«Ұйқыдағы ару» балеті

Петр Чайковский

Ұйқыдағы ару

красавица

ПРОЛОГ ПЕН ЭПИЛОГЫ БАР ЕКІ БӨЛІМДІ
БІР ҮЗІЛІСТЕН ТҰРАТЫН ҚОЙЫЛЫМ

ЛИБРЕТТОСЫН ЖАЗҒАН

МАРИУС ПЕТИПА МЕН ИВАН ВСЕВОЛОЖСКИЙ,

ШАРЛЬ ПЕРРО ЕРТЕГІСІНІҢ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША

МАРИУС ПЕТИПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ (1890)

Жаңа хореографиялық редакция және қойылым: КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың Лауреаты ЮРИЙ ГРИГОРОВИЧ
Қоюшы-дирижер: АЙДАР АБЖАХАНОВ

Қоюшы-суретші: ЭЦИО ФРИДЖЕРИО (ИТАЛИЯ)
Костюмдер бойынша суретші: ФРАНКА СКУАРЧАПИНО (ИТАЛИЯ)
Жарық бойынша суретші: ВИНИЧО КЕЛИ (ИТАЛИЯ)
Қоюшы-хореограф ассистенттері: ОКСАНА ЦВЕТНИЦКАЯ, (Ресейдің Үлкен театры, Мәскеу қ.), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері ҒАЛИЯ БӨРІБАЕВА
Қойылым жетекшісі: ГВИДО РИЧЧИ (ИТАЛИЯ)

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Аврора ханшайым: Айгерим Бекетаева, Гаухар Усина.
Дезире ханзада: Таир Гатауов, Рустем Сейтбеков.

 

«ҰЙҚЫДАҒЫ АРУ»
БАЛЕТІНІ
Ң ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ 

ПРОЛОГ

XIV Король Флорестанның сарайында оның қызы-ханшайым Аврораның туған күні тойлануда.

Аға рәсім жүргізуші – Каталабют шақырылғандардың тізімін тексеруде.
Кернейлер үні. Король Флорестан мен Королеваның шығуы. Күтушілер мен сүт аналары жаңа туған нәресте – Аврораны бесігімен әкеледі. Рәсім жүргізуші мейірімді сиқыр бикештердің келгендігін хабарлайды. Аврораның кіндік шешесі Мамыргүл мен Мейірімділік сиқыр бикештер кіреді, олар нәрестеге сыйлықтар беріп, сәбиді ең ғажайып қасиеттердің иесі етеді…
Кенеттен шу шықады: бұл Каталабюттің тойға шақыруды ұмытып кеткен, ұсқынсыз паждардың қостауымен Зұлым сиқыршы – Карабостың келгені. Ыза болған Карабос тоқыма бізінің алғашқы шаншуында-ақ Аврораның мәңгі ұйқыға кететіндігі туралы сәуегейлік болжам айтады…

Бірақ, өз інің кіндік қызына әлі сыйлықтар беріп үлгермеген Мамыргүл сиқыр бикеші бұл дуаның күшін тоқтатады. Ол жақсылық күшінің зұлымдың дуасын жоятындығы туралы болжам айтады. Әмірлі ымымен Карабостың сарайдан кетуіне мәжбүр етеді.

БІРІНШІ ПЕРДЕ

Аврора он алты жасқа толды. Зұлым сиқыршының болжамы орындалмағаны үшін король бақытты.

Ханшайым Аврораның жүрегін иеленуге шетелдік төрт ханзада үміт артуда. Гүл шоқтарын, өрілген шірлер ұстаған құрбыларымен қыз жұрт алдына шығады. Төрт ханзада оның сұлулығына қайран қалысады.

Аврора алаңсыз билеп, зал ішінде көбелектей қалықтайды. Сауық-сайран шаттығы кезінде ол қалың топтың ішінен ұршық ұстаған кемпірді көреді. Ханшайым сенімділікпен ұршықты қолына алып, биін жалғастырады. Биі кенеттен тоқтатылады. Жаны түршіге қорқынышпен қолына қараған ол, абайсызда ұршықпен түйренгенін байқайды. Ажал құрсауы Аврораны қыспаққа алады, ол жанталаса құлап түседі. Бейтаныс кемпір үстіндегі жамылғысын сыпырып тастағанда, барлығы Зұлым сиқыршысы – Карабосты таниды. Міне, оның алапат дуасы іске асты! Король әулетіне түскен қайғыға масаттана күлген Карабос сиқыршы түтін мен оттың ішіне кіріп, ғайып болады.

Шуақты сәуле шашқан мейірімді Мамыргүл сиқыр бикеш келеді, ол Карабос жасаған қастандықтың күшін жоя алады. Ол ханшайымның әке-шешесін жұбатып, қыздарының өлмегенін, тек көп жылға ұйықтап кеткенін айтады. Бұл ұйқыдан оны текғажайып ханзаданың құштарлықпен сүйгендігі қана өмірге қайта әкеледі. Қыздың бақытын қайтару үшін еш нәрсе өзгермеуі керек, сондықтан Мамыргүл сиқыр бикеші барлық корольдікті ұйқыға батырады. 

ЕКІНШІ ПЕРДЕ

БІРІНШІ КӨРІНІС

Ағаштар мен үлкен мамыргүл бұталары корольдік бақшаны ит тұмсығы өтпейтін орманға айналдырған. Арада жылдар өтті. Дезире ханзада саятшылық еткен орманда аңшылардың кернейлерінің дыбыстары естіледі. Мұң үстіндегі ханзада оған ерген адамдарға үзінсіз аңшылық жасай берулерін өтінеді. Оның қайғысына ортақтасқандай, Мамыргүл сиқыр бикеші алдына келе қалады. Айналасын аруақты жандар – нереидтер қоршаған Аврораның ұйқыдағы кейпін ханзаданың көз алдына әкеледі.

Жаны тебіренген ханзада, ғажайып бейненің артынан жүгіре жөнеледі, бірақ сиқыршының ишаратымен сұлу қыз көзден қайып болады. Қатты ынтық болған Дезире аруды іздеп табуды өтінеді. Мамыргүл сиқыр бикеш Ханзаданы сиқырлы қайығына отыруға шақырып, дуаланған қамалға сапар шегеді. 

ЕКІНШІ КӨРІНІС

Сахна көрінісі біртіндеп жабайы түрге енеді: барқыт түсті шырмауық өсімдігі өрмелей жылжып, сарай мен ұйқыдағы адамдардың үстін басады. Бар кеңістікті қапас қараңғылық пен иесіздік жайлайды. Зұлым сиқыршы Карабос ұйқыдағы корольдікті күзетуде. Залым Карабос пен нөкерлері Мамыргүл сиқыр бикеш пен Дезире ханзадаға ару Аврораны көрсетпеуге тырысады. Бірақ арам ойлары іске аспайды – ұйқыдағы арудың бейнесі ханзаданың көзіне бірден шалынады! Алғашқы көргеннен қатты ғашық болған ол, қызды құмарта сүйгенде ауыр дуа өз күшін жояды. Аврора ханшайым ұйқысынан оянады, онымен бірге бар патшалық тіріледі. Қыз жүрегіндегі құтқарушысына деген махаббат оты лаулай түседі. Дезире ханзада корольден Аврораны қалыңдыққа беруін сұрайды. Король екі жастың қосылуын құптайды. 

ЭПИЛОГ

Дезире мен Аврораның үйлену тойы. Бұл тойға сарай адамдары жиналуда.
Каталабют қонақтарға орын бөліп, оларды жайғастыру үстінде. Тойда ғажайып ертегілердің кейіпкерлері ханшайым Флорина мен Көкқұс, Етікті мысық пен Бала мысық, Қызыл телпекті қыз бен Сұр қасқыр, Золушка мен Фортюнэ көңіл көтеруде. Салтанатты қол ұстасып ханшайым мен ханзада келеді. Мамыргүл сиқыр бикеші мен нөкерлері күйеу мен қалыңдыққа баталарын береді.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры