«Спартак» балеті

DSC_0162

Арам ХАЧАТУРЯН

СПАРТАК

Либреттосын жазған
ЮРИЙ ГРИГОРОВИЧ
РАФАЭЛЛО ДЖОВАНЬОЛИ романының оқиғасы мен көне тарих желісі бойынша
НИКОЛАЙ ВОЛКОВ сценарийінің қолданылуымен

 К?РКЕМДІК-ҚОЮШЫ БӨЛІМ

Қоюшы хореограф
КСРО Халық әртісі, Лениндік сыйлықтың және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты
ЮРИЙ ГРИГОРОВИЧ

Қоюшы суретші
КСРО Халық суретшісі, Лениндік сыйлықтың және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
СИМОН ВИРСАЛАДЗЕ

Қоюшы дирижерлар
Армения Республикасының ҚРбек сіңірген әртісі
КАРЕН ДУРГАРЯН

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
АЙДАР ӘБЖАХАНОВ

Қойылым жетекшісі және қоюшы хореографтың ассистенті
РУСЛАН ПРОНИН (Ресей)

Қоюшы хореографтың ассистенті
ОКСАНА ЦВЕТНИЦКАЯ (Ресей)

Жаңғырту бойынша суретші
МИХАИЛ САПОЖНИКОВ (Ресей)

Костюмдерді жаңғырту бойынша суретшілер
ЛЮДМИЛА ИУС (Ресей)
ЕЛЕНА НЕЦВЕТАЕВА-ДОЛГАЛЕВА (Ресей)

Жарық бойынша суретші
АЛЕКСЕЙ ПЕРЕВАЛОВ (Ресей)

Бас хормейстер
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
ЕРЖАН ДӘУІТОВ

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

СПАРТАК
Бақтияр АДАМЖАН, Досжан ТАБЫЛДЫ

КРАСС
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Таир ГАТАУОВ
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Сержан КАУКОВ
Арман ОРАЗОВ

ФРИГИЯ
ҚР Еңбек  сіңірген  қайраткері
Мәдина БАСБАЕВА
Әнел РҮСТЕМОВА

ЭГИНА
Әйгерім БЕКЕТАЕВА
ҚР Еңбек  сіңірген  қайраткері
Гауһар УСИНА
Әсел ШӨКЕНОВА

ГЛАДИАТОР
Серік НАҚЫСБЕКОВ

МИМДАР
Фарух САДЫРҚҰЛОВ, Бостан ҚОЖАБЕКОВ,
Санжар ӘУБӘКІРОВ, Бақытжан ТАЛҒАТҰЛЫ

ҮШ БАҚТАШЫ
Серік НАҚЫСБЕКОВ, Арман ОРАЗОВ,
Еркін РАХМАТОЛЛАЕВ, Азамат ЖАНҚАБАЕВ

ТӨРТ БАҚТАШЫ
Азат ЖҰМАҒҰЛОВ, Сүндет СҰЛТАНОВ,
Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ, Сұңғат ҚЫДЫРБАЙ

БАҚТАШЫ ҚЫЗДАР
Әнел ЕСҚАЛИЕВА, Әсел ҚҰСАЙЫНОВА, Айжан ҚАЖЫБАЕВА,
Әсел ОСПАНБАЕВА, Марико КИТАМУРА, Мөлдір ШӨКІМОВА

КУРТИЗАНКАЛАР
Ғалия БЕГАЛИНА, Марико КИТАМУРА, Сеика ТОНОСАКИ,
Наталья КОНДЯ, Айдыс СААЯ, Әлия АЙТБАЕВА,
Мөлдір ШӨКІМОВА, Алмагүл ҮМІТБАЕВА

 Гладиаторлар, легионерлер, патрицийлер, құлдар, күңдер, спартакшылар,
бақташылар, оққағарлар, құлсатушылар, жоқтаушылар, қарауылшылар, халық

 «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТІ, ОРКЕСТРІ Ж?НЕ ХОРЫ

Екі үзілістен тұратын қойылым
Ұзақтығы – 2 сағат 55 минут

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқғығын қалдырады

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

І ПЕРДЕ

1 көрініс

            Шабуыл. Қолбасшы Красстың басшылық етуіндегі Рим императорының әскери күші өзінің жолындағының барлығын қиратып, шабуылдап баса көктеп келеді. Тұтқындар шынжырына шырмалған құлға айналғандар қатарында Спартак пен Фригия бар.

            Спартак монологы. Ол дәрменсіз күйзелісте. Кешегі бостандықта өмір сүрген еркін адам бүгінде – бұғауға салынған құл.

2 көрініс

Құлдар базары. Құлсатушылар тұтқын ерлер мен әйелдерді, бай римдіктерге сату үшін іріктеуде. Спартак Фригиядан айырылады.

Фригия монологы. Оның қайғысы шексіз. Басына төнгелі тұрған тағдырдың сынын үреймен сезінеді.

3 көрініс

Красс үйіндегі оргия. Красстың жаңа күңі Фригияны күлкі еткен мимдар мен куртизанкалар келген қонақтардың көңілдерін көтеруде. Эгина Крассты тынымсыз вакханалиялық биімен еліктіреді. Шарап пен құмарлыққа сылқия тойып алған Красс ойын-сауықты талап етеді. Бастарына дулыға киген екі гладиатор, бір-бірін көрмей шайқасады. Жеңімпаздың бас киімін шешеді. Бұл – Спартак.

Спартак монологы. Ол өз досын өлтіруге мәжбүр болған адам. Қайғы қасіреті оның ызасы мен наразылығын оятты. Бұдан әрі ол құлдыққа шыдай алмайды. Жалғыз шешім – бостандық.

 4 көрініс

Гладиаторлар казармасы. Спартак гладиаторларды көтеріліске шақырады. Басшыларына адал болуға ант еткен олар, бір деммен казармадан еркіндікке ұмтылады.

ҮЗІЛІС

ІІ ПЕРДЕ

5 көрініс

 Аппий жолы. Тұтқыннан қашып шыққан спартакшылар Аппий жолынан бірақ шығып, ондағы бақташыларды көтерісшілерге қосылуға шақырады. Бақташылар мен халық Спартакты өздерінің қолбасшысы етіп сайлайды.

            Спартак монологы. Ол Фригияның тағдырына алаңдаулы. Оның есінен сүйіктісі туралы ойлар кетер емес. Спартактың ойы тек қана соған ұмтылған.

 6 көрініс

Красс вилласы. Фригияны іздестіру Спартакты Красстың вилласына алып келеді. Бір-бірімен қауышқан ғашықтардың қуанышында шек жоқ. Алайда, Эгина бастаған патрицийлердің шеруі оларды жасырынуға мәжбүр етеді.

Эгина монологы. Ол бұрыннан Крассты еліктіріп, өзіне бағынышты етуді армандап келеді. Оның жүрегін жаулап алу алқылы ол, заңды түрде римдік ақсүйектер қатарына ілікпек ойда.

7 көрініс

Красс үйіндегі той. Красс өз жеңістерін тойлауда. Патрицийлер оны мадақтауда. Тойдың қызған шағында, спартакшылар вилланы қоршап алғандығы туралы суық хабар жетеді. Үрейленген қонақтар қаша бастайды. Қауіптен қорыққан Красс пен Эгина да қашуда. Вилла ішіне Спартак басып кіреді.

Спартак монологы. Жеңіс! Енді көтеріліс күшіне деген зор сенімі одан сайын нығая түседі. Жеңіс!

8 көрініс

Спартактың жеңісі. Спартакшылар Крассты ұстап алып, өлтіруге дайын, бірақ Спартак оны жазалаудан бас тартып, әділ жекпе-жекке шақырады. Ұрыстың нәтижесінде Красс жеңіліс табады: Спартак оның қолындағы қылышын қағып түсіреді. Өлімге басын тіккен Крассты Спартак тірі қалдырып, босатып жібереді. Оның қарабет болғанын барлығы білуі тиіс. Шаттанған көтерілісшілер Спартактың жеңісін мадақтауда.

ҮЗІЛІС

ІІІ ПЕРДЕ

9 көрініс

Красстың кек алуы. Масқара болған Красс қатты күйінуде. Эгина оны өш алуға шақырады. Жалғыз таңдау – көтерілісшілер өлуге тиіс. Легиондарын қайта жинай бастаған Крассқа Эгина жеңіс тілейді.

Эгина монологы. Эгина үшін Спартак та жау саналады. Себебі, Красстың жеңілісі оны да өлім апатына әкелуі мүмкін. Арам ойлы жоспар құрған Эгина, Спартак лагеріне алауыздық таратпақ.

10 көрініс

Спартак лагері. Спартак Фригиямен бақытты. Күтпеген жерден әскербасы Красстың көп әскерінің шабуылы туралы хабар жеткізеді. Спартак ұрысты қабылдауды ұсынады, бірақ қорқақтық танытқан кейбір жауынгерлер көсемдерін тастап, қашады. Спартак монологы. Алдағы ұрыстың ауыр болатынын сезген ол, бостандық жолында өмірін құрбан етуге дайын. Оған берілген спартакшылар өздерінің жетекшілерімен бірге соғысуға дайын.

11 көрініс

 Іріткі салу. Спартактан бөлініп кеткен сатқындар тұрағына Эгина жасырын келіп қосылады. Куртизанкалармен бірге ол қауіпті ұмытқан жауынгерлерді шарап және эротикалық билермен еліктіреді. Тұзаққа түскен сатқындар Крассқа табысталады.

Красс монологы. Ол кек алуға дайын. Красстың басынан кешкен қорлығы үшін Спартак өлуге тиіс.

12 көрініс

Соңғы ұрыс. Легионерлер спартакшыларды қоршап алады. Теңсіз ұрыста Спартактың сенімді достары өлім құшады. Ол соңғы демі қалғанша қайыспай ұрыс жүргізеді, бірақ жан-жақтан қыспақтаған легионерлер жаралы Спартакты найзаның ұшымен керіп тастайды.

Реквием. Фригия ұрыс даласында Спартактың өлі денесін тауып алады. Ғашығын жоқтаған оның қайғысы шексіз. Қолын аспанға көтеріп, Фригия батырдың мәңгілік өшпес рухына сыйынады…

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры