Күлгенді жақсы көретіндерге арналған балет

«Дон Кихот» романын балалар мен данышпандарға арнаған Сервантес, еңбегінің ұлы туындыға айналатынын ойлаған да жоқ – Қайғылы образдағы рыцарь сенімді атқосшысымен бірге ғасырлар мен елдерге саяхатын күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Роман бірнеше рет экранда жарық көріп, оның желісімен опералар, симфониялық поэмалар, балеттер жазылды. 25-26 қараша күндері «Астана Опера» театрында Алтынай Асылмұратованың жаңа хореографиялық редакциясындағы Л. Минкустың «Дон Кихот» балеті, елорда көрерменінің назарына ұсынылмақшы.

_DSC2648

Айлакер Дон Кихот Ламанчскийдің тарихы баршаға бала кезден аян. Алайда, балеттің кейбір тұстары ауыстырылды, көпшілікке үйреншікті болған сюжет бойынша бірінші көріністе өз қиялына батқан рыцарь емес, екі ғашық – Китри мен Базиль шығады. Либретто желісі бойынша, трактирші Лоренцо қызы Китриді бай дворянин Гамашқа ұзатпақшы болады. Алайда қыз әкесінің шешіміне қарсы, себебі ол жас жігітке – кедей Базильге ғашық. Нағыз қызық енді басталады… Алайда бәріне рет-ретімен тоқталайық.

Бұл спектакльде көрерменді көптеген тосын сый күтеді. Сахнаға шығатын жылқы мен есек көпшілікті қуантатыны сөзсіз. Жылқысын қалай атайтынына ойланған Дон Кихот, «бұрындары көтерем болған әдеттегі жылқы, қазір бәрінен озып, әлемдегі ең бірінші көтерем атанды, оған ең әдемі әрі құлаққа жағымды естілетін атау» – Росинантеге тоқталғанын есімізге алайық. Аудиторияны сондай-ақ, спектакль барысында қолданылатын бейне және маңдай алды кескіндер, алғаш рет қолданылатын анимация таң қалдырады. Көркемдік-қойылымдық жұмыстар бойынша жетекші Виктор Караре, бұл спектакль әлемнің басқа спектакльдерінен өзгеше болатынына сендірді. Олай дейтіні түсінікті де, себебі қойылымның суретші сценографы аты аңызға айналған Эцио Фриджерио.

– Бізде оның біраз жұмыстары жиналып қалды, бұл өте қуантарлық жайт. Әр қойылым сайын италиялық суретші жасының 86 келгеніне қарамастан, алдына үлкен мақсаттар қойып, үнемі тың сценографиялық шешімдерді іздеумен келеді. Оған біздің топпен жұмыс істеген өте ыңғайлы. Сценографиялық жобалар мен қойылымдық жұмыстарды жүзеге асыру басқармасында біз шебердің нобайларын ол ойластырғандай етіп жасаймыз, – дейді Виктор Караре.

_DSC2697

Көркемдік-қойылымдық жұмыстар жетекшісінің сөзін растау үшін, сценографтың идеялары қалай жүзеге асқанын нақты мысалмен келтірейік. Мәселен, испандық алаң жайлы көрініске әзірленген декорацияның биіктігі 12 метр, яғни көз алдыңызға 5 қабатты үйдің биіктігін елестете беріңіз. Испандық қаланың үлкен төрт қабырғасы әзірге сахнаның оң қалтасына ыңғайлы етіп орналасқан, бірақ аз уақыттан кейін олар өз орнын сахна ортасынан табады. Қойылымда сәулет өнерінен бастап, назарға ұсынылғанның барлығы XVIII ғасырды паш етеді. Бұрқақ – соның айқын дәлелі. Ол су жіберіп тұратын арнайы мотормен жабдықталған. Оны толығымен Бекзат Рахамбердиев дайындады. Оймалы зер салынған мұнара түріндегі аласа пішінді бағаналарды, әрқайсысы 50 келі тартатын темір аспалы шамдарды оның әріптестері жасады.

_DSC2686_DSC2707_DSC2675_DSC6503_DSC2716_DSC6511_DSC6513_DSC6520

Бірінен кейін бірі ұсынылатын тамаша көріністер көрерменге, роман беттерін парақтап отырғандай әсер береді. Фотода көріп тұрған диірменіміз жел соқса болды, айнала бастайды. Ал театрда оның қалақшалары арнайы механизм арқылы іске қосылады. Үлкен экранда диірмендер алқабының анимациясы көрсетіліп, сахнада тұрған диірменмен бірге олар үндесіп айнала жөнеледі. Сиқырлы орман көрінісінде көркем сурет бейнеленіп, экранда үлкен өрмекші пайда болады. Барлық анимацияны бейнесуретшілер салады, бұл күрделі де көп еңбекті қажет ететін жұмыс.

Ұсақ-түйектегі дәлдік

Барселонаның шулы атмосферасы театрдың бутафор цехында әлдеқашан орнаған, мұнда тіпті орындыққа жайғасқан өздерінің Дон Кихоты бар. Әзірге көрермен алдына шыға қоймаған ол, шеберлердің жұмысын бақылаумен отыр. Аталған қойылым басқа қойылымдармен салыстырғанда реквизитке бай. Үстелдер, орындықтар, сауыттар, семсерлер, қанжарлар. Мына үлкен балықты көрермен қойылымның басында, Дон Кихот түскі асын ішер кезде көреді. Гитара, кітап бумалары, себеттер, бөшкелер, бокалдар, қамшылар, кастаньеттер, желпуіштер және тағы басқалардың барлығы бутафорлық цех мамандарының қолынан шыққан.

_DSC2626 (1)_DSC2647_DSC2650_DSC2658_DSC6569

 Қойылымдардың барлығы әралуан, ешқашан бірдей болмайды. Бұл жолы біз қару-жарақ дайындау барысында жаңа технологияны қолдандық. Жұмыста жаңа материалмен қатар, қорда барын пайдаланамыз. Ұсақ-түйектің деншілігін басқа цехтармен бірлесіп жасаймыз. Мәселен, күймелі арбаларды, жөндеу және ұсақ-түйек жұмыстар цехымен бірлесіп әзірледік. Жарық беруші құралдан қол шамын немесе жолаушыларға арналған отқа ұқсас элемент дайындаймыз. Дон Кихоттың қарақшысы не үшін керек болды? Кинода каскадер болса, бізге кейіпкердің көшірмесін пайдалануға тура келеді. Қойылымның бір сәтінде Дон Кихот алып құбыжық екен деп жел диірменімен алысады және оны диірмен қалақшалары айналдырып әкетеді. Дон Кихоттың көшірмесі де адам сияқты бірнеше бөліктен тұрады. Біз оны поролоннан жасап, сымды механизммен бекіттік. Қол-аяғы емін-еркін қозғалады. Адам терісіне ұқсайтын жаңа материал қолданылды. Оның сақалы бар, шаштары сабанды шашақтардан жасалды. Гримдеушілер грим жасады, – дейді Дәурен Омаров.

_DSC2629_DSC6542_DSC6620_DSC2666_DSC6625_DSC6623

Декоратор-қыздар көркем суреттерді салып, папье-маше бұйымдарымен жұмыс істеді. Олар ерте кездегі романтизмнің ыдысын әзірледіБұл балеттік спектакль болғандықтан, бутафория жеңіл әрі өте сапалы болуы тиіс дейді қыздар.

 

_DSC2640_DSC2672_DSC6524

– Бутафор жиһазының кәдімгі жиһаздан айырмашылығы, ол ұзақ қызмет етуі қажет, сол себепті мықтыболуы керек, өйткені сценарий бойынша орындықтар жиі лақтырылуы мүмкін, сонда олар сынбауы тиіс. Күймелі арбаның көлемі де зорол «Астана Опера» театрының үлкен сахнасына есептелген. Ірі бутафория, гастрольдік сапарларда оны жинап, пайдалану ыңғайлы да оңай болу үшін, жиналмалы бөліктерден жасалады – дейді цех қызметкерлері.

_DSC6637_DSC6650

Жинап-теріп…

Балет бишілері жақсы көретіндей алтынмен кестеленген пачкалар, тастармен және қымбат әшекейлермен тігілген костюмдер бұл спектакльде көп емес. Себебін костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Әсел Досмұратовадан білейік.

_DSC3067

– Барлық костюмді XVIII ғасырдың ерекшелігін ескере отырып дайындадық. Бұл қойылымда ең бастысы – костюмнің түсі. Франка Скуарчапино ашық нәзік реңдерді таңдады. Түс гаммасы Испания мәдениетінің ерекшелігін – қанық бояуларды жеткізеді, және бұл көздің жауын алатын бүгінде қолданылып жүрген түстер емес.

– Пачкаларды дайындағанда да түстерді құбылтып, жасылды сарымен, күлгінді көгілдірмен араластырдық. Қызылды жасылмен үйлестірдік, айталық, әдетте спектакльде тореадорлар қызыл түсте болса, бізде олардың костюмі түрлі-түсті. Сондай-ақ біз балет әртістеріне ыңғайлы болу үшін барлық костюмді жеңіл етіп тіктік, бұл билегенде жайлы. Маталар – құрылымы жағынан өте күрделі, – дейді Әсел Досмұратова.

_DSC3069_DSC3072

Балеттің өз сәні бар. Бірнеше онжылдық бұрын жалпақ пачкаға сұраныс жоғары еді, ал қазіргі пачкалар – көлемді әрі біраз жыл киіс береді. Олар тығыз да қатты, бірақ керемет жеңіл тордан тігіледі._DSC3061_DSC3060

Франка Скуарчапино барлық костюмдердің шығу тарихының ережесін сақтауға тырысты. Сондықтан да олар бірнеше бөлімнен: кеудешесі алдамшы емес, тұтас колеттен және күрделі пішілген шалбардан тұрады.Аталған дәуірдегі Испанияны зерттеу үшін костюм суретшісіне бір ай уақыт кетті. Оның үлгілері бойынша қазір барлық костюмдер «Астана Опера» театрында тігілуде.

 

_DSC3110_DSC6704

– Дон Кихот пен Санчо Панса – әлемге танымал кейіпкерлер. Біз бір көргеннен Испания екенін танитындай етіп жеткізуіміз керек. Сондай-ақ, костюмдерге «поэзия» енгізгім келеді. Мен Испанияда көп жұмыс істедім, онда бірнеше спектакль қойдым, сондықтан бұл елдің керемет мәдениетінің ерекшелігін жеткізе аламын деп ойлаймын – дейді костюмдер бойынша италиялық суретші, «Оскар» иегері Франка Скуарчапино.

 

_DSC3093_DSC3086_DSC3136_DSC3426

Балетке қатысатын солисттер мен Балалар студиясының жас әртістері жаңа костюмдерін киіп көріп, өз пікірлерімен бөлісті.

– Бізге жайлы, себебі олар денеге жағымды жібек, жүн, теріден тігілген.

Көп ұзамай-ақ әртістер бұл костюмдерді киіп шығып, сахнаны айналып билейді. Кезінде Сервантес испандық билерді «Қуаныш пен Шаттық шыр айналып жүргендей» деп сипаттаған еді.

Өзіңмен өзің бол

Бұл спектакльде әрбір орындаушы өзін көрсете алады. Қойылым екі құрамнан тұрады. Мұнда түрлі балет трюктерін – шыр айналу, еліктірер сүйемелдеулер, жанды түршіктіретін секірулер, сонымен қатар қарапайым әзіл және көрерменмен тікелей тілдесуді тамашалауға болады.

«Астана Опера» балетінің жетекші солисті Бақтияр Адамжан және солист Арман Оразов Базиль партиясын дайындауда. Әрқайсысы үшін бұл – дебют.

_DSC7422

– Өмірдегі достар арасындағы ойын-қалжың, бұл балеттегі көңілді жастардың өмірінде де көрсетіледі. Испандық қала тұрғындары күн сайын алаңға шығып, күйбің тірліктерін сонда өткізеді. Ол кезде Ғаламтор, әлеуметтік желі деген болған жоқ, дегенмен олар өмірлерін қызықты ете білді. Бізге жүректің түбінде жатқан сезімді оятудың қажеті жоқ, біз мұның бәрін күнде өз басымыздан кешіп жатырмыз, сондықтан сахнада өмірдегідей өзімізбен өзіміз боламыз. Тек техникалық жағынан дайындалу қажет. Бұл партия менің жасыма келеді. Базиль материалдық қиындықтарды басынан кешеді. Менің сүйіктім Китридің әкесі бірге болуға рұқсат бермейді, бірақ олардың махаббаты күрестің нәтижесінде жеңіп шығады. Мұндай оқиғалар қазір де кездеседі, көптеген ата-аналар материалдық әл-ауқатқа қарайды. Біздің міндетіміз – бұл оқиғаны көрерменге сабақ болатындай етіп көрсету, – деді Бақтияр Адамжан.

Китридің партиясын орындайтын оның серіктесі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева.

– Көңілді, қамсыз, ақкөңіл қызды мен Күләш Бәйсейітова атындағы ҰОБТ сахнасында биледім. 2014 жылы атақты француз хореографы Шарль Жюд мені «Бордо» театрындағы тұсаукесерге осы партияны билеуге шақырған, онда мен төрт спектакль өткіздім. Алайда туған «Астана Опера» сахнасында мен бұл рөлді ерекше сезіммен орындап беремін. Китри мен Базиль – көрерменді тартымды ұрыс-керісімен, бас кейіпкердің өліп, қайта тірілуі сияқты басқа да әзілдерімен баурап алатын жұп.

Анағұрлым күрделі орындалатын көрініс ретінде Ұйқы көрінісін және Үйлену кезіндегі па-де-де-ні атап өтуге болады – бұл таза классика.

Бұл рөлді Мәдинамен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» балетінің жетекші солисті Гауһар Усина да дайындауда.

_DSC7119_DSC7348

– Мен бұл партиямен Мәскеуде, мәскеулік труппада жұмыс жасап жүргенде таныстым. Маңызды рөл, техникалық жағынан күрделі, ойнақы би, оны тәжірибелі балериналар билейді. Оны игеру маған қиын болды ма? Әрине, бірақ оны өте қатты билегім келді. Мұнда көптеген күрделі сүйемелдеу, фуэте бар. Ерлер партиясы да қызық, дегенмен ауыртпалықтың басым бөлігі әйелдерге түседі. Біз мінсіз классика тазалығының сызығын, апломбты паш етуіміз керек. Мен Арман Оразовпен жұп болып билеймін, әріптесіммен жолым болды десем артық емес, қазір біз сүйемелдеуді шыңдап жатырмыз.

Жаңа хореографиялық редакция Ресейдің халық әртісі, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі, Қазақтың ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратоваға тиесілі.

_DSC4297

– Жарқыраған спектакль қабылдағанға жеңіл, қуанышқа, әзіл-оспаққа қанық. Бәріне түсінікті, талғам тұрғысынан алғанда нәзік те жағымды болса деймін. Мұнда көп нәрсе кейіпкерге байланысты, басты кейіпкерлер – Базиль мен Китридің биі сахнадан түспейтін партиялар. Маңыздысы – Дон Кихоттың нағыз Дон Кихот, Санчо Пансаның көңілді, ал спектакльді комедиямен толықтыратын Гамаштың сарыны айшықты және ақжарқын болғаны. Көрерменге жылу, нұр, жарық сыйлағымыз келеді.

Спектакль жеткізгенге жеңіл, мұнда қайғы жоқ, бұл өліммен аяқталатын “Баядерка” немесе “Жизель” сияқты емес. Әрине, өзіне тән қарым-қатынас жайлы хикаясы бар, және ол айтарлықтай салмақты, алайда ол басқаша – көбіне әзілмен жеткізіледі. Көрермен қайғырмайды, десек те ойлануға, толғануға, түсінуге тура келеді. Мысалы, Гамаштың күлкілі болуының өзі – драма, себебі ол өзін сымбатты да бай санағанмен, ақырында жалғыз қалады. Дон Кихот зұлымдықпен күреседі, бұл екінші кезекте көрсетіледі, бірақ романтизмнің үлесі, әсемдікке деген сенім де философиялық рең береді.

_DSC4226

– Астаналық театр қойылымға жылқыларды пайдаланған. Есекпен қалай болар екен?

– Енді есекпен жұмыс жасап көреміз, дегенмен жануар өзінің табиғатына сай мінез көрсете ме деген қорқыныш та бар, – дейді Алтынай Асылмұратова.

Ал бұл балеттегі сүйікті кейіпкері туралы сұраққа жауап беруге қиналды:

– Әдетте, былай: нені билесең, соны ұнатасың, ал мен бұл балеттегі барлық кейіпкерді билеп шыққанмын, сондықтан мен бәрін ұнатамын.

Педагог-репетитор, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Константин Заклинский спектакльдегі барлық ерлердің партиясын дайындады.

 

_DSC4192

– Ойын кейіпкерлері актерлық шеберлікті талап етеді – бұл Санчо Панса, Гамаш, Дон Кихот және бас кейіпкер – Базиль. Спектакль көрерменге қуаныш, шаттық, жақсы көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз, ол көптеген онжылдықтан өткен. Әртістер барлығын нақты, музыканың ырғағына сай, орынды және сенетіндей етіп жеткізулері тиіс. Санчо құлағанда, қыздардың артынан жүгіргенде, құшақтасқанда, өзінің сырнайын тартқанда, баршаның құлағын тұндырады – бұл бір сайқымазақ тәрізді болып көрінбеуі қажет, – деді К. Заклинский.

Спектакльде кордебалетке айтарлықтай салмақ жүктелетіні белгілі. Ол жақсы ұйымдастырылған ұжымдық жұмысты көрсетуі тиіс. Қойылымға педагог-репетитор Елена Шерстнева қойған екі жаңа би – А. Симонның музыкасына қойылған Сыған және Фанданго енгізіледі. Олар биші-ерлердің техникасын паш ету мақсатында қосылып отыр.

_DSC3894

Что касается музыки, то она в этом спектакле совершенно необязывающая. Л. Минкус был отличным знатоком балетного ремесла, его признавали балетным композитором. Искрящаяся, как шампанское музыка радует слух и заставляет пускаться в пляс. Подчеркнем, что дирижером-постановщиком в спектакле выступил Арман Уразгалиев.

Праздник, который обещает зрителям театр «Астана Опера», окажется очень своевременным, ведь только закончился Международный фестиваль «Шелковый путь» и зрителю хочется грандиозного продолжения.

Музыкаға тоқталатын болсақ, ол бұл спектакльде өте жеңіл. Л. Минкус балет өнерінің тамаша білгірі болған, оны балет композиторы ретінде мойындаған. Жарқылдаған шампандай құлаққа жағымды естілетін музыка, еріксіз биге еліктіріп әкетеді. Спектакльдің қоюшы дирижері Арман Оразғалиев екенін атап өтейік.

Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аяқталғаны сол-ақ екен, «Астана Опера» театры көрерменіне мереке сыйлауын одан ары жалғастырады.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры