“Роден” балеті

“Роден” балеті

Қойылымы – БОРИС ЭЙФМАН
Музыкасы – М.РАВЕЛЬ, К. СЕН-САНС, Ж.МАССНЕ
Декорациялары – Зиновий Марголин
Жарық – Глеб Фильштинский, Борис Эйфман
Костюмдері – Ольга Шаишмелашвили

ПАРТИЯЛАРДЫ ОРЫНДАУШЫЛАР

Роден – Жәнібек Иманқұлов, Рүстем Сейтбеков.
Камилла – Әйгерим Бекетаева, Гауһар Усина.
Роза – Әнел Рүстемова, Ғалия Бегалина.
Клод Де Бюсси – Бауыржан Мекембаев,Таир Гатауов
Натурашы – Әлия Айтбаева, Сэрина Сунагава,
Клотто – Гүлнұр Қайсарова, Әсел Жанқасқаева.

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

БІРІНШІ БӨЛІМ

Қабырғасы айкезбе-ауруларға толы жындыхана – Ұлы Роденнің сүйіктісі Камилла Клодельдің соңғы тұрағы. Емханаға арнайы келген мүсіншімен кездесу қызға шексіз жан азабынан басқа ештеме әкелмейді. Роден өмірін еске алып, өткенге бойлайды…
Мүсінші шеберханасы. Мұнда оның сұрапыл өршіл қиялы балшық пен қолаға жан бітіреді. Балғын натурашы Камилла жасы келіп қалған Роденнің жан сезімін оятады.
Жындыхана үйінің қабырғасында жан шошытар үрей бар. Алайда, басқа емделушілер тарапынан көрген қорлық пен соққы Клодель жанын қинаған үмітсіздікпен салыстырғанда түк емес. Кәрілігі жеткен Роденнің өмірі қайғыға толы. Шын берілген Розаның оған деген көңілі жанын жегідей жейді. Мүсінші өткенін еске алуда. Мұнда ол тағы да тоқтаусыз туындыгер кейпінде. Роденнің жанында – іңкәрлігі мен дарыны шабыт берген Камилла. Роденнің енжарлығы, жас қызға басы байланғаны Розаны қатты күйзелтеді.
Күннен күнге Камилланың ессіздікке ұшырау кезі таяп келеді: аздырушы елестер оның жүйкесін тоздыруда. Бірақ, әзірше, Клодельдің барлық өмірі – Роденнің патшалығындағы сарқылмас құйын. Ол бірден өз бойындағы дарындылығын сүйгені мен ұстазына береді. Мүсіншінің жанында Камиллаға деген шығармашылық қызғанышы туындайды.
Роден табысқа ие болады. Оның серігі және бірге еңбектенушісі болған Камилла бейтаныс болып, тек басқаның салтанатына қана місе тұтушы ретінде қалады.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Азап «Тозақ қақпасын» тудырады. Роденмен қосыла Камилла қатты беріліп, жұмыс жасауда. Розаның бұларды тынымсыз бақылауы мүсіншінің күйзелісі мен өкінішін тудырады. Оның көз алдына өмірінің бақытты кезеңі елестейді: жас Роден жүзім мерекесінде алғаш кездестірген гүлденген және сезімін ашық білдіруші балғын Розаның бейнесі. Шебермен байланыс Камилла үшін азапқа айналады. Жаны күйзеліске түскенде ол сүйгенінен қашады. Кездейсоқ жігітпен болған құмарлығы оның жан жарасына ем болмайды. Оның Роденге оралуы – Камилланың қашып құтыла алмас – тағдыр қарғысына ұшырауы. Мүсінші абыржу үстінде. Оның жүрегі қарс айырылып, екі әйел арасында бүлінуде: біріншісіне – жүрегі от болып лаулап жанса, екіншісіне – таза үйреншікті сезім ұялаған. Тұйық шеңберден шығу амалы қандай? Камилла біртіндеп тұңғиық шетіне жақындауда. «Клото» туындысы – мейірімсіз тағдырға деген ызғарлы ұран болып, оның жанының күшін біржола жояды. Сыншылардың жазғыруына түскен Камилла, ашу үстінде мүсінді құртады.
Шатылған елестер Камилланы азапқа салады. Оның барлық азабына кінәлі Роден жексұрын албасты кейпінде көз алдына келеді. Есалаңдық ойы мен көңілін меңдеп алады. Сөнген ақыл-ес – ояуы жоқ ұйқыда. Жындыхананың тұтқын әйелдері тағы да жөн-жосығы жоқ сандырақ үстінде. Өзінің Музасына мәңгі табынған мүсінші, құрбандық шалынған ұлы еңбегінде өлмес шығармашылық үстінде.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры