«ҚАРАГӨЗ» балеті

_DSC1311

Ғазиза Жұбанова

ҚАРАГӨЗ

МАХАББАТТЫҢ ДРАМАҒА ТОЛЫ КЕЗДЕРІ

Прологы мен Реквиемі бар 2 бөлімді, 9 көріністен тұратын балет

Мұхтар ӘУЕЗОВТІҢ аттас драмасы бойынша

 

Либретто авторы, хореограф, қоюшы режиссерВАКИЛЬ УСМАНОВ (Австрия)

Қоюшы дирижер, музыкалық редакция авторы – АБЗАЛ МҰХИТДИНОВ ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретшілер – СОФЬЯ ТАСМАҒАМБЕТОВА / ПАВЕЛ ДРАГУНОВ

Жарық бойынша қоюшы суретші – ДМИТРИЙ СИМКИН (Германия)

Қоюшы хореографтың ассистенті – СЕРГЕЙ ХЕЙЛИК (АҚШ)

Бір үзілістен тұратын қойылым

Ұзақтығы 2 сағат 30 минут

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

ҚАРАГӨЗ, Наршаның қалыңдығы Әнел РҮСТЕМОВА

Мәдина БАСБАЕВАҚР еңбек сіңірген қайраткері

МӨРЖАН, Қарагөздің әжесі Гауһар УСИНА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Мәдина БАСБАЕВА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

СЫРЫМ, жас ақын Арман ОРАЗОВ

Бақтияр АДАМЖАН

НАРША, Қарагөздің болашақ күйеуі Таир ГАТАУОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Досжан ТАБЫЛДЫ

МАТАЙ, Наршаның  досы Азамат ЖАНҢАБАЕВ

Жақсылық ТОЛОБАЕВ

ҚОСКЕЛДІ, Сырымның досы Бауыржан БОРАНБАЕВ

ДӘУЛЕТКЕЛДІ, Сырымның досы Сүндет СҰЛТАНОВ

АСАН, ақын, күйеу жігіт жағынан Эльдар СӘРСЕМБАЕВ

Серік НАҚЫСБЕКОВ

БАҚСЫ Сэрина СУНАГАВА

Ғлия АЙТБАЕВА

ТЕКТІ, Наршаның анасы Әсел КЕНЖЕБЕКОВА

ТОЙСАРЫ, Наршаның туысы Рахметолла НАУАНОВ

ЖАС ҚҰЛАН Эльдар СӘРСЕМБАЕВ

Серік НАҚЫСБЕКОВ

БАС ҚҰЛАН Сержан КАУКОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Бауыржан МЕКЕМБАЕВ

Сүндет СҰЛТАНОВ

Қалыңдықтар, құрбылар, құландар, инеліктер, Наршаның нөкерлері, жастар, ақсақалдар

 «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ ХОРЫ

 Скрипка солосы – Қаламқас ЖҰМАБАЕВА, сопрано солосы – Айзада Капонова, трубадағы соло – Александр УСИК, ішекті квартет құрамы: Әйгерім ЕРҒАЛИЕВА (скрипка), Сағиқожа ЕРЕЖЕПОВ (скрипка), Жанар АХАТОВА (альт), Курванджан АХАТОВ (виолончель)

ПРОЛОГ

ТҮН ОРТАСЫ

Бірінші көрініс

 Үш дос: Сырым, Қоскелді мен Дәулеткелді кең даланы өз әндерімен әуелетіп келеді. Олар – халықтың көңілін көтеруші әнші, сал-серілер. Солардың ішінде ең дарындысы – Сырым, оның әндері махаббатқа толы. Достары оны мақтан тұтады.

ТАҢ СӘРІСІ

 Екінші көрініс

Тау бұлағының көрікті жері. Негізі мұнда ауыл жастары жиналып, қызықты ойындар ойнап, кездесу ұйымдастырады. Бай, қуатты Өсер тегінің басты қорғаушысы, айбарлы Мөржанның тәрбиеленуші қыздары таң сәрісінде әрең оянған бетте өздерінің күтушілерімен бірге тау бұлағына қарай асығуда. Әсіресе, Мөржан бәйбішенің жалғыз әрі сүйікті немересі Қарагөз сондай көрікті. Ол алда болатын бай Досан руының сұлу жігіті Наршамен үйлену тойы туралы, оның білімді әрі байсалды екенін, сондай-ақ оның тегі үшін қалыңмалдың төленіп қойғанынан хабардар. Қыздар таңғы таза леп иісімен шаттануда. Құрбылары Қарагөзді өздерінің сауық-сайранына шақыруға тырысқанымен, оның ойы алдағы үйлену тойымен шым-шытырым: ол Наршаны жары ретінде қабылдауға әрі оған өзінің өмірін арнауға дайын. Осылай, оны Мөржан бәйбіше басқа тәрбиеленушілермен бірге бай жігітке тамаша әйел болуға тәрбиелеп дайындады. Осы рудың қалыңдықтарының сұлулығы мен тазалығы, жұмсақ мінезі туралы атақ-абыройы күллі аумаққа кең таралған. Мөржан қалыңдықтарының әрқайсысы үшін үлкен қалыңмал алады. Құрбылары Қарагөзді ойнап алдайды: олардың бірі Нарша болып киініп алса, басқасы Қарагөздің  жақсы көретін инелік кейіпінде. Алайда, олардың әзілдері Қарагөзге үрей туғызды. Бойын қорқыныш билеген ол далаға қаша жөнеледі. Адасып кету қорқынышы мен үрей оның ауыр дертін асқындырып жібереді, мұндай аурудан кезінде нағашы апасы да қайтыс болған-ды… Көмек сұраған Қарагөздің дауысын танып, Сырым асығып жан ұшыра жетеді, олар балалық кезден ажырамас дос: екеуі де аналарынан ерте айырылып, бір-біріне жиі мұңдарын шағатын. …Енді ол мықты құтқарушысының қолында. Өзінің жарына деп арнаған барлық сезімін ол Сырымға аударады. Ол үшін жаңа, бейтаныс сезімдер әлемі ашылды. Алғашқы махаббат белгісіндей олар тұмармен алмасты.

 I ПЕРДЕ

 ШЫЖЫҒАН ТАЛ ТҮС

Үшінші көрініс

Үйлену тойы күллі аумаққа тараған. Жаңа адамдар, жаңа қонақтар келуде. Жігіттер өздерінің шеберліктерін көрсетсе, қыздар көңіл көтеруде. Осының бәріне Асан сал асқан жауапкершілікпен басшылық етуде. Барлығы күйеу жігіт пен қалыңдықтың келуін күтуде. Айнала қоршаған құрбыларының ортасындағы Қарагөз мерекенің қайнаған дүрмегімен бірге… Айбарлы бәйбіше Мөржанның басшылық етуіндегі ісшара жастарға қасиетті бата беру – мерекенің шарықтау шыңы даңқын шығару. Күйеу жігіттің салтанатты шеруі жақындап қалды… Жастардың одағы екі құдыретті руды өзара біріктіреді. Ата-аналары жастарға ақ батасын беруде. Барлық әдет-ғұрып салтанатты рәсіммен аяқталды. Достары Сырымды жібермей ұстап тұр… Ол ашынып күйінуде, оның жүрегі қайғы-қасіреттен жарылуға дайын… Ол барлығына Қарагөз екеуі бір- бірін сүйетінін, бұл той – олардың тағдыры үшін ащы қателік болғандығын, ал ол мұны түзетуге  әзір екендігін ашына айтып айғайлағысы келеді. Қарагөз есінен танып қалып, оны құрбылары көтеріп алып кетеді.

МАХАББАТ МҰҢЫ

Төртінші көрініс

 Қарагөз құрбыларымен және бойжеткендік еркін өмірмен қоштасады. Мөржан келеді. Әжесінің немересіне деген махаббаты шексіз, онымен айырылысу қиын. Бүгін Қарагөз болашақ жұбайының киіз үйіне кіріп, оған адал жар атануға міндетті. Алайда, ол Наршаны сүймейді, оның жүрегі Сырымға тиесілі. Бәйбіше өз немересін түсінбейді – кезінде Мөржанның өзі күйеуге шыққанда, ешкім одан оның сезімі туралы сұраған жоқ, ал қазір ол бәрінен күшті әрі бақытты. Қарагөзде осы жолмен жүруі керек-ті.

ОТАУ. ЖАСТАР КИІЗ ҮЙІ

Бесінші көрініс

Нарша Қарагөзге ағынан жарылып, ғашық екендігін білдіреді. Қарагөз оған адал жар болуға дайын, бірақ оның жүрегі басқаға берілгендігін айтады. Наршаның сағы сынып, қарабет болған. Қарагөз болса Отауын тастап, өзінің сүйіктісі Сырымға қашады. Мөржан Наршаның заңды зайыбын ұрлап кеткені мен оның қауқарсыздығына куә болып, оған кек алуға  қол ұшын беруге дайын.

ДАЛА

Алтыншы көрініс

Бұл жерде Қарагөздің ғашығы жасырынуда, мұнда ол  онымен бірге өлім құшуға келді. Сырым бақытты, енді олар бір-бірінен ешқашан айырылмайды. Бірақ, ол оны өз тегінің заңдары билігі жағында болғандықтан, әзірге жары ретінде қабылдай алмайды, әйтпесе қарғысқа ұшырайтын  болады. Қарагөздің үміті үзілді. Бар үміт – тек қашу.

 ҚУҒЫН

Жетінші көрініс

Қуғыншылар ғашықтардың ізін қуып келеді, олар ата-баба заңынан аттап, күллі текті масқаралағандары үшін жауап беруге тиіс. Қос ғашықты қатаң жаза күтіп тұр. Қарагөз есінен адасады.

ІІ ПЕРДЕ

 

 …АЛДА ҰЗАҚ ҚАРА ТҮН

 

Сегізінші көрініс

Тағдырдың салғанын көрген Нарша өзінің ауыр жүгін арқалап жүруге мәжбүр. Ол сүйіктісі Қарагөзді ешқашан тастамайды және оның сауығып кетуін, әлі бақытты болатынына сенімді. Есінен адасқан Қарагөз өзінің күйеуін жуас әрі көнгіш есек ретінде, ал басқа адамдар – жеңіл инеліктер мен қарқынды құландар сияқты көрінеді. Ол Наршаны өзінің табиғаттағы сияқты барлығы керемет тамаша елес, ессіз әлеміне еліктіреді. Ол жүрегіне таныс зарлы қобыздың үнін естиді – бұлай тек оның сүйіктісі Сырым ғана ойнай алады… Алайда, инелікке айналып кеткен әжесі ойнайды екен. Үйір басшылығындағы ол шексіз дала кеңістігінде ұшып жүр. Онда өмірдің пайда болу құпиясының сыры бар. Бірақ, махаббатта құштарлықтың соңы әріптесін өлтірумен тынады.

Қарагөз балалық шағында табиғатта махаббат ойынынан кейін күшті әлсізді өлтіретінін естіген. Бірақ, ол ешқашан сондай қайырымсыз болмайды. Ол өзінің «есегіне» нәзіктікпен қарайды.

Қарагөз сондай керемет кіршіксіз таза әрі кінәсіз! Нарша Қарагөздің сауығып кететініне әрі оның басты емі – өзінің шексіз махаббаты екеніне сенімді. Қарагөз кезекті күйзеліс үстінде.

Ол өзіні  алдында қайырымды «есекті» көреді. Нарша оны құтқаруға тырысады. Ол бірбеткей, өзінің сүйіктісін қалдырғанша онымен бірге өлгені артық.

…Құландар өлімнің жақындап қалғанын сезінеді – олар абыржулы, қатыгез, маңайындағылардың бәрін таптап, құртуға дайын. Нарша-есек олардың шабуылын тоқтатпақ болып айқасқа шығады, қорыққан инеліктер Қарагөзді қорғайды. Құландар кейін шегінеді.

Қаракөздің өліп бара жатқанын көрген Нарша өзінің досы Матайды шақыртып, бұл жөнінде Сырымға жеткізуді және Қарагөз табыстаған бойтұмарын беруді тапсырады. Қарагөз ғашығын танып, оған ақыл-есі оралуы мүмкін деген үміт бар…

Бойтұмарды алған Сырым өзінің ғашығына құстай ұшады.

Қарагөздің есі орнына келіп, сүйіктісін таниды.

Тағдырының соңы алдында Қарагөзді оған қымбат Сырым мен Наршаға табыстырды, олардың құшағында ол тыныш өлім құшады.

…Қобыз үні Қарагөзді жоқтауда. Ашынған Сырым Қарагөзсіз қалай өмір сүрмек? Ол сүйіктісінің өлімі үшін кек алмақ болады.

Жалғыз қасқырдың ұлуы күллі даланы күңірентеді – бұл Нарша үшін ең соңғысы. Тіпті, өлімде де Нарша Қарагөзден айырылғысы келмейді – мәңгілікке бірге кету үшін Қарагөзді қолына алып, құзға қарай бет алады.

 

РЕКВИЕМ

Тоғызыншы көрініс

Жан түршігерлік қос ғашық трагедиясы Мөржан мен басқаларын махаббаттың өлімнен де күшті түсінігіне әкеледі.

Дала түсінде жеңімпаз махаббат әнұраны сияқты әлемдегі жалғыз өлмес сезім – Қарагөз туралы тамаша ән қалықтайды.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры