«ASTANA PIANO PASSION» ФЕСТИВАЛІНІҢ АПТАЛЫҒЫНА БАРЛЫҚ КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ

22-28  сәуір аралығында Астанада бірегей фортепианолық музыка апталығы өтеді. “Astana Piano Passion” IV халықаралық классикалық музыка фестивалінің іс-шаралар бағдармаласы тағы да қызыққа толы және алуан-түрлі болмақ.

IMG_1660

Фестивальдің ашылуы 22 сәуір күні сағат 18:00 «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрімен бірге, С. Рахманиновтың фортепианомен оркестрге арналған №3 концертін орындайды. Сондай-ақ, сахнада “Astana Piano Passion” IV халықаралық жас пианиношылар байқауының бірінші сыйлық лауреаты Симон Каракулиди (Ресей) өнер көрсетеді. Ол С. Прокофьевтің фортепианомен оркестрге арналған № 1 концертін орындайды.

Жоспарланған бағдарлама аясында, 23-24 сәуірде «Астана Опера» театрында қатысушылардың жартылай финалы өтеді. 25 сәуірде фортепианолық музыканы бағалаушыларды жартылай финалға шыққандардың концерті күтеді, концерт «Астана Опера» театрының Камералық залында 19:00 басталады. Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі 28 сәуірде 19:00 «Астана Балет» театрының сахнасында өтеді.

Кештің бағдарламасында – байқаудың жоғары марапат иегерлерінің таңғажайып өнерлері мен Денис Мацуевтің керемет орындауында Дж. Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодиялар» шығармасы орындалады. Мәскеуден келген музыканттар Андрей Иванов  (контрабас)  және Александр Зингер (ұрмалы аспап) маэстромен бірге өнер көрсетеді. Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, байқаудың дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Концерт билеттерін театр кассалары мен желілерде алуға болады.

Жас музыканттар мен олардың мұғалімдерінде әлемнің мықты педагогтарының шеберлік сабағына қатысу мүмкіндігі бар, олар: Ванесса Латарш (Ұлыбритания), Петр Палечный (Польша) және Станислав Юденич (АҚШ). Шеберлік сабақтар 25 сәуірде «Шабыт» шығармашылық сарайында өтеді. Шеберлік сабақтарға, афишада көрсетілген телефон нөмірлері арқылы жазылуға болады http://www.astana-app.kz/ru/.


Жас дарынды пианиношылар арасындағы байқауды, әлемнің кез келген көрем деушісі тамашалай алады. Байқаудың арнайы 
astana-app.kz  желісінде оның кезеңдерінің тікелей online көрсетілімі ұйымдастырылады.


“Astana Piano Passion” жас пианиношылардың байқауы, Қазақстанның астанасында төртінші мәрте өткізіліп отыр және ол жас дарындарды қолдауға бағытталған. Жас пианиношылар байқауының жеңімпаздары қомақты ақшалай сыйлыққа ие болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 60 АҚШ долларын құрайды.

Мұнымен қатар, байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевтің айнайы сыйлықтарының иегерлері, халықаралық «Crescendo» және «Жұлдыздар Байкалда» (Ресей) сондай-ақ, француздық Анси қаласында өтетін «Annecy Classic» фестиваліне қатысады. Жеңімпаздар Мәскеу филармониясымен бірге, ЕХРО-2017 аясындағы жоспарланған концерттер мен келесі «Astana Piano Passion» фестивалінде өнер көрсетеді.  Қазақстан композиторының шығармасын үздік орындаушыға дәстүрлі арнайы сыйлық табыс етіледі.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры