«Париж Құдай Анасының соборы»

Морис Жарр

«Париж Құдай Анасының соборы»

2 бөлімді, 13 көріністі балет

_DSC5549

Либретто және хореография авторы Ролан Пети

Виктор Гюгоның аттас романы бойынша

 

Тұсаукесері 1965 жылы 11 желтоқсанда Париж Операсында өткен

«Астана Опера» театрындағы тұсаукесері – 2016 жылғы 24, 25 маусымда

 

«Астана Опера» театры мен «Ролан Пети балеттері» Қоры (Франция)

 

Қоюшы балетмейстер – Луиджи Бонино

Костюмдер бойынша суретші – Ив Сен-Лоран

Сценограф – Рене Аллио

Қоюшы балетмейстердің ассистенті – Джилиан Уитингам

Дирижер – Арман Оразғалиев

Костюмдерді жаңғырту бойынша суретші – Филипп Бино

Жарық бойынша суретші әрі қойылым үйлестірушісі – Жан-Мишель Дезире

Костюмдерді жаңғырту бойынша суретшінің ассистенті – Әсел Досмұратова

Балеттің көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

 

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

 

 

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 

Эсмеральда – Мәдина Басбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Әйгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Квазимодо – Бақтияр Адамжан /

Рүстем Сейітбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Фролло – Серік Нақыспеков /

Ғазиз Рысқұлов

Феб – Жандос Әубәкіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Олжас Тарланов / Арман Оразов

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ,

ХОРЫ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

 

 

 

 

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

 

I перде

 

1 көрініс. Сайқымазақтар мейрамы

1482 жылы 6 қаңтар күні ХI Людовик заманында Париж Құдай Анасының соборы, Лувр мен Шатленің арасында қала тұрғындары мен вилландар сайқымазақтар мейрамына жиналған. Мұнда олар Басты сайқымазақ атағын ұтып алу үшін елді күлдіріп, әзілдесуден жарысады.

Кенеттен, адам шошырлық тіршілік иесі бәрінің көңілін өзіне аудартады, ол – шіркеу қоңыраушысы, ақсақ әрі бүкір Квазимодо. Алайда, оның кемтарлығы жасанды емес, бұл шынайы.

Квазимодоны көрген көпшілік бір сәтке таңғала қарап, тұрып қалады. Көп ұзамай ойын-сауық қайта жалғасады, ал Басты сайқымазақ атанған Квазимодо шеру ортасында өзінің күлдіргі атағынан ләззат алып, бәріне мейірімділігін жолдайды.

 

2 көрініс. Дұға

Жаңа кейіпкердің пайда болуы мерекенің шырқын бұзады. Шіркеудің архидьяконы Клод Фролло келіп, халыққа өмірдің көңіл көтеру үшін емес, тәубеге келіп, дұға оқу үшін берілгенін ескертеді.

Ұятқа қалған Квазимодо, адал иттей Фроллоның аяғына жығылады, себебі ол бұл қатыгез де жексұрын адамға өмірінің соңына дейін қарыздар. Дін қызметшісі кезінде, кемтарлығы үшін Шайтанның мөрі басылған деп айыпталған кінәсіз баланы оттан құтқарған және тәрбие беріп, қоңыраушы еткен.

Сырттай қатал әрі суық көрінген Фроллоның ішкі дүниесі шіркеу алдында билеп жүрген сыған қызы Эсмеральданы көргеннен бері құштарлыққа толы.

Ол Құдайға құлшылық етуге қанша тырысқанымен, биші қыздың дабылы құлағынан кетер емес.

 

3 көрініс. Эсмеральда

Жан-жағын таңқалдырып ортаға шыққан қыздың сұлулығы расымен де баршаны қатты таңқалдырады. Оның жалынды биі махаббат сезімін оятады.

Құштарлықтан есі кеткен архидьякон Квазимодоға Эсмеральданы ұрлап алып келуді бұйырады.

 

4 көрініс. Қызықтар мекені

Осылай, түнгі Париждің Қызықтар мекенінде тұратын түн патшалығының иелері: кедейлер, кемтарлар, қайыршылар мен ұрылар арасында жан түршігерлік қудалау басталады.

 

5 көрініс. Азап бағанасы

Эсмеральданы көрікті капитан Феб бастаған атқыштар жасағы құтқарып қалады.

Көрікті офицердің бір көзқарасы сыған қызын еріксіз еліктіреді. Осы уақытта атқыштар Квазимодоны тұтқынға алып, қызықтап тұрған үлкендер мен балалардың көзінше ұрып-соғып, азаптайды.

Жақында ғана үреймен жанын алып қашқан құбыжыққа тек Эсмеральданың жаны ашып, көп ортасынан шығып су береді.

Қатыгез өмірінде ешкімнен жақсылық көрмеген қоңыраушы үшін сұлудың аяушылық білдіргені – жанына ерекше әсер етіп, оның өмірін өзгертеді.

 

6 көрініс. Сарбаздар

 

7 көрініс. Таверна

Бір сағат өтісімен Эсмеральда бүкір туралы ұмытып кетеді. Оның жаны сарбаздарды салтанатты түрде басқарып жүрген Фебке деген сезімге толы.

Феб Эсмеральданы, өзінің азғын достарымен әрдайым кездесетін тавернаға шақырады.

Эсмеральдамен оңаша қалған Феб көп ұзамай оның бүркеусіз денесін құшағына алады.

Бірақ олар жалғыз емес. Қараңғыға жасырынып, ашу мен қызғанышқа булыққан Фролло олардың ермектерін бақылауда.

Шыдамы таусылған ол Фебке қанжарын қадап, қашып кетеді. Жиналған тобыр дереу шу көтереді, ал қарауыл Эсмеральданы алып кетеді – барлығы оның кінәлі екеніне сенімді.

 

8 көрініс. Сот

 

9 көрініс. Дар ағашы

Аздырушы әрі сиқыршы, адам өліміне кінәлі деп айыпталған Эсмеральда қанша өтінсе де мейірімділік танытар ешкім жоқ – сот алқасы да, Клодтың сөзіне сенген халық та көмек берер емес. Оның тағдыры шешілген: дарға асылары анық.

Сыған қызының жақсылығын ұмытпаған Квазимодо оны баскесердің қолынан құтқарып қалады.

Ол қарауылды итеріп жібереді де, Эсмеральданы сот төрелігінен пана бола алатын Париж Құдай Анасының соборына алып кетеді.

Клод Фролло өзінің ызасына қарамастан, ғибадатханаға құлшынған халықты тоқтатады. Ессіз әрі ұжымдық ұмтылысқа берілген, арпалысуға дайын көпшілік көне «Noel! Noel!» ұранына салады.

 

 

ҮЗІЛІС

 

 

II перде

 

10 көрініс. Шіркеу мұнарасы

Квазимодо қырағылықпен иелігін барлап шығып, өзі құтқарған сұлуға ешқандай қауіп төніп тұрмағанына көзі жетеді. Оның қуанышы кеудесінен тасып, қоңырауларды шетінен қатты соға бастайды.

 

11 көрініс. Эсмеральда мен Квазимодо

Эсмеральда көрінеді. Ол құтқарушысына шексіз мейіріммен және сыпайылықпен өз алғысын білдіреді. Квазимодо өзінің кемтарлығынан қысылғанымен, батылдығы жеңіп, бақытты күйде қызбен бірге өзінің иелігін аралайды.

Көп ұзамай, қатты шаршаған Эсмеральда тыныш ұйқыға батады, сол кезде көңілі жайланған қоңыраушы ұйқыдағы сұлуды біраз тамашалап тұрып, оның қауіпсіздігіне көзі жеткен соң, кетеді.

Бірақ шіркеу – архидьяконның да иелігінде.

Квазимодоның жоғын пайдаланып, Фролло Эсмеральдаға келеді. Ол қызды өзінің қалауына көндіріп, құшағына алмақ болады, айтқанын істейтін жансыз қуыршақтай көреді.

Бірақ оның еріндері сыған қызын жанған оттай күйдіреді. Ол Фроллоны жиіркенішпен итеріп жібереді.

Өзін ұстай алмаған ол қызды күшпен көндіргісі келеді.

 

12 көрініс. Шіркеу шабуылы – сұмдық құбылыс

Сот төрелігі мұндай бассыздыққа жол бере алмайды.

Парламент шешімімен Шіркеу сотталғандарға пана болу құқығынан айырылып, сарбаздар шабуылға шығады.

Оларға халық та ілеседі, ал Квазимодо үшін бұның бәрі сұмдық түстегідей: тоқтаусыз келе жатқан сарбаздар мен көне фурияларға ұқсаған әйелдердің саны шексіз.

Ол жұртты тоқтатпақ болып, үстеріне балқытылған қорғасын құйып тырысса да ештеңе шықпайды, себебі тобыр тым қалың.

 

13 көрініс. Ажал

Ұзын қаралы шеру Эсмеральданы дарға алып келе жатыр.

Бұл жолы баскесерлерді ешкім де тоқтата алмайды.

Оның қолдары жансызданып салбырап түседі, Эсмеральданың жүрек қағысымен бірге архидьяконды түнімен мазалаған дабылдар да доғарады.

Фроллоның зұлымдығына әбден көзі жеткен Квазимодо қатты ашуланып, өзінің қуатты қолдарымен оны тұншықтырады.

Квазимодо, қарғыс атқыр дін қызметшісінің денесін дар ағашының жанында қалдырып, сүйіктісінің өлі денесін алып кетеді.

 

Виктор Гюгоның айтуынша, бірнеше жыл өткен соң Монфоконда өлтірілгендердің денелері жатқан бейітте жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшылар құшақтасқан екі адам сүйегін тауып алады. Сақталған киімдер арқылы біреуінің әйел денесі екенін, ал екіншісі – кемтар еркек болғанын анықтайды. Оларды ажыратқысы келген мезетте екеуі де күлге айналып кетеді.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры