Қарағандылық театр «Астана Опера» сахнасында үздік спектакльдерін ұсынбақ

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына бірегей гастрольдік бағдарлама ұсынбақ. 17 тамыз күні «Астана Операның» Үлкен залында Максим Дунаевскийдің «Алқызыл желкендер» мюзиклі қойылса, 24 тамыз күні Имре Кальманның «Баядера» опереттасы сахналанбақ.

 

 

Қарағандылық театр репертуарындағы 2018 жылдың қазан айында тұсауы кесілген жаңа спектакльдерінің бірі – М.Дунаевскийдің «Алқызыл желкендер» қойылымы. Туындының негізгі идеясы – әр адамның жақыны үшін ғажап дүниелер жасай алатындығы туралы берік сенім мен асқақ арман.

Басты кейіпкер – небәрі сегіз айлығында анасынан айырылған Ассоль есімді қыз. Ол өзінің әкесі – теңізші Лонгренмен бірге Каперна ауылында тұрған. Әкесі қызметінен кеткеннен кейін кішкентай қызы мен өзінің күн көрісі үшін асқан шеберлікпен түрлі шағын желкендер және кемелердің модельдерін жасап, сатумен айналыса бастайды. Бір күні, сегіз жасар Ассоль қолына өзінің кішкене кемесін ұстап тұрған бейтаныс адамды көріп қалады. Бұл – «өлеңдер, аңыздар, әңгімелер мен ертегілер жинаушы» қарт Эгль еді. Ол ойыншықты Ассольге беріп, талай жылдар өткен соң, қыз бой жеткенде, оған дәл осындай алқызыл желкенді кемеде ханзада келіп, алыс елге алып кететінін айтады.

Александр Гринның аттас хикаятының желісімен М.Бартенев пен А.Усачев либретто жазған. Қоюшы режиссері – «Золотая маска», «Жыл адамы», «Мельпомена», «Жыл әні» сыйлықтарының иегері Сусанна Цирюк (Санкт-Петербор, Ресей), музыкалық жетекшісі – Жанна Шестакова, бас хормейстері – «Құрмет» орденінің кавалері Татьяна Штыкова.

Елена Езерскаяның либреттосы желісімен И.Кальманның «Баядера» классикалық опереттасының қойылымы оқиғалар желісінің ерекше әрі жарқын ұсынылуымен өзгешеленеді. Венгр композиторының тамаша әуендері тыңдармандарды сырға толы шығыс әлеміне жетелейді, мұнда жүрек екпіні ақыл-естің әмірімен, қоршаған ортаның күнделікті тіршілігімен, сіңіп қалған дәстүрлермен шиеленіске түседі.

Биші-баядера Одетта үнді ханзадасы Раджамиге ессіз ғашық, ал жігіт болса, қыз үшін лагорлық князьдердің шетелдік аруларға үйленуге тыйым салатын ежелден қалыптасқан заңдарын аттап өтуге дайын. Сөйтіп, Ханзада тақтан бас тартады, ал Одетта үлкен құрбандыққа барады: сөз салған жігіттің бетін қайтарып, оған деген сезімінің жоқтығын білдіреді. Ғашықтардың жүрегі жаралы, көңілі түскен Раджами кетуге ыңғайланады, ал Одетта болса, жасаған амалының терістігін түсінеді. Бірақ, кенеттен некелеріне рұқсат беріледі. Оперетта жанрының ережелеріне сәйкес соңында кейіпкерлер бақытқа кенеледі.

Музыкальный руководитель и дирижер спектакля – Валентин Богданов, режиссер – Людмила Налетова (Москва, Россия), главный хормейстер – Татьяна Штыкова.

Начало спектаклей в 18.00.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры