Фортепианолық жауһарлар

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрлан Ызмайлов XX ғасырдың ұлы пианиношыларының бірі Э.Г. Гилельстің 100 жылдығына арнап «Мазурка, вальс, полонездер…» атты концертті ұсынады. Музыкалық кеш 7 қарашада «Астана Опера» Камералық залында өтеді. 

_DSC1167

Эмиль Гилельстің шығармашылығын әлемдік пианизмнің ірі жетістіктерінің қатарына жатқызады. Жарқын тұлғасының даралығы, техникасының мінсіз тазалығы, ойнау нақышының тереңдігі мен мазмұндылығы, дыбыс толықтығы оны өз елінде және шетелде атақты әрі танымал етті.. Эмиль Григорьевич Гилельс – КСРО Халық әртісі, “Санта-Чечилия” Ұлттық академиясының (Рим, Италия) құрметті академигі, Лондонның корольдік музыка академиясының (Ұлыбритания) құрметті мүшесі, көптеген ордендер мен медальдар, соның ішінде Өнер және әдебиет ордені (Франция), I Леопольд ордені (Бельгия), Париждің Алтын медалі, Брамстың медалі (Гамбург, Алмания) және т. б. иегері.

Қазақстандық танымал пианиношы Нұрлан Ызмайловтың ұстазы – кезінде Парижде атақты Рауль Пюньодан (Р. Пюньоның педагогы – Ж. Матиас ұлы поляк композиторы және асқан шебер пианиношы Фредерик Шопеннің шәкірті) дәріс алған Я. И. Ткачтың оқушысы Эмиль Гилельс. Ұлы музыканттарды еске алу ретінде осы кеште Ф. Шопеннің шығармалары орындалады, өз кезегінде оның шығармашылығы Н. Ызмайловтың репертуарында ерекше орынға ие..

Концертті жүргізетін – «Мәдениет қайраткері» Маржан Жәкенова.

Концерт Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Басталуы 19.00, билет бағасы – 2000 теңге.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры