біраз уақытқа қоя тұрып, опера қойылымынан барынша рақат алуға, сондай-ақ «Богема» операсы кейіпкерлерінен, тіпті, ең қиын жағдайдың жақсы жағын көре білуді үйренуге және өз бақытың үшін күресуді тоқтатпауға шақырды.

Спектакльдің басталуы – 19.00, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры