Ән мен романстың сиқырлы үні

Опера жұлдыздары – керемет сопрано Айгүл Ниязова мен танымал тенор Нұрлан Бекмұхамбетов тамаша концерттік бағдарлама ұсынбақ. «Айбынды ән, мұңлы романс» атты музыкалық кеш 26 қараша күні «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді.

_DSC2958a

«Астана Операның» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова мен Нұрлан Бекмұхамбетов опералық қана емес, сонымен қатар камералық музыканың танылған интерпретаторлары болып табылады. Вокалдық техниканы шеберлікпен игеруі, шығарманың ерекшеліктерін нәзік түсінуі, сезім тереңдігі мен олардың баяндауындағы бейненің айқындылығы игі көрерменмен жоғары бағаланды.

Осынау жанға жайлы, достық кешінде әртістер тыңдаушылар назарына М.Глинка, П.Чайковский, С.Рахманинов, С.Танеев және өзге де композиторлардың классикалық романстары ұсынылады. М.Глинканың «Я помню чудное мгновенье», «В крови горит огонь желанья», С.Рахманиновтың «Здесь хорошо», «Весенние воды» және т.б. атақты туындылар шырқалады. Сонымен бірге халық әндері де орындалатын болады. Олардың қатарында баршаның сүйікті «Метелица», «Ах, ты, душечка» және т.б. әндері бар.

– Концертіміздің бағдарламасына енген туындыларды аса бір тебіреніспен таңдадық. Көрермендерге танымал әуендермен қоса, сахнамызда сирек орындалатын шығармаларды әзірледік. Олардың кейбірі алғаш рет шырқалмақ. Осы керемет музыка Камералық залға келген әрбір жанның жүрегін тебірентері сөзсіз деген үміттеміз, – деп атап өтті солистер.

Сонымен қатар концертке талантты аспапшылар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова, Мейіржан Кеңесбаев (скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Мұқанов (виолончель) қатысады. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова. Музыканттар камералық-аспаптық туындыларды асқан шеберлікпен орындауы арқылы тыңдаушыларды бір қуантпақ. Бағдарламаға С.Рахманиновтың «Восточный танец», «Вокализ», П.Чайковскийдің «Размышление», А.Бородинның «Ноктюрн» және тағы басқа шығармалар енді.

«Романс сиқыры» топтамасындағы концерттің басталуы сағат 18.00-де.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры