«ДОН КИХОТ»

Людвиг Минкус

«ДОН КИХОТ»

Прологы бар 2 бөлімді (5 көріністі) балет

_DSC7225

Хореография авторлары Мариус Петипа және Александр Горский

Либреттосын жазған М.Петипа, М. Сервантес романының желісі бойынша

Әлемдік тұсаукесері – 1869 жылы 14 желтоқсанда Үлкен театрда өтті, Мәскеу (М. Петипа хореографиясы)

Мариин театрында тұсаукесері – 1902 жылғы 20 қаңтарда өтті (А.Горскийдің нұсқасы)

Қоюшы балетмейстер – Алтынай АсылмұратоваРесейдің Халық әртісі

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Дон Кихот – Жәнібек Иманқұлов

Китри – Мәдина БасбаеваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Гауһар УсинаҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Әнел Рүстемова

Базиль – Бақтияр Адамжан / Арман Оразов / Тайыр ҒатауовҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Санчо Панса – Бостан Қожабеков

Лоренцо, Китридің әкесі – Жанәділ Бейсембиев

Гүлші қыздар – Әсел ҚұсайыноваМөлдір Шәкімова

Көше бишісі – Анастасия Заклинская / Айдыс Саая

Эспада, бас тореадор – Жәнібек Ахмедиев / Ильдар Шакирзянов

Гамаш – Рахметолла Науанов

Дриадалар патшайымы – Әсел Шәйкенова / Әнел Рүстемова / Назерке Аймұхаметова

Кішкентай Амур – Гүлзира Жантемір

Қосымша вариация – Елена Семенова / Марико Китамура

Сыған биі (солистер) – Наталья КондяҒазиз Рысқұлов

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Рыцарлық романдарды көп оқыған Дон Кихот, қызметшісі Санчо Пансаны өзінің атқосшысы етіп, хикаялар әлеміне саяхатқа аттанады.

І ПЕРДЕ

Бірінші көрініс

Барселонадағы Лоренцо дәмханасының алаңында халық көңіл көтеруде. Олардың арасында дәмхана иесінің қызы – жалынды Китри мен оған ғашық шаштараз Базиль де бар. Лоренцоға кедей күйеу бала керек емес, оның жүрегіне Китриге үйленгісі келетін бай ақсүйек Гамаш жақын.

Халық, көше бишісі мен тореадор Эспаданы қошеметке бөлейді. Дон Кихоттың келуі үлкен қызығушылық туғызады. Саяхатшы дастарханға шақырылады, ал толық келген Санчо Пансаны қыздар мазақ қылады.

Дон Кихот Китридің сұлулығына тамсанады. Мүмкін, қиялындағы әдемі Дульцинея осы қыз болар?

Екінші көрініс

Китри мен Базиль болса, Лоренцо мен Гамаштан қашып кетеді. Олар сығандар тобырына тап болады. Көп ұзамай осында Дон Кихот та келеді.

Дон Кихотқа қауіп төніп тұрғандай көрінеді де, ол жел диірменімен күрес жүргізеді.

Үшінші көрініс

Ұйықтап кеткен Дон Кихот түсінде дриада патшалығында болып, сұлу Дульцинея бейнесіндегі Китриді елестетеді.

ҮЗІЛІС

ІІ ПЕРДЕ

Бірінші көрініс

Дәмханада жастар көңіл көтеріп, билеуде. Олардың арасында Китри мен Базиль де бар.

Лоренцо ғашықтардың үстінен түседіКитиридің күйеуі Гамаш болуы тиіс.

Базиль өзін-өзі өлтіру көрінісін ойнайды. Китри, Дон Кихоттан Базильдің өлім алдындағы аманатынорындауды – олардың махаббаттарына бата беруге әкесін көндіруді өтінеді. Лоренцо қызының тілегін орындап болысымен, Базильге «жан бітеді».

Екінші көрініс

Китри мен Базильдің үйлену тойы. Құрметті қонақтар арасында Дон Кихоттың орны ерекше. Жас жұбайларға бақыт тілей отырып, асыл сері жолға аттанады. Оны жаңа оқиғалар күтуде.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры