Ғ.А. Жұбанова – әлемдік деңгейдегі композитор-классик

«Астана Опера» ұлы қазақстандық композитор Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығын тойлауды бастайды. 8 қарашада театрдың Камералық залында танымал музыканттардың қатысуымен концерт өтеді.

Г.А. ЖубановаОтандық классик Ғазиза Жұбанова КСРО халық әртісі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, қазақстандық классикалық музыканың негізін салушы Ахмет Жұбановтың қызы. Ғ.А.Жұбанова Қазақстанда және шетелде кеңінен танымалдылыққа ие болды. Оның бай шығармашылық мұрасы әртүрлі жанрлардан тұрады: опералар, балеттер, симфониялар, ораториялар, кантаталар, симфониялық поэмалар, концерттер, хорлар, романстар, әндер, камералық-аспаптық шығармалар, спектакльдер мен кинолардың музыкалары, халық әндерінің өңдеулері. Ғазиза Ахметқызы Алматыдағы консерваторияның ректоры, композиторлар одағының төрайымы болған, қоғамдық қызметпен айналысқан. Ол қазақстандық кәсіби композиторлық мектептің дамуына баға жетпес үлес қосты, оның шәкірттері – атақты отандық заманауи композиторлар.

Айқындылық, ауқымдылық, драматизм, философиялық тереңдік, әлемді поэтикалық тұрғыдан ұғыну, музыкалық бейнелердің молдығы – тыңдармандардың жүректерін баурап алатын оның құнды туындыларының барлық сипаттамасы емес. Осы кеште дәстүрлі музыка элементтері қазіргі заманғы құралдармен жеткізілетін Ғ.А.Жұбанованың №1 ре минор ішекті аспаптар квартеті шырқалады.

Бұдан басқа, концерт бағдарламасына «Из моей жизни» ішекті аспаптар квартеті, Б.Сметананың III бөлімі, Р.Шуманның фортепианолық квинтеті, I бөлім, А.Бородиннің №2 ішекті аспаптар квартеті «Ноктюрн» III бөлім, А.Дворжактың фортепианолық квинтеті I бөлім, ор.81. енген.

«Астана Опера» Симфониялық оркестрінің концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов осы концертте альт партиясын орындайды.

– Бағдарламаға енгізілген шығармалар әлемдік классиканың әйгілі жауһар туындыларынан алынған. Олар өзінің тақырыбы бойынша Ғ.А.Жұбанова сияқты ұлы кемеңгерге арналған концерт аясында орындалуы үшін өте сай келеді. Ғазиза Ахметқызының шығармашылығы біздің барлығымыз үшін сирек құнды дүние болып табылады. Қазақстанда көп дарынды композиторлар бар, алайда Ғазиза Жұбанованың керемет музыкасы ерекше жан тебірентеді. Музыкалық мектептің болашақ жас білім алушылары ретінде оның шығармашылығымен алғаш танысқанымызда оның шығармалары жан-жүрегіміз бен ішкі дүниеміздің тереңіне жетіп, елжіреткен болатын. Мен үшін бұл концерт ерекше болмақ, сондықтан да үшінші партияны игере отырып, Ғазиза Жұбанованың ішекті аспаптар квартетін ойнайтын боламын. Бұған дейін бірінші және екінші скрипкада ойнадым, енді альтта ойнайтын боламын. Осы музыка барлығымыз үшін қызықты болғаны соншалық, маған партитураға басқа қырынан қарау, екінші скрипка қалай ойналады, альт қалай орындалады, ал виолончель не істейді деген қызығушылық тудырды, – деп әңгімеледі Бағдат Әбілханов.

Концертке сонымен қатар оркестр солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айсұлу Байкенова (скрипка) және шақырылған музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Евгения Құрманаева (скрипка), Ермек Құрманаев (виолончель), Анар Камельинова (фортепиано) қатысады. Өздерінің бірлескен шығармашылығы туралы айта келе, әртістер музыканы бірлесе тарту оларға керемет қуаныш сыйлайтынын атап өтті.

– Сахнаға шыққан сайын ойымызды тыңдармандарға жеткізу үшін музыканы тереңірек әрі қызықты ете отырып, өзіміздің орындауымызды толықтырамыз, жаңа бояулар, ерекшеліктер іздейміз, – деді музыканттар.

Концерттің басталуы сағат 19.00-де

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры