Ханымдар мырзаларды шақырады

Астанада алғаш рет ауқымды мәдени шара – Astana Opera Ball өтеді. Сұлулық пен сән-салтанатқа арналған кеш Елорда күні қарсаңында – 2017 жылғы 1 шілдеде «Астана Опера» театрының Мәрмәр залында өтеді. Бал өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік қабылдаумен қатар тұр, оған мәртебелі қонақтар, сонымен қатар музыка әлемінің жұлдыздары және медиа тұлғалар қатысады. Шара театр демеушілерімен қаржыландырылады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

1 июля Астана Опера Бал слайдер

Балды ең үздік 100 би жұбы ашады. Мерекені өткізу үшін, қатысушылар бірнеше кезеңнен өтуі тиіс.

Біріншісі – кастинг. Театр аккаунттарында жариялаған өтінімді қабылдау мерзімі 30 наурызда аяқталады, ал 2 сәуірде дебютанттарды іріктеу рәсімі өтеді. Балға қатысу үшін өз өмірін жарқын әсерлермен толтырғысы келетін және балдың ғажайып атмосферасын сезінгісі келетін некеде тұрмаған 18 бен 28 жасқа дейінгі жігіттер мен 18 бен 25 жасқа дейінгі қыздар өтінім білдіре алады.

Бал комитеті «Астана Опера» өнер ұжымдарының басшыларынан құралған, соның ішінде балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова бар.

Іріктеу кезінде қатысушылардың жасы ғана емес, сондай-ақ олардың бойы (жігіттер үшін – 175 см жоғары, қыздар 165 см жоғары), келбеті, музыкалық қабілеті, биге икемділігі, мәдени деңгейі ескеріледі.

Іріктелген 100 жұпқа 3 ай бойы белгілі хореографтар сабақ береді. Неге десеңіз, дайындығы жоқ жас адамға көпшіліктің алдына бірден шығу қиын, олардың толқуын жеңуге психологтар көмектеседі. Сонымен қатар, театр тарапынан қатысушы қыздарға салтанатты бал көйлегі мен диадема, жігіттерге – смокинг беріледі.

Кешке кез-келген тілек білдіруші келе алады: дебютанттарды іріктеу аяқталған соң, билеттер сатылымға түседі.

– Қазір кастинг жүріп жатыр. Жастар үлкен қызығушылық танытуда, дегенмен қатысуға өтінім беру жағынан қыздар жағы көш бастап тұр. Бұл классикалық өнермен танысуға, билеп үйренуге, жаңа қызықты достар табуға мүмкіндік береді. Мақсатымыз – Астанада өтетін балды, жыл сайын оған Елорда күні қарсаңында түрлі қала мен елден мыңдаған қонақ келетін маңызды оқиғалардың біріне айналдыру, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Өтінім формасын мына сілтемеге өтіп толтыруға болады:
http://astanaopera.kz/astana-opera-ball/

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры