Нью-Йорктегі орасан зор жеңіс

Валентина Козлованың Халықаралық балет әртістері конкурсында VKIBC (Нью-Йорк, АҚШ) «Астана Опера» театрының әртістері қос жеңіске қол жеткізді. «Астана Опера» балетінің жетекші солисті Бахтияр Адамжан «Классикалық би» аталымында осы конкурстың жүзеге асу тарихындағы тұңғыш Бас жүлде иегері атанды. «Астана Опера» солисті Серік Нақыспеков мәртебелі үшінші орынға (қола медаль) ие болды.

Untitled-1

Конкурс 5-10 маусым күндері өткізілді. Мәртебелі әділқазылардың құрметті өкілдері –танымал балетмейстер Микко Ниссинен (Финляндия), төрағасы – әлемдік балет жұлдызы, Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепа.

– Бұл Корея, Жапония, АҚШ, Бразилия, Франция, Канададан келген мықты бәсекелес – әртістердің арасындағы өте күрделі байқау болды. Мен төрт вариация мен қазіргі заманғы бір нөмір ұсындым. Ақтық сынғы өнер көрсетуді «Эсмеральда» балетінен «Диана және Актеон» вариациясымен аяқтадым. Керемет қолдау үшін біздің елімізге, атап айтқанда, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорына алғысымды білдіремін. Шетелде өнерімізді көрсету мүмкіндігіне ие болу арқылы біз Елбасы алдымызға қойған міндеттерді – әлемдік кеңістікте қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті алға тарту бойынша мақсатты жүзеге асыра аламыз, – деп атап өтті «Астана Опера» театрының жетекші солисті Бахтияр Адамжан.

Конкурс аяқталысымен әртіске қызықты ұсыныстар, соның ішінде мәртебелі әлемдік сахналардағы Гала-концерттерге қатысу үшін шақыртулар келіп түскенін атап өткен жөн.

Оның әріптесі – Серік Нақыспеков осы байқауда әділқазылардың жоғары бағасына ие болған өзіндік қойылымдағы қазіргі заманғы нөмірін ұсынды.

– Бірінші тур алдында қобалжу болды, бірақ сахнаға шыққан кезде бірден ғайып болды. Нью-Йоркте бірнеше рет болдым, бұл зор мүмкіндіктер қаласы, бірақ осы жерде бола тұра Астанамды, туған театрымды сағындым.

Қазіргі заманғы нөмірден бөлек, «Сильфида» балетінен Джеймс вариациясын, «Корсар» балетінің вариациясын ұсындым, «Талисман» балетінің вариациясын алғаш рет биледім – деп бөлісті Серік Нақыспеков.

Бахтияр Адамжан мен Серік Нақыспековты алда Мәскеудегі күрделі конкурс күтуде, ол жерде жеңіс үшін 200 қатысушысы бақ сынасады. Әлемдегі ең көрнекті балет байқауларының бірі – балет әртістері мен хореографтарының халықаралық конкурсы қазіргі заманғы танымал хореограф, конкурстың көркемдік жетекшісі Юрий Николаевич Григоровичтың 90-жылдық мерейтойында өткізіледі. Балет әртістері мен хореографтарының халықаралық конкурсы-2017 «Орыс балетінің жылы мен Мариус Петипаның 200-жылдығының» алдын алады.

***Анықтама

Валентина Козлованың Халықаралық балет конкурсының VKIBC құзырлы әділқазылар құрамына әр елден әлемдік балеттің көрнекті қайраткерлері енді, атап айтқанда: Нина Мирей Буиссон, Шарль Жюд, Каролина Лорка (Франция), Иван Каваллари, Альберто Претто (Италия), Желько Юреша (Ұлыбритания), Вирджиния Джонсон, Питер Старк (АҚШ), Патрисия Аулестия де Альба (Мексика), Ольга Гуардиа де Смоак (Панама), Ким Сон Хи, Ён Ми Сук (Корея Республикасы), Нина Ананиашвили (Грузия), Ресейдің Халық әртісі Николай Цискаридзе, Сергей Соловьев (Ресей) және т.б.

Конкурс үш аталым бойынша өтті: классикалық би, қазіргі заманғы би және хореография. Классикалық би аталымында 26 жасқа дейінгі төрт жас ерекшелік топтары – «жастар», «студенттік», «жасөспірім және аға» топтарында әртістер қатыса алды.

Валентина Козлова халықаралық балет әлеміндегі танымал жаңашыл болып табылады. Биге, сонымен қатар хореография мен балеттік қойылымдар жасайтын әртістерге деген махаббатын басшылыққа ала отырып, олардың таланттарын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер іздеп, табады. В.Козлова Үлкен театрдың балет училищесінде оқыды, 1973 жылдан бастап театрдың труппасында биледі, ал 1975 жылы прима атанды. Ол классикалық балеттің барлық жетекші партияларын билеген. 1979 жылы Америка Құрама Штаттарына қоныс аударды. Халықаралық деңгейде шақырылған әртіс ретінде бірден сұранысқа ие болды. Оның бродвейлік дебютінің жетістігі арқасында 1983 жылы Дж.Баланчин оны Нью-Йорктік балеттің жетекші солисті болуға шақырды. Ол Дж. Баланчин, Дж. Роббинс, П. Мартинс, Э. Фельд пен Р. Таннердің қойылымдарында жетекші партияларды биледі.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры