Жаңалықтар

Рамазан Баповтың құрметіне «Астана Опера» «Спартак» балетін ұсынады

7 мамыр күні «Астана Операның» Үлкен залында қазақтың біртуар балет әртісі, хореограф және педагог, КСРО халық әртісі Рамазан Баповты еске алу құрметіне орай аты аңызға айналған Ю.Григоровичтың қойылымындағы А.Хачатурянның әйгілі «Спартак» спектаклі қойылады. Отан қорғаушылар күні даңқты рим жауынгерінің рөлін балет труппасының жетекші солисі, көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың Гран-при лауреаты Бақтияр Адамжан орындайды. Рамазан Салықұлы […]

3.05.2018
Бірлік – музыкада

«Астана Опера» шығармашылық ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтпек. 1 мамыр күні театрдың Үлкен залында «Астана Операның» керемет жетекші опера солистері, Симфониялық оркестрі және хордың қатысуымен «Туған жерім – алтын бесігім!» атты мерекелік концерті өтеді. Вокал жанрының хас шеберлері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұпар Ғабдуллина, Жәмиля Жарқымбаева, […]

27.04.2018
«Астана Опера» әртістері жаңа балет шыңын бағындырды

Танымал қазақстандық балет әртісі, «Астана Операның» жетекші солисі, көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың Гран-при лауреаты Бақтияр Адамжан «Мистер Виртуозность» аталымында беделді халықаралық Dance Open балет сыйлығының (Санкт-Петербор, Ресей) лауреаты атанды. «Астана Опера» балет солисі Серік Нақыспеков «Арабеск-2018» байқауының (Пермь, Ресей) лауреаты болды. Санкт-Петербор Халықаралық Dance Open балет сыйлығы Халықаралық Dance Open балет фестивалі аясында жыл сайын […]

25.04.2018
Вокал өнеріне деген сүйіспеншілік

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Үлкен театрдың солисі Павел Черных, сонымен қатар «Астана Опера» театрының керемет вокалистері әйгілі композитор-классиктердің опералары мен романстарынан ариялар, дуэттер орындайды. «Орыс музыкасының сүйікті шығармалары» концерті 27 сәуірде театрдың Камералық залында өтеді. XIX ғасырдың вокалдық лирикасындағы жеке жан толқынысы мен көңіл-күй әлемін тыңдармандарға тамаша өнерпаз әртістер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жәмилә […]

25.04.2018
Маэстро Алан Бөрібаев Г.Малердің №5 симфониясының премьерасын ұсынады

«Астана Опера» театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты маэстро Алан Бөрібаев тамаша симфониялық премьералар сериясын жалғастыруда. 26 сәуір күні театрдың Үлкен залында «Брамс және Малер. Симфониялық концерт» өтеді. Қазіргі таңда сұранысқа ие пианистердің бірі Фредерик Кемпф (Ұлыбритания) елордалық сахна төріне алғаш рет шығып, осы концертте өнер көрсетеді. Әйгілі қазақстандық дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі […]

23.04.2018
Асхат Маемиров:  «Біржан – Сара» –  «Астана Операның» айрықша қойылымы

Бүгін, 19 сәуір күні, «Астана Опера» театрының сахнасында М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсының бас дайындығы өтіп жатыр. 20 және 21 сәуірде ұлттық классика жауһарын көрерменге мінсіз ұсыну үшін әртістер барлық мизансценалық өзгешеліктерді, вокалдық әрі актерлік тапсырмаларды жасап шықты, енді тек шырқап, жүзеге асыру қалды, костюмерлер болса соңғы киімдерін үтіктеп, дайындалуда, ал симфониялық оркестр музыканттары аспаптарын […]

19.04.2018
Еуропаға музыкалық саяхат жасау

«Астана Опера» елорда тұрғындары мен қонақтарына «Әуенді Еуропа бойынша саяхат» ұсынады. 24 сәуір күні театрдың Камералық залында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, сонымен қатар олардың достары – солистер Мағруфа Мұқажанова (арфа), Гүлдана Әкімова (флейта), Дәулет Сейдахметовтың (кларнет) қатысуымен концерт өтеді. Танымал қазақстандық ұжымның құрамында асқан шебер музыканттар бар, атап айтқанда: Айдар Тоқталиев, Алексей Лебедев […]

13.04.2018
ХХІ ғасыр үлгісіндегі «Біржан – Сара»

Қазақ операсының інжу-маржаны – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» туындысы «Астана Опера» сахнасына жаңа музыкалық сахналық редакцияда қайта оралмақ. Оның үстіне, режиссерлік нұсқа да, декорациялар да, киімдер де, жарық та әлемнің үздік опера сахналарында көрерменге ұсынылып жүрген кереметпен пара-пар болмақ. Тыңдарман қауымды тұсаукесер күндері – 20 және 21 сәуірде сыры ашылатын таңғажайып тосынсыйлар күтуде. Жаңа музыкалық […]

12.04.2018
Керемет опера әртістері тамаша концерттік бағдарламамен өнер көрсетпек

«Астана Опера» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова мен Талғат Мұсабаевтың, сонымен қатар Армениядан шақырылған бас, халықаралық байқаулардың лауреаты Саркис Бажбеук-Меликянның орындауында әлемдік опера классикасының жауһарлары шырқалады. «Махаббатым менің – опера» атты керемет концерт бағдарламасы 22 сәуір күні Камералық залда өтеді. Фортепиано партиясында – «Мәдениет қайраткері» Елена Сахно. – Осы жолы елорда тұрғындары […]

12.04.2018
Виолончельдің нәзік үні

18 сәуір күні «Астана Операның» Камералық залында КСРО Халық әртісі Наталия Шаховскаяны еске алуға арналған «Виолончельдің ғажайып үні» концерті өтпек. Бұл музыкалық кеште атақты виолончелистің шәкірті – белгілі қазақстандық музыкант, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет пен өнер саласындағы лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев сахна төріне шығады. – Наталия Николаевна Шаховская – ХХ ғасырдың […]

4.04.2018
Астана төрінде – жалынды аргентиналық танго

Тыңдармандардың көптеген сұрауы бойынша «Астана Операда» атақты аргентиналық композитор Астор Пьяццолланың жауһар туындылары ұсынылатын болады. 13 сәуір күні театрдың Камералық залында «Obra maestra Astor Piazzolla» концерті өтеді. Құрамы Константин Стригин (баян), Кирилл Красюков (скрипка), Қайрат Арыстанов (гитара), Анатолий Якушкин (контрабас), Александр Малиновский (гармоника), Жәнібек Бекмәдиев (соқпалы аспаптар), Елена Сахнодан (фортепиано) тұратын «Ritmos de Amor» аспаптық […]

2.04.2018
Австриялық музыка кемеңгерлерінің асқақ айбыны

10 сәуір күні «Астана Операның» Камералық залында «Мәңгілік вена классикасы» шырқалады. Австриялық ұлы композиторлардың туындылары дирижер Эльдар Сапараевтың жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрінің орындауында көрермен назарына ұсынылатын болады. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр оркестрінің солисі, керемет скрипкашы Бағдат Әбілханов. Әйгілі виолончелист, «Веналық симфониетта» оркестрінің дирижері, Германиядағы Оңтүстік-Батыс филармониялық оркестрінің концертмейстері, Штутгарттағы И.С.Бах атындағы […]

30.03.2018
Музыкадағы әзіл-сықақ

Күлкі күні «Астана Операда» музыкалық қалжың мен көңілді тосынсыйлардың кеші өтеді. 1 сәуірдегі «Музыкалық калейдоскоп» концертінде опера труппасының керемет жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен театрдың Симфониялық оркестрі мен хоры Үлкен Зал сахнасында өнер көрсетеді. Л. Андерсонның «Жазу машинасына арналған пьесасы», И. Штраустың «Аңшылықта» полькасы, И. Штраустың «Жарқанатынан» Адель шумақтары, Д. Обердің […]

29.03.2018
С.Рахманиновқа арнау

4 сәуір күні «Астана Операның» Камералық залында С.Рахманиновтың 145 жылдығына арналған «Көктем сулары» концерті өтеді. Әйгілі композитор, пианист әрі дирижердің жауһарлары елордалық вокал және аспаптық жанр шеберлерінің орындауында шырқалатын болады. «Музыка және оның шығарушылары» топтамасының музыкалық кешіне халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрмет орденінің кавалері Айзада Капонова (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев (баритон), Қазақстанның еңбек […]

28.03.2018
Алматыда «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығымен «Астана Операның» жетекші солистері марапатталды

Дәстүр бойынша Халықаралық театр күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл салтанатты шара Алматы қаласындағы М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында орын алды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты Сүндет Байғожин «Үздік опера солисі» аталымында […]

27.03.2018
Медет Шотабаев Италия Жұлдызы Орденімен марапатталды

26 наурыз күні «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев марапатқа ие болды – ол Италия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуы және итальян тілін насихаттауы үшін Италия Жұлдызы Орденінің Кавалері атанды. Бұл шетелдіктерге арналған жоғары итальяндық марапат. Оның жарты ғасырдан астам тарихы бар және осы уақыттың ішінде әнші командор дәрежесіне ие болған […]

26.03.2018
Бақтияр Адамжан Мемлекеттік Кремль Сарайының көрерменін тәнті етті

Керемет қазақстандық әртіс, халықаралық байқаулардың көптеген гран-при иегері, «Астана Операның» жетекші солисі Бақтияр Адамжан 24 наурыз күні Мемлекеттік Кремль Сарайында өнер көрсетті (Ресей, Мәскеу). «ҚОЛТАҢБА мен БЕДЕЛ» жобасының аясында аты аңызға айналған әртіс Рудольф Нуреевтің құрметіне орай дарынды биші әрі балетмейстердің 80 жылдығына «Рудольф Нуреев. Өткеннен болашаққа» атты әлемдік балет жұлдыздарының гала-концерті ұсынылды. Осы кеште […]

26.03.2018

9Заманауи қазақстандық мәдениетті жүзеге асыру, Наурыз мейрамының сипатына тың серпіліс беріп жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған сұхбатта.   — Көктем мен жаңарудың, достық пен бауырластықтың мерекесі – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Осы Ұлыстың ұлы күнін атап өтудің өзіндік ерекшеліктерін қайта жаңғырту жайлы айта кетсеңіз. — Әр ұлттың, […]

22.03.2018
Сиқырға толы «Пер Гюнттің саяхаты»

Норвегияның атмосферасы, ертегі кейіпкерлері, бас қаһарманмен бірге ғажайып қиырға, жер асты патшалығына қызықты саяхат және басқа да көптеген шытырмандар – осылардың бәрі Эдвард Григтің «Пер Гюнттің саяхаты» атты балаларға арналған музыкалық жобасының тұсаукесерінде жас көрермендерге жол тартады. «Балаларға арналған классика» топтамасының концерті 30 наурызда – көктемгі демалыс күндері ұсынылады. – «Астана Опера» Камералық залының балаларға […]

20.03.2018
Айзада Капонованың Қыз Жібек партиясындағы дебюті

22 және 24 наурызда – Ұлыстың Ұлы күні мерекесінде «Астана Опера» Үлкен залында ұлттық операның інжу-маржаны – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы тыңдарман қауымға ұсынылады. 24 наурыз күні театр сахнасында керемет сопрано, опера труппасының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрмет орденінің кавалері – Айзада Капонова Жібек партиясында дебют жасайды. – Қыз Жібек секілді мен де Ақжайық өңірінің […]

19.03.2018
Назар салыңыздар, байқау!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры «балет солисі» бос орнына байқау жариялайды. Қойылатын талаптар: Балет әртісі (ер адам) Жасы: 24 жастан жоғары Бойы: 183 см. жоғары Классикалық репертуардың жеке жетекші партияларын орындау тәжірибесі болуы міндетті.   Түйіндемені balletastanaopera@gmail.com поштасына жолдау қажет. Баспана ұсынылады.

18.03.2018
Әлемнің ең айтулы дирижері Зубин Мета «Достық» орденімен марапатталды

14 наурыз күні Лос-Анджелесте (АҚШ) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаты – ІІ дәрежелі «Достық» орденімен жер-жаһанның ең әйгілі музыканты Зубин Мета марапатталды. «Астана Опера» МОБТ директоры Ғалым Ахмедьяров ҚР Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі ерен еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталатын орденді атақты […]

18.03.2018
Флейтаның нәзік үні

«Астана Операның» оркестр солистері – керемет флейташылар Александр Тараскин, Балжан Сапарова, Әлима Әбеуова, Аида Әбдіқадырова, Жанбота Балғабеков, Әйгерім Дәуітбаева «Демалыс күндеріндегі флейта сазы» концертінде жеке және ансамбльдік орындаушылық өнерін көрерменге паш етеді. Музыкалық кеш 25 наурыз күні театрдың Камералық залында өтеді. «Астана Опера» Камералық оркестрінің дирижерлік пульт басында – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. […]

18.03.2018
«Астана Опера» театры Наурызды бірге қарсы алуға шақырады

23 наурызда Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Астана Опера» Камералық залының сахнасында «Қош келдің, Наурыз!» атты орасан зор концерт өтеді. Осы күндері елордалық театрда көптен күткен көктемгі жаңарудың, махаббат пен достық салтанатының айрықша лебі есетін болады. Кеш бағдарламасына қазақ халық әндері, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операларынан ариялар, романстар […]

14.03.2018
Көне музыка әуендері

«Астана Операның» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен Камералық оркестр және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтың басқаруындағы хор тыңдаушылар назарына барокко дәуірінің опералық жауһарларын ұсынады. 14 наурыз күні театрдың Камералық залында Baroque Opera Gala концерті өтеді. Кешке танымал вокалистер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Жәмиля Жарқымбаева, Бибігүл Жанұзақ, Жан Тапин, […]

13.03.2018
Атақты шебер скрипкашы Ержан Күлібаев «Астана Операда» өнер көрсетеді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» Камералық оркестрі әлемге әйгілі скрипкашы Ержан Күлібаевпен бірге (Қазақстан-Испания) «Скрипкалық музыка жауһарлары» концертін ұсынады. Неміс классик-композиторларының шоқтығы биік шығармалары 21 наурызда театрдың Камералық залында шырқалады. Асқан шебер Ержан Күлібаев – Буэнос-Айрес, Лиссабон, Берлин, Новосібір, Екатеринбург және Нью-Йоркте өткен мәртебелі халықаралық байқаулардың алты бірінші сыйлығының, «Washington Award» […]

12.03.2018
«Астана Опера» сахнасында Абай атындағы МАОБТ, ҚазҰӨУ мен Ресейдің Үлкен театры өнер көрсетеді

18 наурыз күні «Астана Опера» театрының сахнасында Абай атындағы МАОБТ, ҚазҰӨУ мен Ресейдің Үлкен театрынан келген қонақтар «Қазақ даласында Эгей теңізінің самалы» концертінде өнер көрсетеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаев «Астана Опера» Симфониялық оркестріне дирижерлік етеді. Сонымен қатар көрермен қауымды Ресей Үлкен театрының солисі Марина Минина және дарынды жас скрипкашы Жандос Мұхамедимен керемет кездесу […]

7.03.2018
Музыкалық карнавал

«Астана Операда» тыңдаушылар назарына «Патетикадан карнавалға дейінгі классика» ұсынылады. 16 наурыз күні театрдың Камералық залында халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Есімхановтың асқан шеберлікпен орындауында «Ұлы Мәртебелі Рояль» топтамасынан фортепианоға арналған музыка кеші өтеді. Жеке орындаушы пианист Данияр Есімханов туған жерінде ғана емес, сонымен қатар Германия, Греция, Испания, Португалия, Франция, Ұлыбритания, Марокко, АҚШ және өзге де елдерде […]

6.03.2018
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Егемен Қазақстанға» наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде тарқата әңгімелеп берді. – Арыстанбек Мұхамеди­ұлы, осыдан бірер жыл бұрын рес­­пуб­ликалық баспасөз бет­терінде Наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде тол­ғақты ой айтып, жалпы ұлттық ауқымда атап өту­дің тың жолдарын ұсынған еді­ңіз. Елбасының былтыр сәуір айын­да жарияланған мақа­ласынан ке­йін бұл […]

5.03.2018
Үш, төрт, бес

«Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында 11 наурызда трио, квартет және квинтеттің орындауында камералық музыка шырқалатын «Үш, төрт, бес» атты ерекше концерт өтеді. Жас музыканттар көрермендерге мәңгілік классиканың жаңа қырын ұсынады. Концертте трионы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова (сопрано), Қалқаман Дүйсенбаев (валторна), Раушан Бескемпірова (фортепиано) ұсынады. «Астана Опера» симфониялық оркестрінің дарынды музыканттары: Әнел Шәкірова (1-ші […]

4.03.2018
«Астана Операдан» 8 наурыз мерекесіне тарту

Халықаралық әйелдер күнін «Астана Опера» жарқын концерттік бағдарламалармен атап өтпек. Театрдың Камералық залында 7 наурызда «Мың бір сырлы сезім» мерекелік концерті өтеді, ал 9 наурызда халық атақты отандық музыкант-аспапшылардың «Биге шақыру» концертін тамашалай алады. Көктемгі шуақты мереке қарсаңында нәзік жандыларға театрдың опера солистері, хор мен оркестр әртістерінің орындауында тамаша музыкалық шоу ұсынылмақ. Қазақстанның еңбек сіңірген […]

3.03.2018
Астананы «Біржан-Сара» операсының жаңа музыкалық-сахналық редакциясы күтуде

Қазақ операсының қазынасы болған Қажым Жұмалиевтің либреттосына жазылған М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы 20 және 21 сәуірде «Астана Опера» театрының Үлкен залында жұртшылық назарына ұсынылмақ. Ұлттық өнеріміздің жауһары тың реңдерге ие болып, көрермендерді режиссердің тапқырлығы мен арнайы әсер беретін керемет көрінісімен таңғалдырады. Жаңа музыкалық-сахналық редакция ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Астананың жиырма жылдығын мерекелеу аясында […]

2.03.2018
Нәзік жандыларға арналған сүйікті балет

«Астана Опера» сахнасында алғаш рет балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жаңа хореографиялық редакциясында театрдың балет труппасы П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклін ұсынады. Балет 8, 10 және 17 наурызда «Астана Операның» Үлкен залында орындалады. Еске салар болсақ, «Астана Опера» труппасының орындауындағы жаңа хореографиялық редакцияның премьерасы Маскаттағы (Оман, 2017) іссапар аясында Корольдік опера театры […]

1.03.2018
«Астана Операдағы» көктемгі симфония

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігіндегі «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі тыңдармандарға «Көктем симфониясын» ұсынады. Болашағынан зор үміт күттіретін жас пианист, көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты Иван Бессоновтың (Ресей) қатысуымен концерт театрдың Үлкен залында 4 наурызда өтеді. «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі асқан шеберлікпен Н.А.Римский-Корсаковтың «Шехерезада» симфониялық сюитасы орындайды. «Мың бір түн» әсерінен туындаған ертегі […]

28.02.2018
Атамекенге алғыс айту әуені

Көктемнің алғашқы күнінде «Астана Операда» Алғыс айту күніне арналған «Жүректен кіріп бойды алар» атты мерекелік концерт өтеді. 1 наурызда Камералық зал сахнасында қазақстандық жарқын музыканттар тыңдармандарға өз өнерлерін паш етеді. Осы концерт арқылы біз отандастарымызды барлық қазақстандықтар үшін маңызды болып табылатын Алғыс айту күнімен құттықтағымыз келеді. Бұл мереке Отанымыздың кең-байтақ даласын мекендеген барлық этносты одан […]

27.02.2018
Ең жақсысы – балаларға: Астанада музыкалық ертегінің тұсауы кесіледі

Ертегі – көптеген композиторлардың ең сүйікті жанрларының бірі. Ол балалардың да, үлкендердің де толқуын, шаттығы мен қуанышын тудырып, сиқырға толы әрі еліктіретін таңғажайып әлеммен жүздесуді бақытын сыйлайды. «Астана Опера» театрының ұжымы алғаш рет Камералық зал сахнасында балаларға арналған «Самұрық келген таң» қойылымын ұсынады. Ол сиқырлы Самұрық құсын іздеп, жолға шыққан Айдар мен Айжанның қызықты оқиғаларынан […]

22.02.2018
Олег Злакоман: «Радамес партиясы – тенорлық репертуардағы ең күрделі партиялардың бірі»

Одесса Ұлттық академиялық опера және балет театрының солисі Олег Злакоман (Украина) аты аңызға айналған режиссер әрі сценограф Ф.Дзеффирелли қойылымындағы Дж.Вердидің «Аида» операсында Радамес партиясында алғаш өнер көрсететін болады. Спектакль 25 ақпан күні «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында өтеді. Одессалық көрерменнің сүйікті өнерпазы, жарқын тенор Олег Злакоман Еуропа мен Азия елдерінде үнемі гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. […]

21.02.2018
«Астана Опера» ең жас әртісінің дебюті

«Астана Опера» К.Орфтың атақты «Кармина Бурана» сахналық кантатасының театрландырылған орындауын ұсынады. 21 ақпан күні театрдың Үлкен залында тенор партиясында ең жас әртіс – «Астана Опера» балалар студиясының солисі Қажымұрат Еркін алғаш рет сахна төріне шығады. Он жасар балалар студиясының тәрбиеленушісі толыққанды жеке нөмірмен солист ретінде қойылымға қатысып, дебют жасайды – міне, Қажымұрат Еркін дарындылығының бірегейлігі […]

20.02.2018
Махаббаттың музыкалық бейнелері

27 ақпан күні «Астана Операның» Камералық залында «Махаббат алауы маздайды…» концерті өтеді. Әлемдік операның лирикалық әйелдер бейнесінің топтамасын театрдың солисі Мәдина Исламова (сопрано) көрерменге паш етеді, онымен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), солист Рамзат Балакишиев (тенор), оркестр музыканттары Балжан Сапарова (флейта), Любовь Ткаченко (арфа), Кирилл Красюков (скрипка) сахна төрінде жарқырайтын болады. Фортепиано […]

20.02.2018
«Астана Операның» гастролі кезінде Абай атындағы МАОБТ залына шамамен 4 мың көрермен келді

Морис Жаррдың музыкасындағы Ролан Петидің атақты «Париж Құдай анасының соборы» балеті 10-18 ақпан күндері Абай атындағы МАОБТ сахнасында өткен «Астана Опера» театрының гастролін тамамдады. Осы кезең ішінде елордалық труппаның қойылымдарына 3965 көрермен келіп, тамашалады. Гастроль ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. «Астана Операның» Алматыдағы гастрольдік туры […]

19.02.2018
«Манонның» алматылық көрерменге арналған премьерасы

Алматылықтардың көптен күткен оқиғасы орын алды: 14 ақпан күні Абай атындағы МАОБТ сахнасында ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Кеннет Макмилланның «Манон» балеті қойылды. Жеңіл жүрісті ханым туралы қайғылы оқиғаға лық толы зал жиналды, оған салмақты негіз де бар – бұл балеттік эксклюзивті қазіргі таңда тек «Астана Операдан» көруге болады, оған дейін Қазақстанда ешқашан қойылмаған және әлемдік […]

15.02.2018
«Манон» Абай атындағы МАОБТ сахнасында

14 ақпан сағат 19.00-де Абай атындағы МАОБТ сахнасында ХХ ғасырдың атақты хореографы Кеннет Макмилланның «Манон» балеті болады. Балет туындысы аббат Превоның «Кавалер де Грие мен Манон Лесконың оқиғасы» романының желісі бойынша жасалған. «Астана Операның» репертуарындағы бұл опера жақында ғана көрермен назарына ұсынылды: 2017 жылдың 28 сәуірінде тұсауы кесілді. Қойылымды астаналық сахнаға Корольдік балет труппасының дәстүрін […]

12.02.2018
Малика Минизини: «Өнер ордасы – Абай атындағы МАОБТ сахнасында дебют жасау – біздер үшін үлкен мәртебе»

11 ақпан күні Абай атындағы МАОБТ сахнасында «Астана Опера» солистері меццо-сопрано Малика Минизини мен баритон Ержан Саипов дебют жасады. Әртістер А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Қарлығаш пен Көкпай партияларын керемет орындап шықты. – Ұлттық операда өнер көрсету – әрдайым жауапты іс, себебі сен Қазақстанның мәдени өнерінің айтулы жетістіктерінің бірін лайықты ұсынып, композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамиди […]

12.02.2018
Алматы «Астана Операны» қошеметпен қарсы алды

10 ақпан күні Абай атындағы МАОБТ сахнасында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсымен «Астана Опера» театрының Алматыдағы гастролінің шымылдығы түрілді. Тыңдармандар соңғы көріністе көз жасына ерік беріп, әртістердің шеберлігіне тік тұрып қол соқты, ал қойылым аяқталған соң өнерпаздардың қолтаңбасын алып, ғажайып өнер көрсетулері үшін алғыстарын білдіру үшін оларды күтумен болды. «Астана Операның» Алматыдағы гастролі 10-18 ақпан […]

12.02.2018
Музыканттар махаббат сезімін білдіруде

«Астана Операда» елордалық тұрғындар мен қонақтардың назарына махаббат тақырыбындағы танымал туындылар ұсынылатын болады. 14 ақпан күні театрдың Камералық залында «Bel Canto» музыкалық салоны» топтамасы аясында «Бәрі де махаббат жайында» романтикалық концерті өтеді. Махаббат сезімін білдіретін шығармалар керемет вокалистер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Жарқымбаева, халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Вицинская, Назым Сағынтай, Елена Ганжа, Шыңғыс […]

8.02.2018
Әлемдік камералық музыканың жауһарлары «Астана Операда» ұсынылады

Ғ.А.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті – отандық және шетелдік көрермендердің ықыласына бөленген ұжым. Орындаушылар 18 ақпан күні «Астана Операның» Камералық залында «Қазақквартет шақырады» топтамасының «Камералық музыка өнері» концертін ұсынады. – Осы кеште жақын досымыз – керемет виолончелист, халықаралық байқаулардың лауреаты Тайыр Қаратаевпен бірге өнер көрсетеміз. Біз Франц Шуберттың до мажор ішекті аспаптар квинтетін орындаймыз, […]

7.02.2018
Қазақстан мен Сербияның музыкалық достастығы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен Сербияның танымал пианисті Майя Райкович «Балқан түбегінен Ұлы Далаға дейін» концертін ұсынады. Қазақстандық және серб композиторларының әуендері 15 ақпан күні театрдың Үлкен залында шырқалады. Көрермен назарына Тілес Қажығалиевтың «Дала аңызы» симфониялық сюитасы ұсынылады. Т.Қажығалиевтың музыкалық мұрасы ұлттық өнердің бетке ұстары болып табылары әрі […]

6.02.2018
Астанада француздық импрессионизм музыкасы шырқалады

«L’Impression» импрессионизм үлгісіндегі француз музыкасының кешін Қазақстан Республикасының «Форте-трио» мемлекеттік триосы ұсынады. 9 ақпан күні «Астана Операның» Камералық залы сахнасында премьера өтеді – танымал ұжым алғаш рет Морис Равельдің фортепиано, скрипка және виолончельге арналған атақты триосын орындайды. – Концерттің атауы – «L’Impression» – француз тілінен аударғанда «әсер» дегенді білдіреді. Импрессионизмнің ең жарқын көріністері – көркем […]

2.02.2018
Асқан шебер музыканттар мен үш ғасыр жауһарлары

Алғаш рет «Астана Операның» Камералық залы сахнасында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің кавалері, профессор Гүлжәмиля Қадырбекова (фортепиано) өнер көрсетеді. Асқан музыкалық мәдениеті, шыңдалған шеберлігі, орындаушылық мәнерінің асылы, таңғажайып әртістік сиқыры, сахнадағы жігерлігі – осы қасиеттердің барлығы оған кең танымалдылық әкелді. 2 ақпан күні өтетін «Үш ғасыр жауһарлары» концертінде сахна төріне танымал музыканттар, халықаралық […]

29.01.2018
Медет Шотабаев Мемлекеттік стипендияға ие болды

26 қаңтар күні «Астана Опера» театрының жетекші солисі Медет Шотабаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендиясына ие болды. Алматы қаласындағы марапаттау рәсімінде жетекші солист әртістердің шабытты шығармашылығы үшін барлық жағдайдың жасалғанын атап өтті. Осының бәрі Тұңғыш Президент – Елбасының арқасында мүмкін болды, оның бастамасымен керемет «Астана Опера» театры салынды, әртістер тыңдарман […]

26.01.2018
Маэстроның мерейтойына арнау

«Астана Операның» керемет жетекші солистері әйгілі опера әншісі Евгений Нестеренконың 80 жылдығына арналған «Маэстроға арнау» концертін ұсынады. Атақты бас репертуарындағы туындылар және әлемдік музыкалық өнердің жауһарлары 31 қаңтар күні театрдың Камералық залында шырқалады. Евгений Нестеренко – КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Лениндік сыйлық пен «Грэмми» жүлдесінің (АҚШ) лауреаты, Австрияның Каммерзенгері, профессор, академик, көптеген ең […]

26.01.2018
«Қыз Жібек» операсындағы жаңа есімдер

28 қаңтар күні театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Операның» солисі, керемет меццо-сопрано иесі Малика Минизини Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында Батсайы партиясында алғаш өнер көрсетеді. – Актерлік ойын – бұл рөлдің күрделілігі осында жатыр. Көпті көрген келіншек – менің кейіпкерім Қыз Жібекті ұзатады. Бір қызығы, Батсайыға жұрт екі жақты қарайды: біреулер үшін ол мейірімді болса, ал […]

24.01.2018
Әлемге әйгілі балетмейстердің шеберлік сабағы

«Астана Операда» 16-27 қаңтар күндері әлем бойынша талап етілетін француз педагог-балетмейстері Янник Бокуинның бірегей әдістемесі бойынша сабақтары өтіп жатыр. Янник Бокуин әлемнің ең ірі театрларында шеберлік сабақтарын өткізеді, олардың қатарында Корольдік швед балеті, Дрезден мемлекеттік операсы (Германия), Фин ұлттық балеті, Лозаннадағы Бежар балеті (Швейцария), Монте-Карло балеті, Хьюстон балеті (АҚШ), Гонконг балеті, Ресейдің Үлкен театры т.б. […]

23.01.2018
Серік Нақыспековтің «Спартактағы» дебюті

Хореографиялық училищенің бастауыш сыныптарынан бастап-ақ бұл партияны барша балет әртістері армандайды. Әрине, таңданатыны жоқ, себебі Спартак – балет репертуарындағы ең батыл да қайратты рөлдердің бірі. Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Астана Опера» солисі Серік Нақыспеков үшін А.Хачатурянның атақты «Спартак» балетіндегі басты партияда дебют жасау – көздеген мақсатына жету болып табылады. Аты аңызға айналған хореограф Ю.Н.Григоровичтің қойылымындағы спектакль […]

22.01.2018
«Астана Опера» сахнасында танымал француз және қазақстандық музыканттар бас қоспақ

Атақты француз аспапшылары – скрипкашы Юг Борсарелло мен виолончелист Готье Эррманн өздерінің қазақстандық әріптестері, керемет музыканттар – скрипкашы Қаламқас Жұмабаева, альтист Толқын Қилыбаева және пианист Гаухар Тасбергеновамен бірге өнер көрсетеді. 26 қаңтарда «Астана Операның» Камералық залында «Париж – Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін» концерті өтеді. Осы концертте қазақстандық музыканттар мен кеш қонақтары отандық композиторлар музыкасын және […]

19.01.2018
Артем Голубев: «Мен үшін «Астана Опера» сахнасында Каварадосси партиясында дебют жасау үлкен бақыт»

Башқұртстан опера және балет театрының солисі Артем Голубев «Астана Опера» сахнасында Дж. Пуччинидің жауһар туындысы – «Тоска» операсындағы Марио Каварадосси партиясын алғаш орындайтын болады. Спектакль 20 қаңтарда театрдың Үлкен залында өтеді. Көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Артем Голубев қазақстандық көрермендерге Ж.Бизенің «Кармен» операсындағы Дон Хозенің партиясын орындауы арқылы таныс болған. Вокалистің ауқымды репертуарында Дж.Пуччини, Дж.Верди, Ж.Массне, Ш.Гуно, П.Чайковский, М.Мусоргский, А.Бородин, С.Рахманинов, […]

18.01.2018
Айтулы музыканттардың вокал сиқыры

«Астана Операның» Камералық залы сахнасында әлемнің төрт елінен келген музыканттардың жұлдызды құрамы өнер көрсетеді. 19 қаңтар күні өтетін «Вокал сиқыры» концертінде атақты опера дивасы, «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра Мұхамедқызы өнер көрсетеді. Осы кеште ол тек әнші ғана емес, сонымен бірге вокал бойынша педагог ретінде көрермен алдына шығады. Майра Мұхамедқызы болашағынан […]

17.01.2018
Ғалым Ахмедьяров: «Міндетіміз – мәдениет пен өнерімізді одан әрі дамыту деп білеміз»

16 қаңтар күні «Астана Опера» театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров театр ұжымымен кездесіп, ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Қызметкерлер ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын мұқият тыңдап, Елбасының міндеттерін орындауға ықылас-ниеттерін білдірді. Президент Жолдауын талқылауға шақырылған сарапшы – Қазақ ғылыми-зерттеу […]

16.01.2018
Шығармашылық шашу

17 қаңтар күні Камералық залда «Астана Опера» театрының керемет опера солистері мен шебер аспапшылары тыңдаушылар назарына жарқын әрі танымал туындылардан тұратын «Музыкалық отшашу» ұсынады. Концертке қазақстандық жұлдызды орындаушылар – «Астана Операның» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Айгүл Ниязова, Жан Тапин, опера труппасының дарынды солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Малика Минизини мен Талғат Ғалеев, […]

15.01.2018
Қолайсыз күн райына байланысты, «Астана Опера» театрының әкімшілігі қандай жағдай болса да бүгін өтетін спектакльге билеттерді ауыстыруға дайын

Бүгін сағат 19.00-де «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында афишаға сәйкес француз композиторы Жорж Бизенің атақты «Кармен» операсы өтеді. Ауа райының күрт өзгеріп, нашарлауына байланысты, театр әкімшілігі бүгін өтетін спектакльге билеттерді ауыстыруға дайын. Көрермендер бос орынның болу шартымен театр репертуарындағы басқа қойылымды таңдай алады. Осы орайда 19 қаңтарға дейін «Кармен» спектакліне сатып алынған билеттерді «Астана […]

11.01.2018
Бақшасарайдағы дебют

Б.Асафьевтің атақты «Бақшасарай бұрқағы» драмалық балеті «Астана Опера» театры репертуарының нағыз сәніне айналды. 14 қаңтар күні хореографиялық поэмада дебют орын алмақ: поляк князь қызы Марияның партиясында алғаш рет Үлкен зал сахнасына балеттің жас әртісі Бақытгүл Испанова шығады. Нәзік Мария – сыртқы ажарымен, жан-дүние сұлулығымен қаһарлы ханды еліткен хикаяның лирикалық кейіпкері спектакль бойы өмірдің қиын жолдарына […]

11.01.2018
Шығармашылық достықта шек жоқ

Танымал қазақстандық скрипкашы, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен керемет скрипкашы әрі дирижер Эльдар Нагиев (Ресей – Португалия) «Музыкалық қиылыс» топтамасынан концерт ұсынбақ. Кеш 13 қаңтар күні театрдың Камералық залында «Астана Опера» Камералық оркестрінің қатысуымен өтеді. Эльдар Нагиев – халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы, В.Я.Янковский атындағы Новосібір жасөспірімдер симфониялық […]

10.01.2018
Алматыда «Астана Опера» гастролі

«Астана Опера» театры Қазақстанның мәдени астанасы – Алматы қаласына гастрольмен бара жатыр. Опера және балет ордасы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында астаналық труппа әлемдік өнер жауһарларынан тұратын қанық та керемет бағдарлама ұсынбақ. Гастрольдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 10-18 ақпан күндері өтеді. Тур қазақ музыкалық […]

9.01.2018
Ғажап Моцарт және Клим Пак

Дарынды жас пианист Клим Пак және дирижер Арман Оразғалиевтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі астаналық тұрғындар мен қала қонақтарына «Тамсандырған Моцарт әуендері» концертін ұсынады. 10 қаңтар күні театрдың Камералық зал сахнасында ұлы австриялық классиктің туындылары шырқалады. Халықаралық байқаулардың лауреаты, болашағынан көп үміт күттіретін астаналық жас пианист Клим Пак П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы […]

8.01.2018
«Астана Операда» жаңажылдық қайырымдылық акциясы өтеді

Жаңажылдық мереке қарсаңында «Астана Операда» қайырымдылық акциясы өтеді: 30 және 31 желтоқсан күндері театрдың Үлкен залында 110 бала П.Чайковскийдің «Щелкунчик» ертегі-балетін тамашалайтын болады. Аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары мен «Мұра» Қоғамдық Бірлестігі – мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамының жеткіншектеріне Э.Т.А.Гофманның «Щелкунчик және тышқан патшасы» ертегісінің желісі бойынша баршаның сүйікті балеті ұсынылмақ. Спектакльдің басталуына дейін […]

27.12.2017
Америкада тұратын қазақстандық скрипкашы Астанада өнер көрсетпек

«Астана Опера» камералық-симфониялық оркестрі мен солист Ордабек Дүйсен (скрипка, АҚШ) «Мәңгі өшпес музыка» атты концерт ұсынбақ. 28 желтоқсан күні театрдың Камералық залында дарынды скрипкашы Ілияс Дүйсен дирижер ретінде алғаш рет өнер көрсететін болады. Белгілі қазақстандық скрипкашы Ордабек Дүйсен – «Даллас Опера» (АҚШ) симфониялық оркестрінің концертмейстері, Колима қаласындағы (Мексика) Өнер университетінің Құрметті әртісі және шақырылған профессоры, […]

27.12.2017
Жан Тапиннің «Травиата» операсындағы дебюті

Көпшіліктің сұранысына ие лирикалық тенор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин өнер жолының кемелденген тұсында Дж.Вердидің «Травиата» операсындағы Альфред Жермонның партиясында алғаш өнер көрсететін болады. Спектакль 27 желтоқсанда «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында өтеді. Опера труппасының жетекші солисі Жан Тапин қазақстандық көрерменнің сүйікті әншісі, ол Дж. Вердидің «Ригoлеттосындағы» Герцогтың, П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсындағы Ленскийдің, […]

26.12.2017
«Астана Операда» джаз

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Астана Опера» Симфониялық оркестрі көрермен назарына джаз және классикалық музыка әдемі үйлескен айырықша тартымды бағдарлама ұсынады. «Операдағы джаз» концерті 23 желтоқсанда театрдың Үлкен залында өтеді. Джаз XIX-XX ғасырлар аралығында АҚШ оңтүстік штаттарында еуропалық музыкалық дәстүрлердің және африкалық ырғақ пен африкалық-америкалық фольклор элементтерінің бірігуі нәтижесінде туындаған. Джаз музыкасының […]

22.12.2017
«Астана Операның» Венгриядағы концертін Тенгриньюс ТВ көрсететін болады

«Астана Опера» шығармашылық ұжымының Венгриядағы өнер көрсетуін Тенгриньюс ТВ тарататын болады. Тікелей көрсетілім 22 және 23 желтоқсан күндері http://tengrinews.kz/tv/ сайтында Астана уақыты бойынша сағат 23.00-де өтеді. Еске салар болсақ, қазақстандық әртістердің өнер көрсетуі Будапешттің атақты Орган залында және ұлы венгр композиторы Золтан Кодай атындағы (Kodaly Center, Печ) әйгілі концерт залында өтетін болады. «Астана Опера» театрының Венгриядағы гастрольдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы […]

21.12.2017
Жұлдыздармен қарсы алған Рождество

Рождество мерекесі қарсаңында «Астана Операның» керемет вокалистері, сонымен қатар театрдың шақырылған солистері «Жан-дүнием рухты әуенге толы» концертін ұсынбақ. Діни музыка кеші Камералық залда 21 желтоқсан күні өтеді. Театрдың жарқын жұлдыздары, әншілері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, Жәмиля Жарқымбаева, Жан Тапин, халықаралық байқаулардың лауреаттары Мәдина Исламова, Елена Ганжа, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова […]

20.12.2017
Айзада Капонова Құрмет орденімен марапатталды

Бүгін, 15 желтоқсан күні «Қазақстан» орталық концерт залында «Астана Опера» театрының дарынды солисі Айзада Капоноваға Құрмет ордені табыс етілді. Әнші сахнаға он жылдан астам уақытын арнаған, осы мерзім ішінде ол керемет бейнелердің топтамасын жасады, атап айтар болсақ: А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Сара, Алтынай, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы нәзік Жібек, Б.Қадырбектің «Қалқаман-Мамыр» […]

15.12.2017
Жұлдызы жанды

Осы 2017 жыл ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Рим операсының солисі, баритон Сүндет Байғожин үшін сәтті жыл болды деп нық сеніммен айтуға болады. Вокалистің мәртебелі марапаттарының қатары тағы да толықты: бүгін, 15 желтосқан күні «Қазақстан» орталық концерт залында ғылым мен білім саласындағы ерен еңбегі үшін Құрмет ордені табыс етілді. – «Құрмет» […]

15.12.2017
Тәуелсіз Қазақстанға арнау

17 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Өнерім саған, Тәуелсіздігім» атты мерекелік концерт өтеді. Осы кеште сахна төрінде опера жұлдыздары жарқырайтын болады. Сонымен қатар концертке «Астана Операның» хоры және Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен Симфониялық оркестр қатысады. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Кең ауқымды бағдарламаға атақты қазақстандық […]

14.12.2017
«Астана Опера» Еуропаға гастрольдік сапармен барады

«Астана Опера» 22 және 23 желтоқсан күндері Венгрияға жол тартады. Театр труппасы ел астанасы Будепештте және Печ қаласында өнер көрсетпек. Қызықты да қанық концерттік бағдарламаны Ференц Лист Музыкалық академиясының атақты концерт залында және ұлы венгр композиторы Золтан Кодай атындағы әйгілі концерт залында ұсынады (Kodaly Center, Печ). Көрерменге ұлттық және әлемдік классикалық репертуар нөмірлері ұсынылады. – […]

13.12.2017
Музыкалық киносаяхат

Кино және телеэкранда шырқалатын әуендер бірнеше дәуір көрермендеріне әбден жақын болып кетті. «Астана Операның» талантты вокалистері, оркестр музыканттары және камералық хорының орындауындағы сүйікті фильмдердің керемет композициялары астаналық тұрғындар мен қонақтарды ерекше әсерге бөледі. Әлихан Ыдырысовтың авторлық жобасы игі көрерменнің шаттығын тудыратыны сөзсіз. «Таңдаулы экран әуендері» концертіне көпшіліктің сұрауы бойынша екінші күні ашылып, бір сәтте билеттер […]

11.12.2017
«Астана Операның» талантты жастарына «Дарын» мемлекеттік сыйлығы табыс етілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана Операның» жетекші балет солисі Бақтияр Адамжан мен опера труппасының солисі Мария Мудряк Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары атанды (2017). Бақтияр Адамжан «Театр және кино» аталымында «Дарын» сыйлығын иеленсе, Мария Мудряк «Классикалық музыка» номинациясы бойынша лауреат атанды. Бақтияр Адамжан мен Мария Мудряк көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың лауреаттары болып табылады. […]

9.12.2017
«Астана Опера» жаңа жобаны іске қосуда

«Астана Операдағы» театр сабағы» – «Астана Опера» театрымен алғаш рет жүзеге асырылып отырған мазмұны жағынан бірегей жаңа жоба. Театр сабағы кешкі қойылым туралы лекциядан, «Астана Операның» сахна сыртына жасалатын экскурсиядан және Үлкен зал сахнасындағы опера спектаклін тамашалаудан тұрады. Алғашқы сабақ 9 желтоқсан күні сағат 16.00-де өтеді. – «Астана Операдағы» театр сабағы» жобасының басты мақсаты – […]

8.12.2017
«Астана Опера» театрының солисі Мария Мудряк «Карло Феличе» сахнасында дебют жасады

Қазақстандық сопрано Мария Мудряк 6 желтоқсан күні «Карло Феличе» (Италия) сахнасында Дж.Вердидің атақты операларының бірі «Риголеттода» орасан зор жетістікпен дебют жасады. Бұл қойылыммен генуялық театр өзінің опера маусымын ашты. Әнші басты Джильда партиясын орындады, оның сахнадағы әріптесі аты аңызға айналған баритон Лео Нуччи болды. Дирижерлік пульт басында – маэстро Франческо Иван Чампа, режиссері – Роландо […]

7.12.2017
Атақты сазгер Ғазиза Жұбанованың музыкалық мұрасы

Биыл музыкалық қауымдастық атақты қазақстандық композитор, профессор, КСРО және ҚазКСР Халық әртісі, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығын атап өтуде. 7 желтоқсан күні Камералық залда «Из травы я взлетела…» концерті көрерменге жол тартпақ. Концерт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. Осы кеште тыңдаушыларға камералық-вокалдық және камералық-аспаптық туындылар, сонымен қатар Ғ.А.Жұбанованың опералық шығармашылығы […]

6.12.2017
«Астана Операда» қайырымдылық концерт өтті

3 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында өткен «Түрлі дауыстар әлемі» қайырымдылық концертіне 300 бала келді. Аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан балалар, Астана қаласы мүгедектер қоғамының балалары, №58 мектеп-гимназиясы, №56 мектеп-лицейі, №40 және №34 орта мектептерінің оқушылары өткен жексенбі күні астаналық театрдың қонағы болды. Керемет жарқын концертке олармен бірге Ақкөлден (Ақмола облысы) […]

5.12.2017
Ұлы Дала әуендері

29 қараша күні Камералық зал сахнасында танымал ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «Қазақквартет шақырады» топтамасынан «Дала дауысы» концерті өтеді. – Бұл біздің жаңа музыкалық топтамамыздағы үшінші концертіміз. Еске салар болсам, әрдайым кешімізге достарымызды шақырудамыз. Осы кеште де дәстүрді сақтай отырып, керемет солистермен бірге өнер көрсететін боламыз, олардың барлығы концерт беріп жүрген музыканттар, […]

28.11.2017
«Астана Опера» Тұңғыш Президент күнін атап өтпек

1 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Үлкен зал сахнасында Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел тірегі – Елбасы!» мерекелік концерті өтеді. Майра Мұхамедқызы, Салтанат Ахметова, Жанат Шыбықбаев,  Сундет Байгожин, Мәдина Басбаева, Әйгерім Бекетаева және тағы басқа көптеген қазақстандық опера, балет жұлдыздары музыкалық кеште өнер көрсететін болады. – Қазақстандықтар 90-жылдардың бас кезінде қиын-қыстау заманды өткерді, бірақ, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен […]

27.11.2017
«Астана Опера»: Италиядағы орасан зор жетістік

23 қараша күні атақты итальяндық «Карло Феличе» театрында генуялық көрерменге «Париж Құдай анасының соборы» балетін ұсынған «Астана Опера» әртістерінің шеберлігіне толассыз шапалақ соғылып, қошемет жасалды. Гастрольдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өтуде. Қос театр арасындағы серіктестік 2015 жылы басталды. «Астана Опера» театрының […]

24.11.2017
Ән мен романстың сиқырлы үні

Опера жұлдыздары – керемет сопрано Айгүл Ниязова мен танымал тенор Нұрлан Бекмұхамбетов тамаша концерттік бағдарлама ұсынбақ. «Айбынды ән, мұңлы романс» атты музыкалық кеш 26 қараша күні «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. «Астана Операның» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова мен Нұрлан Бекмұхамбетов опералық қана емес, сонымен қатар камералық музыканың танылған интерпретаторлары болып […]

20.11.2017
Адуынды әрі әсерлі «Кармен»: Астанадағы опера мерекесі

Шетелдік опера жұлдыздары мен вокалдық өнердің қазақстандық хас шеберлері Ж.Бизенің «Кармен» жауһар туындысымен 17, 18 және 19 қараша – үш тұсаукесерлік күні «Астана Операның» Үлкен зал сахнасына шығады. Жалынға толы сыған сұлуы Кармен партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Татьяна Вицинская өнер көрсетсе, оның ғашығы Дон Хозені Румынияның танымал теноры Мариус Влад пен Башқұртстан […]

16.11.2017
Қазақстанның опера тарихындағы айтулы оқиға

Рим опера театры «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинмен жақын арада келісімшарт жасасуға әзір. Танымал қазақстандық опера әншісі шарттары қатал байқау іріктеуінен өтіп, тұңғыш рет тарихта Еуропадағы ең атақты театрлардың біріндегі қазақстандық солист атанбақ. Әртіс шақырту алған тыңдау кезеңіне түрлі елден келген көптеген талантты баритон-әншілер қатысты. Жеңіске үмітті үздік бестік ақтық […]

13.11.2017
Жанымды тербеген бір өзің…

«Астана Операда» камералық-вокалдық лириканың әлемдік жауһарлары шырқалмақ. 14 қараша күні театрдың Камералық залында «Романс сиқыры» топтамасынан «Жанымды тербеген бір өзің…» атты романтикалық концерт өтеді. Концертке опера труппасының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев, театр солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Галина Чеплакова, талантты жас тәлімгер солистМалика Минизини, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова қатысады. Сонымен қатар сирек кездесетін контртенор […]

10.11.2017
«Кармен» операсының алдағы премьерасы астананы бір дүрліктірді

Ж.Бизенің «Кармен» операсының тұсаукесеріне дейін санаулы күндер қалды, бірақ кассадағы билеттер баяғыда-ақ сатылып кеткен. Көрермендердің көпшілік сұрауы бойынша «Астана Опера» билеттер сатылымының қосымша күнін ашты. Осылайша, сүйікті көрерменін 17, 18 және 19 (!) қарашада күтетін болады. «Кармен» – атақ пен әлемдік театр сахналарына жету үшін тар жол, тайғақ кешуден өткен композитордың соңғы операсы. Ол Ж.Бизе […]

8.11.2017
«Астана Опера» «Париж Құдай анасының соборын» Италияда көрсетпек

«Астана Опера» театрының балет труппасы 23 және 24 қараша күндері итальяндық «Карло Феличе» (Генуя) театрының сахнасында Морис Жаррдың атақты «Париж Құдай анасының соборы» балетін ұсынады. Бұл спектакль көптеген әлемдік сахналарды бағындырған, алайда Генуяда «Астана Опера» балет труппасының орындауында алғаш рет көрсетілетін болады. ХХ ғасырдағы балет классигінің бірі болып танылған Ролан Пети – аты аңызға айналған […]

8.11.2017
Экран әуендерінің алтын топтамасы

Астанада үлкен танымалдылыққа ие «Экран әуендері» бағдарламасы «Астана Опера» Камералық залының сахнасында қайта ұсынылатын болады. Жақсы шыққан кино ешбір көрерменін бей-жай қалдырмасы анық. Ал кинофильмге жазылған керемет музыкалық сүйемелдеу көптеген жылдар бойы барша жанды қуантып, жүректерін тебірентуде. 10 желтоқсан күні ХХ-ХХІ ғасырдағы кинофильмдердің үздік әндері музыкалық кештің авторы Әлихан Ыдырысовтың жинақтамасында шырқалатын болады. Жаңа концертте […]

3.11.2017
Ғ.А. Жұбанова – әлемдік деңгейдегі композитор-классик

«Астана Опера» ұлы қазақстандық композитор Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығын тойлауды бастайды. 8 қарашада театрдың Камералық залында танымал музыканттардың қатысуымен концерт өтеді. Отандық классик Ғазиза Жұбанова КСРО халық әртісі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, қазақстандық классикалық музыканың негізін салушы Ахмет Жұбановтың қызы. Ғ.А.Жұбанова Қазақстанда және шетелде кеңінен танымалдылыққа ие болды. Оның бай шығармашылық мұрасы әртүрлі […]

1.11.2017
Айбынды жауынгер, үнді ханшайымы және алтын пұттың дебюты

Осы күзде «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресей Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы Л.Минкустың атақты «Баядерка» спектаклінде маңызды үш дебют орын алмақ. 28 және 29 қазан күндері Үлкен зал сахнасында астаналық театрдың балет әртістері айбынды жауынгер Солор, ханшайым Гамзатти және Алтын пұттың өзіндік бейнелерін ұсынуға әзірленіп жатыр. Солор – классикалық балеттің әлемдік репертуарындағы ең жарқын бейнелердің […]

24.10.2017
Махаббат, құштарлық пен коррида: «Астана Операда» «Карменнің» тұсаукесері

Еліміздің басты театры – «Астана Опера» афишасында алғаш рет Ж.Бизенің «Кармен» операсы көрініс табатын болады. Асау да адуынды сыған қызы – әлемнің барша театрларындағы көрерменнің сүйікті кейіпкері. Атақты операның Астанадағы қойылымына қазақстандық-итальяндық топ бірлесіп, Үлкен залдың сахнасында 17 және 18 қараша күндері тұсаукесерін ұсыну үшін тынбай еңбектенуде. Қазіргі таңда бұл опера барлық опера труппаларының репертуарына […]

17.10.2017
«Astana Opera» ұжымы латын әліпбиіне көшуді қолдайды

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында 2017 жылдың 12 қазанында мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшірілуі жөнінде театр басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында театр директоры аталған мәселе бойынша кіріспе сөз сөйлеп, барлық қызметкерлердің осы тарихи оқиғаға белсене атсалысуын сұрады. Сонымен қатар, аударма бөлімінің басшысы Ә.Мұстафина қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне […]

13.10.2017
Еркеғали Рахмадиевті еске алу

25 қазан күні «Астана Операның» Камералық залында атақты қазақ композиторы Еркеғали Рахмадиевтің 85-жылдығына арналған «Туған жер туралы жыр» концерті өтеді. Еске алу кешінде театрдың жетекші опера солистері, оркестр және камералық хор әртістерінің орындауында отандық классиктің шығармашылық мұрасынан асқақ туындылар болады. Еркеғали Рахмадиев – КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, […]

13.10.2017
«Астана Опера» мерейтойлық V маусымын ашады

20 қазан күні хореграфиялық жауһар туынды – П.И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетімен «Астана Операның» V мерейтойлық театр маусымының шымылдығы түріледі. Театр жаңа шығармашылық жылы көрермен қауымға бірқатар опера және балет тұсаукесерлерін ұсынбақ. – Мерейтойлық маусымды қазіргі заманның аты аңызға айналған хореографы Ю.Н. Григоровичтың қойылымындағы «Ұйқыдағы ару» балетімен ашуды жөн көрдік. Бұл мэтрдің біздің сахнамызда қойған алғашқы […]

12.10.2017
Операдағы рок

15 қазан күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында әуен құмар астаналықтарға XX ғасырдағы ескі бароккодан рокқа дейінгі түрлі жанр мен бағыттағы музыка ұсынылады. Кештің басты кейіпкері – театрдың симфониялық оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен өнер көрсетпек. Тыңдармандар назарына орыс романтикалық музыкасының ерекше туындысы – Н.Римский-Корсаковтың «Шехерезада» симфониялық поэмасы ұсынылады, онда шығыс әуендері […]

11.10.2017
Үздік романстар «Астана Операда» шырқалмақ

«Астана Опера» театры тыңдаушыларының ХІХ-ХХ ғасырларға сапар шегу мүмкіндігі бар. «Жалғаса бер, сиқыр, жалғас…» атты концерт бағдарламасында шырқалатын романстардың көпшілігі сол дәуірде туған еді. 11 қазан күні Камералық зал сахнасында талантты әртістердің орындауында жан тебірентетін осы жанрдың үздік шығармалары ұсынылатын болады. Кештің қанық та қызықты бағдарламасына туындылары енген А.С. Даргомыжский, Н.А. Римский-Корсаков, П.И. Чайковский сынды […]

8.10.2017
«Форте-трио» жаңа бағдарлама ұсынбақ

Танымал аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары, атақты «Форте-трио» ұжымының қатысушылары – Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Мұрат Нарбеков (виолончель) және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, трионың көркемдік жетекшісі Тимур Урманчеев (фортепиано) белгілі қазақстандық баритон, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовпен бірге 7 қазан күні «Айқара аштым тереземді» концертімен өнер көрсетпек. Бағдарламаға П.И. Чайковскийдің романстары мен ұлы композитордың аспаптық туындысы […]

4.10.2017
Қазақстандық мәдениет дамуының жаңа кезеңі

Мәдени сарапшылар қазақстандық мәдениет дамуының жаңа кезеңін белгіледі. Бұған Астанада өткен әлемдік маңызы бар оқиғалар, соның ішінде Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық опера өнері байқауының өтуі, маэстроның Дж. Вердидің «Травиата» спектаклінде Джор Жермонның партиясын орындауы, Вердилік «Фальстаф» пен қазіргі заманның атақты маэстросы Зубин Метамен бірлесе Л. ван Бетховеннің № 9 симфониясын ала келген Ла Скала театрының […]

3.10.2017

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры