«Астана Опера» балет труппасы гастрольмен шығысқа жол тартпақ

«Астана Опера» балет труппасы Маскат қаласындағы (Оман) Корольдік опера театрының сахнасында П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклінің премьерасын ұсынбақ. Айтулы оқиға 28, 29 және 30 қыркүйек күндері орын алады. Жаңа хореографиялық редакцияның авторы – балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

ROHM_Garden_by_Khalid_AlBusaidi

«Астана Опера» балетінің 80-ге жуық әртісі техникалық қызмет жұмыскерлері, сахна механиктері, жарық берушілер, грим жасаушылар, костюмерлер, реквизиторлар және басқа да қызметтердің жұмыскерлерімен бірге 24 қыркүйек күні алыс жолға шықпақ.

Жаңа қойылымдық нұсқа бойынша жұмыс театр қабырғасында екі ай бойы жалғасуда. Алтынай Асылмұратова орындаушылармен бірге дайындық барысын кемеліне жеткізуге тырысуда.

_DSC0568 (1)– Маскаттағы керемет Корольдік опера театрының сахнасында өнер көрсету біз үшін үлкен мәртебе. Бұл біздің Омандағы алғашқы гастроліміз болмақ. Сапарымыз аса маңызды, себебі балет шеберлігінің жоғары сапасын көрсеткіміз келеді. «Астана Опера» театрының труппасы П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінің жаңа редакциясын ұсынбақ, сондықтан турнеміз екі есе жауапты. Кейбір өзгерістерді енгізе отырып, біз Л. Иванов – М. Петипаның канондық қойылымын сақтап қалдық. «Аққу көлін» көрсетуге шешім қабылдадық, себебі – бұл классикалық балеттің нышаны, әлемдік бренд. Композитор П.И. Чайковский осы музыканы ұлы мұра ретінде бізге мирас етіп қалдырды. Бұл балет мәңгілік, оны біздің аға буын тамашалаған, болашақта ұрпақтарымыз тамсанатын болады. Әртістер қатты қобалжуда, бәріміз көрерменмен кездесуді асыға күтудеміз. Алдымызға қойылған міндет – көрерменнің ерекше әсер алуы үшін бар күш-жігерімізді салу, – деп атап өтті Алтынай Асылмұратова.

Аққулардың жас ханшайымы партиясын – нәзік Одетта мен қатты ұқсайтын Одилияны «Астана Операның» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлеріМәдина Баспаева мен Әйгерім Бекетаева орындайды. Ханзада Зигфридті театрдың жетекші солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Еркін Рахматоллаев пенОлжан Тарланов ұсынады. Ротбард рөлінде балет солисі Арман Оразов дебют жасаса, омандық театр сахнасында зұлым кемеңгер бейнесінде Жәнібек Иманқұловболмақ.

Барлық үш өнер көрсету маэстро Джузеппе Акуавиваның басқаруымен Карло Феличе театрының (Генуя қаласы, Италия) симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

– «Астана Опера» мен Карло Феличе театрларының алдағы бірлескен гастрольдері қос ұжымның арасындағы меморандум нәтижесі болған жемісті серіктестіктің маңызды тұсы болып табылады. «Астана Опера» труппасы – әлемдегі үздіктердің бірі әрі барынша талап етіледі. Әртістерді бірталай атақты халықаралық сахналарда өнер көрсетуге шақырған. Ұлы орыс композиторы П.И. Чайковский жазған әйгілі «Аққу көлі» спектаклін бүгінгі таңда қазақстандық орындаушылар мен итальяндық аспапшылар орындайтын болады. Ал қойылымды араб әлемі елінде ұсынбақпыз. Осының бәрі музыкаға деген махаббаттың барша халық үшін біртұтас екендігін тағы бір рет дәлелдейді, – деді Джузеппе Акуавива.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры