«ЩЕЛКУНЧИК» балеті

_DSC4931

ПЕТР ЧАЙКОВСКИЙ

ЩЕЛКУНЧИК

2 бөлімді балет

Тұсаукесері 1966 жылдың 12 наурызында Үлкен театрда өтті

Либретто авторы

ЮРИЙ ГРИГОРОВИЧ

Эрнст Теодор Амадей Гофманның ертегісі бойынша

(Мариус Петипа сценарийінің қолданылуымен)

Қоюшы хореограф –  Юрий ГРИГОРОВИЧ КСРО халық әртісі, Лениндік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

Суретші – Симон ВИРСАЛАДЗЕ КСРО халық суретшісі, Лениндік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

Қоюшы дирижер- Айдар ӘБЖАХАНОВ ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қойылым жетекшісі және қоюшы хореографтың ассистенті –

Руслан ПРОНИН Ресейдің еңбек сіңірген әртісі

Қоюшы хореографтың ассистенті Оксана ЦВЕТНИЦКАЯ (Ресей)

Жаңғырту бойынша суретші – Михаил САПОЖНИКОВ (Ресей)

Костюмдерді жаңғырту бойынша суретшілер – Людмила ИУС (Ресей) Елена НЕЦВЕТАЕВА-ДОЛГАЛЕВА (Ресей)

Жарық бойынша суретші – Алексей ПЕРЕВАЛОВ (Ресей)

Хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Бір үзілістен тұратын қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 15 минут

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

ШТАЛЬБАУМ, медицина кеңесшісі –

Рахметолла НАУАНОВ

Ильдар ШАКИРЗЯНОВ

ОНЫҢ ӘЙЕЛІ  –

Әсел КЕНЖЕБЕКОВА

Сэрина СУНАГАВА

МАРИ, олардың қызы  –

Мәдина БАСБАЕВА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Әйгерім БЕКЕТАЕВА

Әнел РҮСТЕМОВА

Гауһар УСИНА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

ФРИЦ, Маридің інісі –

Әнел ЕСҚАЛИЕВА

Мейіз СӘДУАҚАСОВА

ДРОССЕЛЬМЕЙЕР, сот кеңесшісі, Мари мен Фрицтің кіндік әкесі –

Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ

Бауыржан МЕКЕМБАЕВ

Ильдар ШАКИРЗЯНОВ

ЩЕЛКУНЧИК-ХАНЗАДА-

Бақтияр АДАМЖАН

Таир ГАТАУОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Еркін РАХМАТОЛЛАЕВ

Досжан ТАБЫЛДЫ

ЩЕЛКУНЧИК-ҚУЫРШАҚ –

Әнел ЕСҚАЛИЕВА

Айжан ҚАЖЫБАЕВА

Мейіз СӘДУАҚАСОВА

ЩЕЛКУНЧИК-ҚУЫРШАҚ –

Бақтияр АДАМЖАН

Эльдар СӘРСЕМБАЕВ

ТЫШҚАН ПАТШАСЫ

Азат ЖҰМАҒҰЛОВ

Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ

Механикалық ойыншықтар – Дроссельмейердің сыйлықтары:

АРЛЕКИН –

Бақтияр АДАМЖАН

Эльдар СӘРСЕМБАЕВ

Жақшылық ТОЛОБАЕВ

КОЛОМБИНА

Назерке АЙМҰХАМЕТОВА

Гүлзира ЖАНТЕМІР

Әсел ҚҰСАЙЫНОВА

Айдыс СААЯ

Шайтан әйел –

Диана БАТЫРОВА

Марико КИТАМУРА

Сеика ТОНОСАКИ

Мөлдір ШӘКІМОВА

ШАЙТАН

Бостан ҚОЖАБЕКОВ

Арман ОРАЗОВ

Фарух САДЫРҚҰЛОВ

Маридің таңғажайып түсінде жан біткен қуыршақтар:

ИСПАНДЫҚ

Диана БАТЫРОВА

Гүлзира ЖАНТЕМІР

Серік НАҚЫСБЕКОВ

Эльдар СӘРСЕМБАЕВ

ҮНДІ –

Марат ӘБДІРАХМАНОВ

Айша ҚАЛДЫБЕКОВА

Сұңғат ҚЫДЫРБАЙ

Бауыржан МЕКЕМБАЕВ

Сеика ТОНОСАКИ

ҚЫТАЙЛЫҚ

Бақтияр АДАМЖАН

Әнел ЕСҚАЛИЕВА

Айжан ҚАЖЫБАЕВА

Арман ОРАЗОВ

ОРЫС –

Наталья КОНДЯ

Олжас МАХАНБЕТӘЛИЕВ

Эльдар СӘРСЕМБАЕВ

Елена СЕМЕНОВА

ФРАНЦУЗДЫҚ –

Назерке АЙМҰХАМЕТОВА

Бауыржан БОРАНБАЕВ

Азамат ЖАНҚАБАЕВ

Гүлзира ЖАНТЕМІР

Әсел ҚҰСАЙЫНОВА

Айдыс СААЯ

 

 

ОРКЕСТРДЕГІ СОЛО Ағылшын кернейі – Дәрия ТҰРАБЕКОВ

Финалдық вальс және Апофеоз, ата-аналар, балалар, тышқандар, ойыншық сарбаздар, қар бүршіктері

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, МИМАНСЫ, БАЛАЛАР ХОРЫ

Қысқаша мазмұны

І ПЕРДЕ

Штальбаумдар үйіне жаңажылдық мерекеге қонақтар жиналуда. Олардың ішінде Штальбаумдардың балалары – Мари мен Фрицтің кіндік әкесі – Дроссельмейер бар. Ол балаларға ерекше сый-сияпат – қызықты Щелкунчикті сыйға дайындаған. Балалар шырша мен мерекелік сыйлықтарды көруге асығуда. Көптен күткен сәт те келіп жетті: барлығының көз алдына әдемі шырша шығарылады.

Күтпеген жерден сиқыршы киімінде балаларға танылмаған Дроссельмейер келеді. Бейтаныс қонақтың ойыншықтарға жан бітіруі балаларға қуаныш әкелгенімен, құпияға толы сиқыр еріксіз қорқыныш тудырады. Балалардың қорқынышын тарқату үшін Дроссельмейер бетпердесін шешіп тастайды, сол кезде олар өздерінің сүйікті кіндік әкелерін таниды. Мари жан біткен керемет қуыршақтармен ойнағысы келеді, бірақ… оларды алып кеткен. Дроссельмейер Мариді жұбату үшін Щелкунчикті тарту етеді. Епсіз, күлкілі қуыршақ оған қатты ұнайды. Маридің тентек інісі Фриц абайсызда ойыншықты сындырып алады. Мари өзінің зақымданған сүйікті ойыншығын жұбатып, аялап тербетеді. Фриц достарымен бірге тышқандардың бетперделерін киіп алып, қайғылы Мариді ашуландырады. Көрші бөлмеден қонақтар келеді. Соңғы салтанатты гроссфатер биінен соң барлығы тарқайды

Түн. Шырша тұрған бөлме ай жарығымен көмкерілген. Ол жасырын, сиқырлы құпияға толы сияқты көрінеді. Қорыққанына қарамастан Мари мұнда келіп, «науқас» Щелкунчикті көрмекші. Оны құшақтап, жұбатады.

Осы мезетте Дроссельмейер келеді. Қазір ол мейірімді кіндік әке емес, нағыз сиқыршы. Оның қолдарын сілтеп жасаған әмірінен маңайдың бәрі өзгере бастайды: қабырғалар жан-жаққа қозғалып, шырша өсе түседі. Онымен бірге ойыншықтарға да жан бітіп, өседі. Бір кезде еден астынан Тышқан патшасы бастаған тышқандар шыға бастайды. Қуыршақтардың зәресі ұшып, абыржуда. Тек, Щелкунчиктің тапқырлығы мен ерлігі оларды құтқарады: қаздай тізілген ойыншық сарбаздарды ол тышқандар әскеріне қарсы ұрысқа батыл бастап шығады.

Алайда, олардың күштері тең емес. Щелкунчик Тышқан патшасы мен оның барлық нөкерлеріне қарсы жалғыз қалады. Мари қобалжуда: оның сүйікті ойыншығына қауіп төнді. Ол Дроссельмейерден алған отты шамды тышқандарға лақтырады, олар үрейленіп жан-жаққа шашырай қаша жөнеледі. Ұрыс алаңы енді бос. Тек жалғыз Щелкунчик қозғалыссыз жерде жатыр. Мари қуыршақтармен бірге көмекке асығуда.

Осы кезде ғажайып жағдай орын алады… Маридің алдында – сұлу жасөспірім Щелкунчик-Ханзада тұр. Ол оған жақындай бастайды. Үй қабырғалары жоғалып, Мари мен оның достары жұлдызды аспан күмбезінің астында, таңғажайып шырша жанында қалады. Ақ ұлпа қар бүршіктері сиқырлы би билеуде. Мари мен Щелкунчик-Ханзаданы шырша төбесінде жалт-жұлт еткен жұлдыз өзіне арбап, тамаша армандай еліктіреді. Қуыршақтар олардың артынан ілеседі.

ІІ ПЕРДЕ

Мари және Щелкунчик-Ханзада шырша әлемінің бойымен сиқырлы қайықта жүзуде. Олармен бірге достары – қуыршақтар бар. Олар жарқыраған жұлдызға жақындай түсуде, міне, таңғажайып шыршаның төбесіне де жетіп қалды…

Бірақ, олардың арттарынан Тышқан патшасымен бірге тышқандар жасырынып келіп, тұтқиылдан шабуыл жасайды. Щелкунчик-Ханзада тағы да батыл тойтарысқа шығады. Мари мен қуыршақтар үрейленіп ұрысты бақылауда. Щелкунчик-Ханзада жауды жеңеді.

Барлығы қуанышпен жеңісті тойлайды. Қуыршақтар би билеуде. Шамдар жарқырап, шырша оттары қайта жанады. Зұлым тышқандар жеңіліс тапқан! Мари мен Щелкунчик-Ханзада бақытты – олар арман әлеміне жетті!

Бірақ… мұның бәрі – тек қана түс… Жаңажылдық түн өтіп кетті, онымен бірге тамаша қиялдар да ғайып болды… Ертегі арманының лебін сезінген Мари үйінде, өз шыршасының жанында отыр, оның тізесінде қуыршақ – Щелкунчик.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры