Жаңалықтар

Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық опера өнерінің байқауы Астанада өтуде

24-29 шілде күндері «Астана Опера» театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында әлемдегі ең мәртебелі «Пласидо Домингоның Опералия» опера байқауы өтеді. Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Домингомен құрылған опера өнерінің әлемдік байқауын жобаның бас демеушісі «Rolex» компаниясы ұсынады. «Опералияның» жиырма бесінші маусымына қатысатын әлемнің 17 елінен келген 40 дарынды жас орындаушылардың қатарына «Астана Операның» солисті, […]

25.07.2017
Ұлы Дала Еліндегі Ұлы Музыка

Атақты маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Густав Малердің №8 Симфониясының орасан зор қазақстандық тұсаукесері 21 шілде күні «Астана Опера» МОБТ-да өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ауқымды жобасы «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасы аясында орын алмақ. Концертке 1200 музыкант қатыспақ, оның ішінде вокалистер – «Астана Операның» жетекші солистеріСалтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Айгүл Ниязова, Нұрлан Бекмұхамбетов, Татьяна Вицинская, сонымен […]

21.07.2017
Г.Малердің № 8 симфониясының премьерасы «Астана Операға» 21 шілде күніне ауыстырылмақ

Австриялық классик Густав Малердің танымал №8 симфониясының қазақстандық тұсаукесері 22 шілде, Бейбітшілік және Келісім сарайы алаңынан 21 шілде, сағат 20.00, «Астана Опера» театрының Үлкен залына ауыстырылмақ. Қазақстан мен Италиядан келген 1200 музыкант атақты маэстро, «Астана Операның» бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен өнер көрсетеді. Бұл орасан зор музыкалық жобаны «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының […]

18.07.2017
ЭКСПО-2017 симфониялық рекорды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен әлемге аты әйгілі дирижер Алан Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: біртуар австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант қатыспақшы. Қазақстандық тұсаукесері «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының аясында 22 шілде күні Бейбітшілік және Келісім сарайы жанындағы алаңда өтеді. Густав Малер №8 симфония ми-бемоль мажор шығармасы […]

14.07.2017
Достардың ғажайып кездесулері

«Достар арасында» топтамасынан «Махаббат, еркелік және сиқыр» концерті 27 шілде күні «Астана Операның» Камералық зал сахнасында өтеді. Тыңдарман үшін тамаша дауыс иелері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сопрано Салтанат Ахметова, халықаралық байқаулардың лауреаты, Aalto Musiktheater (Эссен, Германия) солисі, бас-баритон Бауыржан Әндержанов және халықаралық байқаулардың лауреаты, баритон Евгений Чайников ән салатын болады. Сондай-ақ концертке халықаралық байқаулар […]

12.07.2017
Медет Шотабаевтың австриялық бастамасы

«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев Винченцо Беллинидің «Норма» операсындағы Поллион партиясымен дебют жасады. Қазақстандық әнші танымал Graz Opera (Австрия) сахнасында өнер көрсетті. Спектакльдің тұсаукесері 6 мамыр күні өтті, бұдан кейін біздің вокалист тағы 11 спектакльде рим проконсулының партиясын орындады, соңғы өнер көрсетуі 23 маусым күні өтті. – Қойылымды біз […]

5.07.2017
«Астана Операдағы» музыкалық кездесулер

«Астана Операның» шығармашылық ұжымы Камералық залда өтетін қанық әрі алуан түрлі өнер көрсету бағдарламасын ұсынады. 11 шілде күні – «Орфейдің оралуы» көне музыка кеші, ал 20 шілде күні – тыңдарман назарына қазақстандық композиторлардың әндері, романстары мен аспаптық туындылары ұсынылатын «Дархан дала» концерті. «Орфейдің оралуы» концертінде сирек кездесетін контртенор дауыс иесі, Дж.Россини атындағы Пезаро қаласы Мемлекеттік […]

4.07.2017
Скрипка үні

«Астана Опера» Камералық залының репертуарын «Скрипкаға арналған миниатюралар» атты жаңа музыкалық цикл толықтырды. Жобаның алғашқы концерті 15 шілде күні өтеді. – Біз кеш бағдарламасына миниатюралар мен кең түрдегі пьесаларды енгізуді жөн санадық. Бәлкім, тыңдаушылардың ішінен осы жанрлардың бірімен таныстығы басталар. Көрермен қауым бей-жай қалмайтынына сенім білдіремін, себебі бұл өте әсем әуен. Концертке керемет музыканттар, атап […]

1.07.2017
Режиссер «Қыз Жібек» спектаклінен жаңа әсер алуға уәде берді

Ұлттық музыкалық өнер жауһары – Е.Брусиловскийдің тұңғыш қазақша «Қыз Жібек» операсын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақ әуендері» АҚ және «Астана Опера» мемлекеттік театры ашық аспан астында ұсынатын болады. Спектакль Бейбітшілік және Келісім сарайы жанындағы алаңда 5 шілде өтеді. Спектакль ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасына енгізілген. Жібек пен Төлегеннің қайғылы махаббаты жайлы ұлттық лиро-эпостық жырмен аттас либретто […]

29.06.2017
Гүлдене бер, астанам!

«Туған күніңмен, Астана» мерекелік концерті «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. 6 шілде күні көрермен алдына керемет вокалистер, аспапшылар және «Dolce» скрипкашылар ансамблі шығатын болады. Аса қанық бағдарламаны қазақстандық, орыс және батыс еуропалық композиторлардың вокалдық және аспаптық шығармалары әрлеген. Бұл концерт – қонақтарын таң қалдырып, тұрғындарының кеудесіне мақтаныш сезімін ұялататын Қазақстанның жас астанасына деген махаббат […]

27.06.2017
Әлемдік балеттің шоқ жұлдыздары «Астана Операда» жиналмақ

Ресейдің Үлкен театры, Ковент-Гарденнің Корольдік балеті, Берлин мемлекеттік операсы, Бавария мемлекеттік операсының шоқ жұлдыздары, АҚШ-тың танымал Bad Boys of Dance труппасы, сонымен қатар «Астана Операның» жетекші солистері театрдың Үлкен залында өнер көрсетеді. Әлемдік балеттің орасан зор Гала-концерті 29 маусым күні Eurasian Dance Festival І халықаралық балет өнері фестивалінің жабылу аясында өтеді. Фестиваль «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасы шеңберінде Қазақстан […]

22.06.2017
А.Мұхамедиұлы: «Біз әлемдік мәдени кеңістікке нық сеніммен қадам басып келеміз»

 «Астана Опера» театрының жетекші солисі, ұлттық балеттің жарық жұлдызы Бахтияр Адамжан кеше Мәскеуде мәресіне жеткен (Ресей) ХІІІ Халықаралық балет әртістері мен хореографтарының мәртебелі байқауында Бірінші сыйлыққа ие болып, жеке-дара жеңіске қол жеткізді. Сондай-ақ осы байқауда «Астана Опера» балетінің солисі Серік Нақыспеков те дипломант атанды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәртебелі байқауда қазақстандық балетті […]

21.06.2017
«КЛАССИКА ЭНЕРГИЯСЫ» СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА КОНЦЕРТІ

20 маусым күні сағат 19.00-де “Астана Опера” Мемлекеттік опера және балет театрында П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жас өспірімдер байқауының шеңберінде (2017 ж.15-25 маусым) айтулы музыкалық оқиға – ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева мен РФ Халық әртісі Сергей Ролдугиннің қатысуымен “Классика энергиясы”  атты симфониялық музыка концерті болып өтеді. Концерттің ұйымдастырушылары мен серіктестері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақ ұлттық өнер университеті, «Өнер және ғылым […]

19.06.2017
Қазіргі заманға сай

Корейлік танымал Universal Ballet труппасы «Астана Опера» сахнасында 26 және 27 маусым күндері өнер көрсететін болады. Труппаның гастрольдік қойылымы Eurasia Dance Festival Халықаралық балет өнері фестивалі аясында өтеді. Ұжым Начо Дуато, Раймондо Ребек, Охад Нахарин сынды шоқтығы биік қазіргі заманғы хореографтардың авторлық балеттерін ұсынады. «This is modern» кешінің бағдарламасына «Эльф», «Ақ түс», «Минус 7» атты танымал […]

19.06.2017
Елена Сахно Пушкин медалінің иегері атанды

14 маусым күні Ресейдің Қазақстандағы елшісі М.Н. Бочарников «Астана Опера» театры опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахноға Пушкин медалін табыс етті. Мемлекеттік марапат Ресей Федерациясының Президенті В.Путинның Жарлығымен шығарылған. Е.Сахноға осы мәртебелі атақ «Ресей Федерациясы мен Қазақстан халықтарының мәдениетін өзара байыту және жақындатудағы зор үлесі және мәдениет пен өнер саласындағы ерен еңбегі үшін» табыс етілді. […]

16.06.2017
Итальяндық нақыш

Танымал итальяндық музыканттар – Стефано Андреатта (пианист) мен Эдди де Надаи (дирижер) 24 маусым күні «Астана Операның» Үлкен залында «Итальяндық классика» концертін ұсынады. Концертке «Астана Операның» симфониялық оркестрі қатысады. Бағдарламада атақты композиторлардың шығармалары орындалады: Дж. Россинидің «Ала қанат сауысқан» операсына увертюра, Ф.Листтің Фортепиано мен оркестрге арналған №2 ля мажор концерті, сонымен қатар Дж.Вердидің «Тағдыр күші» мен «Жыл […]

16.06.2017
Ұлы Вердидің құпиялары

«Астана Операда» аса көрнекті композитор Джузеппе Вердиге арналған «Верди Верди жайында» бірегей авторлық шоуы ұсынылады. «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының шеңберінде танымал итальяндық драматург, актер әрі режиссер Массимилиано Финаццер Флоридің өнер көрсетуі 23 маусым күні театрдың Камералық залында өтеді. Ұлы музыкалық данышпанның кейпіне енген Массимилиано Финаццер Флори Джузеппе Вердидің шығармашылық жолының ғажайып тарихынан қызықты түрде сыр шертетін […]

13.06.2017
Нью-Йорктегі орасан зор жеңіс

Валентина Козлованың Халықаралық балет әртістері конкурсында VKIBC (Нью-Йорк, АҚШ) «Астана Опера» театрының әртістері қос жеңіске қол жеткізді. «Астана Опера» балетінің жетекші солисті Бахтияр Адамжан «Классикалық би» аталымында осы конкурстың жүзеге асу тарихындағы тұңғыш Бас жүлде иегері атанды. «Астана Опера» солисті Серік Нақыспеков мәртебелі үшінші орынға (қола медаль) ие болды. Конкурс 5-10 маусым күндері өткізілді. Мәртебелі […]

12.06.2017
Франц Шуберттің веналық әуендері

«Астана Опера» музыкадағы Романтизм стилінің негізін қалаушы – Франц Шуберттің туғанына 220 жыл толуын атап өтпек. «Музыка және оның шығарушылары туралы» циклінен алынған «Кешкісеренада» концерті 21 маусым күні театрдың Камералық залында өтеді. Ф.Шуберттің туындылары танымал сопрано–әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері АйгүлНиязованың, сирек кездесетін контратенор дауыс иесі Батыржан Смақовтың, сонымен қатар таланттыаспапшы музыканттар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетованың (скрипка),Нығметолла Кәрімовтың (альт), Асқар Мұқановтың (виолончель), Анатолий Якушкиннің (контрабас), РаушанБескемпірованың, Салтанат Ақбасованың (фортепиано) орындауында көрерменге жол тартады. Ф.Шуберттің шығармашылығында маңызды орын алғантанымал туындысы – неміс ақыны Людвиг Рельштабтыңөлеңіне жазылған «Аққу әні» жинағынан «Серенада»туындысы, «Ұршықтың жанындағы Гретхен» әні, графиняС. Вайсенвольфке арналған Вальтер Скоттың «Су перісі»поэмасынан Элленнің үш әні шырқалатын болады. «Ave Maria Шуберта» деп жиі атайтын үшінші әні кеңінентанымал. Онда поэма кейіпкері Эллен Дуглас Дева Марияғағибадат жасап, дұға қылады. Сонымен қатар концертте адамның табиғатпен үйлесімділікбейнесі жасалған «Форель» әні орындалатын болады. Әсемәуен толқынның жеңіл ойыны, күн көзінің жарқырағансәулелеріне жылғаның сылдырлауы және мөлдір таза судың бетінде зуылдаған алабалықтардың ойыныіспеттес. Осы әннің сарыны A-dur «Форель» фортепианолық квинтеттің төртінші бөлігінің асқан шебернұсқаларына тақырып бола білді. Осы кеште тыңдармандарға австриялық классиктің басқа да туындылары ұсынылады, атап айтқанда,виолончель мен фортепианоға арналған a-moll «Арпеджионе» сонатасы орындалады. Алғашқыда соната 1823жылы веналық шебер И. Штауфер ойлап тапқан, ал қазіргі күні ұмыт болған арпеджионе аспабы үшінжазылған болатын. Бұл ішекті ысқылы аспап виолончель мен гитараға ұқсас. Ұлы композитор әуендерінің ерекше әсемдігі, нәзіктiгi, жігерлілігі, тереңдігі мен камералық лириканыңғажайып қарапайымдылығы көрермен көңілінен шықты. Ұлттық австриялық фольклорге негізделгенФ.Шуберттің музыкасы ХІХ ғасырдағы еуропалық классиканың Романтизм стилінің үздік үлгісі болды. Жүгізуші – музыкатанушы Сәуле Мәулетова. Концерттің басталуы 19.00-де.

8.06.2017
Америкалық және қазақ әуендерінің тоғысуы

Танымал америкалық альтист Денис Краснокутский (АҚШ) «Музыкалық қиылыс» концерттер циклын бастайды. Алғашқы концерт 19 маусым күні «Астана Опера» Камералық залының сахнасында өтеді. Денис Краснокутский әлемнің ең атақты сахналарында өнер көрсеткен америкалық танымал солист және камералық музыкант. Гаррисберг симфониялық оркестрімен, Майами оркестрімен, Рено және Нью-Джерси филармониясымен, Батон-Руж симфониялық оркестрімен, Бэй-Атлантик филармониясы және симфониялық оркестрімен серіктес болған. […]

7.06.2017
ЭКСПО-2017 аясында өтетін Дон Кихоттың хикаялары

25 маусым, 2017. Астана. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақ әуендері» АҚ және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры ашық аспан астында Л. Минкустың «Дон Кихот» балетін ұсынады. Хореографиялық жауһар туынды 25 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы алаңда өтеді. Қоюшы – балетмейстер – Ресейдің халық әртісі, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай […]

1.06.2017
Швеция мен Финляндия музыкасы қалықтайды

Еуропаның белгілі дирижерлерінің бірі Матс Лильефорс (Швеция) және «Астана Опера» Камералық оркестрі «Швеция және Финляндия музыкасының кешін» ұсынады. Концерт 3 маусымда театрдың Камералық залында өтеді. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка). Матс Лильефорстің шығармашылық қызметі оның өнерінің шегін айқындайтын сан түрлі қызық туындылармен ерекшеленеді. Корольдік Балтық симфониялық оркестрінің және Швеция Корольдік камералық […]

30.05.2017
Өнерпаз қырандар

Жазғы демалыстың алғашқы күндерінде «Астана Опера» Камералық залында Балалар күніне арналған «Өнерпаз қырандар» атты тамаша концерт өтеді. 1 маусымда елордалық театрдың балалар студиясының дарынды әртістері өз шығармашылығын ұсынады. Концертке «ОкеанАрт» арт-терапия шығармашылық орталығы театрлық мектебінің тәрбиеленушілері (жетекшісі – Татьяна Жаньярова) қатысады. Ішекті аспаптар ансамблін сүйемелдеу үшін жас музыкант-аспапшылар өнер көрсетеді. Классикалық опера және балеттерден үзінділер […]

29.05.2017
Музыка еліне айналған Австрия

Атақты әнші-сопрано, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева белгілі ұжымы – Ғ.А.Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетімен бірге «Астана Опера» Камералық залында өнер көрсетеді. 30 мамырда «Қазақквартетпен әлемге саяхат» циклінен «Австрия музыкасы» атты концерт өтеді. Елорадалық музыкаға құмар тыңдармандардың дарынды музыканттардың – ішекті аспаптар квартеті қатысушыларының: Айдар Тоқталиевтің, Алексей Лебедевтің (скрипка), […]

27.05.2017
Классикалық музыканың алтын беттері

Қазақстандық опера жұлдыздары Дина Хамзина, Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Айгүл Ниязова, Мейір Бәйнеш, Евгений Чайников, Айзада Қапонова, Галина Чеплакова және дарынды аспап шеберлері елорда тұрғындары мен қонақтарына «Классикалық музыканың алтын беттерінен» циклінен концерт ұсынады. Кеш 2 маусымда «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. «Астана Опера» театрының көрнекті солисттері опера классикасынан ариялар мен дуэттер, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік композиторлардың камералық-вокалдық шығармаларын […]

26.05.2017
«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ашық аспан астындағы салтанатты «Аида»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендерімен» бірлесіп, «Астана Опера» театры әртістерінің қатысуымен Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы ашық алаңда Дж.Вердидің ауқымды операсының қойылымын жүзеге асыратын болады. Пирамида алаңы театр сахнасына айналады, ал көрерменедер залы ашық аспан астында орын алатын болады. Спектакль «ЭКСПО-2017» аясында өтеді. Әйгілі композитор Джузеппе Вердидің «Аида» операсы әлемдік танымалдылыққа ие. Бұл […]

24.05.2017
«Астана Опера» театрындағы «ЭКСПО-2017» арналған іс-шаралар бағдарламасын ұлттық өнер жауһары «Абай» операсы ашады

11 маусымда «Астана Опера» «ЭКСПО-2017» бағдарламасына арналған театрдағы іс-шаралар тізімін ашатын қазақ музыка өнерінің аса көрнекті туындысы – А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» ұлттық классикалық операсын ұсынады. Спектакль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Дирижерлік тізгінде – маэстро Алан Бөрібаев. – «ЭКСПО-2017» тәрізді халықаралық деңгейдегі осындай маңызды оқиғаға арналған іс-шаралардың жарқын бағдарламасын ұсыну – біз […]

22.05.2017
Барокко стиліндегі премьера

Неміс классикасының аса айрықша шығармаларының бірі – И.С. Бахтың Жоғарғы си минор мессасы «Астана Опера» Камералық хоры және оркестрінің орындауында алғаш рет ұсынылады. 24 мамырда театрдың Мәрмәр залында «Қонақжай музыкалық барокко» циклынан ауқымды концерт өтеді. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Иоганн Себастьян Бахтың […]

22.05.2017
«Астана Опера» және Ресейдің Үлкен театры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ресейдің басты ұлттық театры – атақты Үлкен театр Қазақстандағы үздік «Астана Опера» театрымен тығыз ынтымақтастықта болады. 15 мамырда Мәскеуде өткен екі жақты келіссөздер нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қолдау көрсетуімен жүзеге асты. «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров және Ресейдің Үлкен театрының бас директоры Владимир Урин қол қойған меморандумға сәйкес, […]

17.05.2017
Скрипка мен қобыз сазының үндесуі

World Championship of Performing Arts (Лос-Анджелес, АҚШ) алтын медальдерінің иегері ЛәйләТажібаева-Исаева (прима қобыз) 19 мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері БағдатӘбілханов (скрипка), Мәдениет қайраткері Айсұлу Байкенова (скрипка), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Жанар Ахатова (альт) және Курванжан Ахатов (виолончель)сияқты белгілі музыканттармен бірге сахнаға шығады. Солистер «Астана Опера» театрының Камералық залында «Folk & Classic» концертін береді. Концертке жас қобызшылардан құралған «Q квартеті» қатысады, концертмейстері –Айжан Омарова. Көрнекті қазақстандық қобызшы Ләйлә Тәжібаева-Исаева осы жылы шығармашылық қызметінің […]

15.05.2017
Беларусь әртістері қатысатын «Аққу көлі» балеті

Беларусь Республикасы Үлкен театрының талантты әртістері – Яна Штангей мен Егор Азаркевич 14 мамырда П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінде басты партияларды орындайды. Қоюшы балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев және Ғалия Бөрібаева. Қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаhанов.  Одетта-Одиллия партиясын Яна Штангей орындайды. Ол классикалық би техникасын өте жақсы меңгерген. […]

12.05.2017
«Астана Опера» театрының солисті Мария Мудряк «Опералия-2017» байқауына қатысады

Пласидо Домингоның «Опералия» конкурсының жиырма бесінші маусымына қатысатын әлемнің 17 елінен келген 40 дарынды вокал шеберлерінің есімдері белгілі болды; «Опералия» опера өнерінің бүкіл әлемдік конкурсын жобаның бас демеушісі – «Rolex» компаниясы ұсынады. Байқауға қатысушылар арасында «Астана Опера» театрының солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудрякпен бірге төрт қазақстандық әртіс бар. Билеттер «Астана Опера» театрының кассасында […]

11.05.2017
Ең кішкентай көрерменге жаңа музыкалық бағдарлама

Жазғы демалыс қарсаңында жас көрерменге «Театрға саяхат» циклынан «Музыка бейнелейді және суреттейді» атты жаңа бағдарлама дайындалған. 11 мамырда (11:00) және 14 мамырда (12:00) «Астана Опера» театрының Камералық залында балаларды музыкалық қиял әлеміне шарықтататын қызықты саяхат күтеді. Концертке «Астана Опера» театрының опера солисттері, оркестр әртістері және камералық оркестр қатысады. Дирижер – Руслан Баймурзин. Музыкатанушы Маржан Жәкенова балаларды эстетикалық талғамға […]

4.05.2017
«Астана Опера» Жеңіс күнін атап өтеді

9 мамырда «Астана Опера» театрының Үлкен залында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді. «Жеңіс әндері, көктем әуендері» атты концерт бағдарламасына театрдың жетекші опера солисттері қатысады. Режиссердің ойы бойынша музыка көрерменді соғысқа дейінгі уақытқа, сосын соғыс жылдарына жетелейді, ал концерт жеңіс әндерімен аяқталады. Осы кеште дирижерлік тұғырға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдинов шығады. «Астана […]

3.05.2017
Әйгілі әртістер «Богема» операсында өнер көрсетеді

Ең әдемі сопрано дауысының иесі Сандра Пламенац және армяндық бас Бажбеук-Меликян Саркис Дж. Пуччинидің «Богема» операсында өнер көрсетеді. Шақырылған вокал шеберлерімен қатар 5 мамырда «Астана Опера» Үлкен залында қазақстандық әртістер – Нұрлан Бекмұхамбетов, Талғат Мұсабаев, Әлфия Кәрімова, Евгений Чайников шырқайды. Дирижерлік тізгінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Режиссері – Наталья Кагадий. Сандра Пламенац тігінші […]

30.04.2017
Құштарлық музыкасы

Қазақстанның алтын виоленчелі Ермек Құрманаев, дарынды скрипкашы Евгения Құрманаева және керемет пианиношы Гауһар Таспергенова 12 мамырда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жалынды құштарлық» атты концерт ұсынады. Белгілі қазақстандық музыканттардың өнері көрермен махаббатымен бағаланып, құрметті атақтармен және марапаттармен ескерілген. Виолончельші Ермек Құрманаев – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты, пианиношы Гауһар Таспергенова – Елбасы […]

28.04.2017
Қазақстандық сахнадағы бірінші «Манон»

Впервые в Казахстане, на сцене «Астана Опера» состоится грандиозная премьера балета «Манон». Только два дня – 28 и 29 апреля – жителям и гостям столицы будет представлен уникальный спектакль выдающегося английского хореографа Кеннета Макмиллана. Художественный руководитель балетной труппы – Народная артистка России Алтынай Асылмуратова. Ни один другой хореограф не пытался выразить в классическом балете столь […]

28.04.2017
Әйгілі Ла Скала театры Астанада өнер көрсетеді

Аты аңызға айналған миландық Ла Скала театрының керемет солисттері, хоры мен симфониялық оркестрі Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетеді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында италиялық театрдың Астанадағы гастрольдері туралы «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров, Ла Скала театрының бас директоры Александр Перейра және гастрольдердің демеушісі «Eni» компаниясының ресми өкілі баяндап берді. Қазақстандағы Ла Скала театрының […]

25.04.2017
Күшіміз бірлікте

Қазақстан халқы Бірлігінің күніне арналған «Туған еліме тілегім» атты мерекелік концерт «Астана Опера» театрының Үлкен залында 1 мамырда өтеді. Кеш операның жетекші солисттерінің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басқаратын «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Режиссері – Наталья Кагадий. Көрнекті опера солисттері – Жанат Шыбықпаев, Бейімбет Таңарықов, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Қапонова, Татьяна Вицинская сияқты тағы басқа қазақ, армян, […]

21.04.2017
«Астана Опера» театрының ұжымы бір күндік еңбекақысын Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау қорына аударады

«Астана Опера» МОБТ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударады. Мұнымен қатар, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде Астана қ. «Жас Отан» жастар қанаты жанынан құрылған Қоғамдық штаб жұмысын бастады. Театр қызметкерлері өз үлесін қосып, штабқа осындай ауыр жағдайдан зардап шеккендерге қажет азық-түлік пен киім-кешек жеткізді.  

20.04.2017
«Астана Опера» МОБТ өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді

«Астана Опера» МОБТ өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету мақсатында, Астана қ. ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бірлесіп, 2017 жылғы 20 сәуірде 15:00 театр ғимаратында төтенше жағдайлардың туындау жағдайын алдын алуға арналған өрт-тактикалық жаттығу өткізуді жоспарлағанын хабарлайды.

20.04.2017
Лондоннан келген теңдесі жоқ скрипкашы Астанада

Биылғы жыл ол үшін қызыққа толы оқиғалардан – Үндістан қалаларында өткен үлкен турнеден басталды, содан кейін Ұлыбританияның ең беделді залдарында өнер көрсетті. Дарынды скрипкашы Ғалия Бейсенғалиеваның әрбір күні – әрбір минуты есептеулі. Алайда қайда жүрсе де, оның жүрегі әрдайым туған қазақстандықтармен бірге. Бүгінде Лондонда тұратын отандасымыз 4 мамырда, «Астана Опера» Камералық залында «Таңғажайып Моцарт…» концертінде […]

19.04.2017
Жалынды және құштарлыққа толы музыка

Астор Пьяццолланың жанды еліктіріп әкететін, құштарлыққа толы танго әуендерін 19 сәуірде «Астана Опера» Камералық залының сахнасында «Obra maestra Astor Piazzolla» атты аспаптық концертінде тыңдауға болады. Концертке белгілі музыканттар, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары, алыс-жақын шетелдердің жетекші консерваторияларының түлектері: скрипкашы Кирилл Красюков, виолончельші Құрбанжан Ахатов, баяншылар Константин Стригин және Самғар Толқыханұлы, гитарашы Александр Геер, гармоника әуенін Александр […]

15.04.2017
«ASTANA PIANO PASSION» ФЕСТИВАЛІНІҢ АПТАЛЫҒЫНА БАРЛЫҚ КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ

22-28  сәуір аралығында Астанада бірегей фортепианолық музыка апталығы өтеді. “Astana Piano Passion” IV халықаралық классикалық музыка фестивалінің іс-шаралар бағдармаласы тағы да қызыққа толы және алуан-түрлі болмақ. Фестивальдің ашылуы 22 сәуір күні сағат 18:00 «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрімен бірге, С. Рахманиновтың фортепианомен оркестрге арналған […]

14.04.2017
Жарқыраған жұлдыз Ақбике Алғи «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді

Оның есімі Италия, Алмания, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Үндістан, Иордания, АҚШ елдерінде белгілі. Дельфилік ойындардың алтын медаль иегері, көптеген белгілі халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбике Алғи «Астана Опера» Камералық залында өнер көрсетеді. «Жан-жүрегім скрипкамен бірге шырқайды» атты концерт 16 сәуірде өтеді. Заманымыздың әйгілі скрипкашылары – Виктор Третьяков, Эдуард Грач, Захар Брон Ақбике Алғидың шеберлігіне жоғары баға берген. Жас скрипкашының тамаша […]

12.04.2017
Нағыз ғажайып!

«Астана Опера» симфониялық оркестрі француздық ұлы композитор-романтик Гектор Берлиоздың әйгілі Ғажайып симфониясын алғаш рет Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен ұсынады. Концерт 15 сәуірде Үлкен залда әлемнің үздік гобойшыларының бірі Джанфранко Бортолатоның қатысуымен (Италия) өтеді. Кеш бағдарламасын Миландағы Ла Скала, Турин Корольдік театры және Рим операсы театрларының бірінші гобойшысы Джанфранко Бортолато ашады. Ол оркестрдің сүйемелдеуімен Р. Штраустың гобойға арналған […]

8.04.2017
Спектакль оркестрлік шұңқыр арқылы көрермен залына қалай жетеді

Танымал балетмейстер Карл Барнетт XX ғасырдың аңызға айналған хореографы сэр К. Макмилланның «Манон» балетін 10 жыл бойы әлемнің әйгілі театрларында қойып келеді. Корольдік Ковент-Гарден театрының репертуарындағы балеттің тұсаукесері «Астана Опера» сахнасында 28 және 29 сәуірде өтеді. Өзінің сұхбатында балетмейстер ғұмыры ұзақ туындының құпиясын ашты, қазақстандық әртістермен жұмысы туралы және басқасы жайында әңгімеледі. – «Манон» балеті […]

6.04.2017
Опералық шлягерлер «Астана Опера» сахнасында

13 сәуірде «Астана Опера» Камералық залының сахнасында тыңдарман назарына әлемдік опера жауһарлары ұсынылады. «Ұлы опералық ариялар» атты концерті түрлі тосынсыйға толы. Концерт бағдарламасында – П. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», Дж. Вердидің «Риголетто», Дж. Пуччинидің «Богема», К. Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Ш. Гуноның «Фауст», Ж. Бизенің «Кармен», Р. Леонкаваллоның «Сайқымазақтар», Дж. Вердидің «Бал-маскарад» және басқа опералардан әйгілі […]

5.04.2017
Түрлі елдің жұлдыздары «Тоскада» өнер көрсетеді

Мариинский театрының жарқыраған теноры (Санкт–Петербор, Ресей) Ахмед Ағади және Македонияның танымал баритоны Марян Йованоски Дж. Пуччинидің «Тоска» операсындаКаварадосси және Скарпиа партияларын орындайды. 6 сәуірде «Астана Опера» Үлкен залында Ла Скала театрының түпнұсқалық қойылымы италиялық маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен өтеді. Басты Тоска рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина. Македония опера және балет театрының (Скопье қ.) жетекші солисті Марян Йованоскиге АҚШ, Алмания, Австрия, Болгария, Хорватия және басқа […]

4.04.2017
Мегажұлдыз Пласидо Доминго «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді

Опера королі Пласидо Доминго 1 және 3 тамызда Дж. Вердидің «Травиата» операсында өнер көрсетуге дайындалуда. «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында заманымыздың әйгілі вокалисті Жорж Жермон партиясын орындайды. Спектакльге билеттер сатылымға түсті. Пласидо Доминго классикалық музыканы сүйіп тыңдаушылар арасында ғана емес, күллі әлемге әйгілі. Маэстроның есімі биске ең көп шақырылуы (101 рет) және репертуар көлемі бойынша […]

3.04.2017
«Форте-трио» ұжымы «Камералық музыканың алтын парағын» паш етеді

Қазақконцерттің әйгілі өнер ұжымы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі пианиношы Тимур Урманчеев басшылықететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Форте–трио» триосы – классикалық өнерді сүйер қауымға«Камералық музыканың алтын парағы» атты жаңа жоба ұсынады. Тыңдарман керемет музыкалық бағдарламаны «Астана Опера» театрының Камералық залы саxнасында 5 сәуірде тамашалай алады. Бүгінде «Форте–трио» тек Қазақстанда емес, сондай–ақ алыс шет елдерде ең танымал камералық–аспаптық ансамбль болыптабылады. Оның құрамында Қазақстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы Еркебулан Сапарбаев, виолончельші Мұрат Нарбеков және атақты пианиношы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев сынды классикалық музыканың шеберлері бар. Әдетте музыканттар концерттік бағдарламаларында орындау мәнерінің асқан шеберлігіне жүгініп, көпшілікті әлемдік музыка мәдениетінің аса […]

31.03.2017
Әлихан Ыдырысов: «Адамдар біздің концертке емін-еркін демалуға келгенін қалаймын»

«Астана Опера» билеттері өте тез сатылатын «Экран әуендері» атты ерекше концертті үш жыл бойы өткізіп келеді. Бағдарлама жетістігінің құпиясы неде екенін жоба авторы Әлихан Ыдырысов біледі. 8 сәуірде Камералық зал сахнасында «Экран әуендері: қайта жүктеу» концерті өтеді. Бұл сериядағы осыған дейінгі өткен екі концерттен айырмашылығы – бағдарлама толық жаңартылған. Осылайша, көрермен назарына «Менің атым Қожа», […]

30.03.2017
Бір костюмге екі жүз бантик немесе «Манонда» не киеді

Жақында «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында көрерменге Манонның өмірі баяндалады. Спектакльді Жюль Массненің музыкасына қойған ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Кеннет Макмилланның балетінің тұсауы 28 және 29 сәуірде кесіледі. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова. Қазір театрда спектакльге қызу дайындық жүріп жатыр, тігін цехының шеберлері де тыным таппай еңбектенуде. Бұл […]

29.03.2017
«Астана Опера» әртістері «Сахнагер-2017» ұлттық сыйлығын иеленді

«Астана Опера» жетекші солисттері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина және көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Бақтияр Адамжан «Сахнагер-2017» ұлттық сыйлығын иеленді. Халықаралық театр күнінде өткен марапаттау рәсімі Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асты. Қазақстандық «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен 2017 жылы Қазақстан театрлары қауымдастығы бекіткен. Дина Хамзина […]

28.03.2017
«Дон Кихот» балетіндегі дебюттер

Мигель Сервантестің романы бойынша қойылған Л. Минкустың әйгілі «Дон Кихот» балеті 1 және 2 сәуірде «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында ұсынылады. Басты партияларды орындауға дайындалып жатқан талантты әртістер – Әнел Рүстемова (Китри), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов (Базиль),  Елдар Шакирзянов (Эспада) «Астана Опера» сахнасында бұл спектакльде алғаш рет өнер көрсетпекші. Қоюшы балетмейстер – «Астана Опера» балеттік труппасының […]

27.03.2017
Франц Шубертке арнау

«Астана Опера» театры тұңғыш ұлы романтик-композитор Ф.Шуберттің туғанына 220 жыл толуын атайды. 31 наурызда театрдың Камералық залында «Музыка және оның шығарушылары» циклінен «Шубертина» концерті өтеді. Франц Шуберт өзінен кейінгі романтик-композиторлерге үлкен ықпал етті. Оның музыкалық стилі ашықтығымен, әсерлілігімен, табиғилығымен, әлемді романтикалық тұрғыда сезіне алуымен, сарқылмайтын әуезділік дарынымен сипатталады. Ф.Шуберттің арқасында алғаш рет әннің маңызы артып, […]

24.03.2017
Әлемдік балеттің этуалі Астанада шеберлік сабақ өткізді

Әйгілі балетмейстер, Париж ұлттық операсының жарық жұлдызы Сирил Атанасов «Астана Опера» балеттік труппасына шеберлік сабақ өткізді. Маэстро театр труппасымен 13 мен 17 наурыз аралығында жұмыс істеді. Жарқыраған еңбек жолында Сирил Атанасов көптеген көне, классикалық және заманауи қойылымдардағы партияларды орындады. Ю. Григорович, К. Макмиллан, Р. Нуреев, С. Лифарь, М. Фокин, Б. Нижинский және басқа да атақты […]

21.03.2017
Ханымдар мырзаларды шақырады

Астанада алғаш рет ауқымды мәдени шара – Astana Opera Ball өтеді. Сұлулық пен сән-салтанатқа арналған кеш Елорда күні қарсаңында – 2017 жылғы 1 шілдеде «Астана Опера» театрының Мәрмәр залында өтеді. Бал өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік қабылдаумен қатар тұр, оған мәртебелі қонақтар, сонымен қатар музыка әлемінің жұлдыздары және медиа тұлғалар қатысады. Шара театр демеушілерімен қаржыландырылады және Қазақстан Республикасының […]

18.03.2017
Қазақквартетпен бірге саяхат

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің сапары жалғасады. 18 наурызда «Астана Опера» Камералық залының сахнасында «Қазақквартетпен әлемге саяхат» атты үлкен музыкалық циклдан концерт өтеді. Музыканттар тыңдарманды Алманияға барып қайтқандай әсерге бөлемекші. – Осы циклдың идеясы – әрбір жаңа концертте әр түрлі елдер мен дәуірлердегі композиторлардың шығармашылығын паш ету. Алдағы уақытта өтетін кеш неміс композиторларының мұрасына […]

16.03.2017
Наурыз, Наурыз!

Барша қауымның сүйікті мейрамы – Наурыз мерекесінің қарсаңында, 17 наурызда «Астана Опера» Камералық залында «Көктемгі әундер» атты концерт өтеді. Сахнада «Астана Опера» театрының опера солисттері, хор әртістері мен оркестрі өнер көрсетеді. – Наурыз мейрамы тек Қазақстанда ғана атап өтілмейтіндіктен, біз концерт бағдарламасына махаббат пен көктемнің оянуына қатысты тақырыптар көрініс тапқан вокалдық және аспаптық өнердің түрлі үздік […]

15.03.2017
Таланттар шеруі

Опералық музыканың мэтрлары – Арменияның халық әртісі бас Барсег Туманян, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі тенор Нұрлан Бекмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері баритон Талғат Мұсабаев, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі сопрано Әлфия Кәрімова және тамаша концертмейстер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының лауреаты Гауһар Таспергенова «Тағы да махаббат жайлы» […]

11.03.2017
Оян, көктем!

10 наурызда өтетін «Көктемнің оянуы» атты концертінде «Астана Опера» театрының Камералық залында арфа, скрипка, флейта мен кларнеттің үні қалықтайды. Операның жетекші солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова (сопрано) тыңдарманға жарқын да қуанышты шығармаларды тарту етеді. Тамаша вокалды-аспаптық концертке француздық импрессионизм классиктерінің шығармалары көрік береді. Концертті әсем дауысты Айгүл Ниязова ашады. Оның орындауында Ж.Э. Мартинидің […]

4.03.2017
Аяулы ханымдарға тарту

Нағыз көктем мейрамы – 8 Наурыз мерекесіне аяулы ханымдарға театрға билет сыйлау дәстүрі кеңінен тарап келеді. Халықаралық әйелдер күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Сенен асқан жан жоқ…» атты мерекелік концерт өтеді. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Астана Опера» Симфониялық оркестрі және хоры қатысады. – Біздің көрерменді театрланған шоу күтеді. Біз концертті […]

3.03.2017
Британдық жауһардың Қазақстандағы тұсаукесері

«Астана Опера» балет труппасы Ж. Массненің музыкасына қойылған әйгілі британдық хореограф Кеннет Макмилланның драмалық «Манон» балетін ұсынбақшы. Корольдік Ковент-Гарден театрының репертуарынан алынған әйгілі спектакльдің тұсаукесері 28 және 29 сәуірде өтеді. ХХ ғасырдағы хореографияның жауһарына айналған шығарма аббат А.Ф. Превоның «Кавалер де Грие мен Манон Лесконың тарихы» романының желісімен жазылып, Ж. Массненің он үш операсы, екі […]

2.03.2017
Көктемгі мерекеге арналған махаббат әуені

Көктемгі әйелдер мерекесіне орай операның жарқын солисттері, талантты музыкант-аспапшылар, сондай-ақ, «Астана Опера» театрының кішкентай әртістері көрерменге өз өнерін тарту етеді. 4 наурыз күні театрдың Камералық залында «Махаббат әуендері тағы естілді» атты жарқын әрі қызықты концерт өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына көпшіліктің сүйіп тыңдайтын музыкалық шығармалары ұсынылмақшы. Олардың қатарында – аспаптық және опералық классика, […]

1.03.2017
Опера сахнасының жұлдыздары Дж. Россинидің «Шағын салтанатты мессасын» шырқайды

Көрерменнің сүйікті әншісі (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, опера өнерінің жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, (меццо-сопрано), танымал тенор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев және әлемге танымал бас, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян 3 наурызда «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында Дж. Россинидің «Шағын салтанатты мессасында» өнер көрсетеді. Кештің басты кейіпкерлері […]

28.02.2017
Алан Бөрібаевтің стиліндегі симфониялық тұсаукесер

«Астана Опера» театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев шығармалары жиі орындалатын еуропалық композитор Густав Малердің көркем де асқақ №2 симфониясының («Жандану симфониясы») тұсаукесерін ұсынбақшы. 16 наурыз күні театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Опера» Симфониялық оркестрі мен хоры, сондай-ақ, әйгілі опера прималары Майра Мұхамедқызы мен Дина Хамзина өнер көрсетеді. Белгілі австриялық композитор әрі […]

27.02.2017
Бразилиялық нақыш

Оның есімі Рио-де-Жанейрода ғана емес, бүкіл әлемге әлдеқашан танылып үлгерген. Музыка қоғамдастығы биыл бразилиялық музыканың классигі, әйгілі латын америкалық композиторлардың бірі – Эйтор Вила-Лобостың туғанына 130 жыл толуын атап өтпекші. 2 наурыз күні «Астана Опера» театрының Камералық залында «Бразилия бахианасы» концерті өтеді. Концерттің бұлай аталуы кездейсоқ емес. Вила-Лобостың Бахтың шығармашылығына деген құрметінің нәтижесінде түрлі аспаптар […]

24.02.2017
Рояльда – Данияр Есімханов

Белгілі қазақстандық пианиношы Данияр Есімхановтың жеке концерттерінің географиясы Алмания, Грекия, Испания, Португалия, Франция, Марокко, АҚШ және тағы басқа елдерді қамтиды. 26 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Ұлы Мәртебелі Рояль» кезеңінің аясында «Piano Through the Ages» концерті өтеді. Пианиношы концерт бағдарламасын әртүрлі дәуір шығармаларының көркемдігін көрсету мақсатымен таңдағандықтан, айтарлықтай көлемді болып шықты. Кеште И.С. Бах, В.А. […]

22.02.2017
ҚР Президентінің жолдауын «Астана Опера» театрының мәдениет қайраткерлері талқыға салады

20 ақпан күні сағат 11:00 «Астана Опера» театрында мәдениет қайраткерлері Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатымен бас қосады. Күн тәртібінде ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Елбасы белгілеген бес негізгі басымдылық бойынша мәселелер қаралады. «Астана Опера» МОБТ шығармашылық ұжымы ҚР Президенті саясатын қолдайды. Шараны ұйымдастырушылар талқылау барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген мәселелерді шешу жолдары ұсынылатынын атап өтті. – […]

18.02.2017
Атақты квартет «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді

Дарынды музыканттар – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті – скрипкашылар Айдар Тоқталиев пен Алексей Лебедев, альт аспабының шебері Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельші, ұжымның көркемдік жетекшісі Ернар Мыңтаев 18 ақпанда «Астана Опера» Камералық залының сахнасында өнер көрсетеді. Квартет жанры элиталық және күрделі жанр болып саналады, осы тұрғыда белгілі аспап шеберлері өздерін қалай көрсететінін елорда тұрғындары мен қонақтары, «Квартет шақырады…» циклы аясында өтетін […]

16.02.2017
Евгений Чайниковтың жаңа кейіпкері

«Астана Опера» театрының солисті Евгений Чайников Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсындағы Шарплестің рөлін алғаш рет сомдамақшы. 17 ақпанда «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасына онымен бірге жетекші солисттердің тамаша құрамы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Чио-Чио-Сан рөліндегі Айгүл Ниязова, Пинкертон партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев, Сузуки – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина шығады. […]

13.02.2017
«Астана Опера» жас орындаушыларға жол ашады

«Астана Опера» театрында Жібектің партиясын орындаушы анықталды. Ұлттық алтын қорға енген Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы 10 және 11 ақпан күндері театрдың Үлкен залында сахналанады. Жібектің рөліне көп әнші бағын сынап көрді. Міне, енді таңдау жасалды, тұсаукесер күні тыңдарман жас орындаушыны – болашағынан зор үміт күттіретін Қазақ ұлттық өнер университетінің шәкірті Назым Сағынтайды тамашалайды. Ол […]

10.02.2017
Классикалық достық

Белгілі қазақстандық музыкант-аспапшылар «Астана Опера» театрының Камералық залында өнер көрсетеді. Әртістер 12 ақпан күні «Ішекті және пернелі аспаптар диалогы» атты концертте елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнерін паш етуге әзір. Көрерменді музыкант-достар – халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Евгения Құрманаева (скрипка), Дастан Балақұмаров (альт), Ермек Құрманаев (виолончель), Рабиға Дүйсембаеваның (фортепиано) өнері шаттыққа бөлемекші. Камералық-аспаптық музыка кешінде Р. […]

9.02.2017
Абзал Мұхитдинов ұсынатын «ғажайып»

Дарынды, жасампаз, асқан шебер – маэстро Абзал Мұхитдиновтің жетістіктері мен марапаттар тізіміне қарап, ол жайлы осылай атап өткің келеді. «Құрмет» орденінің кавалері, Ұлыбританияның Йорк университетінің магистрі, Қазақстан композиторлары одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, болмысы әртіске тән дирижер-философ – осының барлығы абзал қайраткер туралы. Абзал Мұхитдинов классикалық өнерді сүйіп тыңдайтындарды әлі күнге дейін таң қалдырып келеді. Бұл […]

8.02.2017
Ғасырлар тоғысында

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында музыка тарихи оқиғаларды бейнелейтін бірден-бір қайнар көз ретінде қызмет етіп, көптеген ұлы композиторлар сол оқиғалардың куәгері болды. Осы бір қиын кезеңде дүниеге келген әсерлі аспапты шығармалар, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақшы. 8 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Ғасырлар тоғысында (ХІХ-ХХ)» концерті өтеді. Аталған кеште талантты […]

6.02.2017
Мариин театрында «Астана Опера» әртістері зор қошеметке бөленді

1 және 2 ақпан күндері бес мыңға шақ петерборлық көрермен хореографиялық өнердің жауһары – «Париж Құдай анасының соборын» тамашалады. «Астана Опера» балет труппасы әртістерінің өнеріне толассыз қошемет көрсетіліп, бишілер петерборлық балет сүйер қауымды таң қалдыра білді. … Бірнеше сағаттық әуе жолымен 3 368 шақырымдық қашықтықты артта қалдырған әртістер Петерборға тоқтады. Қазақстандық бишілерді Фин шығанағының жағасында орналасқан қала […]

3.02.2017
Қазақ өнерінің қазынасы

«Астана Опера» театры тамаша солистерінің орындауында нағыз классикаға айналған туындылар мен халық әндері, сондай-ақ заманауи композиторлардың шығармалары шырқалады. «Інжу-маржан» концерті 5 ақпанда Камералық залда өтеді. Концерт ұйымдастырушылары көрерменді жаңа әрі сирек орындалатын музыкалық туындылармен қуантатын болады.Камералық зал сахнасында алғаш рет Т.Бейсенбектің «Аққуым» әні, Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» операсынан Мыстанныңтарантелласы, сондай–ақ Ғ.Жұбанованың «Еңлік – Кебек» операсынан ариозо, Б.Қадырбектің «Үш қоңырдың аяғы құмболады» әні шырқалады. Кеш бағдарламасында опералардан ариялар мен дуэттер, Абай, Жаяу Мұса туындылары, халық әндері, сондай-ақЕ.Брусиловский, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев, Б.Байқадамов, Ғ.Жұбанова, М.Маңғытаев, Н.Меңдіғалиев,Т.Бейсенбек, С.Еркімбеков, Б.Қыдырбек шығармалары ұсынылады. – Концерттің басты мақсаты – қазақтың ұлттық музыкасын көпшілікке насихаттау болып табылады. Бұл […]

31.01.2017
Аншлаг және тағы да аншлаг

Петерборлық талғампаз көрермен қазақстандық әртістерді аншлагпен қарсы алады. 1 және 2 ақпанда «Астана Опера» балеттік труппасының Мариинский-2 сахнасында (Санкт-Петербор, Ресей) орындайтын М. Жаррдың әйгілі «Париж Құдай Анасының соборы» спектаклі, гастрольмен өнер көрсететін екі күнде де залды лық толтырмақшы: көрермен барлық билетті сатып алған. Гастроль «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында өтеді, барлық шығынды демеушілер қаржыландырады. Қазіргі уақытта «Астана Опера» […]

30.01.2017
Үлгілерден бастау алған тұсаукесер

1970 жылы еліміздің көгілдір экранына шыққан жанды тербейтін «Қыз Жібек» фильмінің арқасында, екі жас ғашықтың махаббаты туралы аңыз танымалдылыққа ие болды. Алайда театрлық ортада «жібек қызға» арналған халық поэмасы бұдан әжептеуір ертеректе – 1934 жылы шырқалған. Енді міне, 83 жыл өткен соң Е. Брусиловский мен Ғ. Мүсіреповтің операсы соңғы техникалық мүмкіндіктерге сай «Астана Опера» театрының […]

25.01.2017
Сібірден шыққан философ

Новосібірлік опера және балет театрының солисті, дарынды бас дауысты әнші Андрей Триллер «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында ұлы италиялық композитор Дж. Пуччинидің «Богема» спектакліндегі философ Колленнің партиясын сомдайды. 29 қаңтарда өтетін қойылымның дирижерлік тізгінін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов қолға алады. Тамаша әнші Андрей Триллердің қоржынына опера сахнасында орындалған бірнеше ондаған партиямен қатар, ауқымды […]

23.01.2017
Сағындырған көктем

Қысқы аяз әлі күшінде тұрса, көңіл, шіркін, көктем шықса деп елеңдейді. «Шабыт шақырған аспаптар» концерті қаңтардың суық кешінде тыңдарманды жарқыраған сезім мен эмоцияға, сонымен қатар талантты орындаушылардың жылуына бөлейді. 24 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залында француздық ішекті Volta квартеті мен Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова өнер көрсетеді. Шара қазақстандық-француздық дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған. Концерт […]

21.01.2017
Михаил Панджавидзе: «Барлығы жұмысқа жиналса, менің ұйқым келеді»

Беларусь Үлкен театрының бас режиссері Михаил Панджавидзенің өмірі өте қызық әрі түрлі оқиғаға толы. Ол өзінің өмір жолын скрипкашыдан бастап, кейін ГИТИС режиссерлік факультетін (музыкалық театр бөлімі) аяқтағанымен, әлем оны дарынды, әрдайым таң қалдыратын қоюшы ретінде таныды. Ол 10 және 11 ақпанда «Астана Опера» театрында өтетін Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының тұсаукесерін дайындауда. – Режиссер […]

20.01.2017
Әсел Әбілсейітованың сәнді фортепианосы

«Сәнге айналған классика!» – «Астана Опера» театрындағылардың бұл тұжырымы әділетті. 28 қаңтарда театрдың Камералық залында «Ұлы Мәртебелі Рояль» циклынан өтетін концерт осылай аталады. Кеште дарынды қазақстандық пианиношы, Лондондағы Корольдік академияның түлегі Әсел Әбілсейітова (Швейцария) тыңдарманға қызықты бағдарламасын ұсынады. Бүгінде жас орындаушы Қазақстан, Ұлыбритания, Италия, Алмания, Швейцария, Франция және тағы басқа елдерде табысты өнер көрсетіп, концерттік […]

18.01.2017
Екінші рет дүниеге келген «Қыз Жібек» операсы

Серпінді, мәнерлі, ең бастысы, операның барлық қағидасына сай әуенді келген Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек»спектаклін «Астана Опера» ұсынады. Тұсаукесер 10 және 11 ақпанда өтеді. Отандық классикалық өнердің тарихында Симфониялық оркестрмен бірге операда алғаш рет қазақтың ұлттық аспаптары қолданылады. Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театры мен Самаралық опералық театрдың бас режиссері Михаил Панджавидзе (Ресей),жаңа музыкалық редакцияның авторы, қоюшы дирижер – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.Костюм және сценография суретшілері – Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов. Режиссердің ассистенті – ЕренТойкенов, кеңесші – PHD докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асқат Майемеров. Қазақтың тұңғыш операсы – Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» 1934 жылы қойылған. Либреттосын аса көрнекті халық жазушысы […]

16.01.2017
Балеттік эксклюзив

«Астана Опера» балеттік труппасы жаңа Гала-балет бағдарламасын дайындауда. Елордалық театрдың жарқыраған әртістер құрамы, сонымен қатар украиндық және беларусиялық театрлардан шақырылған солисттер – Эллина Походных және Константин Героник 25 қаңтарда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өнер көрсетеді. Балеттік труппаның көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова көрерменді қызықты ойларымен қуантпақшы. Көрерменге М. Петипа мен А. Ваганованың ең […]

14.01.2017
Француз стиліндегі балет Қазақстан мен Ресейде

Елордалық көрермен француз композиторы Морис Жаррдың «Париж Құдай Анасының соборын» 15 және 18 қаңтарда «Астана Опера» театрының Үлкен залында тамашалай алады. Кейінірек, 1 және 2 ақпанда аты аңызға айналған спектакльді «Астана Опера» театрының балеттік труппасы Мариинский театрының (Санкт-Петербор қ., Ресей) жаңа сахнасында орындайды.   «Астана Опера» театры Невадағы қалада жиі қонақтайды. Және 2017 жылдың алғашқы гастролінің дәл осы жерде өтетіні, […]

11.01.2017
«Астана Опера» театрындағы қысқы кеш

19 қаңтарда өтетін «Вечер у камина» концерті «Жанды баураған романс» атты жаңа циклды ашады. «Астана Опера»театрының Камералық залында талантты әншілер мен аспапшылар өнер көрсетеді. «Жанды баураған романс» циклына қазақ және орыс классиктерінің шығармасын қамтыған бірнеше бағдарламалы концерттер енді. Аталған циклдың вокалдық камералық музыкасының негізгі жанры – романс пен әндер. Кеш тамаша әнші Елена Ганжаның орындауындағы П. Баториннің «Вечер у камина» романсынан бастау алады. Елена Низамутдинова, Татьяна Вицинская, Байғали […]

10.01.2017
«Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго «Астана Опера» театрына келеді

Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго негізін қалаған вокалшылардың дүние жүзіндегі ең беделді «Опералия» байқауы Қазақстанда алғаш рет өтеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 24 мен 29 шілдесі аралығында «Астана Опера» сахнасында жүретін Опера өнерінің дүниежүзілік конкурсы, жиырма бесінші рет ұйымдастырылғалы тұр. – «Астана Опера» театрының өнер ұжымы «ЭКСПО-2017» көрмесіне […]

9.01.2017
Мәдина Исламованың дебюті

«Астана Опера» театрының солисті Мәдина Исламова Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсындағы Алтынайдың партиясын алғаш рет орындайды. Қазақтың опера өнерінің жауһарына айналған спектакль, 22 қаңтар күні Үлкен зал сахнасында қойылмақшы. Музыкалық жетекші, қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, спектакльге дирижерлік ететін – Руслан Баймұрзин. Біржан партиясын орындайтын – Бейімбет Таңарықов, Сара – Қазақстанның еңбек […]

4.01.2017
Мерекенің сиқырлы әуендері

7 қаңтар күнгі Рождествода елорда тұрғындары мен қонақтарын «Астана Опера» театры күтеді. «Мәңгі шырқалатын әуендер» атты мерекелік концерт театрдың Камералық залында өтеді. Концертте опера труппасының солисттері – Салтанат Ахметова, Айгүл Ниязова, Татьяна Вицинская, Мәдина Исламова, Елена Ганжа, Елена Низамутдинова, Роза Нүркей, Жан Тәпин, Ермек Берімжанов және басқалары өнер көрсетеді. Тамаша әншілер оркестр әртістерімен, «Астана Опера» […]

27.12.2016
Қысқы ертегі қайта жаңғырады…

Немістің романтик-жазушысы Эрнст-Теодор Амадей Гофманның рождестволық ертегісінің желісімен қойылған П.И. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балеті «Астана Опера» театрында үлкен сұранысқа ие. Бұл елордалық театр репертуарында билет таптырмайтын спектакльдердің бірі. Өткен жылдары балетке билет тапшы болғандықтан, IV маусымда қойылым саны арттырылып, желтоқсан айының соңы мен қаңтардың басында 14 спектакль (!) ұсынылады. 27, 28, 29, 30, 31 желтоқсанда көрермен қойылымды кешке тамашаласа, […]

21.12.2016
«Астана Опера» театрының мақтаныштары марапатталды

13 және 14 желтоқсан күндері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Астана Опера» театрының әртістеріне марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Салтанатты түрде табыстау шарасы Ақорда мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінде өтті. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова «Парасат» орденімен марапатталды. Балет труппасының жетекші солисті Әйгерім Бекетаева Қазақстанның еңбек сіңірген […]

14.12.2016
Үлкен театрдан келген ару

Ресейдің Үлкен театрының прима балеринасы Анна Антоничева мен жетекші солисті Андрей Меркурьев «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсетеді. 18 желтоқсан күні балет жұлдыздары аты аңызға айналған хореограф Юрий Григоровичтің қойылымындағы П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетіндегі басты партиялар – ханшайым Аврора мен ханзада Дезиренің рөлдерін сомдайды. Ресейдің халық әртісі Анна Антоничева Үлкен театрдың барлық қойылымдарына қатысты. […]

14.12.2016
Рождество құтты болсын!

Рождество мерекесіне орай – 25 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында Георгий Фридрих Гендельдің басты шығармасы «Мессия» орындалады. Бұл неміс композиторының ең жарқын әрі көңілді шығармаларының бірі. Туындының адамға махаббат және бақыт үмітін сыйлайтыны күмәнсіз. Кеште көрерменге керемет мерекелік көңіл-күй сыйлайтын опера солисттері: сопрано – Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова, Алть – Салтанат […]

12.12.2016
«Астана Опера» Тәуелсіздік күнін тойлайды

Маңызды дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы «Астана Опера» театрында «Тәуелсіздікке шашу» мерекелік концертімен атап өтіледі. Кеш 16 желтоқсан күні елордалық театрдың Камералық залында ұсынылады. Сахнаға қазақстандық опера өнерінің жұлдыздары – Майра Мұхамедқызы, Дина Хамзина, Әлфия Кәрімова, Жан Тәпин, Талғат Ғалеев, Мәдина Исламова, Евгений Чайников, Рамзат Балакишиев шығады. Концертте сондай-ақ, «Астана Опера» театрының бас хормейстері […]

9.12.2016
Қыс кезіндегі жалынды танго

Жер бетіндегі ең тамаша сезімге арналған классикалық және қазіргі заманғы туындылар астаналық меломандарға ұсынылады. 13 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Қысқы махаббат сезімі» атты концерті өтеді. Кеште «Астана Опера» театры Симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, халықаралық байқаулардың лауреаттары, Ұлт Көшбасшысы -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары – Ермек Құрманаев (виолончель) және Гауһар […]

8.12.2016
Латвиялық контратенор Астанада

Ол жайлы «Өзіңмен «сен» десемін» деректі фильмі (режиссері Д. Симанис) түсірілген. Ол – Уэльстегі BBC арнасының «Әлем әншісі-2005» байқауының, Санкт-Петербордағы Лучано Павароттиді еске алуға арналған халықаралық тенорлар байқауының жартылай финалының жеңімпазы (2008). Латвиялық белгілі контратенор Сергей Егерс 11 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Көктен төгілген дауыс» концертінде өнер көрсетеді. Сергей Егерс табиғатта сирек […]

7.12.2016
Фортепианолық жауһарлар

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрлан Ызмайлов XX ғасырдың ұлы пианиношыларының бірі Э.Г. Гилельстің 100 жылдығына арнап «Мазурка, вальс, полонездер…» атты концертті ұсынады. Музыкалық кеш 7 қарашада «Астана Опера» Камералық залында өтеді.  Эмиль Гилельстің шығармашылығын әлемдік пианизмнің ірі жетістіктерінің қатарына жатқызады. Жарқын тұлғасының даралығы, техникасының мінсіз тазалығы, ойнау нақышының тереңдігі мен мазмұндылығы, дыбыс толықтығы оны […]

3.12.2016
Сүйікті Отанымызға арналады

30 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында белгілі қазақстандық композиторлар – Серікжан Әбдінұровтың «Отан» және Әліби Әбдінұровтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған «Елбасы» әндерінің тұсауы кесіледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отан, саған арнаймыз» концертінің бағдарламасында, халық сүйіп тыңдайтын отандық авторлардың шығармалары да ұсынылмақшы. Кеште Е. Брусиловский, Ғ. Жұбанова, Е. […]

29.11.2016

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры