Жаңалықтар

Музыкалық шабыт

19 желтоқсан күні «Астана Операның» Камералық залында театр опера труппасының жарық жұлдыздары мен керемет аспапшыларының қатысуымен «Әр нотада шабыт бар…» вокалдық-аспаптық музыка концерті өтеді. «Астана Операның» жетекші солисі, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова (сопрано) тыңдарман қауымға өз өнерін паш етпек. Сонымен қатар музыкалық кешке опера труппасының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин […]

13.12.2018
Тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншілік

16 желтоқсан күні тыңдарман қауымға «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында республикамыздың басты ұлттық мерекесі – Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерті ұсынылады. Мерекелік кешке «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының халық аспаптар оркестрі және «Астана Опера» театры, Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы, Қазақ ұлттық өнер университетінің құрама хоры қатысады. Дирижер – Руслан Баймурзин, […]

11.12.2018
Музыкадағы поэзия

«Астана Опера» театрының жетекші солистері мен шебер аспапшылары тыңдарман назарына керемет бағдарлама ұсынбақ. 12 желтоқсан күні елордалық театрдың Камералық залында «Дыбыс поэзиясы мен сөз сазы» концерті өтеді. – Романтикалық кештің тақырыбы – поэзия мен музыканың өзара қарым-қатынасы, музыкалық туындыларда поэтикалық сөздердің көрініс табуы. Поэзия музыканың тереңдігі мен мәнерлілігін сезінуге көмек берсе, ал музыка, өз кезегінде, […]

7.12.2018
«Астана Опера» театрының ұжымына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді

7 желтоқсан күні авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л.Хамиди, А.Жұбанов) үшін Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарияланды. «Астана Опера» шығармашылық ұжымы […]

7.12.2018
Екі еселенген шабыт

«Астана Опера» Камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына «Қос Forte & Piano» фортепианолық дуэттер кеші ұсынылады. 7 желтоқсан күні халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйкерім Есімханова мен Дина Мирманова ансамбльде өнер көрсете отырып, романтик-композиторлар мен француз импрессионистерінің дуэтпен орындалатын фортепианолық бағдарламасын ұсынады. Әйкерім Есімханова мен Дина Мирманова туған жерімізде де, шетелде де концерттермен сәтті өнер […]

4.12.2018
«Астана Опера» репертуары «Шопениана» және «Шехеразада» бірегей балеттерімен толықты

30 қараша және 1 желтоқсан күндері «Астана Опера» хореографиялық өнердің атақты реформаторы Михаил Фокиннің «Шопениана» және «Шехеразада» бір бөлімді балеттерінің премьерасын Тұңғыш Президент күніне ұсынып, елорда тұрғындары мен қала қонақтарына керемет сый жасады. Қоюшы балетмейстерлер – Ресейдің Халық әртістері Алтынай Асылмұратова мен Андрис Лиепа. Спектакльдердің премьерасы Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт […]

2.12.2018
«Астана Опера» театрының хор ұжымы Новосібірде өнер көрсетпек

1 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының хоры Новосібір академиялық опера және балет театрының Зак Исидор атындағы зал сахнасында (Ресей) керемет концерттік бағдарлама ұсынбақ. Новосібір академиялық опера және балет театрының оркестрі мен «Астана Опера» хорына елордалық театрдың бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов дирижерлік етеді. Әккі тыңдарман назарына қазақ хор музыкасының жауһарлары, өңделген […]

28.11.2018
«Астана Операдағы» премьера

30 қараша және 1 желтоқсан күндері «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында парсы билерінің нақышымен махаббат жайлы «Шехеразада» ертегісі мен еліткен, елжіреткен вальстері мен мазуркалары бар романтикалық «Шопениана» тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылады. Бір бөлімді балеттердің премьерасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында өтеді. Романтикалық қиял Балериналардың пуанталары сахнаға тиместен […]

26.11.2018
«Астана Операмен» бірге Тұңғыш Президент күні

«Астана Опера» маңызды мерекені – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтпек. 2 желтоқсан күні театрдың Камералық залында «Ел тірегі – Елбасы!» салтанатты концерті ұсынылады. Мерекелік кешке «Астана Опера» солистері мен шақырылған вокалистер, соның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибигүл Жанұзақ, халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Вицинская, Мейір Байнеш, Малика Мнизини, Елена Ганжа, Назым Сағынтай, Рамзат […]

23.11.2018
Бродвей хиттері

«Астана Опера» театрының Камералық залында тыңдармандар үшін Бродвейлік шоу әлеміне сапар шегудің керемет сәті ұсынылмақ. 27 қараша күні «Мәдениет қайраткері», профессор Г.Құттыбадамованың жетекшілігімен Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Камералық хоры әртістерінің орындауында «Әлемдік рок-опералар мен мюзикл хиттері» концерті өтеді. Қазақстан мен шетелдің көптеген қалаларында гастрольдік сапармен өнер көрсетіп, айтулы халықаралық додаларда бірнеше мәрте марапатқа […]

21.11.2018
Астанада «Шехеразада» және «Шопениана» балеттерінің премьерасы өтеді

Өтіп бара жатқан 2018 жылдың соңында – 30 қараша және 1 желтоқсан күндері «Астана Опера» театры Үлкен залының сахнасында «Күміс ғасыр балеттері» топтамасынан М.Фокиннің хореографиясындағы Ф.Шопеннің музыкасына «Шопениана» және Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына «Шехеразада» бір бөлімді балеттерінің премьерасы орын алмақ. Спектакльдер Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Балетмейстерлер Ресейдің Халық әртістері […]

15.11.2018
Махаббат сазы

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына белгілі қазақстандық вокалистер мен жарқын аспапшы музыканттардың орындауында махаббат сезімін білдіретін шығармалар ұсынылмақ. 18 қараша күні «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Bel Canto музыкалық салоны» топтамасынан «Махаббат жолы» концерті өтеді. Концертке опера труппасының керемет солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Маргарита Дворецкая, халықаралық байқаулардың лауреаттары Болат Есімханов, […]

13.11.2018
«Астана Опера» труппасы Италиядағы гастрольдік сапарын барша адамзатқа үндеу жолдаумен тамамдады

Қазақстандық әртістер ұлы композитор Людвиг ван Бетховеннің әлем жаратылысының сан сауалдарына толыққанды жауап беретін Тоғызыншы симфониясын орындап, Жер шарының барлық тұрғындарына үндеу жолдады. Бұл жолы да залда ине шаншар жер жоқ! 10 қараша күні орасан зор жетістікпен «Астана Опера» труппасының «Карло Феличе» сахнасындағы (Генуя, Италия) гастролі өз мәресіне жетті. Гастроль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР […]

13.11.2018
Италия әлемнің қырық еліне «Абай» операсының көрсетілімін таратады

«Карло Феличе» театры «Абай» операсын әлемнің 40 еліне көрсететін болады. 8 қараша күні «Астана Опера» ұжымы гастроль аясында итальяндық театр сахнасынан ұлттық классика жауһары – А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын көрермен назарына ұсынбақ. Спектакль қарсаңында қазақстандық солистердің, маэстро Алан Бөрібаев пен генуялық театр дирекциясының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді. Гастрольдік бағдарлама 10 қараша күні Л.В.Бетховеннің №9 […]

5.11.2018
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жаңа «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық танымдық газетін көпшілікке таныстырды. Ресми шараны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты.

2 қараша, 2018 жыл. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жаңа «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық танымдық газетін көпшілікке таныстырды. Ресми шараны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде берген тапсырмасы баршамызға белгілі. Елбасы: «2025 […]

2.11.2018
Теңіз қарақшыларының бауырластығы

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы А.Аданның «Корсар» балетінде маңызды қос дебют орын алмақ. 17 қараша күні театрдың жетекші солисі Бақтияр Адамжан құл Алидың партиясында өнер көрсетеді. Ал, бір күн бұрын, 16 қарашада театрдың Үлкен залы сахнасында епті көпес Исаак Ланкедем бейнесін балет солисі Серік Нақыспеков сомдайды. Теңіз қарақшыларының […]

1.11.2018
Дарын иелерімен алмасу

Қоғам қабылдамаған париждік жеңіл жүрісті әйелдің махаббат тарихы туралы  «Травиата» операсы 31 қазан күні «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында ұсынылады. Симфониялық оркестрге атақты еуропалық дирижер Диан Чобанов (Болгария) жетекшілік етсе, қазақстандық маэстро Абзал Мұхитдинов 20 қазанда Болгарияның Пловдив опера театрында тамаша өнер көрсеткен еді. – Бұл менің Қазақстанға алғашқы келуім, бірақ сіздердің керемет елдеріңіз бен […]

30.10.2018
Классикамен сұхбат

Әлемдік музыкалық сахнадағы танымал қазақстандық ұжымдардың бірі – Ғ.А.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті тыңдаушыларға жаңа бағдарлама ұсынады. «Қазақквартет шақырады» топтамасындағы «Музыкалық дәуірлер сұхбаты» концерті 11 қараша күні «Астана Опера» Камералық залында өтеді.  Керемет дыбысталуы, әлемдік классика жауһарларын әсерлі түрде жеткізуі, сахнадағы ерекше дарындылығы  шығармашылық ұжымды туған елінде ғана емес, шетелде де танымал етті. Ішекті […]

29.10.2018
Үздіктердің үздігі – бір сахнада

10 қараша күні «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында өтетін Гала-балет қазақстандық балет әртістері мен кеш қонақтары – Беларусь Республикасы Үлкен театрының сахна саңлақтарының басын біріктірмек. Көрермендерді классикалық хореография жауһарлары мен қазіргі заманның атақты балетмейстерлерінің көрнекті жұмыстарынан құралған керемет бағдарлама күтуде. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова елордалық көрерменге бір кештің ішінде […]

26.10.2018
Симфониялық оркестрмен керемет кеш

8 қараша күні «Астана Опера» Үлкен залында «Мәңгі өшпес музыка» шырқалады. Театрдың Симфониялық оркестрі Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, сұранысқа ие дирижер Александр Титовтың (Санкт-Петербор) жетекшілігімен өнер көрсетеді.  Солист – белгілі скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов. Халықаралық сахнада Қазақстанның бетке ұстар туындысына айналған Т.Қажығалиевтің «Дала аңызы» сюитасынан «Қыз қуу»  симфониялық скерцосымен концерттік бағдарлама ашылады. […]

24.10.2018
Фортепиано эксклюзиві

24 қазан күні «Астана Операның» Камералық залында «Ф.Шопен – А.Скрябин. Қос сазгердің кескіні» фортепианоға арналған музыка кеші өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына романтизм дәуірінің музыкасын дарынды қазақстандық пианистер ұсынатын болады. Осы кеште Камералық зал сахнасына жобаның музыкалық жетекшісі – Ф.Шопен мен А.Скрябинның музыкасын Қазақстандағы үздік интерпретациялаушылардың бірі, танымал пианист, профессор Вячеслав Узбеков, сонымен қатар […]

19.10.2018
Астананың 20 жылдығы мен ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналады

«Астана Операның» Камералық залында Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия мен Татарстанның (Ресей) дарынды музыканттары ТҮРКСОЙ Жастар камералық хорының құрамында өнер көрсетпек. Астананың 20 жылдығы мен ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналған концерт 19 қазан күні өтеді. ТҮРКСОЙ Жастар камералық хорының өнер көрсетуіне «Мәдениет қайраткері», профессор Гүлмира Құттыбадамова дирижерлік етеді. ТҮРКСОЙ Жастар камералық хоры Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері […]

17.10.2018
Қазақтың Моцарты «Астана Операда» авторлық концертін ұсынады

Елорданың 20 жылдығы аясында 16 қазан күні «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында композитор әрі пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, 100-ден астам классикалық музыкалық туындылардың авторы Рахат-Би Абдысагин «Зымыран Заман» атты концертін ұсынады. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» құрмет белгісінің иегері, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары ассоциациясының […]

15.10.2018
Кемелділіктің шегі жоқ

«Астана Операда» 2-13 қазан аралығында сұранысқа ие педагог, хореограф, әлемдік балет жұлдызы Оливье Патейдің шеберлік сабағы өтуде. Оливье Патей – Фландрия Корольдік балетінің тәлімгер ұстазы, Париждік балет труппасының премьері, көптеген беделді халықаралық байқаулардың  қазылар мүшесі. Әлемнің түрлі елдерінде тұрақты түрде шеберлік сабақтарын өткізеді, ал қойылымдары болса Еуропа, Азия және Америка көрермендерінің ілтипатына бөленіп, табысқа ие […]

11.10.2018
Севильдік шаштараз шаш қимайды

Қазанның 12, 13 және 14 күндері «Астана Опера» сахнасында музыкалық өнердің жауһары – Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» комедиялық операсы ұсынылады. Операның керемет сазды әуендері бірқатар атақты фильмдерде пайдаланылды, ал Фигароның әйгілі «Largo al Factotum» ариясы мен Розинаның «Una voce poco fa» кавантинасын барша әлем тыңдарманы бірнеше нотасынан-ақ таниды. Премьера Астананың 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және […]

10.10.2018
Неміс музыкалық романтикасы – Астанада

Неміс музыкалық романтикасы – Астанада Танымал шығармашылық ұжым – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеевтің жетекшілігіндегі Қазақстан Республикасының «Форте-трио» мемлекеттік триосы «Астана Опера» Камералық залы сахнасында өнер көрсетпек. Кеш қонақтары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері баритон Азамат Жылтыркөзов пен альтист Ольга Калько. 17 қазан күні музыканттар «Форте-трио» шақырады» топтамасынан «Неміс романтикасы» атты жарқын концерттік бағдарламаны […]

4.10.2018
«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі  ашылады

«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі ашылады 5 қазан күні «Астана Опера» Камералық залында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезін өткізу аясында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді. Кештің қанық та қызықты бағдарламасын Мәдениет қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова жетекшілік ететін Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры ұсынады. […]

1.10.2018
«Севильдік шаштараз» операсы Астана төрінде шырқалмақ

«Севильдік шаштараз» операсы Астана төрінде шырқалмақ Маусымның көптен күткен премьерасы еліміздің бас театры – «Астана Опера» сахнасында 12-13 қазан күндері орын алмақ. Көрерменге әлем бойынша мыңнан астам орындалуына себеп болған қарқынымен, музыкалық әзілімен ерекшеленген Джоаккино Россинидің атақты әрі баршаға сүйікті «Севильдік шаштараз» комедиялық операсы әзірленуде. Қойылым тобында музыка әлемінде есімдері әйгілі хас шеберлердің құрамы ұсынылған: […]

24.09.2018
Ұлттық классика жауһары – «Абай» операсы тұңғыш рет Италияда ұсынылмақ

Ұлттық классика жауһары – «Абай» операсы тұңғыш рет Италияда ұсынылмақ «Астана Опера» театры Италияға гастрольдік сапармен жол тартпақ. Ұжым 8 және 10 қараша күндері атақты генуялық «Карло Феличе» театрының сахнасында өнер көрсетеді. Әккі көрерменнің назарына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы, сонымен қатар Л.В.Бетховеннің №9 Симфониясы ұсынылады. Гастроль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» […]

20.09.2018
Романсқа ғашық жандар

Романсқа ғашық жандар 19 қыркүйек күні «Романс сиқыры» топтамасы аясында Камералық залда өтетін «Жүректен шыққан үн» концертінде сахна төріне романсты орындаудың хас шеберлері – «Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістері шығады. Осынау жанрды сүйіп тыңдаушылар үшін атақты композиторлардың танымал романстары мен әндері, аспаптық жауһар туындылары әзірленген. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано) Айгүл […]

20.09.2018
Астана – асыл арманым

Әйгілі опера әншісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы «Астана – асыл арманым» концертінде өнер көрсетпек. Астананың 20 жылдығына арналған тамаша музыкалық кеш 8-қыркүйекте театрдың Үлкен залында өтеді. Сонымен қатар осы кеште сахнаға: «Астана Опера» жетекші солисі, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян (бас), шақырылған тенорлар Мұрат […]

27.08.2018
Музыкалық суаре

«Астана Операның» керемет солистері Мәдина Исламова, Татьяна Вицинская, Рамзат Балакишиев, Ержан Саипов және Хорватиядан шақырылған сопрано Сандра Пламенац тыңдарман қауымға «Soirée» вокалдық романтикалық музыка концертін ұсынбақ. Кеш 25 тамызда театрдың Камералық залында өтеді. Концертмейстер – Амина Тайкенова ин дер Шмиттен. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына қазақ, итальян, француз, неміс, австрия, хорват және орыс композиторларының атақты […]

22.08.2018
«Астана Операда» Ақтөбе филармониясы камералық хорының концерті өтеді

«Астана Опера» Камералық зал сахнасында Ғ.А.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры гастрольдік сапармен өнер көрсетеді.  «Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу» концерті 19-тамызда өтеді. Ақтөбе облыстық филармониясының негізі 1944 жылы қаланған, ал 1998 жылы филармонияға көрнекті отандық композитор, КСРО халық әртісі Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың аты берілген. Филармония құрамында – қазақ халық аспаптар оркестрі, эстрадалық-симфониялық […]

13.08.2018
Альтке арнау

«Астана Операда» қазіргі ысқылы аспаптардың ішіндегі ең көнесі – альтке арналған музыкалық кеш өтпек. «Альт бенефисі» концерті 15 тамыз күні Камералық зал сахнасында қойылады. Концертке келесі құрамдағы ішекті аспаптар квинтеті қатысады: Қаламқас Жұмабаева, Нәзікгүл Жаңазарова (скрипка), Жанар Ахатова (альт), Курванжан Ахатов (виолончель), Олжас Домашев (контрабас), сонымен бірге Карина Измайлова (фортепиано), Жәнібек Бекмәдиев (соқпалы). Солист – […]

9.08.2018
Бақтияр Адамжан итальяндық өнер сүйер қауымның  көңілін баурап алды

Көптеген беделді халықаралық байқаулардың гран-при иегері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан алғаш рет ХХ ғасырдағы көрнекті хореограф Ролан Петидің қойылымындағы «Бозбала мен ажал» балетіндегі Бозбала басты рөлін сомдады. Қойылым аты аңызға айналған биші әрі хореограф Рудольф Нуреевке арналған Tributo a Rudolf Nureyev халықаралық гала-балеті аясында 28 шілде күні біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдан […]

7.08.2018
«Астана Операдағы» музыкалық демалыс

Жас орындаушылар – шетелдің беделді музыка университеттерінің шәкірттері өз Отанында өнер көрсетпек. 10 тамыз күні «Астана Операның» Камералық зал сахнасында «Музыкалық демалыс» концерті өтеді. Астаналық өнер сүйер қауымға әлемнің үздік музыкалық оқу орындарында білім алып жүрген дарынды қазақстандық студенттер, халықаралық байқаулардың лауреаттары өз өнерін ұсынбақ. Концертке П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының шәкірттері Досхан Жексембай (бас-тромбон), […]

6.08.2018
Мария Мудряк Ресейдің Үлкен театрында зор табыспен өнер көрсетті

«Астана Опера» театрының солисі Мария Мудряк Ресейдің әйгілі Үлкен театры сахнасында алғаш рет өнер көрсетті. Әртіс шілденің 25, 27 және 29 күндері Джакомо Пуччинидің «Богема» операсының премьерасында Мими бас партиясын орындады. Осы маусымның соңғы тұсаукесері оразан зор табысқа кенелді. Тыңдармандар, қырағы сыншылар мен БАҚ өкілдері классикалық үлгідегі қойылымға таңғалыстарын білдіріп жатты. «Московский комсомолец» көрнекті басылымының […]

3.08.2018
«Астана Опера» бесінші театр маусымын тамамдады

 «Астана Опера» театрының бесінші мерейтойлық маусымының ауқымды жобалары Елорданың 20 жылдығына арналған еді. Театр репертуары опера және балет өнерінің әлемдік жауһарларымен толықты. Осының бәрі – Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бекітілген Мәдени саясат тұжырымдамасын толық көлемде жүзеге асырушы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздегі ең ірі театрдың шығармашылық ұжымының орасан зор күш-жігерінің нәтижесі. Не болды? Бұл […]

31.07.2018
«Астана Операда» ХХ ғасырдың музыкалық жауһарлары ұсынылмақ

Танымал қазақстандық аспапшылар, сонымен қатар жас дарынды музыканттар тыңдарман қауымға өткен ғасырдағы атақты композиторлардың керемет туындыларын паш етпек. 1 тамыз күні «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «ХХ ғасырдағы камералық музыка» концерті өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Операның» бірінші скрипкасы әрі оркестр солисі Бағдат Әбілханов аспапты шебер меңгеру өнерімен елорда тұрғындары мен қала қонақтарын […]

30.07.2018
Париж ұлттық опера театры солистері және әртістерінің қатысуымен Гала де Пари

Елордада тұңғыш рет! Шілденің 27-30 аралығында «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында Париж ұлттық опера театрының балет труппасы жұлдыздарының қатысуымен бірегей балет Гала-кеші өтеді. Еуропалық балеттің жарқын жұлдыздары қазақстандық көрерменге хореограф Себастиан Бертоның көркемдік жетекшілігіндегі (Париж, Франция) «Gala de Paris» орасан зор бағдарламасын ұсынады. Гала-кештің идея авторы әрі бас продюсері – Антон Левахин (Рим, Италия). «Астана […]

23.07.2018
«Заманауи хореография кеші»: әркім өзін тани алады

«Астана Операдағы» «Заманауи хореография кешінің» премьерасына санаулы күндер қалды. Негізінен, елордалық театрдың репертуары классикалық туындылардан тұратыны белгілі. Театр маусымының соңына қарай балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың бастамасымен көрермен қауымды бірегей балеттермен таңғалдыруға шешім қабылданды, осынау балеттердің ерекшелігі неде екенін атақты хореографтар Ксения Зверева мен Раймондо Ребек баяндап берді. Жоба ҚР Мәдениет […]

17.07.2018
ҚР Президенті Бурабайда өткен «Біржан – Сара» операсын тамашалады

Абылай ханның тарихи алаңында «Біржан – Сара» операсы open air форматында қойылды. Алғаш рет Бурабай аспанының астында М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектаклі қойылды. 14 шілде күні қазақ операсының інжу-маржанын еліміздің бас театры «Астана Операның» айтулы әртістері орындады. Көкшенің әсем тауларының баурайында орналасқан Абылай хан алаңы басты екі кейіпкердің махаббат тарихы өрбіген мекенге айналды. Жоба ҚР […]

15.07.2018
«Астана Операда» бір бөлімді балеттердің әлемдік премьерасы орын алмақ

«Астана Операның» бесінші мерейтойлық театр маусымының соңғы тұсаукесері 21-22 шілде күндері өтеді. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына «Заманауи хореография кеші» ұсынылады. Әлемге әйгілі қоюшы балетмейстерлер – Раймондо Ребек (Roul Raimondo Rebeck, Германия) пен Ксения Зверева (Ресей/Швеция) би тілі арқылы уақыт ағымы мен ғашық жандар жайлы таңғажайып оқиғаны өрнектейді. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің […]

11.07.2018
Бурабай аспанының астында «Біржан – Сара» операсы қойылмақ

14 шілде күні Бурабай аспанының астында қазақ опера өнерінің інжу-маржаны – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» қойылымы көрермен назарына ұсынылмақ. Жауһар туындының жаңа музыкалық-сахналық редакциядағы тұсаукесері осы жылдың көктемінде «Астана Опера» сахнасында орын алып, орасан зор жетістікке ие болған еді. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асуда.   «Біржан […]

9.07.2018
Опера жасасын!

Әйгілі вокалистер, «Астана Опера» театрының жетекші солистері Медет Шотабаев пен Барсег Туманян шақырылған солист – атақты әнші Вардуи Хачатрянмен (Швейцария) бірге «Viva l’opera» концертінде өнер көрсетпек. Музыкалық кеш 11 шілде күні Камералық зал сахнасында өтеді. Фортепиано партиясында – Мәдениет қайраткері Елена Сахно. Медет Шотабаев, Барсег Туманян және Вардуи Хачатрян елорда тұрғындары мен қала қонақтарына итальяндық […]

5.07.2018
Бақтияр Адамжан «Нұр Отан» қатарына қосылды

Бүгін, 4 шілде күні «Астана Опера» театрының жетекші балет солисі, көптеген халықаралық байқаулардың Гран-при иегері Бақтияр Адамжанды «Нұр Отан» партиясына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Еліміздің мәдениет қайраткерлерінің көпшілігі «Нұр Отан» партиясына мүше болып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдап жүргені белгілі. Мемлекет басшысы өнер саласын дамытуға баса назар аударып, жас дарындар, ғалымдар, спортшылар, […]

4.07.2018
Шытырманға толы «Корсар» балетіндегі дебют

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы А.Аданның атақты «Корсар» балетінде маңызды дебют орын алмақ. 7 шілде күні театрдың Үлкен залы сахнасында айлакер Исаак Ланкедемнің партиясында жас дарынды әртіс Жансерік Ахметов алғаш рет өнер көрсетеді. Әккі саудагер Исаак Ланкедем – теңіз қарақшыларының өмірі жайлы жарқын әрі қызықты балеттің негізгі кейіпкерлерінің […]

3.07.2018
Елорданың 20 жылдығына орай «Астана Опера» театрында «Жайна, Астана!» салтанатты одасының премьерасы өтеді

Әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев, атақты қазақстандық тенор Медет Шотабаев және америкалық опералық сопрано Энджел Блу көрнекті британдық композитор Карл Дженкинстың SHINE ASTANA салтанатты одасын орындайды. Әлемдік премьера 2 шілде күні «Астана Опера» театрының сахнасында өтпек. Қазақстанның барлық аймағынан, сондай-ақ Италия, Австрия, Германия, Голландия, Грекия, Хорватия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген мыңнан астам музыканттардың […]

29.06.2018
Ерекше ұсынылған музыкалық классика

«Астана Опера» театрының тамаша аспапшы-музыканттары тыңдарман назарына «Фантазия, блюз, фокстрот» концертінің бірегей бағдарламсын ұсынбақ. Түрлі жанр мен дәуірдегі жарқын шығармалар 29 маусым күні Камералық зал сахнасында ерекше орындауда шырқалмақ. Бұл кеште «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің әртістері – Зынхар Ахметбек (скрипка) пен Айнұр Қамалова (арфа), сондай-ақ Назым Уәлиева (виолончель), Наталья Керносова (фортепиано) жеке және бірегей ансамбльдік […]

27.06.2018
Ертең «Астана Опера» мен Қытай ұлттық опера театрларының бірлескен ауқымды жобасы – «Турандот» операсының тұсауы кесіледі

Қазақстандық опера жұлдыздары мен Қытай ұлттық опера театрының керемет әртістері 22 және 23 маусым күндері Дж.Пуччинидің «Турандот» операсында өнер көрсетпек. Дирижерлік пульт басында – әйгілі маэстро, ҚР еңбек сіңірген қайраткері қоюшы дирижер Алан Бөрібаев. Жоба елорданың 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асуда. Сондай-ақ премьераға атақты австриялық сопрано Мартина Серафин мен […]

21.06.2018
Елорда тұрғындары мен қонақтарына Турандот өз жұмбақтарын жасырады

Қиял-ғажайып, ертегі, құштарлық, қасірет пен махаббат – міне, осының бәрі Дж.Пуччинидің «Турандот» операсының жаңа қойылымында көрініс таппақ. Көрермендер әлемдік және отандық сахна жұлдыздарының керемет ойынына, театрда бұрын-соңды қолданылмаған технологиялар бойынша жасалған ультра заманауи декорацияларға, қытай үлгісіндегі өрнектермен көмкерілген костюмдерге және т.б. таңғажайыптарға тамсанатын болады. Ауқымы жағынан орасан зор халықаралық топтардың бірлескен одағы (Қазақстан – Қытай […]

18.06.2018
«Астана Операның» жетекші солисі Сүндет Байғожинге «Алтын Шипагер» 2018 сыйлығы табыс етілді

14 маусым күні елімізде теңдесі жоқ «Алтын Шипагер» 2018 сыйлығы танымал қазақстандық баритон, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинге табыс етілді. Атақты қазақстандық опера әншісінің белсенді түрде қоғамдық қызметпен, қайырымдылықпен айналысатыны белгілі. Еске салар болсақ, осы жылдың сәуір айында елордалық театрдың жетекші солисі онкологиялық аурумен сырқаттанған музыкалық колледж студенті Есімбек Рахаттың тілегін орындаған еді. Есімбек […]

15.06.2018
Вивальди жауһарлары

Антонио Вивальдидің атақты туындылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрінің тамаша орындауында шырқалатын болады. Әйгілі венециялық сазгердің 340 жылдығына арналған «Вивальди музыкасы» концерті 17 маусым күні театрдың Камералық залы сахнасында өтеді. Сондай-ақ осы кеште «Астана Опера» солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері керемет сопрано Айзада Капонова тыңдарманға өз өнерін […]

15.06.2018
Әлемнің үздік аккордеоншысы Астанада концерт бермек

Әлемге әйгілі француз аккордеоншысы әрі композиторы Ришар Гальяно алғаш рет елордалық театрдың сахнасында өнер көрсетпек. «Музыка мерекесі» концерті 17 маусым күні «Астана Операның» Камералық залында өтеді. Осы күнде елорда тұрғындары мен қала қонақтарына әлемнің үздік аккордеоншысы деп танылған музыканттың өнеріне тәнті болу мүмкіндігі туындап отыр. Ришар Гальяно бандонеон аспабын да асқан шеберлікпен меңгерген. Орындаушы – […]

13.06.2018
Классиканың жаңа дауыстары

«Астана Опера» театрының Камералық залында керемет жас аспапшылар триосы алғаш рет өнер көрсетпек. Классикалық музыканың тамаша шығармалары тыңдаушылар назарына 13 маусым күні «Таңдаулы классика» концерті аясында ұсынылмақ. Бұл кеште дарынды музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің әртістері – скрипкашы Әсел Жақиянова мен виолончелист Ботагөз Қалиева, сонымен қатар пианист Жанна Здорнова елорда тұрғындары мен […]

7.06.2018
Махаббат музыкасы

Жас дарынды әртістер – «Астана Опера» солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары – Назым Сағынтай, Малика Минизини, Рамзат Балакишиев, Ержан Саипов, Шыңғыс Расылхан жүректі тебірентер нәзік сезім жайлы танымал туындыларды орындайтын болады. Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Жүректен шыққан махаббат әні» концерті театрдың Камералық залы сахнасында 10 маусым күні өтпек. Фортепиано партиясында – Мәдениет қайраткері Елена Сахно. […]

6.06.2018
Астанада қиял-ғажайыпқа толы «Турандот» операсының тұсауы кесіледі

Тұңғыш рет «Астана Опера» мен Қытай ұлттық опера театрлары бірлескен ауқымды жобаны жүзеге асыруға дайындық үстінде – 22 және 23 маусым күндері елордалық театрдың сахнасында Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсының премьерасы тыңдарманға жол тартпақ. Қойылым тобы аты шулы есімдерден құралған: қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтулы маэстро Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – атақты итальян […]

5.06.2018
Музыка тілімен айтқанда

Танымал қазақстандық аспапшылар – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті мен пианист Данияр Есімханов 7 маусым күні «Астана Опера» театрының Камералық залында «Музыкалық сұхбат» концертінде өнер көрсетеді. «Қазақквартет шақырады» топтамасынан ұсынылған қанық концерттік бағдарламада әртүрлі екі бағыт – классицизм мен романтизм шығармалары шырқалмақ.  Ішекті аспаптар квартеті жанрының негізін қалаушылардың бірі Й. Гайднның №6 ішекті […]

1.06.2018
Танымал қазақстандық әртістер романтикалық музыка жауһарларын орындамақ

«Астана Опера» жетекші солистері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Дина Хамзина, Нұрлан Бекмұхамбетов және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты Болат Есімханов «Романс пен операның романтикасы» концертінде өнер көрсетпек. «Музыка және оның шығарушылары» топтамасынан музыкалық кеш 2 маусым күні театрдың Камералық залында өтеді. Әншілермен бірге сахна төріне керемет аспапшылар – «Астана […]

31.05.2018
Жазбен бірге келген балалар мерекесі!

Биылғы Халықаралық балаларды қорғау күні «Астана Операның» театралдық студиясының бес жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуде. 1 маусым күні «Астана Опера» Камералық залының сахнасында театралдық студияның тәрбиеленушілері керемет мерекелік бағдарлама ұсынбақ.   – Шамамен екі ай бойы осы концертке дайындық жүргізіліп келді. Жаңа бағдарламаға әртүрлі нөмірлерді, соның ішінде Ж.Бизенің «Кармен» операсынан марш, «Япырай» қазақ халық әні, сонымен […]

30.05.2018
«Травиата» операсындағы дирижер мен әншінің дебюті

Беларусь Үлкен театрының бас дирижері, Украинаның еңбек сіңірген әртісі Виктор Плоскина Дж.Вердидің «Травиата» спектаклінде «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің дирижерлік тұғырынан көрінбек. Х.Брогхауздың қойылымындағы атақты «Айналар травиатасы» 30 мамыр күні театрдың Үлкен залында өтеді. Осы кеште Флора Бервуа партиясында алғаш рет опера труппасының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты меццо-сопрано Малика Минизини өнер көрсетеді. Үлкен сұранысқа ие маэстро […]

28.05.2018
Қарағандының симфониялық әуендері

«Астана Опера» театрында Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі симфониялық оркестрінің гастролі өтеді. 27 мамыр күні театрдың Үлкен залы сахнасында «Қарағандыдан жалынды сәлем» музыкалық кеші ұйымдастырылады. Солист – танымал ресейлік пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Мирослав Култышев. Гастроль Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. Кештің бірінші бөлімінде елорда тұрғындары мен қонақтарына […]

26.05.2018
Ертең Астанада қарақшылардың қиялшыл өмірі жайлы «Корсар» балетінің тұсауы кесіледі

Қоюшы хореограф, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының балет труппасы 25 және 26 мамыр күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына Астананың 20 жылдығын мерекелеу құрметіне орай өтетін А.Аданның «Корсар» балетінің премьерасын ұсынады. Туындының негізінде аты аңызға айналған балетмейстер, осы жылы барша әлем 200 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтіп жатқан көрнекті тұлға Мариус Петипаның […]

24.05.2018
«Корсар» балетінің премьерасы: қарақшылар, таң қалдырарлық махаббат пен көптеген шытырман оқиғалар

Алып кеме асау толқынмен жарысқан тәрізді «Астана Опера» сахнасында жүзіп келе жатыр. Дауыл, кеме апаты, таңғажайып шығыс базары – «Корсар» балетіндегі барлық көріністі тізіп шығу қиын. Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы шытырманға, шиеленіске толы оқиға 25 және 26 мамыр күндері көрермен назарына ұсынылады. Тұсаукесер Қазақстан Республикасы Мәдениет және […]

24.05.2018
Эцио Фриджерионы Қазақстанмен мызғымас достық байланыстырады

Бүгін, 23 мамыр күні, «Астана Опера» театрында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipгeн ерен еңбегі үшін қазіргі таңдағы ең атақты сценографтардың бірі – Эцио Фриджерионы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.   Айтулы сценографтың есімі барша әлемге әйгілі. Эцио Фриджерионың өнерге қосқан үлесі ұшан-теңіз. Заманауи хореографияның дамуындағы […]

23.05.2018
«Астана Опера» атақты «Богема» операсын Қарағандыда ұсынады

«Астана Опера» театры Қарағандыға гастрольдік сапарға аттанады, 20 мамыр күні Кеншілер мәдениет сарайында көрермендерге Дж.Пуччинидің «Богема» операсы ұсынылатын болады. Дирижерлік ететін – Қарағанды симфониялық оркестрінің бас дирижері – Петр Грибанов, режиссері – Наталья Кагадий, «Астана Опера» театрының бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Гастрольдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. – Егер бес үздік […]

16.05.2018
«Астана Операда» «Корсар» балетінің тұсауы кесіледі

25 және 26 мамыр – екі күн қатарынан «Астана Опера» театрының сахнасында Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында А.Аданның шытырман оқиғаға толы «Корсар» балетінің тұсауы кесіледі. Бұл спектакльден хореографияны, костюмдер сценографиясын, сондай-ақ кейіпкерлердің айбынды партияларын көріп, тамсануға болады. Премьера ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдығын мерекелеу […]

16.05.2018
Құддыс Қожамияровтың ғасырлық мерейтойына арналған концерт

Құддыс Қожамияровтың ғасырлық мерейтойына арналған концерт «Астана Опера» КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Құддыс Қожамияровтың 100 жылдығын атап өтпек. 18 мамыр күні театрдың Камералық залында Қазақстан композиторларының туындыларынан тұратын «Ұйғыр мұқамының сарыны» концерті тыңдаушылар назарына ұсынылмақ.  Құддыс Ходжамиярұлы Қожамияров – қазақстандық сазгер, педагог, қоғам қайраткері, кәсіби ұйғыр музыкасының негізін қалаушы. Қ.Қожамияров Алматы […]

16.05.2018
Қараңғыда шырқалатын музыка

16 мамыр күні «Астана Операның» Камералық залында «Қараңғыда шырқалатын музыка» атты бірегей қайырымдылық жоба өтеді. Концерттің қызықты музыкалық-поэзиялық бағдарламасы тас қараңғыда өтетін болады. «Қараңғыда шырқалатын музыка» қайырымдылық жобасы мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселелеріне көңіл бөлу мақсатымен ұйымдастырылды. Концерттен түскен қаражаттар «Свет в темноте» корпоративтік қорына аударылады. Ешбір жарықсыз, қараңғыда орындалатын классикалық музыка жауһарлары, сонымен қатар заманауи […]

14.05.2018
Классикалық және халық аспаптарының музыкасы

«Астана Опера» тыңдармандарының назарына Қазақстан Республикасының «Форте-трио» мемлекеттік триосының орындауында әлемдік классика жауһарлары мен қазақстандық композиторлардың шығармалары ұсынылады. «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің қатысуымен «Уақыт көпірі» концерті 12 мамыр күні театрдың Камералық залында өтеді.   Осы кеште елорда тұрғындары мен қала қонақтары скрипка, виолончель және фортепиано сынды классикалық музыкалық аспаптардың керемет ансамбльдік дыбысталуын тамашалап қана қоймай, […]

10.05.2018
Әлемге әйгілі балетмейстер “Астана Операда” шеберлік сабағын өткізді

5 мамыр күні «Астана Операда» әлемге әйгілі балет әртісі, педагог әрі хореограф Ирек Мухамедовтың шеберлік сабағы өтті. Ирек Мухамедов – Ресейдің Үлкен театры мен лондондық Корольдік балеттің премьері, Афина операсы балет труппасының жетекшісі, РСФКР Еңбек сіңірген әртісі. Сахналық мансабы жолында әртіс қаһармандық-романтикалық тұрғыдағы ұмытылмас бірқатар бейнелерді жасаған еді. Оның асқан шеберлікті би мәнеріне темперамент, батылдық, […]

10.05.2018
Айзада Капонованың Италиядағы жеңісі

Керемет әнші-сопрано, «Астана Опера» театрының солисі, «Құрмет» орденінің кавалері, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Айзада Капонова Италияның Пезаро қаласында өткен Дж.Россини атындағы XV халықаралық байқауда 1-орынды иеленіп, тамаша жеңіске қол жеткізді. 26-30 сәуір аралығында ұлы композитор Джоаккино Россинидің туған жері – итальяндық Пезаро қаласында оның атындағы халықаралық музыкалық байқау өтті. Байқауға қатысу үшін әр елден дарынды […]

5.05.2018
Жеңіс даңқын жырлаймыз

«Астана Опера» ең маңызды, ардақты әрі айбынды мерекелердің бірі – Ұлы Жеңіс Күнін атап өтпек. 9 мамыр күні театрдың Үлкен залында «Астана Опера» опера труппасының жетекші солистері, Симфониялық оркестрі мен хоры «Жеңіс даңқын жырлаймыз» концертінде өнер көрсетеді. – Жеңіс күні – мерекеден де артық, бұл Отанымыз үшін, жер бетіндегі бейбітшілік пен әрбір отбасының жарқын болашағы […]

5.05.2018
Қазақстан мен Ресейдің керемет скрипкашылары Камералық зал сахнасында кездеседі

6 мамыр күні елордалық театрдың Камералық зал сахнасында жарқын скрипкашы музыканттар – «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің солистері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов және Айсұлу Байкенова, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алексей Лундин мен көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Жандос Мұхамеди өнер көрсетеді. «Музыкалық қиылыс» топтамасындағы концертке дирижер Руслан Баймурзинның жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрі қатысады. ​Музыкалық […]

4.05.2018
Рамазан Баповтың құрметіне «Астана Опера» «Спартак» балетін ұсынады

7 мамыр күні «Астана Операның» Үлкен залында қазақтың біртуар балет әртісі, хореограф және педагог, КСРО халық әртісі Рамазан Баповты еске алу құрметіне орай аты аңызға айналған Ю.Григоровичтың қойылымындағы А.Хачатурянның әйгілі «Спартак» спектаклі қойылады. Отан қорғаушылар күні даңқты рим жауынгерінің рөлін балет труппасының жетекші солисі, көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың Гран-при лауреаты Бақтияр Адамжан орындайды. Рамазан Салықұлы […]

3.05.2018
Бірлік – музыкада

«Астана Опера» шығармашылық ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтпек. 1 мамыр күні театрдың Үлкен залында «Астана Операның» керемет жетекші опера солистері, Симфониялық оркестрі және хордың қатысуымен «Туған жерім – алтын бесігім!» атты мерекелік концерті өтеді. Вокал жанрының хас шеберлері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұпар Ғабдуллина, Жәмиля Жарқымбаева, […]

27.04.2018
«Астана Опера» әртістері жаңа балет шыңын бағындырды

Танымал қазақстандық балет әртісі, «Астана Операның» жетекші солисі, көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың Гран-при лауреаты Бақтияр Адамжан «Мистер Виртуозность» аталымында беделді халықаралық Dance Open балет сыйлығының (Санкт-Петербор, Ресей) лауреаты атанды. «Астана Опера» балет солисі Серік Нақыспеков «Арабеск-2018» байқауының (Пермь, Ресей) лауреаты болды. Санкт-Петербор Халықаралық Dance Open балет сыйлығы Халықаралық Dance Open балет фестивалі аясында жыл сайын […]

25.04.2018
Вокал өнеріне деген сүйіспеншілік

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Үлкен театрдың солисі Павел Черных, сонымен қатар «Астана Опера» театрының керемет вокалистері әйгілі композитор-классиктердің опералары мен романстарынан ариялар, дуэттер орындайды. «Орыс музыкасының сүйікті шығармалары» концерті 27 сәуірде театрдың Камералық залында өтеді. XIX ғасырдың вокалдық лирикасындағы жеке жан толқынысы мен көңіл-күй әлемін тыңдармандарға тамаша өнерпаз әртістер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жәмилә […]

25.04.2018
Маэстро Алан Бөрібаев Г.Малердің №5 симфониясының премьерасын ұсынады

«Астана Опера» театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты маэстро Алан Бөрібаев тамаша симфониялық премьералар сериясын жалғастыруда. 26 сәуір күні театрдың Үлкен залында «Брамс және Малер. Симфониялық концерт» өтеді. Қазіргі таңда сұранысқа ие пианистердің бірі Фредерик Кемпф (Ұлыбритания) елордалық сахна төріне алғаш рет шығып, осы концертте өнер көрсетеді. Әйгілі қазақстандық дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі […]

23.04.2018
Асхат Маемиров:  «Біржан – Сара» –  «Астана Операның» айрықша қойылымы

Бүгін, 19 сәуір күні, «Астана Опера» театрының сахнасында М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсының бас дайындығы өтіп жатыр. 20 және 21 сәуірде ұлттық классика жауһарын көрерменге мінсіз ұсыну үшін әртістер барлық мизансценалық өзгешеліктерді, вокалдық әрі актерлік тапсырмаларды жасап шықты, енді тек шырқап, жүзеге асыру қалды, костюмерлер болса соңғы киімдерін үтіктеп, дайындалуда, ал симфониялық оркестр музыканттары аспаптарын […]

19.04.2018
Еуропаға музыкалық саяхат жасау

«Астана Опера» елорда тұрғындары мен қонақтарына «Әуенді Еуропа бойынша саяхат» ұсынады. 24 сәуір күні театрдың Камералық залында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, сонымен қатар олардың достары – солистер Мағруфа Мұқажанова (арфа), Гүлдана Әкімова (флейта), Дәулет Сейдахметовтың (кларнет) қатысуымен концерт өтеді. Танымал қазақстандық ұжымның құрамында асқан шебер музыканттар бар, атап айтқанда: Айдар Тоқталиев, Алексей Лебедев […]

13.04.2018
ХХІ ғасыр үлгісіндегі «Біржан – Сара»

Қазақ операсының інжу-маржаны – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» туындысы «Астана Опера» сахнасына жаңа музыкалық сахналық редакцияда қайта оралмақ. Оның үстіне, режиссерлік нұсқа да, декорациялар да, киімдер де, жарық та әлемнің үздік опера сахналарында көрерменге ұсынылып жүрген кереметпен пара-пар болмақ. Тыңдарман қауымды тұсаукесер күндері – 20 және 21 сәуірде сыры ашылатын таңғажайып тосынсыйлар күтуде. Жаңа музыкалық […]

12.04.2018
Керемет опера әртістері тамаша концерттік бағдарламамен өнер көрсетпек

«Астана Опера» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова мен Талғат Мұсабаевтың, сонымен қатар Армениядан шақырылған бас, халықаралық байқаулардың лауреаты Саркис Бажбеук-Меликянның орындауында әлемдік опера классикасының жауһарлары шырқалады. «Махаббатым менің – опера» атты керемет концерт бағдарламасы 22 сәуір күні Камералық залда өтеді. Фортепиано партиясында – «Мәдениет қайраткері» Елена Сахно. – Осы жолы елорда тұрғындары […]

12.04.2018
Виолончельдің нәзік үні

18 сәуір күні «Астана Операның» Камералық залында КСРО Халық әртісі Наталия Шаховскаяны еске алуға арналған «Виолончельдің ғажайып үні» концерті өтпек. Бұл музыкалық кеште атақты виолончелистің шәкірті – белгілі қазақстандық музыкант, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет пен өнер саласындағы лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев сахна төріне шығады. – Наталия Николаевна Шаховская – ХХ ғасырдың […]

4.04.2018
Астана төрінде – жалынды аргентиналық танго

Тыңдармандардың көптеген сұрауы бойынша «Астана Операда» атақты аргентиналық композитор Астор Пьяццолланың жауһар туындылары ұсынылатын болады. 13 сәуір күні театрдың Камералық залында «Obra maestra Astor Piazzolla» концерті өтеді. Құрамы Константин Стригин (баян), Кирилл Красюков (скрипка), Қайрат Арыстанов (гитара), Анатолий Якушкин (контрабас), Александр Малиновский (гармоника), Жәнібек Бекмәдиев (соқпалы аспаптар), Елена Сахнодан (фортепиано) тұратын «Ritmos de Amor» аспаптық […]

2.04.2018
Австриялық музыка кемеңгерлерінің асқақ айбыны

10 сәуір күні «Астана Операның» Камералық залында «Мәңгілік вена классикасы» шырқалады. Австриялық ұлы композиторлардың туындылары дирижер Эльдар Сапараевтың жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрінің орындауында көрермен назарына ұсынылатын болады. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр оркестрінің солисі, керемет скрипкашы Бағдат Әбілханов. Әйгілі виолончелист, «Веналық симфониетта» оркестрінің дирижері, Германиядағы Оңтүстік-Батыс филармониялық оркестрінің концертмейстері, Штутгарттағы И.С.Бах атындағы […]

30.03.2018
Музыкадағы әзіл-сықақ

Күлкі күні «Астана Операда» музыкалық қалжың мен көңілді тосынсыйлардың кеші өтеді. 1 сәуірдегі «Музыкалық калейдоскоп» концертінде опера труппасының керемет жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен театрдың Симфониялық оркестрі мен хоры Үлкен Зал сахнасында өнер көрсетеді. Л. Андерсонның «Жазу машинасына арналған пьесасы», И. Штраустың «Аңшылықта» полькасы, И. Штраустың «Жарқанатынан» Адель шумақтары, Д. Обердің […]

29.03.2018
С.Рахманиновқа арнау

4 сәуір күні «Астана Операның» Камералық залында С.Рахманиновтың 145 жылдығына арналған «Көктем сулары» концерті өтеді. Әйгілі композитор, пианист әрі дирижердің жауһарлары елордалық вокал және аспаптық жанр шеберлерінің орындауында шырқалатын болады. «Музыка және оның шығарушылары» топтамасының музыкалық кешіне халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрмет орденінің кавалері Айзада Капонова (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев (баритон), Қазақстанның еңбек […]

28.03.2018
Алматыда «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығымен «Астана Операның» жетекші солистері марапатталды

Дәстүр бойынша Халықаралық театр күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл салтанатты шара Алматы қаласындағы М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында орын алды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты Сүндет Байғожин «Үздік опера солисі» аталымында […]

27.03.2018
Медет Шотабаев Италия Жұлдызы Орденімен марапатталды

26 наурыз күні «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев марапатқа ие болды – ол Италия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуы және итальян тілін насихаттауы үшін Италия Жұлдызы Орденінің Кавалері атанды. Бұл шетелдіктерге арналған жоғары итальяндық марапат. Оның жарты ғасырдан астам тарихы бар және осы уақыттың ішінде әнші командор дәрежесіне ие болған […]

26.03.2018
Бақтияр Адамжан Мемлекеттік Кремль Сарайының көрерменін тәнті етті

Керемет қазақстандық әртіс, халықаралық байқаулардың көптеген гран-при иегері, «Астана Операның» жетекші солисі Бақтияр Адамжан 24 наурыз күні Мемлекеттік Кремль Сарайында өнер көрсетті (Ресей, Мәскеу). «ҚОЛТАҢБА мен БЕДЕЛ» жобасының аясында аты аңызға айналған әртіс Рудольф Нуреевтің құрметіне орай дарынды биші әрі балетмейстердің 80 жылдығына «Рудольф Нуреев. Өткеннен болашаққа» атты әлемдік балет жұлдыздарының гала-концерті ұсынылды. Осы кеште […]

26.03.2018

9Заманауи қазақстандық мәдениетті жүзеге асыру, Наурыз мейрамының сипатына тың серпіліс беріп жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған сұхбатта.   — Көктем мен жаңарудың, достық пен бауырластықтың мерекесі – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Осы Ұлыстың ұлы күнін атап өтудің өзіндік ерекшеліктерін қайта жаңғырту жайлы айта кетсеңіз. — Әр ұлттың, […]

22.03.2018
Сиқырға толы «Пер Гюнттің саяхаты»

Норвегияның атмосферасы, ертегі кейіпкерлері, бас қаһарманмен бірге ғажайып қиырға, жер асты патшалығына қызықты саяхат және басқа да көптеген шытырмандар – осылардың бәрі Эдвард Григтің «Пер Гюнттің саяхаты» атты балаларға арналған музыкалық жобасының тұсаукесерінде жас көрермендерге жол тартады. «Балаларға арналған классика» топтамасының концерті 30 наурызда – көктемгі демалыс күндері ұсынылады. – «Астана Опера» Камералық залының балаларға […]

20.03.2018
Айзада Капонованың Қыз Жібек партиясындағы дебюті

22 және 24 наурызда – Ұлыстың Ұлы күні мерекесінде «Астана Опера» Үлкен залында ұлттық операның інжу-маржаны – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы тыңдарман қауымға ұсынылады. 24 наурыз күні театр сахнасында керемет сопрано, опера труппасының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрмет орденінің кавалері – Айзада Капонова Жібек партиясында дебют жасайды. – Қыз Жібек секілді мен де Ақжайық өңірінің […]

19.03.2018
Назар салыңыздар, байқау!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры «балет солисі» бос орнына байқау жариялайды. Қойылатын талаптар: Балет әртісі (ер адам) Жасы: 24 жастан жоғары Бойы: 183 см. жоғары Классикалық репертуардың жеке жетекші партияларын орындау тәжірибесі болуы міндетті.   Түйіндемені balletastanaopera@gmail.com поштасына жолдау қажет. Баспана ұсынылады.

18.03.2018
Әлемнің ең айтулы дирижері Зубин Мета «Достық» орденімен марапатталды

14 наурыз күні Лос-Анджелесте (АҚШ) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаты – ІІ дәрежелі «Достық» орденімен жер-жаһанның ең әйгілі музыканты Зубин Мета марапатталды. «Астана Опера» МОБТ директоры Ғалым Ахмедьяров ҚР Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі ерен еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталатын орденді атақты […]

18.03.2018
Флейтаның нәзік үні

«Астана Операның» оркестр солистері – керемет флейташылар Александр Тараскин, Балжан Сапарова, Әлима Әбеуова, Аида Әбдіқадырова, Жанбота Балғабеков, Әйгерім Дәуітбаева «Демалыс күндеріндегі флейта сазы» концертінде жеке және ансамбльдік орындаушылық өнерін көрерменге паш етеді. Музыкалық кеш 25 наурыз күні театрдың Камералық залында өтеді. «Астана Опера» Камералық оркестрінің дирижерлік пульт басында – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. […]

18.03.2018
«Астана Опера» театры Наурызды бірге қарсы алуға шақырады

23 наурызда Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Астана Опера» Камералық залының сахнасында «Қош келдің, Наурыз!» атты орасан зор концерт өтеді. Осы күндері елордалық театрда көптен күткен көктемгі жаңарудың, махаббат пен достық салтанатының айрықша лебі есетін болады. Кеш бағдарламасына қазақ халық әндері, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операларынан ариялар, романстар […]

14.03.2018
Көне музыка әуендері

«Астана Операның» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен Камералық оркестр және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтың басқаруындағы хор тыңдаушылар назарына барокко дәуірінің опералық жауһарларын ұсынады. 14 наурыз күні театрдың Камералық залында Baroque Opera Gala концерті өтеді. Кешке танымал вокалистер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Жәмиля Жарқымбаева, Бибігүл Жанұзақ, Жан Тапин, […]

13.03.2018
Атақты шебер скрипкашы Ержан Күлібаев «Астана Операда» өнер көрсетеді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» Камералық оркестрі әлемге әйгілі скрипкашы Ержан Күлібаевпен бірге (Қазақстан-Испания) «Скрипкалық музыка жауһарлары» концертін ұсынады. Неміс классик-композиторларының шоқтығы биік шығармалары 21 наурызда театрдың Камералық залында шырқалады. Асқан шебер Ержан Күлібаев – Буэнос-Айрес, Лиссабон, Берлин, Новосібір, Екатеринбург және Нью-Йоркте өткен мәртебелі халықаралық байқаулардың алты бірінші сыйлығының, «Washington Award» […]

12.03.2018

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры