«Астана Операда» джаз

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Астана Опера» Симфониялық оркестрі көрермен назарына джаз және классикалық музыка әдемі үйлескен айырықша тартымды бағдарлама ұсынады. «Операдағы джаз» концерті 23 желтоқсанда театрдың Үлкен залында өтеді.

_DSC7639

Джаз XIX-XX ғасырлар аралығында АҚШ оңтүстік штаттарында еуропалық музыкалық дәстүрлердің және африкалық ырғақ пен африкалық-америкалық фольклор элементтерінің бірігуі нәтижесінде туындаған. Джаз музыкасының озық сипаты, аралас ырғағы, шынайылылығы, асқан шеберлігі әртүрлі елдердегі музыканттер мен тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Концертте XX ғасырдың көрнекті композиторларының әйгілі туындылары орындалатын болады. Кеш бағдарламасында ұсынылған шығармаларда джаз элементтері кеңінен қолданылған. Елорда тұрғындары мен қонақтары Бродвейде таңғаларлық оқиға болған Леонард Бернстайнның бүкіл әлемге әйгілі «Вестсайд оқиғасы» мюзиклінің симфониялық билерін сүйсіне тамашалай алады. Л. Бернстайнның тағы бір мюзиклі – «Кандидтен» увертюра және Кунигунданың ариясы шырқалады. Кунигунданың бейнесінде «Астана Опера» театрының тамаша әншісі, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова шығады.

«Порги мен Бесс» операсынан Клараның «Summertime» бесік жыры және фортепиано мен симфониялық оркестрге арналған «Блюз стиліндегі рапсодия» («Көгілдір рапсодия») туындысы атақты америкалық композитор Дж. Гершвиннің ең үздік шығармаларының бірі болып табылады. Джордж Гершвин музыка жазушы ғана емес, алдыңғы қатарлы дарынды пианиношы болғанын атап өтуге болады. Бұдан басқа көрермендерге Дмитрий Шостаковичтің «Таити торт», Арно Бабаджанянның «Ноктюрн» және т.б. шығармалар ұсынылады. Солистер – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары Гаухар Тасбергенова, Мәншүк Мұсабаева (фортепиано), сонымен қатар джаз әншісі Эльмира Камарницкая.

Концерттің басталуы 18:00.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры