Адуынды әрі әсерлі «Кармен»: Астанадағы опера мерекесі

Шетелдік опера жұлдыздары мен вокалдық өнердің қазақстандық хас шеберлері Ж.Бизенің «Кармен» жауһар туындысымен 17, 18 және 19 қараша – үш тұсаукесерлік күні «Астана Операның» Үлкен зал сахнасына шығады.

_DSC3928

Жалынға толы сыған сұлуы Кармен партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Татьяна Вицинская өнер көрсетсе, оның ғашығы Дон Хозені Румынияның танымал теноры Мариус Влад пен Башқұртстан мемлекеттік опера және балет театрының солисі Артем Голубев ұсынады. Тореадор Эскамильо партиясын Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Талғат Мұсабаев әзірлеуде. Нәзік әрі адал Микаэла бейнесінде сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Башқұрстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова шығады. Капитан Цунига – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Болат Есімханов, Евгений Чайников.

Әлемдегі үздік опералардың бірі болып табылатын шығарманың оқиғалар желісі Проспер Мерименің аттас новелласы бойынша жасалған. Тұсаукесері 1875 жылдың 3 наурызында Париждегі «Опера-комик» театрында өткен еді. Адуынды әрі сезімтал кейіпкер Кармен сүйіктілерінің де, өзінің де тағдырымен ойнауда. Жорж Бизенің ұлы жауһарының теңдессіз әуендері, испан нақыштары, албырттық сезімі, көркемдігі, өмірге деген құштарлыққа толы музыканың сиқыры – осының бәрі оны әлемдік опера классикасының ең көрнекті туындысы етті.

Ауқымды, шынайы қойылым көрермендерді ХІХ ғасырдың ортасындағы Севильяға алып барады. Бір қызығы, дәл осы керемет қойылымда сән-салтанаты келіскен декорациялардың рекордтық ауысу саны орын алады. Көрермен назарына тек олар ғана емес, сонымен қатар спектакльде 400 дана болатын түрлі-түсті костюмдер де ілінеді. Киімдерді дайындау кезінде барлық түс пен реңк қолданған болатын.

Спектакльдің қоюшы-дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаев 17 және 18 қараша пульт басында тұрса, 19 қараша күні Руслан Баймурзин дирижерлік етеді. Еске салар болсақ, опера режиссер Лоренцо Аматоның қойылымында өтеді. Декорацияларды әзірлеуде қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапино, костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Даниэль Бутар, Хелен Критикос, Арасель Досмұратова, жарық бойынша суретші – Якопо Понтани, проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли еңбек етті. Хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ердан Дәуітов.

СПИКЕРЛЕР:

1. Ғалым Ахмедьяров – «Астана Опера» МОБТ директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері 
2. Төлеубек Әлпиев – директордың бірінші орынбасары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
3. Алан Бөрібаев – «Астана Операның» бас дирижері, қоюшы-дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
4. Дина Хамзина – Кармен партиясын орындаушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
5. Мариус Влад – Хозе партиясын орындаушы
6. Лоренцо Амато – қоюшы-режиссер
7. Франка Скуарчапино – костюмдер бойынша суретші, «Оскар» сыйлығының иегері

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры