Сібірден шыққан философ

Новосібірлік опера және балет театрының солисті, дарынды бас дауысты әнші Андрей Триллер «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында ұлы италиялық композитор Дж. Пуччинидің «Богема» спектакліндегі философ Колленнің партиясын сомдайды. 29 қаңтарда өтетін қойылымның дирижерлік тізгінін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов қолға алады.

_DSC2101

Тамаша әнші Андрей Триллердің қоржынына опера сахнасында орындалған бірнеше ондаған партиямен қатар, ауқымды камералық репертуар кіреді. Көрерменнің назарын өзіне аударып, оның зейінін кеш бойы жібермейтін қабілеті бар вокалшы Ресейде және шетелдегі гастрольдік сапарлары барысында өнерін үлкен жетістікпен паш етеді.

Processed with VSCOcam with lv02 presetКолленнің богемалық достарының партиясын орындайтын қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары, театрдың жетекші солисттері: ақын Рудольф – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның Еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Бекмұхамбетов, суретші Марсель – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, музыкант Шонар – театр солистіЕвгений Чайников. Нәзік шебер тігінші Мимидің рөлінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова, ал жеңілтек, жүректі баурап әкететін әнші Мюзетта – Салтанат Ахметова. Спектакльдің музыкалық жетекшісі – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы режиссері – Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров.

«Астана Опера» театрының бас хормейстері, «Құрмет» орденінің кавалері Ержан Дәуітов М. Төлебаевтің «Біржан-Сара», Дж. Вердидің «Травиата», Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», «Тоска», «Богема» сияқты көптеген опералық спектакльдерінің қоюшы хормейстері және дирижері болып табылады.

– Біріншіден, К. Бәйсейітова атындағы театрда мен осы спектакльге бірнеше рет дирижерлік еткенімді айта кеткім келеді. «Богема» – менің ең сүйікті операларымның бірі. Дәл осы Дж. Пуччинидің операсы бойынша дирижердің шеберлік деңгейін анықтауға болатыны белгілі. Бұл өте әдемі, дирижерлік еткенге аса күрделі шығарма, – деп әңгімеледі Ержан Дәуітов.

Басталуы 18:00, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры