Жаңалықтар

Евгений Чайниковтың жаңа кейіпкері

«Астана Опера» театрының солисті Евгений Чайников Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсындағы Шарплестің рөлін алғаш рет сомдамақшы. 17 ақпанда «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасына онымен бірге жетекші солисттердің тамаша құрамы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Чио-Чио-Сан рөліндегі Айгүл Ниязова, Пинкертон партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев, Сузуки – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина шығады. […]

13.02.2017
«Астана Опера» жас орындаушыларға жол ашады

«Астана Опера» театрында Жібектің партиясын орындаушы анықталды. Ұлттық алтын қорға енген Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы 10 және 11 ақпан күндері театрдың Үлкен залында сахналанады. Жібектің рөліне көп әнші бағын сынап көрді. Міне, енді таңдау жасалды, тұсаукесер күні тыңдарман жас орындаушыны – болашағынан зор үміт күттіретін Қазақ ұлттық өнер университетінің шәкірті Назым Сағынтайды тамашалайды. Ол […]

10.02.2017
Классикалық достық

Белгілі қазақстандық музыкант-аспапшылар «Астана Опера» театрының Камералық залында өнер көрсетеді. Әртістер 12 ақпан күні «Ішекті және пернелі аспаптар диалогы» атты концертте елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнерін паш етуге әзір. Көрерменді музыкант-достар – халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Евгения Құрманаева (скрипка), Дастан Балақұмаров (альт), Ермек Құрманаев (виолончель), Рабиға Дүйсембаеваның (фортепиано) өнері шаттыққа бөлемекші. Камералық-аспаптық музыка кешінде Р. […]

9.02.2017
Абзал Мұхитдинов ұсынатын «ғажайып»

Дарынды, жасампаз, асқан шебер – маэстро Абзал Мұхитдиновтің жетістіктері мен марапаттар тізіміне қарап, ол жайлы осылай атап өткің келеді. «Құрмет» орденінің кавалері, Ұлыбританияның Йорк университетінің магистрі, Қазақстан композиторлары одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, болмысы әртіске тән дирижер-философ – осының барлығы абзал қайраткер туралы. Абзал Мұхитдинов классикалық өнерді сүйіп тыңдайтындарды әлі күнге дейін таң қалдырып келеді. Бұл […]

8.02.2017
Ғасырлар тоғысында

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында музыка тарихи оқиғаларды бейнелейтін бірден-бір қайнар көз ретінде қызмет етіп, көптеген ұлы композиторлар сол оқиғалардың куәгері болды. Осы бір қиын кезеңде дүниеге келген әсерлі аспапты шығармалар, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақшы. 8 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Ғасырлар тоғысында (ХІХ-ХХ)» концерті өтеді. Аталған кеште талантты […]

6.02.2017
Мариин театрында «Астана Опера» әртістері зор қошеметке бөленді

1 және 2 ақпан күндері бес мыңға шақ петерборлық көрермен хореографиялық өнердің жауһары – «Париж Құдай анасының соборын» тамашалады. «Астана Опера» балет труппасы әртістерінің өнеріне толассыз қошемет көрсетіліп, бишілер петерборлық балет сүйер қауымды таң қалдыра білді. … Бірнеше сағаттық әуе жолымен 3 368 шақырымдық қашықтықты артта қалдырған әртістер Петерборға тоқтады. Қазақстандық бишілерді Фин шығанағының жағасында орналасқан қала […]

3.02.2017
Қазақ өнерінің қазынасы

«Астана Опера» театры тамаша солистерінің орындауында нағыз классикаға айналған туындылар мен халық әндері, сондай-ақ заманауи композиторлардың шығармалары шырқалады. «Інжу-маржан» концерті 5 ақпанда Камералық залда өтеді. Концерт ұйымдастырушылары көрерменді жаңа әрі сирек орындалатын музыкалық туындылармен қуантатын болады.Камералық зал сахнасында алғаш рет Т.Бейсенбектің «Аққуым» әні, Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» операсынан Мыстанныңтарантелласы, сондай–ақ Ғ.Жұбанованың «Еңлік – Кебек» операсынан ариозо, Б.Қадырбектің «Үш қоңырдың аяғы құмболады» әні шырқалады. Кеш бағдарламасында опералардан ариялар мен дуэттер, Абай, Жаяу Мұса туындылары, халық әндері, сондай-ақЕ.Брусиловский, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев, Б.Байқадамов, Ғ.Жұбанова, М.Маңғытаев, Н.Меңдіғалиев,Т.Бейсенбек, С.Еркімбеков, Б.Қыдырбек шығармалары ұсынылады. – Концерттің басты мақсаты – қазақтың ұлттық музыкасын көпшілікке насихаттау болып табылады. Бұл […]

31.01.2017
Аншлаг және тағы да аншлаг

Петерборлық талғампаз көрермен қазақстандық әртістерді аншлагпен қарсы алады. 1 және 2 ақпанда «Астана Опера» балеттік труппасының Мариинский-2 сахнасында (Санкт-Петербор, Ресей) орындайтын М. Жаррдың әйгілі «Париж Құдай Анасының соборы» спектаклі, гастрольмен өнер көрсететін екі күнде де залды лық толтырмақшы: көрермен барлық билетті сатып алған. Гастроль «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында өтеді, барлық шығынды демеушілер қаржыландырады. Қазіргі уақытта «Астана Опера» […]

30.01.2017
Үлгілерден бастау алған тұсаукесер

1970 жылы еліміздің көгілдір экранына шыққан жанды тербейтін «Қыз Жібек» фильмінің арқасында, екі жас ғашықтың махаббаты туралы аңыз танымалдылыққа ие болды. Алайда театрлық ортада «жібек қызға» арналған халық поэмасы бұдан әжептеуір ертеректе – 1934 жылы шырқалған. Енді міне, 83 жыл өткен соң Е. Брусиловский мен Ғ. Мүсіреповтің операсы соңғы техникалық мүмкіндіктерге сай «Астана Опера» театрының […]

25.01.2017
Сібірден шыққан философ

Новосібірлік опера және балет театрының солисті, дарынды бас дауысты әнші Андрей Триллер «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында ұлы италиялық композитор Дж. Пуччинидің «Богема» спектакліндегі философ Колленнің партиясын сомдайды. 29 қаңтарда өтетін қойылымның дирижерлік тізгінін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов қолға алады. Тамаша әнші Андрей Триллердің қоржынына опера сахнасында орындалған бірнеше ондаған партиямен қатар, ауқымды […]

23.01.2017
Сағындырған көктем

Қысқы аяз әлі күшінде тұрса, көңіл, шіркін, көктем шықса деп елеңдейді. «Шабыт шақырған аспаптар» концерті қаңтардың суық кешінде тыңдарманды жарқыраған сезім мен эмоцияға, сонымен қатар талантты орындаушылардың жылуына бөлейді. 24 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залында француздық ішекті Volta квартеті мен Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова өнер көрсетеді. Шара қазақстандық-француздық дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған. Концерт […]

21.01.2017
Михаил Панджавидзе: «Барлығы жұмысқа жиналса, менің ұйқым келеді»

Беларусь Үлкен театрының бас режиссері Михаил Панджавидзенің өмірі өте қызық әрі түрлі оқиғаға толы. Ол өзінің өмір жолын скрипкашыдан бастап, кейін ГИТИС режиссерлік факультетін (музыкалық театр бөлімі) аяқтағанымен, әлем оны дарынды, әрдайым таң қалдыратын қоюшы ретінде таныды. Ол 10 және 11 ақпанда «Астана Опера» театрында өтетін Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының тұсаукесерін дайындауда. – Режиссер […]

20.01.2017
Әсел Әбілсейітованың сәнді фортепианосы

«Сәнге айналған классика!» – «Астана Опера» театрындағылардың бұл тұжырымы әділетті. 28 қаңтарда театрдың Камералық залында «Ұлы Мәртебелі Рояль» циклынан өтетін концерт осылай аталады. Кеште дарынды қазақстандық пианиношы, Лондондағы Корольдік академияның түлегі Әсел Әбілсейітова (Швейцария) тыңдарманға қызықты бағдарламасын ұсынады. Бүгінде жас орындаушы Қазақстан, Ұлыбритания, Италия, Алмания, Швейцария, Франция және тағы басқа елдерде табысты өнер көрсетіп, концерттік […]

18.01.2017
Екінші рет дүниеге келген «Қыз Жібек» операсы

Серпінді, мәнерлі, ең бастысы, операның барлық қағидасына сай әуенді келген Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек»спектаклін «Астана Опера» ұсынады. Тұсаукесер 10 және 11 ақпанда өтеді. Отандық классикалық өнердің тарихында Симфониялық оркестрмен бірге операда алғаш рет қазақтың ұлттық аспаптары қолданылады. Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театры мен Самаралық опералық театрдың бас режиссері Михаил Панджавидзе (Ресей),жаңа музыкалық редакцияның авторы, қоюшы дирижер – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.Костюм және сценография суретшілері – Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов. Режиссердің ассистенті – ЕренТойкенов, кеңесші – PHD докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асқат Майемеров. Қазақтың тұңғыш операсы – Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» 1934 жылы қойылған. Либреттосын аса көрнекті халық жазушысы […]

16.01.2017
Балеттік эксклюзив

«Астана Опера» балеттік труппасы жаңа Гала-балет бағдарламасын дайындауда. Елордалық театрдың жарқыраған әртістер құрамы, сонымен қатар украиндық және беларусиялық театрлардан шақырылған солисттер – Эллина Походных және Константин Героник 25 қаңтарда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өнер көрсетеді. Балеттік труппаның көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова көрерменді қызықты ойларымен қуантпақшы. Көрерменге М. Петипа мен А. Ваганованың ең […]

14.01.2017
Француз стиліндегі балет Қазақстан мен Ресейде

Елордалық көрермен француз композиторы Морис Жаррдың «Париж Құдай Анасының соборын» 15 және 18 қаңтарда «Астана Опера» театрының Үлкен залында тамашалай алады. Кейінірек, 1 және 2 ақпанда аты аңызға айналған спектакльді «Астана Опера» театрының балеттік труппасы Мариинский театрының (Санкт-Петербор қ., Ресей) жаңа сахнасында орындайды.   «Астана Опера» театры Невадағы қалада жиі қонақтайды. Және 2017 жылдың алғашқы гастролінің дәл осы жерде өтетіні, […]

11.01.2017
«Астана Опера» театрындағы қысқы кеш

19 қаңтарда өтетін «Вечер у камина» концерті «Жанды баураған романс» атты жаңа циклды ашады. «Астана Опера»театрының Камералық залында талантты әншілер мен аспапшылар өнер көрсетеді. «Жанды баураған романс» циклына қазақ және орыс классиктерінің шығармасын қамтыған бірнеше бағдарламалы концерттер енді. Аталған циклдың вокалдық камералық музыкасының негізгі жанры – романс пен әндер. Кеш тамаша әнші Елена Ганжаның орындауындағы П. Баториннің «Вечер у камина» романсынан бастау алады. Елена Низамутдинова, Татьяна Вицинская, Байғали […]

10.01.2017
«Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго «Астана Опера» театрына келеді

Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго негізін қалаған вокалшылардың дүние жүзіндегі ең беделді «Опералия» байқауы Қазақстанда алғаш рет өтеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 24 мен 29 шілдесі аралығында «Астана Опера» сахнасында жүретін Опера өнерінің дүниежүзілік конкурсы, жиырма бесінші рет ұйымдастырылғалы тұр. – «Астана Опера» театрының өнер ұжымы «ЭКСПО-2017» көрмесіне […]

9.01.2017
Мәдина Исламованың дебюті

«Астана Опера» театрының солисті Мәдина Исламова Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсындағы Алтынайдың партиясын алғаш рет орындайды. Қазақтың опера өнерінің жауһарына айналған спектакль, 22 қаңтар күні Үлкен зал сахнасында қойылмақшы. Музыкалық жетекші, қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, спектакльге дирижерлік ететін – Руслан Баймұрзин. Біржан партиясын орындайтын – Бейімбет Таңарықов, Сара – Қазақстанның еңбек […]

4.01.2017
Мерекенің сиқырлы әуендері

7 қаңтар күнгі Рождествода елорда тұрғындары мен қонақтарын «Астана Опера» театры күтеді. «Мәңгі шырқалатын әуендер» атты мерекелік концерт театрдың Камералық залында өтеді. Концертте опера труппасының солисттері – Салтанат Ахметова, Айгүл Ниязова, Татьяна Вицинская, Мәдина Исламова, Елена Ганжа, Елена Низамутдинова, Роза Нүркей, Жан Тәпин, Ермек Берімжанов және басқалары өнер көрсетеді. Тамаша әншілер оркестр әртістерімен, «Астана Опера» […]

27.12.2016
Қысқы ертегі қайта жаңғырады…

Немістің романтик-жазушысы Эрнст-Теодор Амадей Гофманның рождестволық ертегісінің желісімен қойылған П.И. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балеті «Астана Опера» театрында үлкен сұранысқа ие. Бұл елордалық театр репертуарында билет таптырмайтын спектакльдердің бірі. Өткен жылдары балетке билет тапшы болғандықтан, IV маусымда қойылым саны арттырылып, желтоқсан айының соңы мен қаңтардың басында 14 спектакль (!) ұсынылады. 27, 28, 29, 30, 31 желтоқсанда көрермен қойылымды кешке тамашаласа, […]

21.12.2016
«Астана Опера» театрының мақтаныштары марапатталды

13 және 14 желтоқсан күндері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Астана Опера» театрының әртістеріне марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Салтанатты түрде табыстау шарасы Ақорда мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінде өтті. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова «Парасат» орденімен марапатталды. Балет труппасының жетекші солисті Әйгерім Бекетаева Қазақстанның еңбек сіңірген […]

14.12.2016
Үлкен театрдан келген ару

Ресейдің Үлкен театрының прима балеринасы Анна Антоничева мен жетекші солисті Андрей Меркурьев «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсетеді. 18 желтоқсан күні балет жұлдыздары аты аңызға айналған хореограф Юрий Григоровичтің қойылымындағы П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетіндегі басты партиялар – ханшайым Аврора мен ханзада Дезиренің рөлдерін сомдайды. Ресейдің халық әртісі Анна Антоничева Үлкен театрдың барлық қойылымдарына қатысты. […]

14.12.2016
Рождество құтты болсын!

Рождество мерекесіне орай – 25 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында Георгий Фридрих Гендельдің басты шығармасы «Мессия» орындалады. Бұл неміс композиторының ең жарқын әрі көңілді шығармаларының бірі. Туындының адамға махаббат және бақыт үмітін сыйлайтыны күмәнсіз. Кеште көрерменге керемет мерекелік көңіл-күй сыйлайтын опера солисттері: сопрано – Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова, Алть – Салтанат […]

12.12.2016
«Астана Опера» Тәуелсіздік күнін тойлайды

Маңызды дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы «Астана Опера» театрында «Тәуелсіздікке шашу» мерекелік концертімен атап өтіледі. Кеш 16 желтоқсан күні елордалық театрдың Камералық залында ұсынылады. Сахнаға қазақстандық опера өнерінің жұлдыздары – Майра Мұхамедқызы, Дина Хамзина, Әлфия Кәрімова, Жан Тәпин, Талғат Ғалеев, Мәдина Исламова, Евгений Чайников, Рамзат Балакишиев шығады. Концертте сондай-ақ, «Астана Опера» театрының бас хормейстері […]

9.12.2016
Қыс кезіндегі жалынды танго

Жер бетіндегі ең тамаша сезімге арналған классикалық және қазіргі заманғы туындылар астаналық меломандарға ұсынылады. 13 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Қысқы махаббат сезімі» атты концерті өтеді. Кеште «Астана Опера» театры Симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, халықаралық байқаулардың лауреаттары, Ұлт Көшбасшысы -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары – Ермек Құрманаев (виолончель) және Гауһар […]

8.12.2016
Латвиялық контратенор Астанада

Ол жайлы «Өзіңмен «сен» десемін» деректі фильмі (режиссері Д. Симанис) түсірілген. Ол – Уэльстегі BBC арнасының «Әлем әншісі-2005» байқауының, Санкт-Петербордағы Лучано Павароттиді еске алуға арналған халықаралық тенорлар байқауының жартылай финалының жеңімпазы (2008). Латвиялық белгілі контратенор Сергей Егерс 11 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Көктен төгілген дауыс» концертінде өнер көрсетеді. Сергей Егерс табиғатта сирек […]

7.12.2016
Фортепианолық жауһарлар

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрлан Ызмайлов XX ғасырдың ұлы пианиношыларының бірі Э.Г. Гилельстің 100 жылдығына арнап «Мазурка, вальс, полонездер…» атты концертті ұсынады. Музыкалық кеш 7 қарашада «Астана Опера» Камералық залында өтеді.  Эмиль Гилельстің шығармашылығын әлемдік пианизмнің ірі жетістіктерінің қатарына жатқызады. Жарқын тұлғасының даралығы, техникасының мінсіз тазалығы, ойнау нақышының тереңдігі мен мазмұндылығы, дыбыс толықтығы оны […]

3.12.2016
Сүйікті Отанымызға арналады

30 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында белгілі қазақстандық композиторлар – Серікжан Әбдінұровтың «Отан» және Әліби Әбдінұровтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған «Елбасы» әндерінің тұсауы кесіледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отан, саған арнаймыз» концертінің бағдарламасында, халық сүйіп тыңдайтын отандық авторлардың шығармалары да ұсынылмақшы. Кеште Е. Брусиловский, Ғ. Жұбанова, Е. […]

29.11.2016
Әуенге толы Франция

Францияның ең жарқын, ерекше ұжымдарының бірі – «Гермес» ішекті квартеті 27 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында өнер көрсетеді. Лионнан келген әртістер астаналық көрерменге «Романтикаға толы өмір» атты концерт ұсынады. Концерт бағдарламасында – романтизм дәуірінің камералық музыкасы. Феликс Мендельсонның фа минор 80 шығ. ішекті квартеті орындалады. Мендельсонның шығармалары ширақтығымен һәм әсемдігімен, лирикалық жұмсақтығымен және […]

26.11.2016
Қызық оқиғалардың ізімен Испанияға саяхат

«Астана Опера» театрының балеттік репертуары тағы бір спектакльмен толықты. 25 және 26 қараша күндері Үлкен зал сахнасында Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінің тұсауы кесіледі. Қоюшы балетмейстер – Ресейдің халық әртісі, «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев. Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио (Италия). Костюм бойынша суретші – Франка Скуарчапино […]

25.11.2016
Тәуелсіздіктің мерейтойына арнау

Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Жәния Әубәкірова және дирижер Дориан Уилсонның (АҚШ) жетекшілігіндегі «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, елорда тұрғындары мен қонақтарына мазмұны терең концерттік бағдарлама ұсынады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт, 27 қараша күні театрдың Үлкен залы сахнасында өтеді. Тыңдарманға Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» балетінен сюита ұсынылады. Ақпан айында «Астана Опера» […]

23.11.2016
Новосібірлік театр ұсынатын опералық квест

“Астана Опера” театрында Дж. Пуччинидің “Турандот” жауһары, әдеттен тыс опералық квест түрінде алғаш рет қойылады! Новосібірдің мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі бір-ақ күн – 1 желтоқсанда Үлкен зал сахнасында өтеді. Новосібірлік театрдың опера солисттері, хоры мен симфониялық оркестрі елордалық көрерменге үш актылы спектакльді бірінші рет ұсынады. – Біздің Астанада «Турандот» операсын қоятынымыз кездейсоқ емес. Бұлспектакль – биылғы жылы […]

18.11.2016
Ұрпақтар сабақтастығы үзілмесін

“Ұрпақтан ұрпаққа» концерті қазақ операсы өнерінің іргесін қалаушыларға арналады. 20 қарашада астаналық театрдың Камералық залы сахнасында тамаша әншілер – «Астана Опера» солисттері өнер көрсетеді. Кеште әртістер аты аңызға айналған орындаушылар – Құрманбек Жандарбеков, Күләш және Қанабек Бәйсейітовтер, Ғарифолла Құрманғалиев, Ришат және Муслим Абдуллиндердің және басқалардың шығармашылығын еске түсіреді. КСРО халық әртістері Роза Жаманова мен Ермек Серкебаев сомдаған кейіпкерлердің жарқын бейнесі, көптеген тыңдарманның […]

18.11.2016
Сібірдегі жеңіс

Талантты қазақстандық балет әртісі, «Астана Опера» театрының солисті Серік Нақыспеков «Сібір бас жүлдесі» халықаралық балет байқауында ІІ сыйлық лауреаты атанды (Ресей, Краснояр). Байқау аса көрнекті композитор С. Прокофьевтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған, IV Халықаралық «ХХІ ғасыр балеті» форумының аясында өтті. Қазанның соңында аяқталған І іріктеу кезеңінен (сырттай) мүдірмей өткен Алмания, Италия, Жапония, Ресей, […]

15.11.2016
Балнұр Қыдырбек шығармалары әралуандығымен ерекше

Оның шығармаларының тілі еркіндігімен ерекше, үнемі алғы шепте жүретін композиторға қарап, бой түзейтіндер көп. Әдебиет және өнер саласы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, 500 жуық музыкалық шығармалардың авторы –Балнұр Қыдырбек 16 қараша күні «Астана Опера» театрының Камералық залында елордалық көрермен үшін «Бабалар аманаты – Тәуелсіздік» атты концертін ұсынады. Концерт «Астана Опера» Камералық оркестрінің қатысуымен өтеді. […]

14.11.2016
Одиллияға сенбе, Зигфрид!

15 қарашада ұсынылатын П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті III Халықаралық «Жібек жолы» фестивалін аяқтайды. Ханзада Зигфридтің партиясын «Астана Опера» солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреатыОлжас Тарланов алғаш рет орындайды. Қоюшы балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев, Ғалия Бөрібаева. Қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаһанов. «Аққу көлінің» негізінде, зұлым күштердің ықпалымен құсқа айналған қыз туралы ертегі фольклорындакеңінен кездесетін сюжет жатыр. Чайковскийдің балетінде ханзада Зигфрид Одеттаның құтқарушысы, бірақ оның маңдайына жазылған сатқындығы қайтарылмас қайғыға себеп болады. Одеттаға қатты ұқсас, бірақ […]

4.11.2016
Опера саңлақтары

«Достар ортасында» циклынан ұсынылатын Viva l’opera! концертінде жұлдыздар құрамы өнер көрсетеді. Жаннат Бақтай, Салтанат Ахметова, Әлфия Кәрімова, Маргарита Дворецкая, Жан Тәпин, Талғат Ғалеев және Евгений Чайников биік өнерді бағалаушылар мен сүйер қауымды 9 қарашада “Астана Опера” театры Камералық залында күтеді. Музыкалық кештер циклында үнемі шоудың элементі қоса жүретін концерттердің соны тұжырымдамасын көрермен сүйіп тыңдайды. – […]

2.11.2016
«Астана Опера» балеттік труппасы Санкт-Петерборға жол тартады

«Астана Опера» театрының балеттік труппасы аты аңызға айналған Мариинский театрының (Санкт-Петербор, Ресей) жаңа сахнасында өнер көрсетеді. 2017 жылдың 1 және 2 ақпанында қазақстандық әртістер петерборлық көрерменге ХХ ғасырдың көрнекті хореографы Р. Петидің қойылымындағы М. Жаррдың «Париж Құдай Анасының соборы» балетін ұсынады. Аталған гастроль «ЭКСПО-2017» бағдарламасының аясында жүзеге асады. – «Париж Құдай Анасының соборы» балеті ресейлік […]

31.10.2016
Кореядан келетін жұлдызды қонақ

ІІ Халықаралық «Жібек жолы» фестиваліне қатысушылар аясы кеңейіп, енді Корея Республикасын қамтыды. Әлемге әйгілі пианиношы Пэк Кон У, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» Симфониялық оркестрімен бірлесіп өнер көрсетпекші. Концерт 4 қараша күні театрдың Үлкен залында өтеді. Пэк Кон Удың өнері Карнеги-холл, Линкольн орталығы (Нью-Йорк, АҚШ), Уигмор-холл (Лондон, Ұлыбритания), Берлин филармониясы (Алмания) […]

30.10.2016
Мария Мудряк «Астана Опера» сахнасында тігіншінің рөлін сомдайды

Париждегі Латын кварталының от жағылмаған мансардында кедей суретші картина салуда… 3 қарашада «Астана Опера» сахнасында өтетін Дж. Пуччинидің танымал «Богема» операсының қызықты сюжеті осылай басталады. Мансарда тұрғындарын әлемдік және отандық сахна жұлдыздары – Мими (Мария Мудряк), Рудольф (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов), Мюзетта (Галина Чеплакова), Марсель (Беларусь халық әртісі Владимир Петров) орындайды. Қоюшы дирижері […]

27.10.2016
Ла Скала оркестрінің бірінші гобойшысы Астанада

Белгілі италиялық гобойшы Джанфранко Бортолато «Венециялық гобойдың үні» атты концертінде өнер көрсету мақсатында, III Халықаралық «Жібек жолы» фестиваліне келеді. Музыкалық кеш 30 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновбасшылық ететін Камералық оркестрді қатысады. Джанфранко Бортолато – Миландағы атақты Ла Скала опералық театры, Турин Корольдігінің театры және Рим операсы оркестрлерінің, сондай-ақ Сан-Ремо, Генуя ансамбльдерінің бірінші гобойшысы. Буэнос-Айресте, Версальде, Хьюстонда Халықаралық фестивальдерге қатысқан музыкант, әлемнің көптеген елінде концерт берді. Концерттің ауқымды […]

26.10.2016
Оның даусы миллиондардың жүрегінен орын тапты

Оны елі мақтан тұтып, күллі әлем сүйді, оның әндері халықтың басын қосты. Биыл баритондар королі, аса көрнекті опера әншісі, Қазақ КСР және КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевқа 90 жыл толар еді. 1 қарашада «Астана Опера» театрында «Төбемде көк аспан» атты концерт өткізіліп, театр солисттері мен шығармашылық ұжымы өз өнерін ұлы әртістің шығармашылығына арнайды. Ермек Бекмұхамедұлы […]

25.10.2016
Күзгі элегия

«Астана Опера» театрының жетекші солисттері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина (меццо-сопрано) мен Талғат Мұсабаевтың (баритон) қатысуымен өтетін «Элегиялық көңіл-күй» атты камералық музыка кеші 26 қазанда театрдың Камералық залында өтеді. «Bel Canto музыкалық салоны» аясында өтетін концертке, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова (скрипка), халықаралық байқаулардың жеңімпазы Асқар Мұқанов (виолончель) қатысады. Фортепиано партиясында – […]

24.10.2016
«Дон Кихоттың» костюмдері

«Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапино «Астана Опера» театрымен бірлесіп, сегізінші спектакльдің қойылымын әзірледі. Костюмдер бойынша әлемге әйгілі суретші өзінің сұхбатында 25 және 26 қарашада тұсауы кесілетін Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінің костюмдерін дайындау барысындағы жұмысы, Испаниядағы өмірі мен қазақстандық әртістермен қарым-қатынасы жайлы әңгімеледі. – «Дон Кихот» балетіндегі костюмдер дизайнының ерекшелігі жайлы айтып беріңізші, сізді не […]

21.10.2016
Жаңа буын музыкасы

Талантты қазақстандық музыканттардың жаңа толқыны – Рахат-Би Әбдісағин, Азат Мәлік, Назым Сағынтай, Қалқаман Дүйсенбаев – олардың есімі шетелде кең танылған. Жас әншілердің қатысуымен 21 қазан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жастар шығармашылығы» концерті өтеді. Кеште елорда қонақтары мен тұрғындарына дарынды музыканттардың шығармашылығымен танысу ұсынылады. Рахат-Би Әбдісағиннің жасы небары 17, алайда ол 100 жуық шығарманың […]

19.10.2016
Италяндық балет жұлдыздары Астанаға келеді

29 қазан күні елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Опера» театрының жарқыраған әртістері мен неаполитандық Сан-Карло театрының белгілі әртістерінің қатысуымен керемет Гала-балет ұсынылады. Концерт «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижері – Арман Оразғалиев. Сан-Карло театры атынан 6 солист келеді, соның екеуі – миландық Ла Скаладан шақырылғандар: кербез Антонелла Альбано және жүректі баурап алатын Маурицио […]

18.10.2016
Алып тұлғалы Барток

Белгілі венгрлық пианиношы Балаж Рети және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігіндегі «Астана Опера» Камералық оркестрі, «Бела Бартоктың микрокосмосы» атты концерт ұсынады. Венгрлық ұлы композитордың 135 жылдығына арналған музыкалық кеш 17 қазан күні театрдың Камералық залында өтеді. Әйгілі шебер пианиношы, әлем халықтарының ән шығармашылығын зерттеуші ғалым-фольклоршы Б. Барток ХХ ғасырдың терең ойлы әрі ықпалды […]

15.10.2016
Ұлы Абайдың әуені Ресей композиторына шабыт берді

Композитор әрі дирижер В. Соболевтің (Санкт-Петербор, Ресей) «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық пьесасының әлемдік тұсаукесері 19 қазанда «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. Жаңа шығарма Симфониялық оркестрдің солисті, бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаеваға арнайы жазылған. Ол халықаралық байқаулардың дипломанты Долорес Үмбетәлиевамен (фортепиано) бірге елордалық әнсүйер қауымға «Скрипка музыкасының жауһарлары» атты концертін ұсынады. Абайдың ең танымал «Айттым […]

14.10.2016
Эдуард Мартынюк пен Владимир Ванеев «Тоскада»

ІІІ Халықаралық “Жібек жолы” фестивалі аясында 27 қазанда өтетін Дж. Пуччинидің “Тоска” операсына Ресей жәнеБеларусь елінен қонақтар келе жатыр. Марио Каварадосси партиясын Эдуард Мартынюк (Беларусь) дайындауда. Қаскүнем Скарпианың бейнесін Ресейдің халық әртісі Владимир Ванеев сомдайды. Басты рөлде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маргарита Дворецкая. Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. – Қазақстанда мен алғаш рет өнер көрсетпекпін, сондықтан осы елмен және мен оның тамаша адамдарымен танысуды асқан ықыласпен күтудемін. Каварадосси партиясы – менің ең […]

13.10.2016
Ғарыш музыкасы

К. Орфтың ең үздік және ең танымал “Кармина Бурана” шығармасы 18 қазанда «Астана Опера»театрының Үлкен залы сахнасында ұсынылады. Кантата ІІІ Халықаралық “Жібек жолы” фестивалінің және Рухани мәдениеттің дүниежүзілік форумы күні аясында орындалады. Ежелгі Рим құдайы Фортунаның көзі көрмейтін, ал оның басты белгісі болып табылатын дөңгелек – оның алдына келгеннің бәрі бірдей екендігінің символы еді. Шыр көбелек айналдырар тағдырға тосқауыл болу мүмкін емес – бүгін […]

10.10.2016
Балет-бестселлер

Аты аңызға айналған Борис Эйфман атындағы Санкт-Петерборлық академиялық балет театрының гастрольдік сапары небары екі күн – 14 және 15 қазанда өтеді. Труппаның орындауындағы А.С. Пушкин романының желісімен П.И. Чайковский мен А. Ситковецкийдің музыкасына жазылған («Автограф» рок тобы) «Евгений Онегин» балеті, «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында алғаш рет қойылмақшы. Басты партияларды белгілі бишілер орындайды. Онегин […]

6.10.2016
Көрерменді немен еліктіруге болады?

Елорда қонақтары мен тұрғындары ІІІ Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында опера және балет өнеріндегі әртістердің шығармашылығын бағалап үлгерді. 12 қазанда көрерменге ұсынылатын бағдарламада «Астана Опера» Симфониялық оркестрі басты назарда болады. Дирижері – айтулы маэстро, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев. Фортепиано партиясын фестиваль қонағы – болашағынан зор үміт күтетін пианиношы Миюджи Канеко (Жапония-Венгрия) орындайды. Талантты […]

4.10.2016
Тағы да жұлдыздар

Елордалық әнсүйер қауым үшін әйгілі маэстро Сергей Ролдугиннің шығармашылығымен танысудың мүмкіндігі туды. Тамаша дирижер, Ресейдің халық әртісі 4 қазан күні «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында өнер көрсетеді. Жоба Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп ұйымдастырылған. Кеште тыңдарманды ұлы классиктердің шығармашылығымен кездесу күтіп тұр. Көрермен назарына В.А. Моцарттың «Кішкентай түнгі серенадасы» және П.И. Чайковскийдің «Ішекті оркестрге […]

3.10.2016
Венаға музыкалық саяхат

Веналық белгілі пианиношы Штефан Маттиас Ладеманн «Астана Опера» театрының талантты солисттерімен бірге тыңдарманды «Венаға музыкалық саяхатқа» шақырады. 8 қазанда театрдың Камералық залында атақты австриялық композиторлардың жауһарлары ІІІ Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында орындалады. Бұл әдемі көне қала әлемнің музыкалық астанасы құрметті атағына кездейсоқ ие болған жоқ. Венаның бай мәдени мұрасы, тарихы соңғы жүзжылдықтағы батыс-еуропа музыкасының […]

3.10.2016
Күздің романтикалық әуендері

Жарқыраған виолончелист, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Рүстем Хамидуллин ІІІ Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінде өнер көрсетеді. «Күздің романтикалық әуендері» атты концерті «Астана Опера» театрының талантты солисттері – халықаралық байқаулардың жеңімпазы Ескендір Әбжанов (баритон), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано) және Рахымжан Баспаевтың (фортепиано) қатысуымен 4 қазан күні камералық залда өтеді. Музыканттар әулетінен шыққан Рүстем Хамидуллин – Гнесиндер атындағы Ресей […]

1.10.2016
Жаңа директор «Астана Опера» театрының ұжымына таныстырылды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Астана Опера» театрының ұжымына театрдың жаңа директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ахмедьяров Ғалым Алғиұлын таныстырды.

30.09.2016
Бірлескен шығармашылықтың сиқыры, немесе «Жібек жолындағы» «Травиата»

Украинаның еңбек сіңірген әртісі Зоя Рожок (Украинаның ұлттық операсы) көрнекті италяндық композитор Джузеппе Вердидің «Травиата» операсындағы Виолеттаның партиясын орындайды. 7 қазан күні қазақстандық вокалшы-серіктестері онымен бірге сахнаға шығып, өнер көрсетеді, сондай-ақ, Альфред Жермонның партиясын орындаушы – Юрий Городецкий (Беларусь үлкен театры). Дирижері – ресейлік дирижер Валерий Воронин. Зоя Рожок Польша, Франция, Сербия, Словакия, Алмания, Ресей, […]

28.09.2016
Екі ел аясындағы махаббат драмасы

Б. Асафьевтің “Бақшасарай бұрқағы“ драмалық балетінің негізінде – Шығыс пен Батыс ұлттық дәстүрінің қарама-қайшылығы, махаббат үшбұрышы мен қайғылы адам тағдыры. 28 қыркүйекте басты кейіпкерлер – Мария мен Вацлавтың бейнесін Беларусь балетінің жұлдыздары – прима–балерина Людмила Хитрова мен Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі Олег Еромкин өз шеберліктерімен жеткізеді. Беларусь Үлкен театрының әртістері «Астана Опера» театры сахнасында, III «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің аясында өнер көрсетеді. Қойылымды шығаруда ат салысқандар: қазақстандық хореографтар – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек […]

26.09.2016
Атақты «Форте-трио» ұжымы Астанада өнер көрсетеді

«Форте-трио» ұжымының шебер музыканттары «Астана Опера» театрының Камералық залында «Камералық музыканың алтын беттері» концертін ұсынады. Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары – Қазақстанның мемлекеттік симфониялық оркестрі мен «Қазақстан камератасы» мемлекеттік камералық оркестрінің бірінші срипкасы Еркебұлан Сапарбаев, виолончельші Мұрат Нарбеков және ұжымның көркемдік жетекшісі, белгілі пианиношы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев 27 қыркүйек күні талғамы жоғары көрермен үшін […]

22.09.2016
«Астана Опера» гастрольдері Қытайда басталады

“Астана Опера” театрының балет труппасы Үрімшіге (Қытай) мазмұнды бағдарлама алып бармақшы. Әртістер 25 және 26 қыркүйекте, Шыңжан театрының сахнасында өтетін Гала балетте өнер көрсетеді. 30 астам биші классикалық балет мұрасынан нөмірлер орындайды. Мәселен, аспан асты елінің көрерменіне Ц. Пунидің“Эсмеральда” балетінен Па-де-сис, Й. Байердің «Қуыршақтар перісі» балетінен трио, К. Сен-Санстың “Өлім алдындағыаққу”, Л. Минкустың “Дон Кихот” балетінен па-де-де, Н. Римский-Корсаковтың “Шехеразада” балетінен дуэт және тағы басқаларын ұсынады. – Біз Халықаралық Шыңжан би фестиваліне барамыз, бұл, бір жағынан, мәдени тәжірибе алмасу болады. 2014 жылы қытайлық би өнерінің шеберлері “Астана Опера” […]

21.09.2016
Үш бірдей жеңіс

«Астана Опера» театрының солисттері Халықаралық балет әртістерінің III байқауында жеңіске жетті. Гран-при сыйлығына балеттің жетекші солисті Бақтияр Адамжан, құрметті бірінші орынға және Астана әкімшілігінің арнайы сыйлығына балет солисті Серік Нақыспеков ие болды. Екінші орын балеттің жетекші солисті Еркін Рахматоллаевқа берілді, сонымен қатар ол классикалық мұраны өзіне тән ерекшелікпен жеткізгені үшін Петипа мұрасы Қорының және Братиславаның «PETIPA PRIX» Ұлттық […]

19.09.2016
Италия және Беларусь қонақтары «Астана Опера» театрында

Италия, Беларусь және Казақстан әртістері «Жібек жолы» фестивалінде кездеседі. Жетекші солисттер, хор және “Астана Опера” Симфониялық оркестрі Үлкен зал сахнасында итальяндық композитор Джакомо Пуччинидің көрнекті туындысы “Мадам Баттерфляйді” ұсынады. Италиядан келген маэстро Джузеппе Акуавива дирижерлық тізгінді қолына алады. Бас партияны Беларусь халық әртісі Нина Шарубина орындайды. Австрия, Алмания, Испания, Нидерланд, Франция, Швейцария, Тайланд, Ұлыбритания тағы […]

16.09.2016
Жас музыканттар үш дәуірдің музыкасын ұсынады

Жас музыканттар, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары – Зере Төлегенова, Арман Жексенбай, Айдар Қазкен – 24 қыркүйекте «Астана Опера» театрының Камералық залысахнасында барокко дәуірінің музыкасын, ХХ ғасырдың романтизмі мен музыкасын орындайды. Қазақ ұлттық университетінің түлектері: пианиношы Зере Төлегенова, скрипкашы Арман Жексенбай және виолончельде ойнайтын Айдар Қазкен – «Вивальдиден Пьяццоллаға дейін» атты бағдарлама дайындады. Музыканттар П. Чайковский, А. Вивальди, А. Пьяццолла, Қ. Шілдебаев және Е. Брусиловский […]

14.09.2016
Абайдың әлеміне саяхат

Елордалық опера және балет театры өзінің төртінші маусымын А. Жұбанов пен Л. Хамидидің«Абай» операсымен ашады. Белгілі режиссер Джанкарло дель Монако (Италия) мен көрнекті қоюшы дирижер Алан Бөрібаевтің қойылымындағы бірегей ұлттық спектакль Астана тұрғындары мен қонақтарына III Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында ұсынылады. Биыл қазақтың композиторлық өнерінің алыптары – А. Жұбанов пен Л. Хамидидің туғанына 110 жыл толғанын еске салайық. Әйтсе де, «Астана Опера» Үлкен залының аса көрнекті композиторлардың туындысымен ашылуы, кездейсоқ емес, неге десеңіз, ол театрдың […]

8.09.2016
Шеберлер ішіндегі «асқан шебер»

18 қыркүйек, Астана. Әйгілі “Виртуозы Москвы” камералық оркестрінің бірінші скрипкасы, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алексей Лундин ІІІ Халықаралық “Жібек жолы” фестиваліне қатысады. Шебер скрипкашы “Астана Опера” театрының Камералық залы сахнасында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін өзінің ауқымды бағдарламасын ұсынбақшы. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрі қатысады. – Мен өзім де […]

2.09.2016
Астанада III Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді

Биыл қыркүйектің 10 мен 17 аралығында Астанада ІІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді. Конкурстың құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы, соңғы жылдары Қазақстанның хореография өнерін дамытуға зор үлес қосып келе жатқан «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» жеке қоры.   ІІІ Халықаралық балет әртістері конкурсының Бас серіктесі – Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры. […]

31.08.2016
Сеулдегі қазақстандық балеттің жеңісі

Отандық балет жұлдызы, “Астана Опера” театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан Сеулдегі (Корея Республикасы) XIII Халықаралық би байқауында жеңіске жетіп, таңғалдырды. Әртіс “Классикалық би” санатының ерлер арасындағы ересектер тобында виртуоздық техникасы және жоғары кәсіби орындауымен тек көрермендердің ғана емес, әділ қазылардың да назарын жаулап алып, 1-ші орынға ие болды. 6 мен 10 тамыз аралығында Корей Ұлттық […]

12.08.2016
Концерт маусымының салтанатты ашылуы

7 қыркүйек, Астана. ІV концерт маусымы «Астана Опера» театрының Камералық залында ашылады. Кеш белгілі қазақстандық музыкант Эльдар Сапараевтың жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрінің қатысуымен өтеді. Жеке орындауда – халықаралық байқаулардың жеңімпазы, пианиношы Әлібек Әлпиев. Көрермен назарына, В.А.Моцарттың К.19, №4 Ре мажор симфониясы, И.С.Бахтың BWV 1052 Пернелі ре минор концерті және Ф.Шуберттің D.485, №5 Си-бемоль мажор симфониясы ұсынылатын болады. Камералық зал жетекшісі […]

10.08.2016
“Астана Опера” театрының жаңа маусымының ашылуы

Бұл – “Астана Опера” театрының кезекті IV маусымы. Жазғы үзілістен кейін көрерменді ендігі театр маусымы несімен таң қалдыратыны, қай гастрольші өзінің шығармашылығымен қуантатыны және күзгі маусымның қашан ашылатыны жайлы сұрақтар мазалайды. Ендеше, сәл сабыр сақтайық! Аз ғана уақыттан кейін театрдың Үлкен зал сахнасы ашылады: 22 қыркүйекте III Халықаралық «Жібек жолы» музыка фестивалі басталып, 15 қарашаға […]

5.08.2016
Кемеңгер мерейтойы

24 тамыз, Астана. Ұлы композитор В.Ц.Моцарттың туғанына 260 жыл толуына орай бүкіл әлем бойынша концерттер ұйымдастырылуда. «Астана Опера» театрының Камералық залы да концерттік маусымын «Өлмейтін Амадеус» мерекелік бағдарламасымен аяқтамақшы. Концертте «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов және Мәдениет қайраткері Айсұлу Байкенова, сондай-ақ, «Астана Опера» камералық оркестрінің музыканттары өнер көрсетеді. Дирижер […]

3.08.2016
Музыка – еркіндік

17 тамыз, Астана. «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Музыка – мәңгілік» концерті өтеді. Кеш бойы сахнада – «Астана Опера» театрының солистері – Татьяна Вицинская, Елена Низамутдинова, Ескендір Абжанов және шақырылған әнші – контратенор Тимур Низамеев өнер көрсетеді. Сондай-ақ, концертке «Астана Опера» Ішекті триосы қатысады. Ренат Тибальди атындағы және Марио Дель Монако (Пезаро, Италия) халықаралық академиясын бітірген […]

1.08.2016
Виртуалды емес, музыкалы достар…

19 тамыз, Астана. Белгілі виолончельші Эльдар Сапараев Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде бірге оқыған сыныптас-достарымен бірлесіп, «Астана Опера» театрының Камералық залында «Армандар орындалады» атты концерт ұсынбақшы. Бір кездері бірге оқып, болашақта сахнаға шығып, өз орындауларындағы жоғары классиканы тыңдармандарына ұсынуды арман еткен жастардың ізгі тілектері орындалғандай. Бүгінгі күні олардың әрқайсысы өнер әлемінде өзіндік орыны бар […]

28.07.2016
Үш елдің музыканттары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

12 тамыз, Астана. Франция, Швейцария және Ресейдің белгілі әншілері «Астана Опера» театрының Камералық залында өнер көрсетеді. Олар музыка тарихындағы кемеңгер композитор Иоганн Себастьян Бах шығармашылығына арналған «Бах шығармашылығындағы үндестілік» атты концерттік бағдарлама ұсынады. Бұл кеште сахнаға РашельКисаканин (скрипка, Франция), Эльдар Сапараев (виолончель, Швейцария), Павел Романенко (альт, Ресей, Мәскеу) шығады. Кеш бағдарламасына И.С. Бахтың шығармалары – виолончельге […]

22.07.2016
Еселенген шабыт

30 шілде, 2016 жыл, Астана. Пианиношылар құрамына халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Александра Егорова және Ая Болатовадан құралған «Lotus Bleu» фортепианолық дуэті «Астана опера» театрының Камералық залы сахнасында «Еселенген шабыт» концертімен өнер көрсетеді. «Lotus Bleu» дуэтінің орындауында ХІХ-ХХ ғасырлардағы шетелдік композиторлардың, сондай-ақ американдық жас композитор, пианист, бейнеопродюсер мен жазушы Грег Андерсонның шығармалары ұсынылатын болады. Орындаушылардың айтуынша концерт аясында бұрын орындалмаған шығармалар […]

20.07.2016
Есепсіз аншлагтар

«Астана Опера» театрының ІІІ маусымы да аяқталып қалды. 2015 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта көптеген қызықты шаралар өткізілді. Үлкен сахнада 4 премьера өтті, барлығы жайлы рет-ретімен айтатын боламыз… Бұл маусымда сахнада тек опера мен балет қана емес, вокалшылар мен бишілердің де екі премьерасы қойылды. Театр репертуары А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы, Л.Минкустың […]

18.07.2016
Таңғажайып романс

28 шілде, Астана. Алғашқы нотасынан-ақ тануға болатын, музыканттардың бірнеше буынын шыңдаған әуендер «Тартымды романс» концертінің бағдарламасына енгізілді. Еліктіріп әкететін кеш «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. – Әрбір романс терең сезімге толы ақпарат береді. Бұл музыка тыңдарманды мейірімділікке, қарым-қатынастағы тазалыққа тәрбиелеп, адамды лирикалық үйлесімділікке бағыттайды. Біздің концертімізге келген көрерменде міндетті түрде позитивті сезім пайда болады, олар […]

15.07.2016
Бақтияр Адамжан Түркияда Бас жүлдені иеленді

Қазақстан балетінде жанып келе жатқан жарық жұлдыз, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Бақтияр Адамжан Стамбулда (Түркия) өткен Балет әртістерінің V халықаралық конкурсында Бас жүлдені қанжығасына байлады. 2016 жылдың 8 шілдесінде Сюрей опералық театрында (Қадыкей ауданы, Стамбул қ., Түркия) конкурсқа қатысу мақсатында Қазақстан, Ресей, Австралия, Бразилия, Болгария, Жапония, Канада, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея және көтпеген басқа […]

14.07.2016
Батыржан Смақовтың оралуы

20 шілде, Астана. Сирек кездесетін дауыс иесі – контратенор – Батыржан Смақов (Италия) «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Орфейдің оралуы» концертінде Орфейдің рөлін орындайды. Жұлдызы жанып келе жатқан әншімен бірге сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақпал Бекмағамбетова (скрипка) және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Асқар Мұқанов (виолончель) шығады. Концертмейстер – Раушан Бескемпірова. Италияда оқып, жұмыс істегеніне […]

12.07.2016
Маусымның жабылуына арналған тұсаукесер

Екі бөлімнен тұратын гала-концерт “Астана Опера” театрының үшінші маусымын аяқтайды. 16 шілдеде Үлкен зал сахнасында өтетін салтанатты кеш аясында Л. Минкус пен Э. Дельдевездің “Пахита” балетінен жарқыраған Гран-паның тұсауы кесіледі. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Ресей халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жарқын да айбынды дивертисмент тұсаукесерін Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Мәдина Баспаева, Гауһар Усина, Жандос […]

8.07.2016
Дон Кихот Астанада

2016 ж. 28 және 29 қазаны, Астана. «Астана Опера» театрының төртінші маусымы Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінің тұсаукесерімен басталып, қала қонақтары мен тұрғындарын қуанышқа бөлемекші. Қоюшы балетмейстер – Ресейдің халық әртісі, «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Жарқыраған, әзіл мен құштарлыққа толы балеттің адамды қуанышқа бөлейтін сатирасы мен сарқылмайтын қуаты назарымызды, испандық жазушы […]

5.07.2016
Дина Хамзина: «Мен үшін рөлдердің бәрі бірдей»

6 шілде күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында қойылатын «Абай» операсында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, баурап алар әсем қоңыр дауысты меццо-сопрано Дина Хамзина Қарлығаштың партиясын алғаш рет орындайды. – Аталған партия арқылы мен композиторлар А. Жұбанов пен Л. Хамиди дүниеге әкелген, Қазақстанның музыка өнеріндегі көрнекті шығармалардың бірі саналатын ұлттық операға жақындай түстім. Маған барлық рөл […]

30.06.2016
Өмірге мән берген ән

Ән арқылы әр халықтың мінез-құлық ерекшелігін жеткізуге болады, ән тәрбиелейді, дамытады, ең бастысы –біріктіреді. 30 маусымда Камералық залдың сахнасында “Ән – халықтың ажары” атты концерт өтеді.   Кешке «Астана Опера» солисттері -халықаралық байқаулардың лауреаттары Роза Нұркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Рамзат Балакишиев (тенор) және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев (баритон) қатысады. Фортепиано партиясында – Меруерт Жекенова мен Ирина Кургузкина. – Бұл концертпен біз Камералық залдың […]

28.06.2016
Ерекше балет

2016 жыл, 2 шілде. Астана. Елорда күні қарсаңында Тәуелсіздік сарайы алдындағы ашық алаңда «Астана Опера» театры Л. Минкустың керемет «Баядерка» балеттік спектаклін ұсынады. Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа жобасы – ашық аспан астындағы балеттік қойылымы – Астана күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша сый болады.  Ұйымдастырушылар әсерлі де жарқын, ауқымды бейне-инсталляциялы сауықтық балет, қаламыздағы […]

27.06.2016
Армандағы балет

Еуразияда алғаш рет «Париж Құдай Анасының соборы» балетінің тұсауы кесіледі. Спектакль 24 және 25 маусым күндері «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында өтеді. «Ролан Пети балеттері» қоры (Франция) елордалық театрға аты аңызға айналған балетті қазақстандық сахнада қоюға эксклюзивті құқық берді. Қойылымды жүзеге асырмас бұрын, Қор өкілдері балеттік труппаның мүмкіндігін бағалады. Қазақстандық әртістердің шеберлік деңгейі жоғары […]

24.06.2016
Экрандағы әуендер

26 маусым күні «Астана Опера» театрының Камералық залында театрдың Камералық оркестрі, хоры және солисттерінің қатысуымен «Экрандағы әуендер» концертінің жалғасы өтетінін ән сүйер қауымға жар саламыз. Концерт бағдарламасы ересектермен қатар, балалар арасында да жоғары сұранысқа ие. Былтырғы концерт – кино әуені – өткенге оралтып, қазіргі уақытты сезінуге және болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік бере отырып, адам жанына […]

22.06.2016
Рудольф Нуреевтің костюмі Астанаға әкелінді

«Париж Құдай Анасының соборы» балетінің тұсаукесері аясында, әлемге әйгілі кутюрье Ив Сен-Лоранның театрлық костюмдері көпшілік назарына ұсынылады. Олардың қатарында ХХ ғасырдың атақты бишісі Рудольф Нуреевтің сахналық  киімі де бар. Көрме небары екі күн – 24, 25 маусымда елордалық театрдың басты фойесінде өтеді. Опера және балет спектакльдеріне, сондай-ақ театрды көруге келгендер «Париж Құдай Анасының соборы» балетінің 10 […]

21.06.2016
Музыкалық тұсаукесерлер кеші

«Астана Опера» қазақстандық композиторлардың шығармашылығына қолдау көрсетіп келеді. 22 маусым күні елордалық театрдың Камералық залында қазіргі заманғы отандық авторлардың музыкалық шығармаларынан «Тұсаукесерлер кеші» өтеді. Концерт Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазіргі заманғы композиторлар» циклы аясында жүзеге асады.  Тыңдарман назарына танымал композиторлардың шығармашылығымен қатар, жастардың да туындылары ұсынылады, атап айтсақ: К. Дүйсекеев, Б. Қыдырбек, С. Әбдінұров, […]

20.06.2016
ХХ ғасырдың музыкалық хиттары

«ХХ ғасыр хиттары» концертінің әндері бұрын әр үй, аула, көше және алаңдарда, теледидар экрандарында орындалатын, олар барлық мейрамдар мен іс-шараларда шырқалатын. Оларды 19 маусымда «Астана Опера» Камералық залында тыңдауға болады. Елордалық тыңдарманға М. Таривердиев, А. Зацепин, Н. Богословский, Т. Хренников, Э. Колмановский, А. Пахмутова, Е. Мартынов, Е. Крылатов сияқты әйгілі авторлардың музыкалық шығармалары мен көпшілік […]

14.06.2016
Үлкен сахнадағы балет

«Астана Опера» театрының жарқыраған жетекші солисті Гауһар Усина мен еліктіргіш балет әртісі Жәнібек Иманқұлов Беларусь Республикасының Үлкен театрында өнер көрсетпек. 17 маусым күні қазақстандық жұп «Үлкендегі балет жазы» фестивалінің гала концертіне қатысады. Әртістер белорустық көрермен назарына атақты шебер Б. Эйфманның қойылымындағы әйгілі «Роден» балетінен және Дж. Уильямстың музыкасына қойылған «Жоғалған жұмақ» миниатюрасынан үзінді ұсынады. Хореограф […]

10.06.2016
Аргентиндік пианиношы елорда көрермені үшін өнер көрсетеді

Аргентиндік әйгілі пианиношы, Женева консерваториясының Құрметті профессоры Луис Аскот Қазақстанда алғаш рет жеке концертін береді. «Лист, Шопен және аргентиндік танго» музыкалық кеші 16 маусым күні «Астана Опера» театрының камералық залында өтеді. Америка, Еуропа, Үндістан және Қытай елдерінде концерт бергенде, музыкант бағдарламасына міндетті түрде Ференц Лист пен Альберто Хинастераның туындыларын енгізді. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені оның […]

9.06.2016
«Астана Опера» концертті басқа күнге ауыстырады

Қазақстанда ұлттық қаралы күн жариялануына байланысты «Астана Опера» театры 9 маусымда өтуі тиіс «Махаббат гүлі» концертін 11-не ауыстырады. Бағдарлама 18:00 Камералық залда өтеді. Театр дирекциясы Ақтөбедегі ланкестік әрекет салдарынан қаза болғандардың отбасына шын жүректен көңіл айтады. – Әскери қызметкерлер батырлық танытты. Құқықтық тәртіп органдары қызметкерлері өмірлерін қиып, ланкестер әрекетіне төтеп берді. Олардың кәсіпқойлығына құрметпен қараймыз, айбынды да, ержүрек […]

8.06.2016
Балаларға арналған музыкалық карнавал

Жазғы демалыспен бірге балаларға арналған мерекелік іс-шаралар да жалғаса береді. 11 маусым күні «Астана Опера» театрының Камералық залында мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған қайырымдылық концерті өтеді. Жас тыңдарман үшін К. Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» орындалып, естелік сыйлықтар таратылады. Бұл күні сахнада «Астана Опера» Камералық оркестрі дирижер Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен өнер көрсетеді. Концерт қазақ […]

8.06.2016
Күн нұрындай музыка

Отандық музыка классикасының жауһарлары, еліміздің халық әндері, сонымен қатар заманауи қазақстандық авторлардың ең үздік шығармалары елордалық театрда шырқалады. 11 маусымда «Астана Опера» Камералық залында «Әрқашан күн сөнбесін! Әрқашан бейбітшілік болсын!» атты концерт өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Бейімбет Таңарықов, Нарұл Төйкенов, Роза Нұркей, Елена Низамутдинова, Елена Ганжа, Қазыбек Досмұхамбетов, Алмат […]

7.06.2016
Жаңа форматтағы “Аттила”

Ғұндардың көсемі елордалық театрдың Үлкен залына қайтып оралады. 8 маусым күні «Астана Опера» сахнасында Дж. Вердидің «Аттила» спектаклінің қойылымы. Музыкалық жетекші әрі дирижер – Абзал Мұхитдинов, қоюшы режиссер – Наталья Кагадий, сценограф – Виктор Караре, қоюшы хормейстер – Ержан Дәуітов, қоюшы хореограф – Тұрсынбек Нұрқалиев, жарық суретшісі – Евгений Тихонин, бейнепроекция суретшісі – Нұрлан Әбішев.  Опера Захариус Вернердің «Аттила, ғұндар патшасы» трагедиялық романының желісіне құрылған. Оқиға […]

4.06.2016
Әртістерде жұмысқа деген құлшыныс бар

Театр әлемге танымал болып туа қалмайды, оны әйгілі ететін көрнекті тұлғалар. Ресейдің халық әртісі, «Астана Опера» театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова осындай әйгілі тұлғалардың бірі. Кезінде оның сахнаға шыққаны мұхиттың арғы жағындағы талай жанның жүрегін тебірентіп, жанкүйерлерін дүние жүзі бойынша соңынан еруге мәжбүр етті. Қазір ол үлкен жобаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқарып […]

3.06.2016
Нью-Йорктегі жеңіс!

Әлемге әйгілі қазақстандық асқан шебер скрипкашы, «Астана Опера» театрына шақырылған солист Ержан Күлібаев, 31 мамырда Нью-Йоркте аяқталған І Манхэттендік музыка байқауының ішекті аспаптар номинациясы бойынша Бірінші сыйлық (үздік) иегері атанды. Халықаралық «Manhattan Music» байқауының мақсаты – әртістігімен, сахнадағы өзгеше дарындылығымен ерекшеленген орындаушыларды тауып, олардың халықаралық деңгейде өсуіне қолдау көрсету. 8 маусым күні жеңімпаз музыканттар әйгілі Карнеги-холл […]

2.06.2016
Дина Хамзина Македонияда өнер көрсетеді

31 мамырда Македония опера және балет театрының (Скопье) сахнасында опералық фестиваль аясында Дж. Вердидің «Аида» спектаклі қойылады. Амнеристің рөлінде «Астана Опера» театрының опера труппасының жетекші солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, теңдесі жоқ меццо-сопрано иегері Дина Хамзина өнер көрсетеді. Әнші македониялық труппамен дайындық жүргізу үшін Скопьеге 27 мамырда келді. Айта кету керек, бас партияларды Весна ​Гиновска-Илкова (Aида), […]

30.05.2016
Біздің күн

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін атап өту аясында 25 мамырда театрдың өнер ұжымы қызметкерлеріне «Астана Опера» дирекциясының атынан алғыс хаттар табысталды. Опера, балет, оркестр, хор, тігін қызметкерлері, бутафор және костюм цехтары, сондай-ақ, режиссерлік басқарма қызметкерлерінің ерен еңбектері аталып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы жарлығы бойынша 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің […]

28.05.2016
Жаңа орындаушылар, маңызды рөлдер

Пуччини шығармашылығының ең үздік туындысы – «Мадам Баттерфляй» операсы 10 және 12 маусымда тыңдарман назарына ұсынылады. 10 маусымда «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында сицилиялық тенор Анджело Виллари Пинкертонның партиясын орындаса, екі күннен кейін бұл рөлді операның жетекші солисті Мейір Бәйнешов алғаш рет шырқайды. Бас партияны 12 маусым күні бірінші рет Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері […]

26.05.2016

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры