Балет «АҚҚУ КӨЛІ»

Петр Чайковский

«АҚҚУ КӨЛІ»

2 бөлімді, 4 көріністі балет

Либреттосын жазған Владимир Бегичев пен Василий Гельцер

Хореография авторлары Мариус Петипа мен Лев Иванов

Премьерасы 1895 жылы 15 қаңтарда Мариин театрында (Санкт-Петербург) өткен

«Астана Опера» театрындағы премьерасы – 2018 жылдың 8 наурызында

 

Жаңа хореографиялық редакция авторы – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі, «Астана Опера» театры балет труппасының көркемдік жетекшісі

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің халық әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Арасель Досмұратова

Жарық бойынша суретші– Виничио Кели

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

 

Әлемдік музыка классикасының жауһары – «Аққу көлі» балетін композитор 1875 жылы Мәскеудің Императорлық театрлар дирекциясының тапсырысы бойынша жазды. «Аққу көлінің» негізінде – фольклорлық ертегі әлемінде кең тараған зұлым сиқырдың күшімен құсқа айналған ару туралы тарих жатыр. Чайковский балетінде Зигфрид ханзада Одеттаның құтқарушысы болады, алайда оның байқаусызда жасаған опасыздығы қасіретті күнәге айналады. Ханзада сарайындағы бал кешіне нәзік Одеттаға өте ұқсас, бірақ зұлым әрі еліктіргіш Одиллия келеді. Адалдық антын бұзғанымен Зигфрид, шындығында Одеттаға адал болып қалады. Алайда, жіберілген қателігін түсінген ол, зұлым данышпан Ротбардқа қарсы күресте өзінің махаббатын дәлелдеп шығады.

Жалпы балет қойылымының үш нұсқасы болған. Алғашқы екеуі сәтсіз шығады. Тек 1895 жылы жасалған үшінші нұсқасы ғана академиялық хореографияның барлық ережесін бұзып, балетке үлкен табыс әкелді және кейінгі барлық классикалық редакциялардың негізіне айналды. Асқан танымалдылық «Аққу көлін» академиялық балет өнерінің символы етті. Бұл спектакльді балет сүйер қауым да, осы өнерге енді қызыға бастаған көрермендер де қызыға тамашалайды.

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТІ, ОРКЕСТРІ

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры