«Дон Кихот» балетіндегі дебюттер

Мигель Сервантестің романы бойынша қойылған Л. Минкустың әйгілі «Дон Кихот» балеті 1 және 2 сәуірде «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында ұсынылады. Басты партияларды орындауға дайындалып жатқан талантты әртістер – Әнел Рүстемова (Китри), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов (Базиль),  Елдар Шакирзянов (Эспада) «Астана Опера» сахнасында бұл спектакльде алғаш рет өнер көрсетпекші.

_DSC7751

Қоюшы балетмейстер  «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі – Алтынай АсылмұратоваҚоюшы дирижері  Арман Оразғалиев.

– Бұл балетті орындау – үлкен ғанибет. Классикалық бимен алмасатын мінезді би шыңдалған техникамен қатар, актерлық шеберлікті де қажет етеді. Спектакльге қатысатын балет труппасының барлық құрамы халық көп қоныстанған Барселонадағы адам тағдырының түрлі көрінісін: қуанышы мен қайғысын жеткізеді. Спектакль қуанышқа, жүрекке жылу ұялататын сәттерге қанық, мақсатымыз осы атмосфераны көрерменге жеткізу, – деп атап өтті балет әртістері.

М. Петипа балетті 1869 жылы М. Сервантестің «Дон Кихот» романының желісімен қойған. Мариус Петипа әйгілі әдеби дереккөздің екінші томындағы ауқатты Камачо (балетте – Гамаш) мен ауылдық жас жігіт Базилиоға (Базиля) ғашық сұлу қыз Киттерийдің (Китри) болмай қалған үйлену тойы туралы әңгімелейтін, тек екі бөлімін ғана пайдаланған.

Спектакльде бейне және маңдай алды кескіндер, сонымен қатар қызық анимация пайдаланылғанын атап өтейік. Сахнаға әркез тірі жылқы мен есек шыққанда, көрермен шаттыққа бөленеді.

_DSC7727

Спектакль 18:00 басталадыбилет бағасы 500 теңгеден жоғары.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры