Бір костюмге екі жүз бантик немесе «Манонда» не киеді

Жақында «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында көрерменге Манонның өмірі баяндалады. Спектакльді Жюль Массненің музыкасына қойған ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Кеннет Макмилланның балетінің тұсауы 28 және 29 сәуірде кесіледі. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова. Қазір театрда спектакльге қызу дайындық жүріп жатыр, тігін цехының шеберлері де тыным таппай еңбектенуде.

_DSC9953

Бұл балет алғаш рет 1974 жылы Корольдік театрда (КовентГарденЛондонқойылғанСпектакльдің декорациясы мен костюмін белгілі сценограф-суретші, К. Макмилланның жақын досы  Николас Георгиадис жасаған. Ол төңгеріс қарсаңындағы француз қоғамындағы сән-салтанат пен рухани құлдыраудың нәзік аражігін жеткізеді (балет көрінісі XVIII ғасырдың соңындағы кезеңді паш етеді). Қойылымның түпнұсқасындағы костюмдерді қалпына келтіруді Наталия Стюарт басшылық еткен ағылшындық команда қолға алды, оның құрамында екі пішуші – Рокси Кресси мен Лал Д’Або бар. Костюм жөніндегі суретшінің ассистенті – Әсел Досмұратова. Барлық костюмді «Астана Опера» театрының шеберлері тігуде.

– Сәнді киімдер стилі жағынан XVIII ғасырдың кезеңіне сай болуы тиіс. Өздеріңіз білетіндей, бұл өте сәнді, көлемді көйлек. Бізге костюмдерді барынша тарихи нақышқа сай етіп дайындаған маңызды, мұнымен қатар олар билегенге ыңғайлы болуы тиіс – бар қиындық осында. Оның үстіне, ХХI ғасырдың балет әртісі үшін мұндай ыңғайлы сәнді киім тігу қиынға соғады: бишілер техникалық жағынан анағұрлым икем, қазіргі жас буынның физикалық дене бітімі де өзгерген. Бүгінгі таңда костюм тігудің әртүрлі әдісі бар, біз оларды дайындауда белгілі бір технологияларды қолданамыз және «Астана Опера» тігін цехының қызметкерлерімен тәжірибемізбен бөлісеміз, – деп атап өтті Наталия Стюарт.

_DSC9983

Аталған дәуірдің сәнді киімінде әрлеп-әшекейлеу өте маңызды болғаны белгілі. Сән өз заңын ұстанбай қоймайды: небір желбіреуіштер, бантиктер әйелдің де, ердің де костюмінен табылады. Аталған қойылымда кейбір сәнді киімге 150-ден 200 дейін бантик тігіледі – соның бәрі қолмен тігіледі. Тастар әшекей бұйымдарда ғана кездеседі, ал шілтер, бүрме кез келген көйлекте қолданылған.

Қойылымның түпнұсқасында суретші жүн, барқыт, жаккард, гипюр және басқа да түрлі материалдарды пайдаланған. Бүгінде мата дайындау технологиялары мүлдем басқа, сондықтан түпнұсқадағы стильді қалпына келтіру үшін, негізінен, түстің түрлерін негізге аламыз. Жалпы Н. Георгиадис белгілі бір түстердің түрімен тұрақты түрде жұмыс істеген.

– Құм түстес, қоңыр, сарғыш, қызыл, қара аралас алтын, қара әшекей – бұның бәрі бір жерге үйлеседі. Түстердің бұл түрі оның барлық дерлік қойылымдарынан көрініс табады. Біз барлық қажетті матаны сатып ала алмаймыз, себебі кейбір түстер мүлдем жоқ, сондықтан көбін бояуға тура келеді. Түпнұсқаға толығымен сәйкес келетін кейбір материалдарды табудың сәті түсті. Балетте қоғамның ең төменгі сатысы да көрсетіледі. Оларға арналған костюмдердің өз ерекшелігі бар: арнайы технологияның көмегімен жаңа маталар тозған күйге келтіріледі, – деп аяқтады Н. Стюарт.

Спектакльдің басталуы: 28 сәуірде 19:00, 29 сәуірде 18:00, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры