«Манон»

«Манон»

3 бөлімді балет

_DSC2407

Хореография авторы – Кеннет МАКМИЛЛАН

Премьерасы 1974 жылы 7 наурызда лондондық Ковент-Гарден театрында өтті

«Астана Опера» театрындағы тұсаукесері – 2017 жылғы 28, 29 сәуірде

Либреттосын жазған Кеннет Макмиллан

Аббат Превоның «Кавалер де Грие мен Манон Леско оқиғасы» романы бойынша

Музыка – Жюль Массне

Оркестрге өңдеген, аранжировка жасаған – Мартин Йетс

Декорациялар және костюмдер бойынша суретші – Николас Георгиадис

Қоюшы балетмейстерлер – Карл Бёрнетт және Патрисия Руанн

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Декорациялар бойынша үйлестіруші – Чинциа Ло Фацио

Костюмдер жөніндегі үйлестірушілер – Наталия Стюарт / Әсел Досмұратова

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Балеттің көркемдік жетекшісі – Алтынай АсылмұратоваРесейдің Халық әртісі

Екі үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР

Манон – Мәдина БасбаеваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Әйгерім БекетаеваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Де Грие – Рүстем СейітбековҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Олжас Тарланов

Леско  Бақтияр Адамжан / Арман Оразов

Лесконың көңілдесі  Әнел Рүстемова /

Гауһар УсинаҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Г.М. мырза – Жәнібек Иманқұлов

Қарауыл басшысы – Олжас Маханбетәлиев

Мадам – Сэрина Сунагава

Кедейлерді бастаушы  Николай Коршунов

Куртизанкалар – Назерке Аймұхаметова / Гүлзира Жантемір /

Әсел Құсайынова / Әсел Шәйкенова / Анастасия Заклинская

Актрисалар – Индира Жүкеева Мәдина Құжамжарова /

Диляра Мыңғалиева Мөлдір Шәкімова

Жас мырзалар  Бекзат Орынбаев / Ғазиз Рысқұлов / Айбар Тоқтар

Клиенттер – Жәнібек Ахмедиев Жанәділ Бейсембиев Сұңғат Қыдырбай /

Рахметолла Науанов / Ильдар Шакирзянов

Бикештер – Жұлдыз Жұмажанова Айжан Қажыбаева / Наталья Кондя /

Мәдина Құжамжарова / Диляра Мыңғалиева / Әсел Оспанбаева /

Айдыс Саая / Елена Семенова / Сэйка Тоносаки / Аделина Төлепова /

Инна Чуткова / Мөлдір Шәкімова

Қарт мырза  Руслан Темірбеков

Қонақүй иесі – Алтынай Қағазбаева

Күтушілер – Алтынай Қағазбаева Айжан Қажыбаева

Кедейлер, қала тұрғындары, егеуқұйрық аулаушы,

қызметшілер, сарбаздар, күзетшілер және т.б.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ,

ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

Қысқаша мазмұны

І ПЕРДЕ

1 көрініс: Амьендегі қонақүй (Париж маңы)

Қонақүй алаңындағы қарбалас: әртістер, жас жігіттер, жеңіл жүрісті ханымдар мен кедейлер. Бұл жердің жиі қонағы Леско да осында, ол монастырға бара жатқан қарындасы Манонды күтіп алу үшін келген. Г.М. мырза мен Мадам отырған күйме келіп тоқтайды. Қолынан кітап тастамайтын сымбатты келген болашақ дін маманы де Грие көрінеді. Күймеде Манон мен Қарт мырза келеді. Ол сұлуға сөзсіз құмартқан, ал Манон болса онымен тек әзілдесуде. Мұны байқаған Леско Қарт мырзаны қарындасына қатысты мәміле жасау үшін қонақүйге қарай алып кетеді. Күтпеген жерден Манон де Гриемен кездесіп қалады. Манон бір ұялып, бір қысылады, де Гриеге ғашық болады. Олар, Манонның Қарт мырзадан алған ақшасын пайдаланып, Парижге қашуды ұйғарады. Қарт мырза Лескомен бірге қонақүйден шыққан кезде Манонның жоқ болып кеткені анықталады. Г.М. мырза да Лескоға қарындасының ұнайтынын айтып, оған ақша ұсынады. Леско Манонды табуға және Г.М. мырзаның тілегін қабылдайтындай етуге уәде береді.

2 көрініс: Париждегі де Гриенің пәтері

Жас жігіт әкесінен ақша сұрап, хат жазады. Манон оның ойын бөліп, құштарлық сезіміне бөлейді. Де Грие хатты алып почтаға кетеді. Леско мен Г.М. мырза кіріп келіп, Манонды сыйлықтың астына қалдырады. Манон оларға қуанып, жылы қарсы алады. Қарындасы мен Г.М. мырзаның тіл табысқанын байқағаннан кейін, Леско қызметі үшін тиесілі ақысын алады. Манон, бақытқа бөленген бөлмемен әзер қоштасып, Г.М. мырзамен кетеді. Де Грие қайтып оралады. Леско жас жігітке, егер Манон мен бай Г.М. мырзаның қарым-қатынасына бөгет болмаса, ақшасымен бөлісуге уәде береді. Қаражатсыз қалған де Грие оған келіседі.

ҮЗІЛІС

ІІ ПЕРДЕ

1 көрініс: Мадамның салтанатты үйіндегі мереке (Париж)

Барынша жасанған бикештер еркек қонақтардың көңілін табуда. Аздап қызулы Леско залға де Гриені ертіп келеді. Манон мен Г.М. мырза көрінеді. Манон, де Гриемен күтпеген кездесуден ұялғанын қойып, өзіне ынтық жандармен билейді. Өздерінің оңаша қалуын күткен де Грие Манонды өзімен бірге кетуге шақырады. Манон оны алдымен Г.М. мырзадан үлкен сомада ақша ұтып алуға көндіреді. Ойын басталады. Де Грие алаяқтықпен ұсталады. Дау-дамай қызған шақта ғашықтар қашып кетеді.

2 көрініс: Де Гриенің пәтері

Манон мен де Грие бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімдерін білдіруде. Г.М. мырза сыйлаған Манонның білезігі жас жігітті ашуландырып, олардың арасында ұрыс-керіс тудырады. Г.М. мырза полициямен бірге келеді. Бұғауға кісенделген Лесконы кіргізеді. Манонды жезөкше ретінде тұтқындайды. Шиеленіскен төбелесте Леско атылған оқтан қаза болады.

ҮЗІЛІС

ІІІ ПЕРДЕ

1 көрініс: Жаңа Орлеандағы порт

Кемежайға күзетшілер мен жергілікті тұрғындар жиналып, тұтқындардың түсуін бақылауда. Жезөкшелігі үшін жер аударылған әйелдер ішінде Манон да бар. Оны тану қиын, ол жүдеген, сүйкімді ажарынан айрылған. Оның соңынан, өзін Манонның күйеуі ретінде таныстырған де Грие еріп келеді. Манонды ұнатып қалған Қарауыл басшысы күзетшіге сұлуды жеке алып кетуге бұйрық береді.

2 көрініс: Қарауыл басшысының кабинеті

Сарбаздар Манонды алып келеді. Қарауыл басшысы оған ұсыныс жасайды: егер Манон жылы көңілін көрсете білсе, оған қамқорлық жасалынады. Бірақ ол еш ықылас танытпайды. Сол кезде Қарауылшы Манонға зорлық көрсетіп, қолына білезік кигізеді де, оны құшақтай жөнеледі. Ашу қысқан де Грие кабинетке баса-көктеп кіріп келіп, Қарауыл басшысына қанжар салады. Манон мен де Грие қашып кетеді.

3 көрініс: Луизиана батпағы

Мұнда әбден азып-тозған қашқындар тығылып жатыр. Жас қыз сандырақтап жатып, өзінің өткенін есіне алады: оның көз алдына өткен кезең елестейді. Манон енді байлық пен сән-салтанатқа ұмтылмайды, ол махаббатты таңдайды. Алайда, өзінің соңғы күшін жоғалтқан ол де Гриенің қолында көз жұмады.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры