Жаңалықтар

Халықаралық театр күні онлайн атап өтілмек

Спектакльдер өздерінің мекенін ауыстырып, онлайн режимге көшті: 27 наурыз, Халықаралық театр күні, «Астана Опера» Дж.Пуччинидің әйгілі «Турандот» операсын TENGRINEWS TV-ден көрсетпек, сонымен қатар жақын арада #Bizbirgemiz жобасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылған YouTube платформасында “Астана Опера” әртістерінің өнер көрсетуі жоспарланған.

27.03.2020
Коронавирустан қорғануға арналған маска

«Астана Опера» коронавируспен күреске өз үлесін қосуда: театр көп рет қолдануға болатын маскаларды әзірлеуге кірісті. Басшылық алғашқы партияны UMC корпоративтік қорының Ұлттық балаларды оңалту орталығына тапсыру туралы шешім қабылдады, ол жерде әрбір 25 күні 300-313 бала 230 ата-анасымен ем қабылдауда.

25.03.2020
Өмір жалғасуда: карантин жағдайында «Астана Опера» әртістері қалайша жұмыс жасауда

(Русский) Остаться дома – не повод унывать, жизнь кипит у артистов театра «Астана Опера», каждый из них занят работой, ведь впереди премьеры, спектакли из текущего репертуара, расслабляться нельзя, нужна постоянная подготовка. Солисты оперы, балета, музыканты симфонического оркестра показали и рассказали, как проходят их будни вне театра.

20.03.2020
Билеттерді қайтару

Құрметті көрермендер, «Астана Опера» театрының кассасынан сатып алынған билеттерді театр кассасына 2020 жылғы 19 және 20 наурызда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қайтара аласыздар. Билеттерді онлайн сатып алған көрермендер кез-келген уақытта қайтара алады.

19.03.2020
«Астана Опера» енді онлайн-режимде қолжетімді

Асқақ өнерсүйер қауым үшін жақсы жаңалық: «Астана Опера» Tengrinews.kz/tv/ арнасынан онлайн-режимде өз қойылымдарының жазбасын көрсететін болады. Театр әртістерінің орындауындағы опера және балет спектакльдерінің үздік үлгілер топтамасын төтенше жағдай кезеңінде тамашалауға болады, кейін көрсетілім «Астана Опера» афишасына сәйкес шынайы уақыт режимінде жүзеге асырылады.

17.03.2020
«Астана Операда» премьера: заманауи үлгіде ұсынылған ескі оқиға

Г.Доницеттидің атақты «Дон Паскуале» операсы жақын арада еліміздің бас театры – «Астана Операда» сахналанбақ. Премьерасы сәуірдің 8, 9 және 10 күндері  «PICCOLO» камералық театрында жоспарланған. Қоюшылар оқиғалар желісін қазіргі заманға ауыстырмақ, баршаға таныс кейіпкерлер комедия жанрына тән әзіл айтып, қалжыңдасып, ойын-сауық құрмақ. Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, қоюшы режиссер – Наталья Кагадий.

11.03.2020
«Астана Операмен» бірге мерекелік күндер

Елордалық «Астана Опера» театрының сахнасында наурыз айының көктемгі мерекелер қатары опера және балет спектакльдерінің қойылымдарымен, қазақстандық классикалық өнер жұлдыздары қатысатын қызықты да тартымды концерттік бағдарламалармен ұсынылмақ.

2.03.2020
«Астана Операда» көне сарайлардың әсем музыкасы шырқалады

Танымал қазақстандық және ресейлік әртістер музыкалық мәдениеттерді жақындастыруға бағытталған жаңа жоба аясында «Астана Опера» театрында өнер көрсетпек. «Музыкаға толы Санкт-Петербор сарайлары» таңдамалы концерті 5 наурыз күні Камералық зал сахнасында өтеді.

26.02.2020
«Астана Операда» П.Чайковскийдің мерейтойы атап өтіледі

1 наурыз күні «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына атақты композитор П.Чайковскийдің 180 жылдығына арналған симфониялық музыка концерті ұсынылады.

24.02.2020
Венгр балетінің жұлдыздары «Манон» спектаклінде

(Русский) Шедевр хореографического искусства XX века «Манон» в постановке Кеннета Макмиллана на музыку Жюля Массне будет предложен жителям и гостям столицы 27 и 28 февраля в «Астана Опера». Во второй день спектакля в главных партиях Манон и Де Грие на сцену Большого зала театра впервые выйдут этуали Венгерского национального балета – Заслуженный деятель Казахстана Алия Таныкпаева и Дмитрий Тимофеев.

18.02.2020
Мәңгі өшпес шығармашылық құны

14 және 15 ақпан күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің көмегімен «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында жасампаз композитор Л.Бетховеннің тағдыры жайлы «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балетінің әлемдік премьерасы орасан зор жетістікпен өтті. Елордалық театр қалың жұртқа жаңа балет жанрын ұсынды. Спектакль Л.Бетховен, Й.Гайдн, В.А.Моцарт, Д.Хаубрихтың музыкасына неміс хореографы Раймонда Ребекпен қойылды. «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» – бұл атақты тұлғаның драмаға толы өмір жолы тақырыбындағы ауқымды шығармашылық пікір.

17.02.2020
Майра Мұхамедқызының «Дон Карлос» операсындағы дебюті

19 ақпан күні елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Дж.Вердидің ғаламат «Дон Карлос» операсы ұсынылады. Алғаш рет патшайым Елизавета Валуаның басты партиясында «Астана Опера» Үлкен залы сахнасына театрдың әйгілі жетекші солисі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы шығады.

14.02.2020
«Жібек саты» Қарағандыға жетелейді

«Астана Опера» Қарағандыға гастрольмен аттанбақ. 16 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасында елордалық труппа тыңдарман назарына атақты композитор Дж.Россинидің жалын атқан «Жібек саты» опера-фарсын ұсынады.

10.02.2020
«Астана Опера» әлем назарында

Австрия, Қазақстан, Ресей және тағы басқа елдердің музыкалық сыншылары «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балетінің әлемдік премьерасына орасан зор қызығушылық білдірді. Балет 14 және 15 ақпан күндері Нұр-Сұлтанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

10.02.2020
«Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтілмек

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы – мерейтойлық жылдың ресми ашылуы 21 қаңтар күні «Астана Операда» орасан зор жетістікпен өтті. Театрдың ұлы ақын, философ, ағартушыға арнаған іс-шараларының алғашқысы Ахмет Жұбанов, Латиф Хамидидің әйгілі «Абай» операсы болмақ. Ұлттық классика жауһары тыңдарманға 25 қаңтар күні Үлкен зал сахнасында ұсынылады.

22.01.2020
Классикадан заманауилыққа дейін: Нұр-Сұлтанда Гала-балет ұсынылмақ

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова 29 қаңтар күні Үлкен залда елордалық көрермен назарына ұсынылатын Гала-балет бағдарламасын әзірледі.

20.01.2020
Бетховеннің мерейтойына орай «Астана Операда» балет дүниеге келді

«Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балетінің әлемдік премьерасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен танымал неміс хореографы Раймондо Ребектің қойылымында ақпанның 14-15 күндері орын алмақ.

13.01.2020
«Астана Операдағы» музыкалық рождество кеші

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас хормейстер Ержан Дәуітовтің жетекшілігімен «Астана Опера» камералық хоры тамаша рождестволық гала-концерт ұсынбақ. 7 қаңтар күні театрдың Камералық залы сахнасында әйгілі хор ұжымының орындауында баршаға сүйікті халық әндері, жарқын хор шығармалары мен танымал рождестволық колядкалар шырқалады.

25.12.2019
Алан Бөрібаев «Италиядан келген хаттар»

6 қаңтар күні «Астана Опера» театрдың бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың жаңа бірегей жобасын ұсынады. «Италиядан келген хаттар» опералық-симфониялық концертінде осынау ғажап елде болған кездерінде жазған ұлы композиторлардың хаттары арқылы сазгерлердің өздері жайлы сыр шертіледі.

24.12.2019
«Астана Опера» сахнасында Евгений Вахтангов атындағы театрдың «ауқымды гастролі»

Евгений Вахтангов атындағы Мемлекеттік академиялық театрдың жаңа жылдағы алғашқы гастролі «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында орын алмақ. Ресейдің ең танымал драма театрларының бірінің жұлдызды әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына 8 және 9 қаңтар – А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан көріністер, 10 және 11 қаңтар – А.П.Чеховтың «Дядя Ваня» жарқын спектакльдерін ұсынбақ.

23.12.2019
«Астана Операның» прима-балеринасы «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаты атанды

(Русский) Ведущая солистка «Астана Опера» Заслуженный деятель Казахстана Айгерим Бекетаева стала лауреатом  Национальной театральной премии «Сахнагер-2019» в номинации «Лучшая артистка балета». Торжественная церемония награждения состоялась 17 декабря при поддержке Министерства культуры и спорта РК.

22.12.2019
Әйгерім Бекетаева ТМД сыйлығының лауреаты атанды

Танымал қазақстандық балерина, «Астана Опера» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева ТМД-ның «Дебюттер достастығы» жастар сыйлығының лауреаты атанды. Марапаттау рәсімі бүгін, 9 желтоқсан күні, Беларусьтегі Брест академиялық драма театрында өтеді.

9.12.2019
«Астана Операда» Турандоттың жүрегіне жаңа үміткер бар

6 желтоқсан күні «Астана Операда» тыңдарман назарына Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсы ұсынылмақ. Калафтың партиясында Үлкен зал сахнасына алғаш рет Мариин театрының солисі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның Халық әртісі Ахмед Агади шығады. Театрдың симфониялық оркестрі мен хоры маэстро Джузеппе Акуавиваның (Италия) жетекшілігімен өнер көрсетпек.

6.12.2019
Опера сахнасының падишасы Бибігүл Төлегенова тыңдармандарын тәнті етті

3 желтоқсан күні әлемдік опера примадоннасы Бибігүл Төлегенова «Астана Опера» сахнасында өзінің 90 жылдық мерейтойына орай құттықтауларды қабыл алды. Мерекелік кешке диваның шақыртуымен танымал қазақстандық опера әншілері, оның дәстүрін жалғастырушы ізбасарлары, Бибігүл Төлегенова байқауының лауреаттары қатысты. Аты аңызға айналған әншінің шығармашылығына бас иетін көптеген тыңдарманды басты тосынсый күтті – сахна төріне ән падишасының өзі шықты.

6.12.2019
«Қазақтың бұлбұлы» Бибігүл Төлегенова «Астана Операда»   90 жылдығын атап өтпек

  Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 3 желтоқсан күні «Астана Опера» МОБТ сахнасында мерейтойын атап өтеді. Көптеген жанкүйерлер әйгілі әншімен кездесуді асыға күтуде. Тамаша лирикалық-колоратуралық сопрано иесі Бибігүл Төлегенованың шәкірттері мен «Астана Операның» солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақстанның […]

1.12.2019
«Астана Операмен» бірге қысқы мерекелер

Желтоқсан айында «Астана Опера» Камералық залында елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерт бағдарламалары, ересектер мен балаларға арналған жарқын қойылымдар, отандық және шетелдік композиторлардың туындылары ұсынылмақ. 1 желтоқсан, Тұңғыш Президент күні, сағат 15.00-де «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!» мерекелік концертінде Қазақстан халықтарының әндері, классик композиторлардың туындылары мен Елбасының сүйікті әндері шырқалады. Бұл күні «Астана Операның» жетекші […]

1.12.2019
«Астана Опера» этуальдері Кремль Сарайында өнер көрсетпек

Әлемдік балет жұлдыздары, «Астана Опера» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева мен Бақтияр Адамжан Ресейдің ең беделді театрлық-концерттік алаңдарының бірінде өнер көрсетпек. 1 желтоқсан күні Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль Сарайының сахнасында «Марис Лиепа. С любовью» атты ғаламат гала-концерт өтеді. – Балет өнерінің жыл сайынғы мерекесінде билеп, қымбатты әріптестеріміз бен достарымызбен қайта қауышу біз үшін […]

30.11.2019
Қуыршақ махаббат емес

«Астана Опера» театрының сахнасында орасан зор жетістікпен «Коппелия» күлдіргі балетінің премьерасы орын алды. 22 және 23 қараша күндері елорда Ролан Петидің хореографиясындағы спектакльдің француздық нұсқасын тамашалады. Залда ине шаншар жер қалмады, тоқтаусыз ду қол шапалақ соғылып, гүл шоқтары үзілмеді. Екі жарым сағаттық балет бір демде өтті. «Коппелия» сюжетінің негізіне Гофманның «Құм адам» новелласы алынған. Алайда […]

24.11.2019
Адамдарға ұқсайтын қуыршақтар

«Астана Опера» балет залдарында жарық өшірілмейді. Бұл жерде өнер туындысы дүниеге келуде. Көп сағаттық дайындықтар кешкі тоғызға дейін жалғасуда. Әртістер Л.Делибтің «Коппелия» балетінің премьерасына әзірленіп жатыр. Бұл балетте адамдар мен қуыршақтар бірлесіп, тұтасып кеткен: әртістің шебер билегені соншалық, алдымызда нағыз қуыршақ тұрғандай әсер туындайды. Осы кейіпкер қайғылы жағдайға байланысты пайда болған. Балет қойылымы кезінде Зизи […]

19.11.2019
«Астана Операда» ташкенттік театр дирижері өнер көрсетеді

26 қараша күні «Астана Опера» үлкен залы сахнасында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әлемдегі ең танымал опералардың бірі – Дж.Вердидің «Травиатасы» ұсынылады. Театрдың симфониялық оркестрі мен хоры Қарақалпақстанның Халық әртісі Аида Абдуллаеваның (Ә.Науаи атындағы Үлкен театр, Ташкент) жетекшілігімен өнер көрсетеді. Еске салар болсақ, шілде айында «Астана Опера» шығармашылық ұжымы Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Мемлекеттік академиялық […]

16.11.2019
Сібір театры Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетпек

Д.Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының жауапты гастролі «Астана Операда» орын алмақ. 29 қараша күні Үлкен зал сахнасында шығармашылық ұжым А.Бородиннің «Князь Игорь» операсын сахналайды. 1 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына атақты хореограф Ю.Григоровичтің қойылымындағы А.Глазуновтың «Раймонда» балеті ұсынылады. Еске салар болсақ, жақында ғана «Астана Опера» ұжымы Д.Хворостовский атындағы бірінші халықаралық фестивальде […]

13.11.2019
Виват, Петербург!

Өткен демалыста «Астана Опера» Үлкен залында тоқтаусыз ду қол шапалақ соғылды. «Санктъ-Петербургъ Опера» мемлекеттік камералық музыкалық театрының Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі елордалық көрерменнің ыстық ықыласын тудырып, қошеметіне бөленді. Петерборлық шығармашылық ұжым өздерінің көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Достық» орденінің кавалері, елордадағы опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі Ю.И.Александровпен бірге Нұр-Сұлтанға ат […]

12.11.2019
«Астана Опера» музыканттары Ресейдің Үлкен театрында

«Астана Опера» дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин мен солист, театр симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов 11 қараша күні Ресейдің Үлкен театрының Бетховен залы сахнасында орасан зор жетістікпен өнер көрсетті. Танымал қазақстандық музыканттар «Видеть музыку» Төртінші музыкалық театр фестивалінің жабылу Гала-концерті мен музыкалық театрдың атақты қайраткерлеріне «Легенда» сыйлығын салтанатты […]

12.11.2019
«Астана Опера» сахнасында жаңа Жібек

13 қараша күні «Астана Операда» тыңдаушылар назарына ұлттық музыка жауһары – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы ұсынылмақ. Сұлу Жібектің басты партиясында театрдың Үлкен залы сахнасында алғаш рет Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева өнер көрсетеді. Нұржамал Үсенбаева – қазақстандық опера сахнасындағы Жібек партиясының танымал орындаушыларының бірі. 1984 жылы консерваторияның студенті бола тұра, әртіс […]

7.11.2019
Елордалық премьера: қуыршақ ойнайтын адамдар

«Адамдарға ұқсас қуыршақтардың» махаббат пен алдану оқиғасы ұлы хореограф Ролан Петиді «Коппелия» балетін жасауға шабыттандырды. Осынау өнер түрі үшін сирек кездесетін комедия жанры ересектердің де, балалардың да көңілінен шығады. Премьера қарашаның 22, 23 күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің көмегімен «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында көпшілік назарына ұсынылады. Елордалық театрда қойылымды сахналауға балет труппасының көркемдік […]

7.11.2019
«Астана Операның» сібір фестиваліне қатысуын асыл таспен теңестірді

«Астана Опера» театрының труппасы Дмитрий Хворостовский атындағы бірінші халықаралық фестивальде қазақстандық өнерді жоғары деңгейде паш етті. Фестиваль Красноярскте – Кача мен алып Енисей өзендерінің аралығында орын тепкен Ресейдің қақ ортасында өтті. Екі күн, 23 және 25 қазан көрермен қауым театр әртістерін П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсында ду қол шапалақпен қарсы алып, зор қошеметпен шығарып салса, ал […]

27.10.2019
«Астана Опера»: көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Петерборда аншлаг жинады!

Ресейдің мәдени астанасы – Санкт-Петербордағы IV Халықаралық камералық опера фестивалінде Дж.Россинидің «Жібек саты» опера-фарсын ұсынған «Астана Опера» әртістерінің өнер көрсетуі орасан зор жетістікпен өтті. Опера өнері мерекесін өткізу орны ретінде қаланың қақ ортасында – Галерный көшесі 33-үйде орын тепкен фон Дервиздің таңғажайып әсем үйі таңдалды, бұл жерде театрымыздың ескі досы, Ресейдің Халық әртісі, Қазақстан Республикасы […]

21.10.2019
Итальяндық хас шебер Марио Стефано Пьетродарки «Астана Операда» өнер көрсетпек

Итальяндық аспапшы Марио Стефано Пьетродарки бандонеонының сиқырлы да тылсым күші туралы бүкіл әлем біледі. 30 қазан күні айтулы аккордеоншы әрі бандонеоншы танымал қазақстандық музыканттармен бірге «Музыкалық қиылыс» топтамасынан «Бәрімізді тоғыстырған музыка» концертінде Камералық зал сахнасына шығады. «Астана Опера» Камералық оркестрі белгілі дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинның жетекшілігімен өнер көрсетеді.

19.10.2019
Санкт-Петербор үлгісіндегі опера

Қазақстанда алғаш рет «Астана Опера» сахнасында «Санктъ-Петербургъ Опера» Мемлекеттік Камералық музыкалық театрының гастролі өтеді. 9 қараша күні ұжым Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ю.И.Александровтың жетекшілігімен Дж.Вердидің «Риголетто» операсын, ал 10 қарашада Ж.Бизенің «Інжу іздеушілер» спектаклін ұсынады. Қоюшы режиссер Юрий Александров елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әдеттен тыс әрі батыл түрде жүзеге асқан опералық […]

17.10.2019
Оян да ән сал

16 және 17 қараша күндері Камералық зал сахнасында «Астана Операның» ең танымал жобаларының бірі – «Экран әуендері» ұсынылатын болады. Сүйікті кинофильмдердің жан жадыратар ескі әндері әрдайым балалық, бозбалалық және жастық шақтың бақытты сәттерін жадымызда жаңғыртады. Музыкалық кештің авторы Әлихан Ыдырысов таңдамасын жасаған экран әуендері шырқалмақ.

15.10.2019
Сән-салтанатты «Дон Карлос» кеңге құлаш сермеді 

Қазақстан мәдениетінің өркендеуі – жай ғана айтылған сөз емес, тайға таңба басқандай нақты дерек. Дж.Вердидің іргелі «Дон Карлос» операсының ғаламат премьерасы бұған дәлел болды. Аталмыш спектакль театрлардың репертуарында сирек кездеседі, себебі оны ұсыну үшін жоғары деңгейлі әртістер, дирижерлер, сценографтар мен костюм бойынша суретшілер қажет. Жетістікке жеткізер қабілет иелері «Астана Операдан» табылып, 11 және 13 қазан […]

14.10.2019
«Дон Карлостың» билігінде

«Астана Опера» елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына әлемдік классика жауһары – Дж.Вердидің «Дон Карлос» операсын ұсынады. Қазіргі таңда театр тұтастай композиторге «бағынышты»: сахнада оркестр, хор музыканттары мен солистер дайындалуда, цехтарда декораторлар, костюмерлер мен бутафорлар соңғы әзірлік жұмыстарын жүргізуде. Премьера қазанның 11 және 13 күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің көмегімен өтеді. 1 қазан күні […]

7.10.2019
«Астана Опера» Красноярскте П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының бірегей қойылымын ұсынбақ

«Астана Опера» театры Дмитрий Хворостовскийдің бірінші халықаралық фестиваліне қатыспақшы, аталмыш шара әйгілі әншінің мәдени мұрасын сақтауға әрі қолдауға бағытталған. Қазанның 23 және 25 күндері Д.Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрында қазақстандық әртістер П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» опералық жауһарының ғаламат қойылымын сахналайды, ал 24 қазанда Красноярск өлкелік филармониясының Үлкен концерттік залында көрермен назарына қызықты да […]

30.09.2019
Жаңа тәжірибемен белестерге шығу

«Астана Операның» жетінші театр маусымы жарқын концерттерге, қызықты бағдарламалар мен ғаламат премьераларға толы. Елордалық театрдың ауқымды жобаларына қатысу асқақ шеберлікпен қоса, үнемі өздігінен даму мен шыңдалуды қажет етеді. «Астана Опера» симфониялық оркестрінің музыканттары – батыл идеяларды жүзеге асырып, биік шыңдарды бағындыру жолында қажымас ерік-жігер танытатын адамдардың жарқын мысалы.   Фархад Булатов, Радмир Мадьяров, Алмас Сағымбаев […]

28.09.2019
Қазан айындағы камералық музыка

Қазан айында «Астана Опера» Камералық залында музыкалық өнерсүйер қауым мен ең кішкентай тыңдармандар назарына қызықты да бірегей концерттердің мазмұнды бағдарламасы ұсынылады. 1 қазан, Музыка күні, сағат 19.00-де «Мәңгі өшпес із қалдырған» симфониялық концерттердің жаңа топтамасын Антонио Вивальдидің туындыларынан тұратын қызықты бағдарлама ашпақ. «Астана Опера» камералық оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен өнер көрсетеді. […]

27.09.2019
«Астана Опера» музыка күнін атап өтпек

Музыка күнінде «Астана Опера» Камералық залында өтетін «Мәңгі өшпес із қалдырған» симфониялық концерттер топтамасы барокко дәуірінің атақты композиторы А.Вивальдидің туындыларынан құралған бірегей бағдарламамен ашылмақ. 1 қазан күні Қазақстанда алғаш рет «Азат етілген Андромеда» операсынан Персейдің ариясы шырқалады. «Астана Опера» камералық оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен өнер көрсетеді. – Концертіміз XVIII ғасырдағы музыка […]

25.09.2019
Музыкалық параллельдер

3 қазан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында тыңдарман назарына бірегей қазақстандық опера әншісі, ең жоғарғы ерлер дауысының иегері – контртенор Ерік Құрманғалиевқа арналған концерт ұсынылмақ. «Вокалдық параллельдер» атты музыкалық кешке танымал қазақстандық және ресейлік әртістер, соның ішінде әлемнің жетекші сахналарында Ерік Құрманғалиевпен бірге өнер көрсеткен достары қатысады. Атақты вокалистің дауысы орасан зор диапозонды қамтыған […]

24.09.2019
Жыл премьерасы – «Дон Карлос» операсы

Алғаш рет елордада Дж.Вердидің «Дон Карлос» операсы сахналанады. Ғаламат тұсаукесер қазанның 11 және 13 күндері «Астана Операның» Үлкен залында орын алмақ. Қоюшы дирижер – атақты әрі әлем бойынша сұранысқа ие маэстро Алан Бөрібаев, спектакльдің қоюшы режиссері – әйгілі итальяндық режиссер Давиде Ливермор. Костюмдер авторлары – белгілі театр суретшілері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов. Сценография – […]

24.09.2019
«Астана Опера» МОБТ ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

«Астана Опера» Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауының басты ережелерін талқылады. Жолдауды талқылаудағы маңызды тармақтар – әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі мен мәдениет қызметкерлерін қолдау болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. «Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс». Мемлекет басшысы ел […]

19.09.2019
«Жібек саты» Санкт-Петерборда

«Жібек саты» Санкт-Петерборда «Астана Опера» шығармашылық ұжымы Нева өзені бойындағы қалаға гастрольге аттанады. IV Халықаралық камералық опера фестивалі аясында елордалық труппа Дж.Россинидің «Жібек саты» опера-фарсын ұсынады. 20 қазанда «Санктъ-Петербургъ Опера» мемлекеттік камералық музыкалық театр залында аншлаг күтілуде: петерборлық көрермендер қазақстандық әртістерді асыға күтуде, өнер көрсетуге дейін бір ай бұрын барлық билеттер сатылып кеткен. Гастроль «Рухани […]

19.09.2019
Камералық қыркүйек

Қыркүйек айында «Астана Опера» театрының Камералық залында балалар аудиториясына арнап қаншама қызықты жобалар әзірленсе, ересек тыңдармандар назарына Дж.Россинидің жалын атқан бір бөлімді «Жібек саты» әзіл-сықақ операсы ұсынылмақ.   15 қыркүйек күні сағат 12.00-де «Театрға саяхат» топтамасынан «Музыка бейнелейді және әңгімелейді» атты балаларға арналған концерт өтеді, іс-шара мақсаты – балалардың бойында эстетикалық талғам мен классикалық музыкаға […]

8.09.2019
Ресейде Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді

Ресей астанасы Мәскеу қаласында Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл туралы  ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова журналистермен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.    Министрдің айтуынша, 7 қыркүйек күні  Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі негізгі сахнасында сағат 19:00-де «Астана Балет» театрының қатысуымен мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді.  Сондай-ақ Ұлттық музей […]

6.09.2019
2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Бұл жаңа тарихи оқиға. Президент Жолдауын мәдениет саласының қызметкерлері ерекше ықыласпен қабылдады. Мәдениет қызметкерлеріне мемлекет тарапынан салиқалы қолдау көрсету туралы тасырмасы ел руханиятының жаңа деңгейге көтерлуіне зор серпін берері анық.

6.09.2019
Жаннат Бақтай шақырады…

 «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com Көпшіліктің сүйікті сопрано дауысты опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай 8 қыркүйек күні «Жаннат Бақтай шақырады» атты жеке концертін ұсынбақ. Белгілі вокалистің өнерін сүйіп тыңдаушылар бұл оқиғаны асыға күтуде, себебі осы шығармашылық кеш оның саханадығы 30 жылдық мерейтойына […]

6.09.2019
Теміржан Ержановтың фортепианолық музыкасы

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com Қазіргі уақытта АҚШ-та тұратын көпшілік тыңдарман қауымның сұранысына ие қазақстандық пианист әрі дирижер Теміржан Ержанов алғаш рет «Астана Опера» Камералық залының сахнасында фортепианолық музыкаға арналған әсерлі кешін ұсынады. Тартымды концерт 7 қыркүйек күні тыңдарман назарына ұсынылатын болады. Дарынды музыкант В.А.Моцарттың […]

6.09.2019
«Астана Опера» жаңа театр маусымын ашады

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com Ұлттық классика жауһары – М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы «Астана Операның» жетінші театр маусымының шымылдығын түрмек. 5 қыркүйек күні театр есігі көрермендер үшін айқара ашылады. Басты партияларда қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары – жетекші солистер Бибігүл Жанұзак, Айзада Қапонова, Дина Хамзина, Бейімбет Таңарықов, […]

5.09.2019
Әнші, фортепиано және контрабас

Тамыз айында «Астана Опера» театрында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына вокалдық әрі аспаптық музыканың қызықты да тартымды концерттері ұсынылады. Белгілі әртістер Камералық зал сахнасында қазақстандық және шетелдік классиктердің, сонымен қатар заманауи композиторлардың танымал әрі сирек орындалатын туындыларымен өнер көрсетпек.

19.07.2019
Қарағандылық театр «Астана Опера» сахнасында үздік спектакльдерін ұсынбақ

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына бірегей гастрольдік бағдарлама ұсынбақ. 17 тамыз күні «Астана Операның» Үлкен залында Максим Дунаевскийдің «Алқызыл желкендер» мюзиклі қойылса, 24 тамыз күні Имре Кальманның «Баядера» опереттасы сахналанбақ.

19.07.2019
Қазақстанның жарқын музыкалық жастары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетпек

Жастар жылы аясында елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» атты бірегей концерттер сериясы ұсынылмақ. 26 шілде және 9 тамыз күндері Камералық зал сахнасында жетекші отандық әрі шетелдік шығармашылық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан дарынды қазақстандық студенттер өнер көрсетеді.

19.07.2019
«Астана Операның» Өзбекстандағы орасан зор жетістігі

13 шілде күні «Астана Опера» әртістері Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Мемлекеттік академиялық Үлкен театры сахнасында орасан зор жетістікпен «Мадам Баттерфляй» операсын ұсынды. Ғаламат спектакль Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында орын алған елордалық театрдың гастролін керемет түйіндеді. Гастрольдік тур ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылды.

15.07.2019
Түркістан облысының балалары «Астана Опера» театрына қонақ болмақ

14 шілде күні Түркістан облысынан келген 150 бала «Астана Опера» театрына қонақ болмақ. Театрқұмар жас бүлдіршіндерге қайырымдылық экскурсиясы ұйымдастырылып, қазақ тілінде «Түрлі дауыстар әлемі» концерті ұсынылады.

12.07.2019
«Астана Опера» Өзбекстанда алғаш рет «Абай» операсын орындады

А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы ташкенттік көрерменге аса жақын болып шықты. Асқақ өнерді бағалайтын өзбекстандықтар қазақ ұлттық классика жауһарын зор қуанышпен қабыл алды. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осынау операны орындау – ерекше маңызды әрі өзекті болды. Спектакльді тамашалауға ниет білдірушілердің көптігі соншалық, 10 шілде күні Әлішер Науаи атындағы МАҮТ залында бос орын қалмады.

11.07.2019
«Астана Опера» хорының әртістері үстел теннисі бойынша турнирде жеңімпаз атанды

Үстел теннисі бойынша турнирде жеңіске қол жеткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы түрлі ұйымдардың өкілдері бас қосты, «Астана Опера» хорының әртістері де өз бақтарын сынап көрді. Жарыс барысында Нұрлан Шауханов, Светлана Васина, Сабыр Ардақ, Жандос Бекбаулиев бірінші орынға иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. «Астана Опера» театрының ұжымы әуесқой спортшылардың жеңісімен құттықтай отырып, болашақта да жоғары жетістік пен орасан […]

10.07.2019
Ұлттық музыка кеші

12 шілде күні «Астана Операның» Камералық залында тыңдарман назарына «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» бірегей концерті ұсынылмақ. Керемет әнші-сопрано, театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина, танымал баритон, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов көрерменге қазақ музыка жауһарларынан құралған мазмұнды да сан алуан бағдарламаны тарту етпек.

10.07.2019
Әлемге танымал «Астана Опера» балет труппасының өнер көрсетуі Каунас үшін керемет сый болды

5 шілде күні «Астана Опера» балет труппасы литвалық көрерменге әлемдік классика жауһарлары мен ХХ-ХХІ ғасырдағы атақты хореографтардың туындылары енген бірегей Гала-балет бағдарламасын ұсынды.

9.07.2019
Римдіктер қазақстандық Спартакты жібергісі келмеді

Рим қаласы «Астана Опера» театрының әртістерін шыжыған ауа райымен ғана емес, сондай-ақ ыстық ықыластарымен де қарсы алды: 1 және 2 шілде күндері «Спартак» балетін орасан зор жетістікпен ұсынған әртістерді көрермен қауым көпке дейін сахна төрінен жібергісі келмеді.

3.07.2019
«Астана Опера» Ташкенттегі гастролін «Абай» операсымен бастамақ

Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында «Астана Опера» театрының труппасы Ташкенттегі гастролінде қазақстандық әрі әлемдік классика жауһарларын ұсынбақ – 10 шілде күні А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» операсы, 13 шілдеде Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсы көрерменге жол тартады. Гастроль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Мемлекеттік академиялық Үлкен театры сахнасында өтеді.

1.07.2019
Абай атындағы МАОБТ-ның Нұр-Сұлтандағы гастролі

Елорда күнін мерекелеу аясында «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында республикамыздың ең көне театры – Абай атындағы МАОБТ-ның мерейтойлық гастролі өтеді. Осы маусымда 85 жыл толған алматылық ұжым тыңдарман назарына П.Масканьидің «Сельская честь», Р.Леонкаваллоның «Паяцы», Дж.Россинидің «Күлбикеш» операларын, Л.Минкустың «Дон Кихот» және П.Чайковскийдің музыкасына Б.Эйфманның «Анна Каренина» балеттерін ұсынады.

1.07.2019
Опера шырқалған кеш

2 шілде күні «Астана Опера» Үлкен залында ғаламат Гала-опера бағдарламасы орын алмақ. Ұлттық әрі әлемдік классика жауһарлары театр солистері, симфониялық оркестр мен хордың орындауында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.  – Концерт мүмкіндігінше көріністі болуы үшін қоюшылар түрлі құралдар мен «аспаптарды» пайдаланды. Мұның ішінде нөмірлердің музыкалық мәні мен мазмұны, олардың орындалуы, режиссерлік тапқырлық, сценографиялық шешім, […]

28.06.2019
«Астана Опера» әртістері Көкшетауда аншлаг жинады

25 маусым күні «Астана Опера» солистері мен Камералық оркестрі Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахнасында орасан зор табыспен өнер көрсетті. Көкшенің көрермені Дж.Россинидің әзілге толы, жарқын «Жібек саты» фарс-операсын шаттықпен қабыл алды. Қала тұрғындары әртістерге ыстық ықыластарын білдіріп, «браво» деп қошемет көрсетті. Өнер көрсету Жастар жылы аясында орын алды әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге […]

26.06.2019
«Астана Опера» әртістері Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды

«Астана Опера» театрының ұжымы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарын қолдау үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына бір күндік жалақысын аударды.

25.06.2019
«Астана Опера» гастрольдік сапармен Италия мен Литваға аттанбақ

«Астана Опера» балет труппасының Еуропа қалалары бойынша гастрольдік афишасына А.Хачатурянның әйгілі «Спартак» балеті енген, әртістер аталмыш қойылымды Римде 1-2 шілде күндері Teatro dell’Opera di Roma театрында сахналайды, ал үш күннен соң – 5 шілдеде керемет Гала-балет бағдарламасымен Литваның Каунас қаласында өнер көрсетеді. «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

25.06.2019
«Жібек сатымен» Көкшетауға аттанамыз

(Русский) Новый проект «Астана Опера» – Камерный театр «Piccolo», или «Малый театр» представят столичные артисты на сцене Акмолинской областной филармонии им. Үкілі Ыбырая в рамках Года молодежи. Выступление труппы 25 июня в городе Кокшетау с одноактной оперой-буффа Дж. Россини «Шёлковая лестница» является частью реализации программы «Рухани жаңғыру».

24.06.2019
«Астана Опера» Үлкен залындағы іс-шаралар калейдоскопы

А.Аданның «Жизель» балетінің керемет премьерасынан соң, жаздың алғашқы айында «Астана Опера» театрында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына түрлі ойын-сауық спектакльдері мен концерттері ұсынылмақ. Көрнекті қазақстандық әрі әлем классиктерінің жауһарлары Үлкен зал афишасының сәнін келтірмек. 22 июня в 18.00 в знаменитой национальной опере «Абай» А. Жубанова и Л. Хамиди на либретто М. Ауэзова состоится дебют. В […]

20.06.2019
«Астана Операда» елес қыздар пайда болды

Ең көне әрі бүгінгі күнге дейін жеткен спектакльдердің бірі – А.Аданның «Жизель» балеті елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды. Осынау қиял-ғажайып балеттің ерекшілігі – жұмбақ кейіпкерлер – елес қыздар болды, олардың қатарына ғашығының кесірінен өлімге душар болған Жизельдің өзі де қосылды. 14 және 15 маусым тұсаукесер күндері залда ине шаншар жер қалмады, алайда, спектакльді әлі тамашалап […]

17.06.2019
Махаббат өлімнен күштірек

«Астана Опера» театрында А.Аданның «Жизель» балетінің премьерасына соңғы дайындықтар жүргізілуде. Генрих Гейнемен баяндалған аңыз екі ғасыр бойы көрерменнің жүрегін тебірентіп келеді. Ғажайып елес қыздар, бес метр биіктікте самғаған Жизель, мінсіз хореография мен итальяндық суретшілердің қолмен көркемдеген декорациялары елордалық театрдың спектаклін шынымен де бірегей етпек. Премьера ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен маусымның 14, 15 және […]

12.06.2019
«Астана Опера» театры бір күнге сайлау учаскесіне айналды

9 маусым күні «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне елордалық 2500 тұрғын дауыс беруге келді. Олардың қатарында қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та болды. Сондай-ақ сайлаушылар арасынан ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев бой көрсетті. Бұл күні театрда сайлауды қадағалайтын шамамен 20 халықаралық бақылаушы – АҚШ, Бразилия, Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Германия, Австрия, Болгария, Венгрия, Грекия, […]

9.06.2019
Евгений Чайниковтың «Жасырын некесі»

 «Астана Опера» театрының солисі Евгений Чайников Барселонадағы испандық Театр де Саррия сахнасында зор табыспен өнер көрсетті. Танымал музыкалық дирижер, тенор әрі педагог Рауль Хименестің жетекшілігімен композитор Доменико Чимарозаның «Жасырын неке» (Il matrimonio segreto) операсы Барселонаның театрлық камералық маусымын тамамдады. Евгений Чайниковке Қазақстанды, «Астана Опера» театрын талғампаз испан жұртшылығы алдында таныту мүмкіндігі бұйырды. Отандық әртістердің мұндай […]

6.06.2019
Нұр-Сұлтанда «Музыкалық өнер жауһарлары» шырқалды

«Астана Операда» «Музыкалық өнер жауһарлары» ғаламат концерті аншлагпен өтті. Әккі көрермен виолончелист, Ресейдің Халық әртісі Сергей Ролдугин, пианист Сергей Редькин мен Алим Шахмаметьевтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» Симфониялық оркестрі музыканттарының орындаушылық өнеріне ерекше ықыласын білдірді. Концерт Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Музыкалық кештің шымылдығы Джузеппе Вердидің «Тағдыр күші» операсының увертюрасымен түріліп, аталмыш туындыны […]

5.06.2019
«Астана Опера» театры шығармашылық аясын кеңейтуде

4 маусым күні «Астана Опера» МОБТ мен Санкт-Петербор Музыка үйі Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров пен Санкт-Петербор Музыка үйінің көркемдік жетекшісі, танымал виолончелист, Ресейдің Халық әртісі, профессор Сергей Ролдугин қос ел мәдениетінің дамуы үшін аса маңызды құжатқа қол қойып, бекітті. Келісімге қол қоюдың мақсаты – бірлескен іс-шараларды, […]

5.06.2019
Сиқырға толы скрипка әуені

Жастар жыл аясында «Астана Опера» қазақстандық классикалық музыка саласындағы жарқыраған жас дарындарды қолдау мен оларды одан әрі дамытуға бағытталған «Сенбілік классика» концертін ұсынады. 8 маусым күні есімі түрлі елдердің әйгілі концерттік сахналары афишаларының сәнін келтірген тамаша скрипкашы, П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер байқауының лауреаты Ақбике Алғи Камералық зал сахнасына шығады. Тыңдарман қауым назарына И.С.Бахтың Соло […]

4.06.2019
Өнерлі жастардың тартуы

«Астана Операда» тыңдарман назарына дарынды жас музыканттарды қолдауға бағытталған жоба ұсынылмақ. 2 маусым күні театрдың Камералық залы сахнасында «Алақай, демалыс!» топтамасынан «Өнерлі жастар тартуы» атты жарқын концерт өтеді. Бұл күні Қазақ ұлттық өнер университеті мектебінің, сонымен қатар қалалық музыкалық мектептердің оқушылары көрермен қауымға өз шеберліктерін паш етпек, балалардың көпшілігі беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары болып табылады […]

3.06.2019
Нұр-Сұлтандағы таңғажайып «Жизель» балеті

Қиял-ғажайып әлем шынайы өмірмен ұштасады: қол ұстасып айналған елес қыздар зұлымдыққа толы кек пен таза махаббат арпалысқан әдемі биімен көпшілік қауымды тамсандыратын болады. Бас кейіпкерді қатерлі өлімнен не құтқарады – мұны көрермен 14, 15 және 19 маусым күндері А.Аданның «Жизель» балетінің премьерасынан біле алады. Спектакль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен асқақ өнердің әйгілі қайраткерлері […]

31.05.2019
Руслан Баймурзинның салтанатты жеңісі

  «Астана Опера» театрының дирижері Руслан Баймурзин КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер байқауының Бас жүлдесіне ие болды. Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен ұйымдастырылған байқау Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Бикен Римова атындағы Драма театрының сахнасында өтті. Екі күн бойы «Алтын таяқша» дирижерлер байқауы мен «Кестелі […]

30.05.2019
Маэстро Алан Бөрібаевтың қос мерейтойы

«Астана Опера» театрының бас дирижері, әлемге танымал маэстро, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев қос мерейтойды – 40 жасқа толуы мен халықаралық шығармашылық қызметінің 20 жылдығын атап өтпек. https://www.youtube.com/watch?v=eXo-Bvgt0a4&t=2s Оның кең ауқымды репертуары таңдандырмай қоймайды: ол симфониялық музыкамен әрі опера театрымен бірдей әуестеніп, барокко дәуірі мен веналық классиктердің, ХХ-ХХІ ғасырдағы романтиктер […]

30.05.2019
Балалар мен үлкендер театрға шақырылады

Маусым айында «Астана Опера» Камералық залында вокалдық әрі аспаптық музыканың қызықты да тартымды концерттері тыңдарман назарына ұсынылмақ. Залдың жазғы репертуары классикалық өнерді сүйіп тыңдайтын үлкендерді де, сондай-ақ елорданың ең жас театрқұмар жеткіншектерін де қуантатын болады. 1 маусым сағат 15.00-де және 10 маусым сағат 11:30-да Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар театрға шақырады» мерекелік концерті өтеді. […]

28.05.2019
«Астана Опера» әртістері аттестаттаудан өтті

  «Астана Операда» балет әртістерін аттестаттау-байқауы өткізілді. Жұмыстың осындай жүйесі шығармашылық ұжымның біліктілігін растау мақсатында барлық жетекші әлемдік театрларда қолданылады. Бұл әртістерді әрдайым тыңғылықты қалыпта ұстай отырып, труппаның кәсіби деңгейін арттырады. Аттестаттау комиссиясының құрамына танымал бишілері, балет солистері, атақты балетмейстерлер Ирек Мухамедов пен Андрис Лиепа енді, комиссия төрайымы – «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, […]

28.05.2019
Атақты музыкант Сергей Ролдугин «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетпек

Әйгілі аспапшылар – Ресейдің Халық әртісі Сергей Ролдугин (виолончель), Сергей Редькин (фортепиано) және ресейлік дирижер Алим Шахмаметьевтің жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрі елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында өнер көрсетеді. «Музыкалық өнер жауһарлары» атты концерт тыңдарман назарына 4 маусым күні ұсынылмақ. Ресейдің Халық әртісі Сергей Ролдугин – шебер музыкант-виолончелист, керемет дирижер, музыкалық педагог, Мариин театрының солисі […]

23.05.2019
«Евгений Онегин» Қарағандыда

18 мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қарағанды қаласында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасында «Астана Опера» театры труппасының гастролі өтеді. Көрермен назарына П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» атақты әлемдік опера туындысының концерттік орындалуы ұсынылмақ. Театр репертуарына бұл спектакль жақында ғана – 8 ақпан күні енген, дегенмен де ол […]

16.05.2019
«Астана Опера» «Қазақстандық балеттің болашағы мен бүгіні» кешін ұсынады

19 мамыр күні елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында әртістердің екі буыны – Қазақ ұлттық хореография академиясының жас оқушылары мен «Астана Операның» тәжірибелі солистерінің басын біріктірген Гала-балет өтеді. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова екі бөлімнен тұратын мазмұнды бағдарламаға Хачатурянның «Гаянэ» балетінен сюитаны және классикалық әрі заманауи балеттерден үзінділерді қосқан. ХХІ ғасырда […]

15.05.2019
«Астана Опера» сахнасында Қажығалиев пен Шопеннің жауһар туындылары ұсынылады

21 мамыр күні елордалық опера театрының сахнасында Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова (фортепиано) және маэстро Анатолий Левинның (Ресей) жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрінің қатысуымен симфониялық музыка концерті өтеді. Тыңдарман назарына Тілес Қажығалиев пен Фредерик Шопеннің жауһар туындылары ұсынылмақ. Екі бөлімнен тұратын мазмұнды концерттік бағдарламаға Т.Қажығалиевтің фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерті, Ф.Шопеннің фортепиано мен оркестрге […]

14.05.2019

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры