Дамиано Микелетто: опера халықаралық бизнеске айналып кетті

«Астана Опера» сахнасындағы «Фальстаф» операсының тұсаукесері күшті әсер туғызды. Ұйымдастырушылар уәде еткендей, астаналық тұрғындар мен қонақтар ғажайып көңіл-күйге бөленді. Бұл операның мәнін түсініп, жетістігінің құпиясы не екенін білу үшін спектакльдің қоюшы режиссері Дамиано Микелеттомен кездестік.

Damiano Michieletto ph Brescia e Amisano  594439BADG

Сіз осындай жас шағыңызда Италиядағы ең көп талап етілетін режиссерлердің бірі бола алдыңыз. Ла Скаламен ынтымақтастығыңыз қалай басталды?

Дамиано Микелетто: 2013 жылдың маусым айында бұл театр үшін Дж. Вердидің «Бал-маскарад» операсын қойдым, сонымен қатар миландық театр үшін Дж. Россинидің «Жібек саты» спектаклін жасадым, ал қазір Ла Скала театрымен жасаған үшінші қойылымым – «Фальстаф» операсы орын алды.

«Фальстаф» – күлдіргі опера, ал бұл костюмдер мен декорациялардың күлкілі болуы тиіс дегенді білдіре ме?

Дамиано Микелетто: Мен үшін хикаяның күлкілі жағын ғана емес, соншалықты қайғылы бөлігін де зерттеу аса маңызды. Бұл жерде баяндаудың екі деңгейі бар: заманауи, тиісінше, осы бөлікте қазіргі заманғы костюмдерді қолданып, шынайы өмірде Дж. Вердидің өзі негізін салған «Casa Verdi» қарттар үйінің дәлме-дәлдігін көрсететін декорацияларды пайдаландық. Әңгімелеудің екінші деңгейі – Фальстафтың түстері, яғни тыңдаушыларды өткен ғасырға кері қайтардық. Осы бір бөлікте әртістердің киімі кішкене шаң басқан, жасанды шаштары опаланған. Осы бұйымдардың барлығы «Фальстафтың» бұрынғы қойылымынан алынған немесе ескі фотосуреттерден көрінгендей әсер қалдырады.

Ла Скала өз дәстүрлерін құрмет тұтады, бірақ бұған қоса ол – мұражай емес, тірі ғибадат ордасы іспеттес, соған орай іс-әрекетті 2017 жылға аудару туралы шешім қабылдадыңыз ба?

Дамиано Микелетто: Опера режиссурасын жасаған кезде, тарихтың осы бір көпшілік үшін жасалмағанын түсіну қажет деп есептеймін. Өз қиял-елесіңді қандай да бір шектеуге қоюға болмайды, түрлі мүмкіндіктерге ашық болу қажет. Тарихты әр көзқарастан қарастыру керек. Осы ретте классика жаңа әрі өзекті бола алады. Сюжетке басқа қырмен қараған кезде, оны барынша терең зерттей аламыз.

Егер режиссер үнемі өзгерістер енгізе берсе, әуел баста Верди көрсеткісі келген ой-түйінді ақыр соңында келер ұрпақ біле алмай қалады деп қорықпайсыз ба?

Дамиано Микелетто: Еуропада ұлы опералар аз-кем жасалған сәтте, опера түрлі интерпретацияларға ие бола бастады. Қазір де жазылуда, бірақ саны аз, Дж. Пуччиниден кейін опера тіптен аз жазыла бастады. Міне, содан, режиссерлік интерпретация дәстүрі пайда болды. Театрлардың өздері бұл сюжеттерге жаңа көзқарас беруді сұрайды, бірақ шын мәнісінде, опера оған мұқтаж емес. Интерпретация спектакльдің өмір сүріп, түсінікті болып қала беруіне мүмкіндік ашады, қазіргі таңда халықаралық бизнеске айналып кеткен операның сәтті жанр болуына жағдай тудырады. Оның шегі жоқ, тек бір ғана шектеу – өзінің мәнін жоғалтуға құқы жоқ. Көрермен не болып жатқанын түсінуі қажет, ал бәрі түсінікті болған кезде, сіздің қиялыңызда шек болмай, жаңа нұсқаларды ойластыруға болады, осы жағдайда жанр еш өлмейді. Қытайлық операның негізінде айтарым – ол мүлдем өзгермейді, демек, оның айтарлықтай болашағы жоқ.

Түрлі интерпретациядағы сол бір сюжет жалықтыруы мүмкін, бұл жағдайда не істеу керек?

Дамиано Микелетто: Ұлы классик болуы мүмкін жаңа композиторларды іздестіру қажет.

Фальстаф – шексіз терең партия, кейіпкердің үстінен бәрі күліп жатса да, оны күлкілі деп айту қиын. Сіздің ойыңызша, Верди бұл операға көрерменнің осы рөл арқылы түсінуі тиіс қандай өсиетін берді?

Дамиано Микелетто:  Дүниедегінің бәрі – әзіл-қалжың. Бұны әр деңгейде қабылдауға болады. Бір жағынан, бұл әлдебір жеңіл әрі көңілді, барлығына күлуге болады, ал басқа жағынан, тереңнен ойға кетуге болады… Демек, махаббат, қайға, өлім, Құдай үстінен күлуге болады? Және келекеге толы интерпретация болуы мүмкін, яғни біреудің азап-мұңына немесе әлемде болып жатқан қайғылы оқиғаға да күлуге бола ма? Өмірінің асқан шағында тұрған әрі құдайдың барына сенбеген Верди баяндауға ой салу үшін осындай түрткіні салады.

Не болғанына қарамастан, сізде таңдау бар – қайғылы жағдай орын алып жатса да, күле аласыз. Оған қалай қарайтыныңызға байланысты, таңдау жасау өз еркіңізде.

Вердидің 80 жасындағы жазған осы операсының музыкасы керемет. Режиссер, ең бірінші кезекте, музыкалық бөліктен шегініс жасауы қажет пе?

Дамиано Микелетто: Композитор, өмір бойы жазғандарымен салыстырғанда, тіпті өзгеше туынды жасап шыққан. Бұл жерде ария, ауқымды хор нөмірлері жоқ, опера мүлдем басқа. Жаңаны іздеу барысында ешқашан тоқтауға болмайды – мен үшін нағыз өмірлік дәріс осы болды. Верди тапсырманы шешудің жаңа жолдарын тапты, яғни, біз де әлдебір үлкенге, орасан зорға талпынуымыз қажет! Операны тыңдауға келіп, оған өздеріңіз көз жеткізіңіздер.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры