Жаңалықтар

Ақын және әнші қыз

27 наурыз – Халықаралық театр күні «Астана Операда» Дж. Пуччинидің әйгілі «Богема» операсының танымал қойылымы өтеді. Ерлер арасындағы бас партия – Рудольфтің рөлін атақты тенор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Бекмұхамбетов, ал әнші Мюзеттаның рөлін театр солисті Галина Чеплакова алғаш рет орындайды. Рудольфтің сүйіктісі – тігінші Мимидің рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, суретші […]

18.03.2016
Барокко дәуірін сезін!

Астаналық көрерменді тәнті еткен «Барокко» залы тағы есігін айқара ашып, 15 наурызда тыңдарманға «Ерекше үндестік» атты жарқын бағдарлама ұсынады. Көктемнің осы бір тамаша кешінде көрерменді керемет дуэттер легі, музыкалық тосынсыйлар мен басқа да көптеген қызықтар күтеді. Дирижерлық тізгінде – Руслан Баймурзин.   Барокко музыкасы Қайта өрлеу дәуірінің соңында, классицизм музыкасының алдында пайда болды. Ол кезде жаңа стильдер дүмпіген еді. Көптеген […]

12.03.2016
Балет зергері

Каждая ее работа, словно бриллиант, грани которого точно выверены и отшлифованы. Народная артистка России,художественный руководитель «Астана Опера» Алтынай Асылмуратова создала новую программу Гала-балета, включающую номера, которые идут на мировых сценах. Столичная публика сможет оценить творение мастера 16 марта, Гала пройдет в Большом зале «Астана Опера».   – Новые балетные номера, как набор разных жемчужинок. Нанизывая их […]

11.03.2016
Майра Мұхамедқызы сүйікті халқына ән шырқап береді

Майра Мұхамедқызы Пекин, Гонконг, Париж, Стамбул, Дели, Сеул және әлемнің басқа да көптеген қалаларының әйгілі сахналарында ән шырқағанда, адам айтқысыз табысқа кенелді. 22 наурызда опера әншісі қазақстандықтар алдында өнер көрсетеді. Әншінің айтуынша, оның жүрегі мен жан-дүниесі сүйікті халқына тиесілі. «Шырқар әнім – Астана көктемі» атты ғажап концерт «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, П. Чайковский […]

10.03.2016
Ұлы қазақ даласының аңыздары

Көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» шығармасының тұсаукесері 13 наурызда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Классиктер мен замандастар» атты концертте отандық классиктер Е.Рахмадиевтің, Т.Қажығалиевтің симфониялық музыкалары және қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармалары орындалатын болады. Ғ.Мүсіреповтің либреттосына жазылған М.Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян […]

7.03.2016
Аруларға арналады

08 наурызда “Астана Опера” театрының Үлкен залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ғашықтық сезімін білдіру» атты романтикалық мерекелік концерті өтеді. Симфониялық оркестрдің шебер музыканттары, ерекше хор құрамы, балалар студиясының жас әртістері, опера және балет өнерінің үздік шеберлері аруларға деген махаббатсезімін елордалық сахнамыздан білдіреді.  Көрермендерді атақты тенор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Бекмұхамбетов, сонымен қатар театрымыздың опера жұлдыздары: Арменияның халық әртісі Барсег Туманян, Қазақстанның еңбек сіңірген […]

4.03.2016
Ең бастысы – жан дүниесі туралы

Дж. Россинидің күрделі шығармаларының бірі – «Салтанатты мессаның» тұсаукесері 19 наурыз күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. Концерт Қазақстандағы Италия мәдениетінің жылы аясында өткізіледі. Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Мануэль Пьераттелли (Италия) тенор партиясын орындау үшін шақырылған. Ол алдыңғы қатарлы итальяндық театрлардың үздік қойылымдарында бірнеше рет өнер көрсеткен. Әнші Даниэле Каллегарим, Фабио Луизи, Риккардо Фрицца сияқты дирижерлармен, сонымен […]

3.03.2016
Испания, Әйгерім Бекетаеваны қарсы ал!

«Астана Опера» театрының прима-балеринасы Әйгерім Бекетаева Борис Эйфманның Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет Театры труппасымен Испаниядағы гастрольдік сапар аясында өнер көрсетеді. Балерина 6 наурызда Вальядолидте, 15 наурызда Виторияда (Испания) билейді. Театрдың көркемдік жетекшісі атап өткендей, Әйгерім Бекетаева – шеберлігі мол, ерекше биші, өз ісінің нағыз маманы. Бастысы, ол аталған театр репертуарын орындауға әбден қабілетті және өзін […]

2.03.2016
Күншығыс елінің дәстүрлері «Астана Операда»

Әлемдік опера сахнасының жұлдызы Фабио Армилиато (Италия) елордалық театрда Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсынан басты ерлер партиясы – Пинкертон рөлін орындайды. Италиялық режиссер Лоренцо Амато (Италия) қойылымындағы спектакль тұсаукесері «Астана Опера» театрының Үлкен залында 2016 жылдың 15, 16 сәуірінде өтетінін естеріңізге саламыз. Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев. Фабио Армилиатоның музыкалық қабілеті, ерекше […]

1.03.2016
Әйелдерге деген махаббат туралы музыканың асқақ тілінде

«Астана Опера» Халықаралық әйелдер күні мерекесін тойлауды бастайды. Әсем жанды арулардың назарына әлемдік опера классикасының ең жарқын шығармалары және қазақ, орыс, неаполитан әндері мен романстары ұсынылады. Камералық зал сахнасында наурыздың 5-ші жұлдызы танымал «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Be my love» концерті өтеді. Концерт бағдарламасында – махаббат сезіміне арналған ең үздік шығармалар: М. Понсенің «Эстрелита» […]

29.02.2016
Рахмет, Қазақстан!

«Астана Опера» Алғыс айту күнін атап өтеді. Театрдың шығармашылық ұжымы дайындаған жарқын да әсерлі мерекелік концерт 1-ші наурызда Камералық залда өтеді. Алғыс айту күнін қазақстандықтар көктемнің алғашқы күнінде атайын деп отырғаны бекер емес. Осы күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен елімізде тұратын барлық этностардың ынтымақтастығы, бірлігі мен достығы институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған […]

26.02.2016
Нұрлан Бекмұхамбетов – Абайдың шәкірті

Елордалық театрдың ең үздік қойылымдарының бірі – А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы 6 наурызда Үлкен зал сахнасында өтеді. Абайдың шәкірті – Айдардың партиясын орындауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі, «Жаңа опера» театрының солисті Нұрлан Бекмұхамбетов шақырылды. Абай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев, Ажар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріСалтанат Ахметова, Жиренше – Қазыбек Досмұхамбетов. Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері АланБөрібаев. Нұрлан Бекмұхамбетов Қазақстан, Ресей, Эстония, Мексика, Алмания, Австрия, Колумбия, Румыния және Италия сияқты көптеген елдерде гастрольдік сапарда болды. Тенор […]

25.02.2016
Неміс музыкасы

Уақытпен сыналған музыканы, сөзсіз, сапалы деп атауға болады. Неміс композиторлары И. Бах пен М. Брух шығармаларының тыңдарманға ләззат, рухани тазару және үндестік сыйлағанына міне, екі жүз жылдан асты. 3 наурызда «Астана Опера» Камералық залында көрермен күлімдеп жеткен көктемнің саздарын «Бах & Брух» атты концертте тамашалай алады. Кештің арнай қонағы – КСРО халық әртісі, профессор Юрий Башметтің […]

24.02.2016
Вокалды-аспаптық микс

Атақты аспапшылар – виолончельші Ермек Кұрманаев, дарынды пианиношы Арман Тілеубергенов және белгілі тенор, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Мейір Бәйнешов 25 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залының сахнасында өнер көрсетеді. Көпшіліктің назарына классикалық әлемдік музыкалық жауһарлардың ерекше үйлесіміндегі танымал қазақ және неаполитандық әндер ұсынылады. Кешті халықаралық байқаулардың лауреаттары, ерекше дарынды әрі музыканы терең ұғынатын өнерпаздар Ермек Құрманаев және Арман Тілеубергенов ашады. Орындаушылар […]

22.02.2016
Жаңа көзқарас

24 ақпанда «Астана Опера» театрында екі дебют өтеді. Елордалық театрдың Үлкен залының сахнасында атақты композитор М. Төлебаевтің қазақ операсының жауһары – «Біржан-Сара» спектаклі ұсынылады. Басты рөлдерде Сара – Роза Нұркей, Аналық – Татьяна Вицинская өнер көрсетеді. Біржан партиясын белгілі қазақстандық тенор, халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнешов, Жанбота – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев, Алтынай – Айзада […]

19.02.2016
«Дала аңызы» күллі Петербургке жайылды

Петербург тыңдарманы 15 ақпанда Мариинский театрының Концерт залында «Астана Опера» МОБТ оркестрі ұсынған симфониялық музыка концертін бір деммен тыңдап шықты. Бағдарлама соңында 1000-нан астам көрермен қазақстандық әртістерді үлкен қошаметпен шығарып салды. Заманауи сәулет өнерінің жетістіктеріне сәйкес салынған жоғары деңгейдегі театр-концерт кешені өз сахнасында 87 адамнан құрылған «Астана Опера» симфониялық оркестрін қабылдады. Оркестрді айнала салынған орындар […]

18.02.2016
Өте қуаныштымын, мен патша боламын!

Аризона (АҚШ) штаты университеті магистратурасының «Опера әншісі» мамандығы бойынша түлегі, «Метрополитен-опера» (2006, АҚШ) байқауы Аймақтық кезеңінің финалисті Евгений Чайников 21 ақпанда «Астан Операның» Үлкен залы сахнасында тұңғыш рет Дж.Вердидің «Аида» операсындағы Эфиопия патшасы Амонасроның партиясын орындайды. Бұл кеште солист сахнамызға танымал әншілер, басты партияны – жақында ғана Краснояр опера және балет театры сахнасында осы рольді […]

17.02.2016
Қазақстандық композиторлар мектебінің алыптары  «Астана Опера» театрында

18 ақпанда «Астана Операның» Камералық залында заманауи қазақстандық композиторлар шығармаларының ең үздік үлгілері ұсынылады. Белгілі отандық авторлар қатысатын «Дархан дала» концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Композиторлар-замандастар» жаңа циклін ашады. Қазақстан композиторларының музыкасы тек біздің республика аймағында ғана емес, Италия, Ұлыбритания, Франция, Ресей және т.б. шет елдерде орындалып жүр. Кеш бағдарламасына тыңдармандарымыздың сүйікті әндері: М.Төлебаев, […]

15.02.2016
Ұлы Дала елінің әуендері CD дискіде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне «Астана Опера» театры XX ғасырдағы қазақстандық композиторлардың симфониялық музыкасының антологиясын шығарады. Жобаны театрдың шығармашылық ұжымы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» бас дирижері Алан Бөрібаев жетекшілік ететін Симфониялық оркестрі жүзеге асырады. Қазақстанның бай музыкалық мәдениеті керемет шығармалардың асыл қазынасын жинақтады. Симфониялық музыканың антологиясына XX ғасырдағы қазақстандық композиторлардың аса көрнекті туындылары […]

10.02.2016
Теңдесі жоқ жұп

Арфамен концерт беруде теңдесі жоқ Айдана Қарашева мен мультиаспапшы Юрий Таштамиров 16 ақпанда Камералық залдың сахнасында «Ерекше дуэт» атты концертте өнер көрсетеді. П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында И.П. Пашинская мен А.З. Бондурянский сияқты профессорлардың класынан білім алған дарынды жас орындаушылар 2013 жылы A-DUO (итальянша – «екеуара ойнау») ансамблін құрған. Бүгінде Айдана Қарашева – өзіндік […]

8.02.2016
Орфейге арнау

«Астана Опера» МОБТ астаналық жанкүйерлерінің назарына аспапты және вокалды ескі музыка ұсынылады. 10 ақпанда театрдың Камералық залында «Bel Canto музыкалық салоны» танымал абонементінің аясында «Орфейдің оралуы» атты концерті өтеді.  Кеш бағдарламасына Г.Ф. Гендельдің скрипка мен фортепианоға арналған №2 сонатасы, И.С. Бахтың «Чаконасы» мен «Ариозосы», Л. Боккеринидің виолончельге арналған сонатасы, П. Локателлидің сонатасы, Б. Марчеллоның флейта […]

4.02.2016
Мәдина Баспаева – аққулар патшайымы

Одетта-Одиллияның партиясы балерина үшін шеберліктің биік шыңы болып саналады. 6 ақпанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева жаңа белесті еңсергелі тұр. «Астана Опера» жетекші солистінің дебюті П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінде Үлкен залдың сахнасында өтеді. Қоюшы балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев, Ғалия Бөрібаева. Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов. […]

3.02.2016
Жойқын тұсаукесер: «Париж құдай анасының соборы»

Аса көрнекті француз балетмейстері Ролан Петидің қойылымындағы XX ғасырдың әлемдік хореографиясының жауһары – М. Жаррдың «Париж Құдай Анасының соборы» «Астана Опера» театрының заманауи спектакльдерінің қатарын толықтырады. Тұсаукесер 2016 жылғы 24, 25 маусымда өтеді. Аты әлемге әйгілі биші және хореограф Р. Петидің атақты балеті 1965 жылы Париж ұлттық операсы директорының тапсырысымен шығарылған. Либреттоға классикалық француз әдебиетінің […]

2.02.2016
Бойға сіңген музыка

Асқан шебер пианиношы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Ызмайылов және дарынды пианиношы Карина Ызмайылова 13 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Фортепианоға арналған музыка кеші» атты концерт береді. Көптеген орасан зор концерттерді қоржынына жинаған профессор Нұрлан Ызмайылов, еліміздегі ең танымал әрі сұранысқа ие аспапшылардың бірі болып табылатын пианиношы. Музыкант кеште жалғыз өнер көрсетпейді: аты аңызға […]

1.02.2016
Жетістіктің ізімен

Жақында ғана итальяндық Карло Феличе театрының сахнасына жарқырап шығып, шетелдік көрерменнің жүрегін жаулаған «Астана Опера» театрының опера орындаушыларының жұлдызды құрамы енді астаналық театрдың Үлкен залында қазақстандық тыңдарман алдында Дж. Пуччинидің «Богема» операсында өнер көрсетеді. Қойылым 3 ақпанда өтеді. Дирижерлік тізгінде – Джузеппе Акуавива (Италия). Басты партияларды орындайтындар: Рудольф – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев, Мими –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова, Мюзетта – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері СалтанатАхметова, Марсель – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Талғат Мұсабаев, Шонар – Евгений Чайников, Коллен –Артур Қайыпқұлов. […]

27.01.2016
«Астана Опера» театрының алтын гобойы

Оны «Қазақстанның алтын гобойы» атайды, оған Еуропа мен Азия залдарының тыңдармандары зор қошемет көрсеткен. «Астана Опера» симфониялық оркестрінің гобойлар тобының концертмейстері Дәмелі Махпірова «Барокко» музыкалық қонақжайы циклының аясында «Гобой әуендері» концертінде өнер көрсетеді. Кеш 9 ақпанда театрдың Камералық залында өтеді. Сонымен қатар концертке Дәмелі Махпірованың шәкірттері, симфониялық оркестр музыканттары – Рахматәли Бекбабаев (гобой), Алмат Жайлаубаев […]

26.01.2016
Бір рет естіген абзал

«Астана Опера» театрының тамаша оркестрі 2 ақпанда Үлкен зал сахнасында көпке танымал «Симфоника» циклынан Симфониялық музыкадан концерт береді. Солист – Мәскеуден келген дарынды пианиношы, «Astana Piano Passion-2015» III халықаралық конкурсының лауреаты Виктор Маслов. Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Тыңдаушыларға симфониялық және аспапты музыканың жауһарлары: Д. Шостаковичтің №5 d-moll симфониясы, 47 шығармасы (1937) […]

25.01.2016
Тағы жолға жиналдық!

«Астана Опера» симфониялық оркестрі Мариинский театрына бет алды. Гастрольдер 15 ақпанда Концерт залында өтеді. Дирижерлік тізгінде – заманымыздың ұлы маэстросы Валерий Гергиев. Қазақстанның астаналық оркестрі Петербургтің музыка сүйер қауымына мазмұнды бағдарлама дайындауда. Музыканттар 50 абонементтің Үшінші концерті аясында өнер көрсетеді. Қос театр – «Астана Опера» мен Мариинский басшылары екі жақты мәдени қарым-қатынасты одан ары дамытуға құлықты екендерін жеткізді. Бұл «Астана […]

22.01.2016
260 – музыка үшін көп жас емес

«Астана Опера» австриялық ұлы композитор В.А. Моцарттың 260 жылдығын тойламақшы. «Симфоника» циклынан берілетін концерт 28 қаңтарда Камералық залда өтеді. Данышпан Вольфганг Амадей Моцарттың ұлы жауһарларын бұл кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басшылық ететін «Астана Опера» Симфониялық оркестрі орындайды, концерттің бірінші бөлімінде өнер көрсететін солист – халықаралық конкурстардың лауреаты Жібек Сапарғалиева (флейта). Екінші бөлімде тыңдарманды қуантатын театр жұлдыздары […]

21.01.2016
Мәскеулік қонақпен өтетін Татьяна күні

Үлкен театр солисті, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Черных (баритон, Мәскеу) «Астана Опера» театры Камералық залының сахнасында, 25 қаңтар – Татьяна күнінде өтетін «Ойпырай, сол Татьяна ма екен…» атты концертте ән шырқайды. Тыңдаушыларға танымал әндер, романстар, квартеттер, ариялар, сонымен қатар тамаша Татьяна есімді басты кейіпкері бар П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан үзінділер ұсынылады. Татьянаның ролін Қазақстанның еңбек сіңірген […]

20.01.2016
Театр каминінде кеш қызады

Тыңдарманның сүйіктісіне айналған «Музыкалық сәрсенбі» циклы жаңа жылда «Камин жанындағы кеш» атты поэзиялық концертпен жалғасады. Ескі әндер мен романстар, сонымен қатар аспаптық шығармалар 20 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залында орындалады. Шынайы, қарапайым және жүректі елжірететін ескі романстар бүгінде де жүрекке жақын, себебі олардың әсем әуендері әрбір адамға түсінікті. Кеш бағдарламасында П. Баториннің «Камин алдында», Н. Зубовтың […]

19.01.2016
Монтсеррат Кабальенің шәкірті «Тоскада» шырқайды

Итальяндық тенор Франческо Пио Галассо 21 қаңтарда Дж. Пуччинидің «Тоска» операсында Каварадоссипартиясын орындайды. Бас партияны Маргарита Дворецкая шырқайды. Зұлым Скарпианы Евгений Чайников паш етеді. Дирижерлік тізгінде – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Франческо Пио Галассоны аса таныстырудың қажеті жоқ, неге десеңіз әнші опера әлемінде жоғары сұранысқа ие, ол Джузеппе Джакомини, Грейс Бамбри, Кьяра Тайджи, Гийом Турньер, Роберто Бениньи, Маури Де Кастро, Марио Гас, Альберто Купидо, Бруна Бальони, Инес Салазар, Карлос Альварес, Франко Фарина, […]

18.01.2016
Қаңтардағы барокко музыкасы

«Барокко» музыкалық қонақжайы – бұл тыңдарманға 2016 жылға ұсынылған жаңа концерттер циклы. «Астана Опера» шығармашылық ұжымы 19 қаңтарда театрдың Мәрмәр залында өтетін «Ұлы дәуірдің ұлы есімдері» атты осы циклдың бірінші концертін дайындады.   Барокко музыкасы Ренессанс дәуірінің соңында пайда болғанын және классицизм дәуірінің музыкасының негізін қалағанын естеріңізге сала кетейік. «Барокко» сөзі португалия тілінен еніп, «әдеттен […]

16.01.2016
Дебют… және тағы дебют

Жетекші солисттер Бақтияр Адамжан мен Жандос Әубәкіров Л. Минкустың «Баядерка» балетінде Солор партиясын алғаш рет орындайды. Қаңтардың 16 және 17 жұлдызында астаналық театрдың Үлкен залында «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы спектакль тұсаукесерінің үшінші және төртінші күндері өтеді. Бақтияр Адамжан жасы мен талғамына қарамастан, әр көрермен бұл керемет балеттен […]

15.01.2016
Жануарлар зардап шеккен жоқ, «Аққу» да тірі

Белгілі композитор Шарль-Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы», сондай-ақ «Зоологиялық қиял-ғажайып» деп те аталатын туындысы астаналық театрдың балаларға арналған жаңа шығармашылық жобасы болып табылады. Руслан Баймурзин басқаратын «Астан Опера» Камералық оркестрі сюитаны 17 қаңтарда орындайды. Сен-Санстың музыкасы өнерге қатысы жоқ адамдар арасында да танымал. Алғаш рет сюита 1886 жылғы 9 наурызда орындалған. Бұл шығарманы тек әзіл ретінде қабылдаған […]

14.01.2016
«Астана Опера» ұсынатын «Мадам Баттерфляй»

Әйгілі итальяндық режиссер Лоренцо Амато опера классикасының ең танымал туындыларының бірі – Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» спектаклін қоюға бел буды. Тұсаукесер «Астан Опера» театрының Үлкен залында 15, 16 және 17 сәуірде өтеді. Қойылымның музыкалық жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты маэстро Алан Бөрібаев, қоюшы суретші – заманымыздың көрнекті сценографы Эцио Фриджерио (Италия), костюм суретшісі – «Оскар» сыйлығының иегері Франка […]

13.01.2016
Тамаша қойылған қазақша «Богема»

Италия қазақстандық әншілерді зор ықыласпен, гүл шоқтарымен және опера сыншыларының оң пікірімен қуана қарсы алды. Төрт күн бойы – 27, 29 желтоқсанда және 2, 3 қаңтарда – “Астана Опера” солисттері итальяндық Карло Феличе театрының сахнасында Дж. Пуччинидің “Богема”операсын орындады.  – Бұл режиссер, дирижер, солисттер, оркестр музыканттары мен хордан құралатын шетелдік құраммен Еуропа театры сахнасында еңбек […]

11.01.2016
Әлфия Кәрімова Италияда Дон Жуанның басын айналдырады

«Астана Операның» жетекші солисті Әлфия Кәрімова Италияда В.А. Моцарттың «Дон Жуан» операсының тұсаукесерінде ойнайды. Жарқыраған колоратуралық сопрано иесі 31 қаңтар, 2, 6 ақпан күндері «Карло Феличе» театры сахнасында Донна Анна партиясын алғаш орындайды. Қазіргі уақытта әнші Италияда өзінің жұмысына кірісті. Театрдың жетекші солисті бұл рольге үлкен жауапкершілікпен қарайды, себебі оны алғаш рет орындайды және ол – […]

9.01.2016
Таңғажайып Рождество

Қысқы мерекелер – демалыс пен күнделікті тұрмыс тіршілігіне алаңдамайтын уақыт. «Астана Опера» театры қаңтар күндерін өзінің жарқын да шынайы әсерлерімен толық қуанта алады: 7 қаңтарда Камералық залдың сахнасында «Рождествоның жұлдызды музыкасы» атты концертіне өзінің көрерменін шақырады. – Қалыптасқан дәстүр бойынша православтық Рождествода біз концерт береміз. Біз «Астана Опера» Камералық оркестрінің саусағынан бал тамған музыканттарының тамаша […]

31.12.2015
Өзіңнің жыл мезгіліңді таңда

Жаңа жылдық демалыстар қарсаңында «Астана Опера» биік өнерді сүйер қауымды алуан түрлі бағдарламамен қуантады. Осылайша, 10 қаңтарда театрдың Үлкен залында «Жылдың сегіз мезгілі» атты тамаша концерт өтеді. Онда Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» циклы мен Астор Пьяцолланың «Буэнос-Айрестағы жыл мезгілдері» атты төрт танго көрінісі орындалады. «Астан Опера» Камералық оркестрі ҚР еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновтің […]

30.12.2015
Ханшайымда қонаққа

Жаңа Жылмен бірге театрға жаңа ертегілік спектакльдер келеді. Дәстүр бойынша мерекелік репертуар П. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балетімен көркейеді (29, 30 желтоқсан, 3 және 5 қаңтар). Сонымен қатар жас көрерменді 4, 6, 8 қаңтарда болатын «Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған бірегей музыкалық спектаклінің тұсаукесері қуантады.   Режиссер Наталья Кагадий жетекшілік ететін «Астана Опера» театрының Балалар студиясы […]

29.12.2015
Италиядағы «богемалық» қазақстандықтардың хикаясы

«Астана Опера» театры солисттерінің көне итальяндық «Карло Феличе» театры сахнасында әйгілі режиссер Этторе Сколаның қойылымындағы Дж. Пуччинидің «Богема» операсында қалай өнер көрсеткенін онлайн тамашалауға болады. Отандық опера өнерінің тарихында алғаш рет қазақстандық вокалисттердің қатысуымен Италияда өтетін “Богема” спектаклі көрерменге 27, 29 желтоқсанда; 2 және 3 қаңтарда ұсынылады. Онлайн-көрсетілім 30 желтоқсанда сағат 01:10 (Астана уақыты) «Карло […]

26.12.2015
«Баядеркамен» таныс болыңыз!

Оқиға желісі ыстық Үндістанда өрбитін балет суық күнде көрерменді шығыстың бай да, әсемдігі көркем әлемімен жылыту үшін ба, әлде кездейсоқ па, әйтеуір қыста қойылатын үрдіс қалыптасқан. Осылайша өтіп бара жатқан жылдың 25 және 26 желтоқсанында елордалық «Астана Опера» театрында жаңа спектакльдің тұсауы кесіледі.  Бишілер құрамы анықталған, 25 желтоқсанда Никия партиясын Әйгерім Бекетаева орындаса, Солор – […]

24.12.2015
Музыкалық Рождество

Рождество мейрамы жақын қалды. Егер сіз ол күнге жоспар құрсаңыз, «Астана опера» театрының афишасына көңіл аударып, Рождествоны музыкамен қарсы алуды ұсынамыз. 24 желтоқсанда Мәрмәр залы тыңдаушыларға Г.Ф. Гендельдің «Мессия» ораториясын паш етеді, ал 25 және 27 желтоқсанда көрерменді «Bel Canto музыкалық салоны» абонементі аясында өтетін «Рождество әуендері» атты ғажап концерт күтеді. Тарихи тұрғыдан Қазақстан әрқашан […]

22.12.2015
Майра Мұхамедқызы – «Астана Опера» театрының мақтанышы

Belcanto патшайымы – Қазақстанды бүкіл опера әлеміне танытқан Майра Мұхамедқызы «Астана Операға» жетекші солист ретінде шақырылды. Әйгілі сопраноның дебюті, театрдың үшінші маусымын ашқан А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсының тұсаукесерінде Ажардың партиясымен болған еді. Бүгінгі таңда қазақстандық опера әншілерінің ішінде «Гранд Опера» солисті атанған (2003-2005) ең бірінші және бүгінде жалғыз орындаушы болып табылатын Майра Мұхамедқызы […]

21.12.2015
Құттықтаймыз!

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Астана Опера» қызметкерлерін көп жылғы жемісті еңбектері мен театр өнерін дамытуға қосқан үлестері үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады: БӨРІБАЕВА Ғалия Ысмайылқызы, балет труппасының педагог-репетиторы; ЖҰМАҒҰЛОВА Гүлзейнеп, костюмдер тігу бойынша шебер; ЫСҚАҚОВА Раушан Секенқызы, костюмдер цехының меңгерушісі; ТҰРЛЫБАЕВА Ғалия Құрбанғалиқызы, театр костюмдері бойынша технолог; ТҰРСЫМБАЕВ Жоламан Қайменұлы, музыкатанушы; ҚҰСАЙЫНОВА Априза Құсайынқызы, мұражай меңгерушісі. Марапаттауға […]

15.12.2015
Қайталанбас Дина Хамзина

Меццо-сопрано Дина Хамзина – табысты қазақстандық опера әншісі, оның сұранысқа ие екенін тығыз жұмыс кестесінен-ақ байқауға болады, солардың бірі «Сырға толы түнгі үнсіздік…» атты романтикаға толы жеке концерті жақын күндері өтеді. Асқақ классиканы сүйер қауымды, сондай-ақ әншінің өнеріне бас иетін жандарды 19 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Камералық залына шақырамыз. Әртіс көптеген елдерде гастрольде болып, әлемнің әйгілі сахналарында […]

10.12.2015
Оның «Баядеркасы»

Бұл әйел туралы сағат бойы әңгімелеуге болады: оның таланты, мақсаткерлігі мен мықты мінезі балеттің ғажап әлеміне келген әрбір адамның арманы. Ресейдің халық әртісі, Мариинский театрының прима балеринасы, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова 25 және 26 желтоқсанда өзінің өңдеуінде қойылатын «Баядерканың» тұсаукесері қарсаңында бізге сұхбат берген еді. Есеп беретін кез – Сізге балеттік отбасыңыз […]

9.12.2015
Барлық жағынан тәуелсіз ел

«Астана Опера» театры «Тәуелсіз Қазақстан – өнеріміз өзіңе арналады!» атты концертімен Тәуелсіздік күнін атап өтеді. 16 желтоқсанда театрдың Мәрмәр залында опералық сахна жұлдыздары және «Астана Опера» театрының хоры мен симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Концертке маэстро Абзал Мұхитдинов дирижерлік етеді. Кеш бағдарламасында қазақ және әлемдік музыка классикасының танымал шығармалары: Құрманғазының күйі «Балбырауын», Брусиловскийдің аттас операсынан Қыз […]

5.12.2015
Гаремдегі Зарема

Әнел Рүстемова «Астана Опера» театрының Үлкен залында классикалық балеттің ең жарқын кейіпкерлерінің бірі – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаеваның қойылымындағы Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» хореографиялық драмасында өктемшіл хан Герейдің сүйікті әйелі – Зареманың бейнесін ұсынады. Жетекші солисттің дебюті 5 желтоқсанда болады. Балерина кейіпкердің ұшқыр сезімділігі, мақсаткерлігі және көсбасшылық қасиеттері жанына жақын […]

4.12.2015
«Астана Опера» театрында жаңа Сара

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсында Сараның партиясын алғаш рет орындайды. Сопраноның өнерін 9 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында бағалай аласыздар. Әншінің дарындылығы мен керемет вокалдық жетістіктерін әртүрлі халықаралық байқаулардың әділ қазы мүшелері неше мәрте атап өткен. Бибігүл Жанұзақ 2010 жылы итальяндық Йези қаласында, сонымен қатар Болонья қаласындағы Associazione […]

3.12.2015
Құттықтаймыз!

Рүстем Яхин атындағы камералық әншілер мен концертмейстрлердің  IV  халықаралық байқауында жүлделі  II орын алған  “Астана Опера” театрының жетекші  солисі Мейір Байнешовті, сонымен қатар татар халық әнін жоғары деңгейде орындап шыққаны  үшін диплом алған “Астана Опера” театрының концертмейстрі Гаухар Тасбергенованы шын жүректен құттықтаймыз!  Танымал халықаралық байқау Татарстанның астанасы Қазан қаласында өткізіледі. Рүстем Яхин атындағы камералық әншілер мен концертмейстрлердің  төртінші […]

2.12.2015
Айрықша бағдарлама: ең үздік қазақ романстары

«Bel Сanto музыкалық салоны» өз тыңдарманын жаңа бағдарламамен қуантуын жалғастырып келеді, 4 желтоқсанда көрерменді қазақ классикалық романстарына арналған кеш күтуде. Концертте қазақстандық композиторлардың құнды шығармалары – С. Мұхамеджановтың «Өзгеге көңілім тоярсың», Қ. Мусиннің «Алма бағында», Е. Брусиловскийдің «Қос қарлығаш», Е. Рахмадиевтің «Таң самалы», Н. Тілендиевтің «Кел еркем, Алатауыңа», Л. Хамидидің «Қуанамын», Ғ. Жұбанованың «Ақша бұлт» және т.б. […]

2.12.2015
Қазіргі заманғы хореографияға қарай бір қадам

«Астана Опера» театрының солисттері аты аңызға айналған француздық хореограф Ролан Петидің ассистенті әйгілі балетмейстер Луиджи Бониноның шеберлік сабағынан өтті. XX ғасырдың әйгілі бишісі және хореграфы Ролан Пети – жүз елуден астам балет қойылымдары мен нөмірлерінің авторы. Ол ең үздік әлемдік сахналарда қойылымдарды жүзеге асырған. Олардың барлығы балет тілінің стилистикалық және техникалық алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Осындай […]

30.11.2015
Тұңғыш Президент Күнінде сүйікті әндер шырқалады

1 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Камералық залында жарқыраған музыкалық туындылар орындалады, олардың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті әндері де бар. «Елім деп соққан жүрегі» атты мерекелік концерт Тұңғыш Президент Күніне арналады. 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланғанын еске сала кетейік. Мереке Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор еңбегін […]

27.11.2015
Алан Бөрібаев Бетховеннің № 9 симфониясына дирижерлік етеді

Көрнекті симфониялық шығарма – Людвиг ван Бетховеннің Тоғызыншы симфониясы астаналық театрдың Үлкен сахнасында 29 қарашада орындалады. Дирижерлік тізгінде – концертті ұсынған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев. Л. Бетховеннің барлық аспапты туындыларының ішіндегі ең жойқыны, оның бүкіл шығармашылығының негізгі тақырыбына айналған батырлық күресті паш етеді. Шиллердің «Қуаныш» атты мадақ өлеңіне жазылған симфониядағы хордың финалы […]

26.11.2015
Классика және петерборлық рок-н-ролл

Белгілі альтшы Алексей Людевиг (Санкт-Петербор) 25 қарашада елордалық театрдың Камералық залында өтетін «Бароккодан рокқа дейін» атты концертте өнер көрсетеді. Сирек кездесетін электрлік альт музыкалық аспабында Queen, Bill Haley & His Comets рок топтарының танымал шығармалары орындалады; музыкант классикалық туындыларды 1661 жылы Антонио Мариани жасаған альтте ойнайды.  Гастрольдік өнер көрсетушімен бірге сахнаға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің […]

23.11.2015
Дебюттер мезгілі

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев пен ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсында алғаш рет өнер көрсетеді. Қазақстанның музыка өнерінің асқан жетістігі көрерменге 27 қарашада және 2 желтоқсанда ұсынылады. Жапония, Германия, Франция, Солтүстік Корея, Италия елдерінде өнер көрсеткен белгілі қазақстандық баритон Жанат Шыбықпаев басты рөлді орындайды. Оның сахнадағы әріптесі Жаннат […]

20.11.2015
Әлеуметтік желілерде «Ромео мен Джульеттаны» қалай бағалады

21 қарашада «Астана Опера» театрының Үлкен залында үшінші театр маусымының алғашқы «Ромео мен Джульетта» балеті өтеді. Танымал француз хореографы Шарль Жюдтың қойылымындағы Сергей Прокофьевтің ұлы туындысы театр репертуарындағы ең айтулы қойылымдардың біріне айналды. Балет қаһармандарының музыкалық бейнелері айрықша мәнерлігімен ерекшеленеді. Композитор сұлу Джульеттаның ішкі әлемін, оның қамсыз, аңғал қыз кезінен бастап батыл әрі өз сүйіктісі […]

19.11.2015
Мәдина Баспаева: «Сахнаға шыққанда Григоровичтің ескертулерін есіме аламын»

Қайтымсыз зұлымдық пен өшпес ерлік туралы баяндайтын «Спартак» атты алып балеті 18 қарашада «Астана Опера» театры Үлкен залының сахнасында өтеді. Басты партияларды Бақтияр Адамжан және оның ғашығы Фригияны ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева орындайды. – Өзінің рухына қарай бұл жауынгерлік балетте асқақ сезімдер де орын алған. Менің қаһарманым, Спартактың адал махаббаты Фригия қойылымда әйел […]

17.11.2015
Джузеппе Акуавива шақырады

Қазақстандық опера театры тарихында тұңғыш рет концертмейстер Италияда тәжірибеден өтеді. «Астана Опера» театрының пианиношы-сүйемелдеушісі Долорес Үмбетәлиева 18 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін Генуядағы (Италия) Карло Феличе театрында «Богема» спектаклін дайындайды. Долорес Үмбетәлиева рояльде итальяндық және қазақстандық құраммен бірге барлық қойылымдық жұмыстарды жүргізеді. – Қойылымның ішінде жүріп, спектакльдің қалай дайындалатынын көру және сол операның отанында қойылымның дайындық жұмыстарына […]

13.11.2015
Ең жоғары деңгейдегі гала-балет

«Астана Опера» театрында, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың атымен көпшілікке танымал болған балеттік «гала» өтетін күн жақын қалды. Балеттік труппаның көркемдік жетекшісі 13 қарашада астаналық көрерменнің назарына классикалық және қазіргі заманғы нөмірлерден тұратын жаңа бағдарлама ұсынады. – Репертуарымызды классикалық па-де-деден және па-де-систен басқа қазіргі заманғы дүниелермен толықтырғымыз келеді. Бұл қашанда тәуекелді қадам, дегенмен бұл өзін-өзі […]

11.11.2015
Медет Шотабаевтың жеке концерті

Оны қазақстандық Паваротти деп атайды, оның өнеріне табынушы мыңдаған итальяндықтар мен бразилиялықтар танымал тенордың қатысуымен өтетін қойылымдарға билет алу үшін кезекке тұрады. «Астана Опера» театрының жетекші солисті Медет Шотабаев 14 қарашада астаналық театрдың Камералық залында алғаш рет өзінің жеке концертін береді. Көпшіліктің назарын өзіне аударатын вокалдық шеберлігін Медет Шотабаев Рената Тибальди мен Марио дель Монако атындағы академияда (Пезаро, Италия) шыңдаған. Оның […]

9.11.2015
Ханзада болып туылмайды, ханзада болып қалыптасады

«Астана Опера» театрының сұңғақ бойлы, сымбатты әрі жас балет солисті Еркін Рахматоллаев П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінде ханзада Дезиренің партиясын тұңғыш орындайды. Балет өнерінің нағыз жауһар туындысын көпшілік қауым 11 қараша күні әлемдік хореография шебері Юрий Григоровичтің редакциясында тамашалай алады. Бұл Еркін Рахматоллаевтың репертуарындағы алғашқы ақсүйек кейіпкер емес. Ол «Аққу көлінен» Зигфрид, «Бақшасарай бұрқағы» балетінен Вацлавтың […]

7.11.2015
«Жібек жолы» фестивалінің жабылу салтанатында  Италиядан келген қонақтар өнер көрсетеді

ІІ халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің жабылу салтанатына арналған ғаламат Гала концертте Италиядан келген қонақтар – атақты сырнайшы Нелло Сальца және дирижер Массимо Скапин өнер көрсетеді. 8 қарашада «Астана Опера» театрының Үлкен залында музыкалық кеш өтеді, оған театрдың опера және балет жұлдыздары, тамаша хоры мен керемет симфониялық оркестрі қатысады. Шетелдерде білім мен тәжірибе жинақтауда “Астана Опера” […]

6.11.2015
Төлеубек Әлпиев: «Театр үшін бірінші кезекте – жоғары сапа»

«Астана Опера» театрының суретші бутафорлары шетелге оқуға барады. Тәжірибе жинау үшін елордалық театрдың шығармашылық мамандары Санкт-Петерборға (Ресей) аттанады. «Астана Опера» шетелге оқуға тек жетекші солисттерді ғана емес, сонымен қатар стажерлар мен өндіріс цехының мамандарын іссапармен жібереді. Суретші бутафорлар Райхан Қоқиланова мен Дәурен Омаров ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің әкімшілік етуімен, Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде біліктілікті […]

4.11.2015
Күн шығыс елінің әуені

Жапондық қонақтар – жарқыраған сопрано Акико Хаякава мен көрнекті маэстро Коичи Иноуэ елордалық театрдың сахнасында өнер көрсетеді. «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрі және қазақстандық опера жұлдыздары – Сүндет Байғожин мен Мейір Бәйнешов қатысатын концерт 5 қарашада, «Жібек жолы» фестивалінің аясында Мәрмәр залда өтеді. Мазмұнды да, қызықты бағдарламада – аса көрнекті жапондық композиторлар Коичи Кишидің, Тору Такэмицудің, Дан Икуманың вокалдық және аспапты шығармалары. Тыңдарман назарына сонымен қатар батыс еуропалық классиктердің жауһарлары – Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» һәм «Тоска», Дж. Вердидің «Сарай […]

2.11.2015
Джулио Боскетти мен Нәжмиддин Мавлянов «Жібек жолында»

«Астана Опера» театры екінші «Жібек жолы» халықаралық фестивалі аясында атақты қонақтарды қарсы алуын жалғастырады. Бұл жолы биік өнер сүйер қауымды Джулио Боскеттимен (Италия) және Нәжмиддин Мавляновпен (Өзбекстан) Дж. Пуччинидің «Тоска» операсында кездесу күтіп тұр. 7 қарашада басты рөлді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Маргарита Дворецкая орындайды. Қоюшы режиссері – Лука Ронкони. Дирижерлік тізгінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Пуччини […]

30.10.2015
Мариинскийдің премьерлері қазақстандық «Аққу көлінде»

Сенімділігімен және батылдығымен ерекшеленетін дуэт, Мариинский театрының премьерлері: халықаралық конкурстардың лауреаты Оксана Скорик пен Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Евгений Иванченко П. Чайковскийдің «Аққу көлінде» өнер көрсетуге шақыртылды. Спектакль 2 қарашада «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. Композитор әлемдік хореографиялық классиканың жауһарын 1875 жылы жазған. Елордалық театрдың сахнасында аталған балет қазақстандық қоюшы хореографтар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаеваның нұсқасында қойылады. «Аққу көлінің» негізіне, халық […]

28.10.2015
Елордалық операда Шығыс экзотикасы

Әйгілі де, күрделі классикалық балеттердің бірі – Л. Минкустың «Баядеркасының» тұсаукесері «Астана Опера»сахнасында 25 және 26 желтоқсанда өтеді. Спектакльдің қоюшы балетмейстері – РФ халық әртісі, Мариинский театрының прима-балеринасы (1987), елордалық «Астана Опера» театры балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Қойылымға «Астана Опера» театрының балеттік труппасы толығымен қатысады. Дирижерлік тізгінде – Арман Оразғалиев. «Баядерка» алғаш рет 1877 жылдың 23 қаңтарында петерборлық Үлкен театрдың сахнасында көрсетілген. «Астана Опера» театрында көрерменге М. Петипаның классикалық нұсқасы ұсынылады, әйтсе де […]

26.10.2015
Жүрек вальс ырғағымен бірге соғады…

«Би королі» – вальстің қанат біткендей қалықтаған нәзік әуені музыка сүйер қауымның жүрегінен мықтап орын тапқан. Сырға толы әсем әндер мен ария-вальстер елордалық театрдың опера жұлдыздарының орындауында шырқалады. «Жұлдызды вальс» концерті «Астана Опера» Камералық залында 28 қазанда өтеді. Тамаша опера әншілері – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Жанат Шыбықпаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия […]

24.10.2015
«Бiржан-Сара» спектакліне шамамен 200 адам қатысады

Мұқан Төлебаевтің «Бiржан-Сара» операсына жақында 70 жыл толады. Ондаған жылдар өтсе де, ол бүгін де үлгілі шығарма, қазақ операсы өнерінің маржаны, жауһары болып табылады. 2015 жылдың 30 қазанында «Астана Опера»театры аталған спектакльді қоюшы дирижер Абзал Мұхитдиновтің музыкалық редакциясында ұсынады. Басты рөлдерде ойнайтындар мен орындаушылар: Бiржан – Бейімбет Таңарықов, Сара – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля […]

22.10.2015
Бастауға

В след за национальными оперными спектаклями, которые уже оценили любители высокого искусства в рамках IIМеждународного фестиваля «Шелковый путь», в Большом зале тетара «Астана Опера» 24 октября покажут национальный балет «Карагоз» Г.А. Жубановой. В образах главных героев предстанут талантливые танцовщики-артисты: Анель Рустемова (поэтичная Карагоз), Арман Уразов (молодой акын Сырым), Досжан Табылды (Нарша, жених Карагоз), Гаухар Усина (бабушка […]

20.10.2015
Польшалық примадонна «Айналар травиатасында» шырқайды

Жарқыраған сопрано Катажина Мацкевич тыңдарманды өз отаны Польшада, сонымен қатар өзге елдерде қайран қалдырып жүр. 22 қазанда опера әлемінің атақты әншісі «Астана Опера» театрының Үлкен залында, Дж. Вердидің «Травиата» операсында Виолеттаның партиясын әріптесі, Альфред партиясына дайындалып жатқан Медет Шотабаевпен шырқайды. Жермонның рөлін Талғат Мұсабаев сомдайды. Дирижерлік тізгінде – Абзал Мұхитдинов. Көптеген марапаттарға қол жеткізген жас […]

19.10.2015
Шығыстың құштарлығына бөленген «Астана Опера»

«Астана Опера» театрының екінші маусымындағы ең сұранысы жоғары қойылымы – Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» хореографиялық поэмасы 20 қазанда елордалық театрдың Үлкен сахнасында, II «Жібек Жолы» халықаралық фестивалінің аясында ұсынылады. ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері – Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева қойған спектакль «Астана Опера» балетінің талантты солисттерінің тамаша орындауында көркем түске енеді. Қаһарлы қырымның ханы Гирейдің […]

17.10.2015
Жұбы жазылмайтын дуэт

Тыңдарманды мойындатып, атақ-даңқтың сынынан, ең бастысы – уақыт сүзгісінен өткен тамаша дуэт. Он жылдан бері «Қазақстанның алтын виолончелі» атанған Ермек Құрманаев пен еліміздегі асқан шебер пианиношылардың біріАрман Тілеубергенов бір сахнада. Аспапшылар 21 қазанда көрерменді «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Биске орындалатын музыка» атты концертте қуантады. Табысқа апарар жол ұзақ та, оңай болған жоқ. Ермек Құрманаев П.И. Чайковский ат. Мәскеудің мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Көптеген халықаралық конкурстардың […]

16.10.2015
Екі жүз жылдан кейінгі «Реквием»

Рухани келісім күні, 18 қазанда «Астана Опера» театрының Үлкен залында Дж. Вердидің аса көрнекті туындыларының бірі – «Реквием» ұсынылады. Қуатымен қайран қалдыратын мәнерлі де, жарқын шығарманы орындауға опера сахнасының белгілі шеберлері ат салысады. Бастың партиясын Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян шырқайды. Меццо-сопрано партиясында – қазақстандық тыңдарманның сүйіктісі Дина Хамзина, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. «Астана Опера» мен әлемнің өзге сахналарында […]

15.10.2015
Жапондық скрипканың нәзік әуені

Жапониядан келетін атақты қонақ – скрипкашы Кен Айсо 15 қазанда, II «Жібек Жолы» халықаралық фестивалінің аясында «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін концертте өнер көрсету үшін Астанаға келді. Жапондық мектептің бірегей шығармалары – Койчи Кишидің «Айдаһар биі» мен скрипканың жеке орындауына арналған Кен Айсоның өзінің «Kaze» композициясы елордалық тыңдарман назарына ұсынылады. Сонымен қатар кеште өнер сүйер қауымға […]

14.10.2015
Мегажұлдыз Жәния Әубәкірова – «Жібек Жолы» фестивалінің қонағы

Дүние жүзіне әйгілі пианиношы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова II «Жібек Жолы» халықаралық фестивалінің аясында 16 қазанда «Астана Опера» театрының Үлкен залында концерт береді. Симфониялық музыкадан берілетін концерт «Астана Опера» симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Дирижерлық тізгінде әлемдегі ең сұранысы жоғары маэстролардың бірі – Дориан Уилсон (АҚШ). Концертті Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйі ашады. […]

12.10.2015
Қазақстан мен Италияға арналған «Богема»

«Астана Операда» және «Карло Феличеде» (Генуя, Италия) Дж. Пуччинидің «Богема» операсы ұсынылады. Қос сахнада елордалық театрдың солисттері өнер көрсететіні ерекше атап өтетін жайт. Аса көрнекті композитордың музыкалық туындысын қазақстандық көрермен 13 және 14 қазанда, биік өнерді сүйетін итальяндық қауым операны 27, 29 желтоқсанда; 2 және 3 қаңтарда тамашалайды. Өнер көрсетпес бұрын вокалисттер – тенор Медет Шотабаев, сопрано – […]

9.10.2015
Артқа – болашаққа, немесе «Астана Опера» театрындағы «Абай»

«Абай» операсының үшінші тұсаукесерлік спектаклі «Астана Опера» театрында 10 қазанда өтеді. Тұсаукесер қоғамның үлкен қызығушылығын тудырды. Екі күн ішінде елордалық опера театрында 2 500 көрермен болды, олардың қатарында астаналық тұрғындар мен қонақтар, сондай-ақ музыкатанушылар, музыка сыншылары мен «Абай» операсын тек шығарма ретінде емес, оны өмірдің бір бөлігі деп қабылдайтындар да бар. Спектакль аяқталған сәтте музыкатанушы, профессор, өнертану кандидаты, Қазақстан Композиторлары Одағының […]

7.10.2015
Англия мен Қазақстан романтикасы

Атақты британдық пианиношы София Рамэн және қазақстандық талантты музыканттар Ботагөз бен Болат Тыныбековтер «Астана Опера» театрының Камералық залының сахнасында өтетін «Романтизм жауһарлары» концертінде өнер көрсетеді. Кеш 9 қазанда II Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалінің аясында ұсынылады. Пианиношы София Рамэн Ұлыбритания мен Еуропаның беделді концерттік залдарында өнер көрсетеді. Оның жеке концерттері BBC, Жапонияның, Швецияның, Нидерландтардың ұлттық телеарнасы, Classic FM […]

5.10.2015
«Жібек жолында» салтанат құратын «Аида»

Аты аңызға айналған режиссер Франко Дзеффиреллидің қойылымындағы «Ла Скала» театрының жанды баурап әкететін «Аида» операсы II Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің көркін ашады. 4 қазанда «Астана Опера»Үлкен залының сахнасында Радаместің рөлін Алманиядан келген белгілі тенор, Мангейм ұлттық театрының солистіМихаил Агафонов сомдайды. Венаның мемлекеттік операсы, Ковент-Гарден Корольдік операсы, Париждің ұлттық операсы, Ресейдің Үлкен театры, Берлин, Мюнхен, Стокгольм, Дрезден, Хельсинки, Торонто, Майами, Токио және басқа қалалардың опералық театры сияқты биік сахналарда үнемі […]

1.10.2015
Астана Операда экзотикалық Корея

«Астана Опера» Кореядан гастрольмен келетін қонақтарды қарсы алады. Қазақстанда алғаш рет II Халықаралық «Жібек Жолы» музыкалық фестивалінің шеңберінде 4 қазанда, «Астана Опера» театрының Камералық залында аты әлемге әйгілі Noreum Machi музыкалық ұжымының концерті өтеді.  Астаналық қонақтар мен тұрғындар көне соқпалы аспаптардың сиқырлы дыбыстарын, жанды баурап алатын акробаттық билерді, сондай-ақ жезді-үрмелі аспаптар рэбімен үйлесетін кореялық K-TRap рэбін тамашалай алады. Noreum Machi 1993 жылы дүниеге келген. Оның атауы кезінде орындау […]

29.09.2015
Майра Мұхамедқызы мен Салтанат Ахметова «Абай» операсында шырқайды

Қазақтың классикалық «Абай» операсының жойқын тұсаукесері бүгін болады. Опера сондай-ақ 26 қыркүйекте елордалық «Астана Опера» театрында өтеді. Қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако орындаушылар құрамын бекітті.   Бас партияны орындайтындар – ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Талғат Мұсабаев. Ажардың рөлінде – париждік «Гранд Опера» театрында Қазақстаннан тұңғыш және жалғыз солист болған, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, […]

25.09.2015
Есмұхан Обаев: «Абайдың «Қара сөзі» – дала ата заңы»

ҚР Халық әртісі, профессор, «Парасат» орденінің кавалері (2006) Есмұхан Обаев «Абай» операсында қоюшы режиссердің кеңесшісі. Аталған спектакльдің тұсаукесері «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында 25және 26 қыркүйекте өтеді. Өнердегі танымал тұлға – Е. Обаев ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығын неше жылдан бері зерттеп келеді және аттас операны неше мәрте қойған. Бүгін ол тұсаукесер алдындағы дайындықтың ұсақ-түйегі жайлы өзінің сұхбатында бөлісті. Есмұхан Несіпбайұлы, сіз «Абай» […]

16.09.2015
«Астана Опера» Камералық залының жаңа маусымы

1 қазанда – Халықаралық музыка күнінде «Астана Опера» театрының Камералық залы III концерттік маусымын ашады. Ұсынылатын қызықты да, мазмұны терең жаңа бағдарламалар тыңдарманды жыл бойы қуантады. Еліктіріп әкететін «Жылдың сегіз мезгілі» атты алғашқы концертте атақты туындылар – Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» циклы және Астор Пьяццолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» деп аталатын төрт композициясы-тангосыұсынылады. Музыкалық жауһарларды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновтің басқаруындағы «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі орындайды. Солисттер – ҚР […]

15.09.2015
Кемеңгерліктің ақысы

Атақты хореограф Борис Эйфманның танымал қойылымы – «Роден» II Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалінің аясында ұсынылып, классикалық мерекеге көрік беретін алғашқы балет болмақшы. Хореографиялық туынды «Астана Опера» театрының сахнасында 30 қыркүйекте паш етіледі. Психологиялық «Роден» балеті француздың аса көрнекті мүсіншісі Огюст Роден мен оның жас шәкірті Камилла Клодельдің қайғылы тағдырына арналған. Бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен құштарлығы тасыған қос шығармашылық адамының […]

9.09.2015
«Жібек Жолы» ашылды

«Астана Опера» театрының үшінші маусымы II «Жібек Жолы» халықаралық музыка фестивалімен ашылады.Аталған классикалық өнер мерекесіне Америка, Алмания, Польша, Жапония, Корея, Ресей және Қазақстан әртістері қатысады. Фестиваль, 25 және 26 қыркүйекте тұсауы кесілетін, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан бастау алады.Қазақтың аса көрнекті ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының (1845-1904) тұлғасы – қойылымдағы идеяның өзегі. Сонымен қатар, бұл адамның жақсы мен жаман жақтарын сүзгіден өткізетін ескішілдік пен жаңашылдықтың […]

28.08.2015
Құттықтаймыз!

«Астана Опера» театрының жетекші солисті Салтанат Ахметова Елена Образцова атындағы жас опера орындаушыларының Х халықаралық конкурсының дипломанты атанды және екі арнайы сыйлыққа: «Елена Образцова қоры» атты музыка өнерін қолдайтын Қайырымдылық қорының сыйлығына және П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік концерваториясының Кіші залында жеке концерт беруге ие болды. I және II турда ол қатаң бәсекелестікті жеңіп шығып (сайысқа 2041 адам […]

27.08.2015
«Астана Опера» театрының екінші маусымы аяқталды

«Астана Опера» театрының екінші театр маусымы аяқталды. Оның қалай өткені туралы театрдың маркетингтік зерттеулері бойынша алынған статистикалық мәліметтерден білуге болады. 2014-2015 жылғы екінші театр маусымының қорытындысы бойынша «Астана Опера» театрында 200-ден астам іс-шаралар өтті, тұрақты репертуардағы спектакльдермен қатар Ғ.А.Жұбанованың «Қарагөз», П.И.Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» сияқты үш балет спектаклін және Х. Брогхауздың қойылымындағы Дж.Вердидің […]

16.07.2015
ТАБЫСТАН ДА АСҚАҚ

Шексіз қошемет, жүздеген жаңа табынушылар, келесі өнер көрсетулер жайындағы қызықты ұсыныстар. Бұл – 10 шілде күнгі «Астана Опера» солисттерінің Италияның Генуя қаласындағы Карло Феличе театрында Людвиг ван Бетховеннің №9 Симфониясын табыспен орындаған сапар қорытындысы. Зал толы аншлаг, екі мың көрермен концерт басталарға дейінгі бірнеше күн бұрын билеттерді сатып алған. Ал, бұл мүмкіндікке қолы жетпегендер театр […]

15.07.2015
«Астана Опера» театрының II маусымы тамаша Гала концертпен аяқталады

Елордалық труппа жұлдыздарының қатысуымен өтетін Гала-концерт «Астана Опера» театрының екінші маусымының шарықтау шегіне айналады. 12 шілдеде Үлкен сахнада өнер ордасының бір жылдық жұмысын аяқтайтын әсерлі бағдарлама ұсынылады. Екі бөлімнен тұратын концерт, балеттік номерлерден әзірленген ғажап көріністерден басталып, сахнада өнерден шашу шашатын жас та, қайратты балеттік труппаның солисттері: Серік Нақыспеков, Елдар Сәрсембаев, Гүлзира Жантемір, Марат Әбдірахманов, Бауыржан Мекембаев. […]

9.07.2015
Астана күнін «Астана Опера» театрымен бірге атап өтіңіз

Астананың туған күніне орай «Астана Опера» қала тұрғындарына және қонақтарына жарқыраған балеттер мен қызықты опералар әзірледі. Бұған қоса, итальяндық Сан-Карло театрының гастрольмен келгені, еліміздің мәдени өмірінде айтулы оқиғаға айналады. 5 және 6 шілдеде алғаш рет «Астана Опера» сахнасында әлемге әйгілі Сан-Карло Театрының (Италия) труппасы өнер көрсетеді. Гастрольмен келгендер, жүрекке тиетін бірегей сюжетінің, әсем де, сазды музыкасының […]

4.07.2015
Сан-Карло Театрының фантастикалық балеті

Талғам, сән мен уақыт өзгерер, бірақ “Жизель” балетінің даңқы бұлжымас. Неаполитандық Сан-Карло Театры труппасының орындауындағы мәңгі өшпес «Жизель» балетін, елордалықтар мен қала қонақтарына Астана күнінде – 5 және 6 шілдеде тамашалаудың бірегей мүмкіндігі туады. «Астана Опера» сахнасында Неаполитандық балет труппасының құрамындағы беделді Куба Ұлттық балетінің және Ослодағы Норвегия ұлттық балетінің премьерлері – Жизель ролінде Иоланда […]

3.07.2015
Сан-Карло Театрының труппасы Астанаға жол тартты

Балет өнерін сүйер қауым маңызы зор оқиғаны – Қазақстанға алғаш рет гастрольмен келіп, 5 және 6 шілдеде өнер көрсететін итальяндық Сан-Карло Театрын тағатсыздана күтуде. Шығармашылық топ ертең Астанаға жетеді. Сан-Карло директоры Розанна Пуркия басқарған 63 балет әртісі елордалық әуежайға Астана уақыты бойынша таңғы 5.45келіп қонады. Қазір бишілер өз елінде соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біздің сұрақтарымызға олар қуана жауап қатты: – Иоланда, Йоэль Карреньоның жұбы болып жұмыс […]

2.07.2015
Ашық аспан астындағы «Аида»

2015 жылғы 01 шілде. Астана. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жаңа жобаны – Бейбітшілік және Келісім сарайының алдындағы ашық алаңда Дж. Вердидің «Аида» операсын сахналауды жүзеге асырады. Бұндай қойылым Қазақстандағы айрықша оқиғалардың бірі болып отыр, ұйымдастырушылар сәнді декорацияларымен, шоу элементтерімен, отшашумен және көптеген тосынсыйларымен сахналанатын бұл атақты операның жаңа форматы Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының есінен кетпес […]

30.06.2015
Vivat, Әлфия Кәрімова!

«Астана Опера» театрының ұжымы «Астана Опера» МОБТ жетекші солисті, тамаша колоратурлық сопрано иесі, The Opera Ball Award беделді сыйлығы «Ең үздік әйел дауысы» титулына ие болған Әлфия Кәрімованы құттықтайды. Опералық жанр ерекше маңызды әрі өзгеше, ол, тіпті сахнаның хас шеберлерінің өзіне де үнемі бағына бермейді, дегенмен де, Әлфия Кәрімова өзінің жеңісімен мойындатты, ол тамаша дауысымен ғана емес, сонымен […]

27.06.2015
Сан-Карло театры романтикалық һәм тылсым «Жизельді» ұсынады

Заманалық оқиға: жер бетіндегі ең көне Сан-Карло театры Қазақстанға алғаш рет гастрольмен келеді. Тек екі күн – 5 және 6 шілдеде «Астана Опера» сахнасында Адольф Аданның «Жизель» балеті әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – Норвегиялық ұлттық балеттің прима балеринасы Иоланда Корреаның және премьері Йоэль Карреньоның қатысуымен өтеді. Жизель партиясын орындайтын прима балерина Иоланда Корреа тамаша техникасымен әйгілі, оның билеу мәнерінде мін жоқ, оған керемет […]

22.06.2015
Жаздың аптабында сая болған «Бақшасарай бұрқағы»

Сәуірде өткен Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінің тұсаукесеріне үлгермеген жандар, хореографияның аса көрнекті жауһарын Астана күні қарсаңында – 27 маусымда және 3 шілдеде тамашалай алады. «Астана Опера» театрының Үлкен залында басты кейіпкерлер – қызғаншақ Зарема, сезімтал Мария және Герей хан арасында лаулаған құштарлық оты баяндалады. Әрқайсысы өзіндік сезімін, өзіндік ойнау қабілетін паш ететін құрамдар тең түседі, олардың орындауындағы спектакльді ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері […]

19.06.2015

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры